Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы   №11 орта мектеп оқушыларының шығармалары Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы   №11 орта мектеп оқушыларының шығармалары
Ұстаз Ұстаз деген болашақтың анасы ғой, Ұстаз деген білімдердің панасы ғой. Әр шәкіртке нұрлана қарағанда, Төгілер жүзіндегі мейірімі. Ұстаз деген шәкірт үшін жаралған, Бар... Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы   №11 орта мектеп оқушыларының шығармалары

Ұстаз

Ұстаз деген болашақтың анасы ғой,
Ұстаз деген білімдердің панасы ғой.
Әр шәкіртке нұрлана қарағанда,
Төгілер жүзіндегі мейірімі.

Ұстаз деген шәкірт үшін жаралған,
Бар білгенін олардан аямаған.
Ұстаздарым мұңаймаңдар ешқашан,
Шәкірт үшін қуаныңдар әрқашан.

3 «А» сынып оқушысы
Шамсиқамар Сариева

Мектебім-алтын бесігім

Мектеп есігін алғаш рет ашқан күннен бастап біз үшін мектеп өмірі басталды. Сабаққа қатысу, үзіліске шығу, мектеп асханасынан тамақтану, күнделікті толтыру, үй тапмсырмасын орындау, мектепке көмектесу, түрлі мерекелерге қатысу-осының бәрі мектеп өмірі. Әр адам өзінің алғашқы мұғалімін үнемі құрметпен есте тұтады. Ең алғаш сенің алдыңнан, өміріңдегі ең қиын, ең жұмбақ дүниеге – білім есігін ашатын алғашқы ұстазың. Мен де ұстазымды құрметпен, сыйлайтын болам, мен үшін мектеп-екінші үйім,ал ұстазым екінші анам болып саналады. Ұстаз сені ең алдымен мейірімді, тәртіпті болуға жетелейді. Саған әріп тануға, жазып, оқуға үйретеді.

3 «А» сынып оқушысы
Мирас Шаубай
Табиғат – тал бесігім

Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата-бабаңның «Жер- қазына, су — алтын, мал-байлық» деп өсиет айтқаны тегіннен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, киген киімдеріміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз, осының бәрі жомарт табиғаттың бізге берген сыйы.
«Тәрбие тал бесіктен басталады» дегендей болашақ ұрпақты экологиялық сауатты етіп тәрбиелеуді отбасы, ошақ қасынан бастағанымыз дұрыс. Табиғаттың жасыл желегімен аң құсын аялау- көзі ашық, көкірегі ояу әрбір жанның азаматтық борышы. Сондықтан жас-кәріміз, бәріміз табиғаттың перзенті болғандықтан, табиғатымызды аялап, құрметтеп, таза ұстайық!

4 «А» сынып оқушысы
Шапағат Жайлау

Ұрлық түбі – қорлық

Менің ойымша, ұрлық жасау – тәрбиесіздіктің белгісі. Ол үлкен қылмыстың бір түрі. Сондықтан ата-бабамыз «ұрлық түбі-қорлық» деп бекер айтпаған және өсіп келе жатқан ұрпаққа жиренішті болсын деп үндеу тастаған. Менің балғын достарым, болашаққа игі істер жасауға талпынайық. Қазіргі таңда елімізде түрлі қылмыстар орын алып жатыр. Соның ішінде ұрлық жасап жатқан азаматтардың саны аз емес. Ойнап жүріп от басқандар қаншама. Бірақ олардың барлығы түбінде өз жазасын алады. Ешкімнің ала жібін аттамай, өз еңбегіңмен тапқан наның, ең тәтті нан емес пе?!
Өмірде адамдар ұрлық жасауға түрлі себептермен барады. Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді дегендей, оларда өз себептерін айтады. Бірақ мен өзімнің жас достарыма айтарым, қандай жағдай болмасын, ешқашан ұрлық жасауды тіпті ойымызға да алмайық. Бейбіт өмірде ешқандай зорлық-зомбылық болмасын! Бақытты балалық шағымызды естен кетпестей етіп өткізу өз қолымызда деп ойлаймын. Ата-анамыз аман болсын, еліміз тыныш болсын, достар!

4 «А» сынып оқушысы
Рузанна Канағат

Тұғыры биік тұлға

Сөзге шешен көркемдеп сөйлеудің зергері, киелі топырақта қанат қаққан, халқымыздың біртуар перзенті Әбіш Кекілбайұлының қалыптасу, толысу, кемелдену жолдарының өзі өзгеге еш ұқсамаған өз ауқым, әлемі барлығымен де ерекшеленеді. Қасиетті Маңғыстаудың төл перзенті, қазақ әдебиетінің маңдай алды өкілі, қара сөздің сұңғыла сүлейі Әбіш Кекілбайұлы – біз үлгі тұтар тұғыры биік парасатты тұлғаларымыздың бірі, бірегейі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын.
Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн.
Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды.
Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ.
Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды.
Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.
Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады.
Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына бара бермейміз.
Шын мәнінде, Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш.Сондықтан,оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек.» деген болатын.
Міне осы бағдарлама негізінде біздің мектебімізде қыруар жұмыстар атқарылды. Мектеп табалдырығындағы шәкірттеріміздің өміріне үлгі боларлық ұлы тұлғаларды насихаттау біздің басты міндетіміз. Сондықтан, киелі өлкеміз Маңғыстау жерінің тумасы, Қазақстан Республикасының белді азаматы, абыз ағамыз Әбіш Кекілбаевты болашақ ұрпаққа насихаттаумақсатында «Тұғыры биік парасатты тұлға» атты әдеби кеш ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.
Шындық тақ, өтірік жұп, айла егіз
Айқұшақ аймаласқан фәнилік іс
Бақиға басың жалғыз аттанасың — деп өзі жазғандай Әбіш ағамыз осыдан екі жыл бұрын ақтық сапарға аттанды. Әлемдік әдебиетке олжа салған қаламгер, қазақ әдебиетінің абызына айналған, заманымыздың заңғар жазушысыӘбіш Кекілбаев ағадай кемеңгерімізге арналған «Тұғыры биік- парасатты тұлға» атты әдеби кешімізге абыз ағамыздың замандасы, өзі де ұрпаққа үлгі тұтар тұлғамыз Сайын Назарбек пен бірге Әбіштанушы Жанбибі Сенбайқызы баға жетпес естеліктерімен бөлісіпрухани азық аларлық, тәрбиелік мәні зор әңгімелерімен бөлісті.
Осы ұлы тұлғаларымыздың қатысуымен мектебімізде «Әбіштану» кабинетінің тұсауын кесіп, Әбіштану әлемінің бір кірпішін қаладық десек асып айтқанымыз емес.Аузымен құс тістеген жүйріктердің бірегейі, әлемнің атақты 100 ақын-жазушыларының бірі – Әбіш Кекілбайұлы. Бұл атақ жазушы еңбегінің еленуі ғана емес, ел мерейі, мемлекет мәртебесі, исі қазаққа ортақ қуаныш.Түркі әлемінің дамуына, басының бірігіп, беделінің артуына айтарлықтай ат салысқан ұлт ұлдарының арасында Әбіш Кекілбайұлының да еңбегң ерекше.
Ә.Кекілбайұлы – түркі дүниесі дүл-дүлдерінің бірі ғана емес, дарабозы, данагөйі.

9 «Ә» сынып оқушысы
Раушан Ибадуллаева

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *