«Тілдерді оқыту – ізденіс пен ерекше әдістемені қажет етеді»
16.10.2018 0 2 209
Әбубәкір Жаншуақов,
Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
– Әбубәкір Қалтайұлы, тіл тағдыры – ел тағдыры екені анық. Елбасы қай Жолдауында болсын тіл мәселесін айналып өтпеген. Тіл саясатын жүзеге асыру үшін аудандарыңызда қандай мемлекеттік мекемелер жұмыс жасауда?
– Қазіргі таңда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 1 мәдениет сарайы, 7 ауылдық мәдениет үйі, 15 ауылдық клуб, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 1 орталық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы, 21 ауылдық кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Аудан тұрғындарына тілдерді оқытып, үйретуге байланысты тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді.
Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда халыққа мәдени қызметті жақсарту, мәдени шығармашылық жұмыстардың сапасын арттыру 2018 жылы 101 штаттық бірлікке өсіп отыр. Оның ішінде; аудандық мәдениет сарайында – 39, ауылдық мәдениет үйлерінде – 38, ауылдық клубтарда – 24. Шығармашылық мәдениет қызметкерлері — 58
2017 жылы Шанақ ауылы округінде орналасқан «Ақжар» ауылдық мәдениет клубы, Қ.Абдалиев ауылы округінде орналасқан «Еңбекші» ауылдық мәдениет клубы және Алтынтөбе ауылы округінде орналасқан «Алтынтөбе» ауылдық мәдениет клубына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудан бюджетінен 102 млн қаржы бөлініп, «Ақжар», «Алтынтөбе» ауылдық мәдениет клубтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. «Еңбекші» ауылдық мәдениет клубына күрделі жөндеу жұмысы 2018 жылы сәуір айында аяқталып, пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, 2017 жылы аудандағы 8 мәдениет нысанына жылу жүйелерін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін аудан бюджетінен 14,0 млн қаржы бөлініп, 2018 жылы тиісті жобалық-сметалық құжаттамалары аудандық құрылыс, сәулет бөлімі арқылы дайындалуда.
Және де, мәдениет нысандары жоқ Шанақ, Жігерген, Сынтас, Алтынтөбе елді мекендеріне мәдениет үйін, кітапханасымен бірге салуға жобалық-сметалық құжаттамалары мен сараптамадан өткізуге аудандық құрылыс, сәулет бөліміне 2017 жылы аудан бюджетінен 18,0 млн теңге қаржы бөлініп, 2018 жылы тиісті жұмыстар жүргізілуде.
2018 жылы халыққа ақылы мәдени қызмет көрсетуге 2000,0 мың теңге жоспарланып, қазіргі таңда 774 мың 774 мың теңгеге, яғни 39%-ға орындалып отыр.
Барлық мәдениет үйлері мен клубтарға 2018-2019 жылу беру маусымына 1439,0 мың теңгеге 123 тн қатты отын қамтамасыз етілді. Көкібел ауылдық мәдениет үйіне 1711,0 теңгеге 10065 м3 сұйық отын тасымалданып, қамтамасыз етілетін болады.
– Мекемелерде өткен іс-шараларға тоқталып өтсеңіз?
– Аудан бойынша – 435 мәдени іс шара өткізілді. Оның ішінде аудандық мәдениет сарайы-128, 7 ауылдық мәдениет үйлері-30, 15 ауылдық клубтар-197 мәдени іс- шара өткізді.
Атап айтқанда: «Арай-2018» жас эстрада әншілерінің және мәдени іс шара жүргізушілердің аудандық байқауы, аудандық «Dance party» би кеші-би марафоны», Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің, Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Елімнің жүрегі – Астана» жас жазба ақындар мүшайрасы, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Біз бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз», «Жауқазын» атты байқау, «Бір әлем — бір сурет» жас суретшілердің байқау-көрмесі, «Менің елім -Мәңгілік ел» аудандық патриоттық ән байқауы , «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі, «Мен қазақпын» аудандық байқау, «Ақ бата» байқауы өткізілді.
Кеңес әскерлерінің Ауған территориясынан шығарылғанына 29 жыл толуына орай «Ауғанның отты жылдары», Алғыс айту күніне арналған «Мың алғыс саған, Қазақ елі!», 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – әлемнің шуағы» атты мерекелік іс шаралары аудандық мәдениет сарайы мен ауылдық мәдениет ошақтарындағы көркемөнерпаздардың қатысуымен кең көлемде аталып өтті. «Наурыз Қазығұрттан басталған…» атты мереке облыс көлемінде аталып өтті. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі барлық ауыл округтерінде өткізілді.
Аудандық мәдениет сарайында балалардың қыстық және көктемгі демалыстарында анимациялық және көркем фильмдер көрсетілді.
«Қазығұрттың өнер тұлғасы» атты Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, Қазығұрт ауданының құрметті азаматы Темірбаев Райымқұл Өмірәліұлының шығармашылығына арналған кеш және «Театр тарланы» атты режиссер, актер Тілеу Аханбаевты еске алу кеші болып өтті. «Тамаша-бізде жаңаша» атты концертпен көршілес Сарыағаш ауданына 6 рет, Сайрам ауданында 1рет гострольдік сапарда болды. Сонымен қатар «Мейір» шипажайында қайырымдылық концерті қойылды.
М.Мақатаевтың 87 жылдығына арналған республикалық «Мұқағали оқулары» атты зағип жандар арасында өткізілген фестивальде «Ән кезеңінде» Рүстем Тайыров жүлделі ІІ-орынмен марапатталды. Облыстық «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» өнер фестивалінде жоғарғы деңгейде өнер көрсеткені үшін Қазығұрт ауданы «Ауылым-алтын бесігім» арнайы номинациясымен марапатталды. «Үкілі үміт» мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық өнер байқауында ән жанры бойынша Өмірбек Айдана ІІІ орын, қылқалам шебері жанры бойынша Жаманқұлова Аружан ІІ орынды иеленді.
– Тілді байытып, сана мен зейінді өсіретін қазыналы орын кітапханалар туралы да білгіміз келіп отыр.
– Ауданымызға тиесілі кітап-ханаларда штат саны 40,25 бірлікте 45 қызметкер мен жұмысшылар еңбек етеді. Көп уақыттан бері ауылдық кітапханаларда 0,5, 0,75 штаттық бірлікте еңбек ететін кітапханашыларға жетіспейтін 5,25 штаттық бірлік аудан әкімдігінің қаулысымен толықтырылып, қосымша 4 штаттық бірлік берілді.
Ауылдардағы барлық кітап-ханалардың материалды-техникалық базасын нығайтуға, яғни 21 ауылдық кітапханаға компьютермен қамтамасыз етуге аудан бюджетінен 4,0 млн теңге қаржы бөлініп игерілді. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында кітап қоры 23 2768 жетті. Кітапханаға келушілер саны 17 8160 адамға артты. Оқырмандар саны 22 350 адамға өсті.
Кітапханаларға 2018-2019 жыл-дардағы жылу беру маусымына дайындық барысында 439 мың теңгеге 40 тн. қатты отын тасымалданып, жеткізіліп берілді.
Кітапханаларда 449 мәдени іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда: Қ.Өмірәлиев атындағы орталық кітапханада «Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя» ток-шоу, «Қазығұрт құнар қаламгер» жазушы-бенефисі «Қан майдан қаһарманы» портрет кеші, Ынтымақтастық – достық көпірі» мерекелік кеш, Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» романы бойынша оқырмандар конференциясы, Зорлық-зомбылық болмайтын кез келе ме?» ток шоу, «Зұлмат күндер естен шықпас» еске алу кеші, «Шығыстың Шыңғысы, түркі әлемінің жұлдызы» танымдық сағат болып өтті. Шарбұлақ ауылдық кітапханасында «Ата Заңым – асыл заңым, қуатым» тақырыптық кеш, Қызылқия ауылдық кітапханасында «Ерлік пен теңдікті аңсаған» тұлға кеші, Шарапхана ауылдық кітапханасында «Жалындаған жастар — еліміздің ертеңі» пікір-талас, Атбұлақ» Латын әліпбиі – рухани тәуелсіздіктің жолы» дөңгелек үстел, Тұрбат ауылдық кітапханасында Рухани даму – жаңа әліпбиден басталады», Тесіктөбе ауылдық кітапханасында «Бейбітшілік елінде терроризмге жол жоқ» пікір-талас, Ата Заң» мерекелік кештері өткізілді.
– Тарихы тереңнен сыр шертетін аудандағы киелі орындар қаншалықты қорғауға алынған?
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасына кіретін «Рухани қазына» кіші бағ-дарламасының «Қасиетті Қазақстан» базалық бағытында аудандағы тарихи-мәдени ескерткіштер, киелі жерлер, қасиетті орындарды жинақтау, зерделеу, насихаттау, таныстыру мақсатында облыстық мәдениет басқармасымен біргелікте жұмыстар жүргізіліп, аудан бойынша 9 қасиетті киелі орындар (1 сәулеттік ескерткіш, 2 зиярат ету орындары, 6 табиғи-ландшафтты нысандар) ұсынылды.
Сәулеттік тарихи ескерткіштер қатарына жататын: Исмайл-ата сәулет кешені, Жәбірейіл-ата, Қошқар-ата, Ысқақ-ата кесенелері, Мешіт, Шілдехана, Дарбаза сияқты ХІ-ХІХ ғасырларға тиесілі нысандар қорғауға алынды.
«Қасиетті Қазақстан» орталығы тарапынан республика бойынша ұсынылған нысандардың ішіннен 100 нысан іріктеліп алынды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 23 нысан еніп отыр. Оның ішінде Қазығұрт ауданынан ұсынылған объектілер тізімінен Қазығұрт тауы мен Исмайл ата сәулеттік ескерткіші енгізілді.
– Басты сұрағымыз – Тілдерді оқыту және дамыту саласы бойынша қандай жетістіктеріңіз бар? Аудан халқының ұлттық құрамына да тоқталып өтсеңіз?
– Тілдерді оқыту және дамыту орталығы 2013 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Тілдерді оқыту – ізденіс пен ерекше әдістемені қажет етеді.
Сол себепті біздің орталықтарымыз барынша заманауи, жылдам, қарым-қатынасқа құрылған оқыту әдістемелерін негізге алып жұмыс істеуде.
Қазіргі таңда орталықтың жалпы штат саны 15, оның ішінде; 1 директор, 1 әдіскер, 1 оператор, 1 есепші, 3 қазақ тілі оқытушысы, 3 орыс тілі оқытушысы, 3 ағылшын тілі оқытушысы, 1 қарауыл, 1 еден жуушы штаттық бірліктері кестеге енгізілген. 1 комплект мультимедиалық-лингафондық, интерактивтік тақтамен жабдықталған. 2018 жылы жалпы 20232,0 мың теңге қаралды.
Қазығұрт аудандық статистика басқармасының мәліметіне сәйкес қазіргі таңда ауданда жалпы 107509 халық тұрады. Оның ішінде қазақтар 100206 құраса, қалған 7303 халық өзге ұлт өкілдерінің үлесінде. Атап айтсақ 7303 өзге ұлт өкілінің 6271 өзбек, 241 орыс, 223 татар, 158 ұйғыр, 122 парсы, 41неміс, 19 күрді, 17 украин, 11 әзірбайжан және 200 басқа да ұлт өкілдері тұрады.
2018 жылға 1400 тыңдаушы жоспарланып 6 айында 489 тыңдаушы курстан өткізілді.
2018 жылдың 6 айында орыс тілін меңгерген халықтың үлесі 58,4 ( 62785) пайыз орындалды. Жыл басынан «Тілдерді оқыту және дамыту орталығында» 9 топта 170 тыңдаушы курстан өткізілді.2018 жылы орыс тілін меңгерген тұрғындар үлесін 59 пайызға жеткізу жоспарланған.2018 жылдың 6 айында ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесін 14,2 (15 266) пайыз орындалды. Жыл басынан «Тілдерді оқыту және дамыту орталығында» 9 топта жалпы 159 тыңдаушы оқыту курстарынан өткізілді.2018 жылы ағылшын тілін меңгерген тұрғындар үлесін 14,4 (15 481) пайызға жеткізу жоспарлануда.2017 жылы үш тілді (қазақ, орыс және ағылшан) меңгерген тұрғындардың үлесін 10,5 пайызға яғни (11288 адам) арттыру жоспарланған. 2018 жылыдың 6 айында үш тілді (қазақ, орыс және ағылшан) меңгерген ересек тұрғындардың үлесін 10,7 пайызға яғни (11 503 адам) арттырылды.
Бұл мақсатты индикаторға жету үшін тілдерді оқыту және дамыту орталығындағы тіл үйренушілері қамтылды.
2018 жылы үш тілді (қазақ, орыс және ағылшан) меңгерген ересек тұрғындардың үлесін 10,8 пайызға жеткізу жоспарлануда.
2018 жылдың 6 айында мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерінің үлесі, пайыздық көрсеткіштерін 97,5 пайыз орындалды.
Қазақ тілінің ҚазТест жүйесі бойынша 2017 жылы жалпы 175 мемлекеттік және бюджет саласының қызметкерлері деңгейлік тестілеуден өткізілсе, 2018 жылдың шілде, тамыз айларын жалпы 250 қызметкерді деңгейлік тестілеуден өткізу жоспарлануда.
– Көше, жер-су аттарын тарихи тұлғаларға, тарихи атауларына қайтару, жарнамалар тілін жатық ету шаралары қалай қарқын алуда?
– Қазығұрт ауданы бойынша 13 ауыл округі, 64 елді мекені, 477 көше, 72 мектеп, 65 балабақша, 21 мәдениет ұйымдары, 4 спорт ұйымдары бар. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасына сәйкес еліміздегі ономастикалық атауларды ретке келтіру және тарихи атауларды жаңғырту мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру, сондай-ақ объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне кісі есімдерін беруді түбегейлі шектеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2017 жылы аудандағы елді мекендер мен көшелерге тарихи, жер-су атауларын беруді негізге алу мақсатында Қазығұрт аудан бойынша 5 ауыл округі бойынша 33 көшеге атау беру, қайта атау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Оның ішінде Қазығұрт ауыл округінің бір атау екі рет қайталанатын 7 көше және Алтынтөбе, Шанақ, Қақпақ және Қызылқия ауыл округітеріндегі нөмірленген және атауы жоқ 26 көшелер облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде 2018 жылы ақпан айында ауыл округі әкімдерінің шешімдерімен заңдастырылды.
Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне және объектілерге атау беру кезінде халықтың пікірі ескеріліп, Қазығұрт ауданындағы 5 ауыл округі бойынша 33 көшенің 1939 тұрғыннан 1217 адам қатысып, қолдағандары 1217 адамның пікірі 63 пайызды құрады. Ал объектілер бойынша 412 қызметкердің 273 адам қатысып, қолдағандары 273 адамның пікірі 66 пайызды құрады.
Қазығұрт ауданындағы ономас-тикалық ахуалға талдау жүргізіп, аудан бойынша 13 ауыл округі, оның ішінде тарихи жер-су атауы – 11, адам атауы – 2; 64 елді мекені, оның ішінде тарихи жер-су атауы – 61, адам атауы – 3; 490 көше, оның ішінде тарихи жер-су атауы – 197, адам атауы – 290, атауы жоқ нөмірленген 3. 72 мектеп, оның ішінде тарихи жер-су атауы — 42; адам атауы -30 екендігі анықталды. Идеологиялық тұрғыдан ескірген атау жоқ.
Көрнекілік ақпараттар мен деректемелердің ҚР Тіл туралы заңының талаптарына сәйкес ілінуіне зерделеу жұмыстары бойынша бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес мамыр айында Шарбұлақ, Қақпақ ауылы округі бойынша көшелердің көрнекті жерлерінде, ғимараттарда, мекемелерде жазылған атаулардың, жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын сараптау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмысшы тобымен шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуы мен көрнекі ақпараттардың, жарнама мәтіндерінің қазақ тілінде дұрыс жазылуын қамтамасыз ету мақсатында бөлім тарапынан сыртқы жарнама және көрнекі ақпаратты, жарнама тілін реттеу және жүйелеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ауданда арнайы жұмысшы тобы құрылған. Топтың құрамында қоғамдық ұйымдардың, аудандық кәсіпкерлер палатасының, аудандық ішкі саясат бөлімі,аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, жергілікті БАҚ өкілдері тартылған. сәйкес, Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен аудандағы кө-шелердің көрнекті жерлерінде, ғимараттарда, мекемелерде жазылған атаулардың, жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын сараптау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2018 жылдың мамыр айынның 15-16 күндер аралығында «Сауатты жарнама-аудан көркі» атты облыстық акциясы өткізілді.
– Алдағы уақытқа жоспарлап отырған мақсат, міндеттеріңзбен бөліссеңіз?
— 2017-2021 жылдарға арналған Даму концепциясының орындалуын жүзеге асыру;
— Шанақ, Жігерген, Сынтас, Алтынтөбе ауылдарының орталығынан мәдениет үйлерін салуға тиісті мекемелермен біргелікте жұмыстар атқару;
— Жаңабазар, Үшбұлақ, Тұрбат, Қызылқия, Шарбұлақ, Шарапхана, Рабат және Көкібел ауылдық мәдениет нысандарының от жағу қазандықтарына табиғи газ тарту;
— ақын, күйші жанрын дамытуға байланысты халық арасынан танылмай жүрген талантты жастар, әуесқой өнер иелерінің сахнаға шығуларына мүмкіндік жасау, шығармашылық ізденіспен жұмыстарды жүргізу;
— мәдениет нысандарының сыртқы-ішкі безендіру жұмыстарын жүргізу;
— 2018 жылға бекітілген мәдени көпшілік іс-шаралар жоспарын жоғары деңгейде ұйымдастыру, барлық жанрлардағы байқауларға қатысуды қамтамасыз ету;
— ауылдық мәдениет мекемелерін музыкалық аппаратуралармен және сахналық киімдермен қамтамасыз ету;
— барлық мәдениет нысандарын қыстық отынмен қамтамасыз ету;
— халық арасынан жаңа таланттарды табу, жастарды көркемөнерпаздар үйірмелеріне тартып, олардың қызығушылығын арттыру;
— өзара іс тәжірибе алмасу мақсатында «Өнерім саған – ауылым» атты гострольдік іссапарларды ұйымдастыру;
— өткізіліп жатқан мәдени іс-шаралардың ескірген репертуарларын жаңартып, тың жаңа қойылымдар, спектакльдермен, концерттік бағдарламалармен толықтыру;
— «Бір ел – бір кітап», «Бір ауыл – бір кітап» акциялары аясында таңдалған көркем әдебиеттерді насихаттау;
— ауылдық кітапханалардың материалды-техникалық базасын жақсарту, электронды каталог «РАБИС» бағдарламасы мен ақпараттық әлеуметтік интернет желілерімен қамтамасыз ету;
— оқырмандардың оқу-ақпараттық біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру;
— жасөспірімдер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдени іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету;
— «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыруда индикаторлық көрсеткіштер тізбесіне енген мемлекеттік тіл мен үштілділік сауаттылықты дамыту;
— Қақпақ, Шанақ, Жаңабазар ауылы округтеріндегі атауы жоқ көшелергеатау беру бойынша ауыл әкімдерімен біргелікте жұмыстар жүргізу;
— жарнама, сыртқы, көрнекі құралдардың тілдік сауаттылығына зерделеу, насихаттау жұмыстарын жүргізу;
— жергілікті тарихи, мәдени-сәулеттік және архелогиялық ескерткіштерді, қасиетті және киелі орындардың қорғау аймағын белгілеу бойынша ауыл әкімдерімен және тиісті облыстық мекемелермен жұмыстар жүргізу;
— жергілікті тарихи, мәдени-сәулеттік ескерткіштер мен қасиетті және киелі орындар бойынша каталогтар дайындау.
– Сұхбатыңызға рахмет!
Сұхбаттасқан – Жанна Иманқұл,
«Жалын» журналының қызметкері
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.