Алматы облысы Талғар ауданы Т.Рысқұлов атындағы № 31 орта мектептің 4 «А» сынып оқушыларының шығармалары
17.11.2018 0 2 933
БІЗДІҢ СЫНЫП
Біздің сыныпта жиырма бес оқушы бар. Сынып жетекшіміз – Раушан апай. Ұстазымыз білімді, тәртіпті болуды қамқор болуды үйретеді.
Біздің сыныптың іші кең, ауасы таза, іші жарық. Біздің сыныпта үздік оқитын балалар көп. Әдемі, алуан гүлге толы. Сонымен қатар жан-жақты. Біздің сыныпта мерекелерде би билейтін биші қыздар бар. Ән айтатын әнші балалар бар. Мен өз сыныбымды жақсы көремін және мақтан етемін.
Нұрғали Аяжан
НАННЫҢ ҚАСИЕТІ
Біз нанның аса қадірлі ас екендігін жақсы білеміз. Десек те, нанды қадірлей алмай отырғанымызды да жасырмаймын. Адам баласы жеуге жаратылған барлық тағамдарды қастерлей білуі қажет.
Соның ішінде нанның қа-сиетті екенін ұмытпаған жөн.
Ашаршылықты, соғысты көрген халқымыз да ең бірінші рет нанды ауызға алып жатады.
Бұрын ұзақ сапарға шығар алдындағы жолаушылар жан қалталарына кішкене нанды салып алып жүретін болған екен. Жас балалар көз тиіп ауыратындары жиі кездеседі емес пе? Сонда әжем көз тиіп ауырған немерелеріне нанды жеті рет туратып, өз қолдарымен итке бергізетін. Бұған қарап, нанның өзіне тән тылсымға ие қадір-қасиеті биік бір денгейде екендігін аңғару қиын емес.
Сосын, біздің көптеген мұсылман халықтарында әруақтарға арнап майға жеті нан пісіріп, Құран бағыштайтыны бар. Осы ретте де нанның тек қарын тойғызу үшін ғана емес, адамзат өмірінің арқауы екендігін дәлелдеп тұрғандай.
Нанды өлшеп жейтін отбасылар пайда болды. Балаларына күнделікті бір нанның өзін тауып бергенге шүкіршілік ететіндер де болады.
Нан адам жанның азығы екендігін ұмытпайықшы, достар! Тіршілікке қажетті аса құнды да қасиетті тағамды аяқ асты тастамай қадірлеу – адам баласының үлкен міндеті.
Нұрбекова Томирис
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.