Алматы қаласы Алатау ауданы  №182 жалпы білім беретін мектептің оқушылары Алматы қаласы Алатау ауданы  №182 жалпы білім беретін мектептің оқушылары
Мерей Иманқұл, 3 «И» сынып оқушысы Мейірімділік – асыл қасиетМейірімділік – адам бойындағы игі қасиет. Бұл қасиет қазіргі таңда бар ма, жоқ па деген... Алматы қаласы Алатау ауданы  №182 жалпы білім беретін мектептің оқушылары

Мерей Иманқұл,
3 «И» сынып оқушысы

мерей иманкул

Мейірімділік – асыл қасиетМейірімділік – адам бойындағы игі қасиет. Бұл қасиет қазіргі таңда бар ма, жоқ па деген сұрақ туындайды. Мейірімділік – өмірдің мәні. Адамның бір-біріне деген мейірімділігі болу керек. Жаңадан туған сәбиге өз анасы мейрімін төгеді. «Айналайын» деген сөздің астарында қандай мйірім жатыр!
Қашан да ата-анасы балаларына «мейірімді, кешірімді» болыңдар деп үйретеді.
Мейірімділік – адамның жүрегі арқылы күлімдеген жүзінен мейірім оты көрінетін сезім. Бұл қасиетті әркім әрқалай түсінер.
Бірақ бұл қасиет қазіргі таңда жоғалып бара жатыр. Ата-анасын қарттар үйіне апарып тастаған, балалардың, баласын туа сала әжетханаға тастаған көкек аналардың, мұра үшін туған бауырларын өлтіруден тайынбайты, досын атақ пен даңқ үшін аяғынан шалатындардың көбейіп кеткені жүректі ауыртады. Одан қалса қыстың аязында, жаздың аптап ыстығында қол жайып отырған қайыршыны көргенде аяныш сезімі болады.
Егер жер бетіндегі барлық адам мейірімділіктің қадіріне жетіп, одан алыстамаса жоғарыда айтып өткен жағдайлардың бірі де болмас еді.

 

Мирас Иманқұл,
5 «Д» сынып оқушысы

мирас иманкл

Отбасы

Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат қазына. Отбасының басты қызметі баланй тәрбиелеу, дұрыс жол көрсету. ОТбасы тәрбиесі жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Әрбір ата-ана өз балаларының болашағын ойлауы керек. Отбасы қандай тәрбие берсе, бала да сондай болады.
Отбасы – шағын мемлекет. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю отбасыдан басталатыны рас! Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанның бір бөлшегі отбасыңа ешнәрсе жетпейді!
Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы. Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн. «Өзі үйім – өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.
«Әке – асқар тау, ана – ағып жатқан бұлақ, бала – жайқалған құрақ» деген халық теңеуі қалай дәл айтылған десеңізші!
Отбасы мақтанышы дегенде ең бірінші мақтанышым деп атам мен әжемді, әкем мен анамды, қарындастарымды айтар едім. Мен отбасымда жақсы көремін.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *