Жастарды қолдау  жасөспірім шақтан басталу қажет Жастарды қолдау  жасөспірім шақтан басталу қажет
Нигметжанова Г.К, Карбаева М.К., С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті Жасөспірім кезеңі – балалық шақтан ересектікке өткір өте-тін, үнемі қиын, критикалық қақтығыстық деп сипатталатын... Жастарды қолдау  жасөспірім шақтан басталу қажет

Нигметжанова Г.К,
Карбаева М.К.,
С.Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан
Мемлекеттік Университеті

Жасөспірім кезеңі – балалық шақтан ересектікке өткір өте-тін, үнемі қиын, критикалық қақтығыстық деп сипатталатын адам онтогенезінің күрделі периоды.
Л.Ф.Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасы-ның ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады.
Н.Кречмер мен Конорадта осыған байланысты жеткіншектерді циклоидқа, ал жасөспірімдерді шизоидқа жатқызады. Жасөспірімнің мінез-құлқы ең алдымен жағдайды моральдылық қарастырумен. Ба-ланың әлемінің ересекке ауысуында. Жасөспірім толығымен алдыңғысына да соңғысына да жатпайды. Бұл ең негізгі қоғам жағдайы мен психикасынан көрінеді. Ашушаң, ұялшақ, ішкі қарама-қайшылықтар. Бұл қысым мен қақтығыс көп болған сайын балалық пен ересектік шекарасының әртүрлі айырмашылықтарына байланысты ойыстай бастайды.
Қазіргі заманда жасөспірім психодинамикалық теорияның басталуы өкілі танымал американ психологы Э.Эриксон философия-методологиялық ұстамын Фрейд-тік психоанализ дамуының жалғасын жасаған. З.Фрейд ойынша дамудың ең негізгі қозғалыс күші тұлғаның биологиялық жыныстың қызығушылығы (либидо) дәлірек айтқанда психосексуалды қақтығыстың тууы.
Нақты шарттарда жеткіншектің іс-әрекеті үлкендермен ұйымдасады. Олар жасөспірімдердің міндеттері мен құқықтарының шеңберін қалыптастырады, қатынастарын қа-лыптастырады, яғни психологтар жасөспірімдердің дамуында оның тұлғалық қалыптасуын анықтайтын әлеуметтік ситуациясы деп атайтын қатынастарды тудырады (7, 201 б. ).
Өтпелі кезеңнің психологиялық ерекшеліктері мінез-құлық мо-дельдерін анықтайды. Кіші жасөспірімдік кезеңде балаларға тән мінез-құлықтың жағдайлық бұзылуы кездеседі. Ол психикалық инфантилизм құбылысы және мидың резидуалды-органикалық бұзылуы тән жасөспірімдерге де қатысты. Мінез-құлықтың арнайы және жасөспірімдік формалары бөлінеді.
Балаларға тән мінез-құлық формаларына гиперкомпенсация, компенсация, имитация, протест, қайтару реакциялары жатады. жасөспірімдік мінез-құлық формалары: қызығу, топтасу, эмансипация реакциялары, сонымен қатар суицидті мінез-құлық, транзиторлы сексуалды девиация, қаңғыбастық. Реакцияны мінез-құлықтың тепе-тең типі деп атау бізге ыңғайсыз, сондықтан «реакция» терминін қолданамыз (7, 201 б.).
Адам өмірінде өзгермелі кезеңдері болады. Соның бірі, ең бастысы мен ауыр болып келетіні – ересектік кезеңі. Бұл уақытта адам 13-17 жаста аралығында болады, бала емес, бірақ әлі ересек адам болмайды. Бұл жас – “қоғамдық импритинг” кезеңі – барлық нәрселер адамдарға ерекше әсерлі болып келеді. Бұл адамға есеюге мүмкіндік береді. Жасөспірімдердің қылмысы деген термин, жасөспірімдердің заңды бұзуына қатысты іс-әрекеттер жасауы дегенді білдіреді. Бұл терминді, ересек адамдар жасаған қылмыстан бөліп алып қарастыру, олармен салыстыру үшін енгізген. Қылмыс жасаған жасөспірімдерді, арнайы сотта, арнайы судья соттап, әрқашан жеңілірек үкім шығаруға тырысады.
М.И.Еникеев сипаттамасы бойынша жасөпірімге заңды бұзған көптеген қылмысты артуға болады. Олар, сабақтан қашу, бармаудан бастап – адам өліміне дейінгі қылмыстар.
Бұл жасында жасөспірімдердің бойында кездестін келесідей мінез-дер тән:
1. Қарсыластық реакциясы.
Жасөспірімнің іс-әрекетіне, тәртібіне үлкендер тарапынан шек қоюына қарсылықты білдіреді. Бұл іс-әрекеттер – үйден қашумен, шулы серуендермен сипатталады.
2. Имитация реакциясы
Нақты образға, жеке дамға еліктеу. Кейде бұл белгілі “кейіпкер” болуы мүмкін. Мысалы, жасөспірімдерге “қылмыскер-суперменнің ”үлкен ықпалды екені белгілі. Соңғы кездегі детективті әдебиеттер кейіпкерлерге еліктеу жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауына кері әсерін тигізеді.
3. Компенсация реакциясы
Бір саладағы сәтсіздік енді бір салада дұрыс берілуі. (Мысалы, мектепте сәтсіздік болса, ”батыл” іс-әректтермен орын толтыру).
4. Гиперкомпенсация реакциясы.
Жасөспірімге қиын түсетін салада табандылықпен талпынып, жетістіктерге жетуге тырысу. Көбінде өз-өзіне сенімсіз, ұялшақ жасөспірім, ерекше спорт түрлерін таңдайды (Мысалы, бокс, карате, т. б. ).
5. Топтасу реакциясы
Бірдей жастағы жасөспірімдердің топтасауы. Жасөспірімдік топтар, ортақ мақсаттылығымен, жинақылықтармен, ортақ бағыттылықтармен ерекшеленеді (1, 103-104 б. ).
Жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуы зерттеушілердің көңілін алаңдатып отыр. Бұл қылмыстың таралуының себептерін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жұмысын жүргізуге итермеледі. Негізгі себептерін үлкен үш топқа бөлуге болады:
— Социологиялық фактор: Қоғам және мәдениет құрылымдарына байланысты;
— Психологиялық фактор бойынша: Белгілі адамның мінезінің ерекшелігімен қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты;
— Биологиялық фактор: Физикалық және органикалык элементтерінің әсерінен;
— Социологиялық фактор;
— Қылмысқа әсер ететін, социологиялық факторлардың ішін-де, зерттеу нәтижесінде, келесі себептер көп кездескен:
— Төменгі экономикалық – қоғамдық статус;
— Мәдениеттегі зорлық және бұқаралық ақпарат құралдары;
— Алкоголь және наркотикалық заттар;
— Құрдастарының әсері;
-Отбасындағы психологиялық және атмосфералық жағдай.
Төменгі экономикалық-қоғамдық деңгей және кедейшілік әсер етеді. Көбінде қылмысқа, жұмыс және білім алатын жағдайлары жоқ, өз өміріндегі жағдайларға көңілі толмайтындар барады. Сонымен қатар қылмысты жоғарғы өкілдердің (бизнесмен, бай адамдардың) балалары жасайды. Себебі, олар материалды жағдайдан қиыншылық көрмейді. Тек орташа тұратындардың жасөс-пірім балалары қылмысқа сирек барады. Бай өкілдердің балаларын көбінде айып төлеп босатса, кедей балалардың ата-аналары айып төлеп, шығара алмағандықтан, олады тұтқынға алып жазалайды.

Байлық, мәдени құндылықтар, өмір стилі:
Қазіргі жасөспірімдердің көбінде автокөлігі, қалталы ақшасы болады. Яғни, осы ақшаға жасөспірім шылым,алкоголь,наркотикалық заттар сатып алуына мүмкіндігі бар. Олардың өмірі біршама белсенді өтеді – кездесулер; ойын-сауық, би кештері; рок-концерттер; достарымен көкке, табиғатқа барады. Бірақ, бұлардың көбі кешке, түнде болып тұрады. Бұл кезде көшеде көп адам кездеспегендіктен, оларды бақылаушылар аз болғандықтан, жеткіншектер бұзақылық жасап, кейде ойын-сауық үшін қылмыс жасауға шейін барады.
Жасөспірімнің жан дүниесі нәзік,сезімтал болып келеді. Үлкендердің айтқан сөздерін, іс-әрекеттерін, бұқаралық ақпарат құралдарынан (теледидар, газет, журналдардан т.б.) көргенінің барлығын тез қабылдап, шындық көреді. Міне, сондықтан да лас ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп отыратын қылмыс хроникасындағы жағымсыз мәлеметтер жастардың нәзік көңіліне, жан дүниесіне қатыгездікпен жүгенсіздік ұрығын себуде. Ақпарат құралдары қатігез қылмыскердің іс-әрекетінің егжей — тегжейін жазып, жасөспірімдерге сабақ болар десе, кейбір жасөспірімдер, осы қылмысты жасаған қылмыскер қандай сезімде болды екен деп, сол қылмысты қайталайтыны кездесіп жатады.
Өткен ғасырдың сексенінші жылдары, қандай-да бір қылмыс түріне қатыстықтары болмаса да, айғай – шулы әрекеттерімен түнгі тыныштықты бұзатындары үшін үлкендерді жиі дүркілендіретін ”хипперлер”, “металистер”, “мотоциклистер” сияқты бейресми топтардың жағымсыз қылықтары баспа сөз беттерінде әртүрлі пікірталастарын туғызып, олар туралы белгілі бір қоғамдық пікірді қалыптастырып жататын.
Яғни, жағымсыз қылықтарына жасөспірімдердің тәртібі, мінез-құлқы, тұлға ретінде қалыптасу мәселелері көпшілікті ойландыратын. Көп болып, олардың жаман жолға салынып кетпеуіне ат салысатын (5, 148-151 б.).
Қылмысты ішімдік және наркотикалық заттар әсерінен жасайтындар көптеп кездестіндіктен, арнайы зерттеу жұмысын жүргізген. Олардың біреуінің нәтижесі бойынша, егер жасөспірім бұрын тұтқынға алынса, наркоман адамдармен қарым-қатнаста болса, қылмысты ішімдік, есірткі ықпалын жасайды. Яғни, есірткі қабылдау мен қылмыстық іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Құрбы-құрдастарының әсері. Жасөспірімдерді заң бұзуға, қылмыс жолына итермелейтін фактордың бірі.
Заң бұзу мен есірткі қабылдау кезінде, жасөспірімнің антиқоғамдық тәрбиесімен құрдастарының арасында тығыз байланыс байқалады. Социализациялану үрдісі кезінде жеткіншектер арасында қылмыстық іс-әректке даярлану басталады. Жеткіншектерге құрбы – құрдастарының айтқан ойы, әсері үлкен, себебі бұл кезде олар бір-біріне еліктегіш болып келеді.
Әсер етуші келесі фактор – тұрғылықты специфика әсері. Арнайы территорияларда, белгілі бір аудандарда, қылмыскерлердің деңгейі ерекше жоғары болады. Бірақ сол жерде өскен жасөспірімдердің барлығы қылмыскер болмаса да, бұл жердегі жас балалардың заңды бұзу, қылмыс жасау пайызы басқа аудандарға қарағанда бірнеше есе жоғары болады.
Жасөспірімдер қазіргі кезеңде тез өзгермелі мәдениетте, хаос және тұрақсыз, құбылмалы ортада өмір сүреді. Мұның өзі қылмыстың жоғарылауына әсер етеді. Бұрынғы баға жетпес құндылықтар күмәндану, сенімсіздік сезімдерін тудыра бастады. Мысалы, отбасы ертеректе, сенімді, қауіпсіз ошақ болса, қазіргі кезде, жанұядағы келіспеушілік, түсініспеушілік әсерінен үлкен мәселелерге (өз-өзіне қол жұмсау, қылмысқа бару, т.б.), итермелуші себептерінің біріне айналып отыр. Көптеген экономикалық – саяси мәселелердің пайда болуы, сенімсіздіктің тууына, көптеген наразылықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Мектептегі үлгерім заң бұзуға, қылмыс жасауға итермелейтін фактордың бірі болып табылады. Данхем және Алперт мектепті тастап кеткен жүз отыз жеті жасөспірімді зерттей келе, мектепті тастаудың он төрт себебін көрсеткен. Бұларға, мектептегі баланың тәртібінің нашарлығы, оқуға деген ынтаның болмауы, сынаптастарының кері әсері және ата-анасымен қарым-қатынасының нашарлығы, түсініспеушіліктің болуы, мектептегі жетістіктерінің төмендігі, нашар бағалар, сыныптағы тәртібінің жамандығы,мектеп программасын алып жүре алмауы, мұғалімдермен және ата-анасымен ортақ тіл табыса алмауы — бұның барлығы осындай оқушылардың қылмысқа, заң бұзушылығына итермелейтін факторлар. Бұлар оқушылардың психикасына кері әсер етеді. Осы кезде бұл жасөспірімдерді “тыныштық бұзушылар” болып табылады. Мұғалімдер мен әкімшіліктің кері әсері, жасөспірімнің жаман тәрбиесін әрі қарай шиеленістере түсіп, жеткіншектің сабақ босатуының жиіленуіне, алкоголь мен есірткінің қабылдауына итермелейді.
Жасөспірімнің тұлға ретінде дамуына, қоғамда жүруіне – жанұядағы психологиялық жағдай және атмосфераның әсері үлкен. Ажырасқан отбасылардағы жанұя мүшелерінің бір-бірімен аддекватты емес қарым-қатынаста болуы жасөспірімді қылмыс жолына итермелейді.

Қылмыстың психологиялық
факторы:

Қылмыс жасауға итермелейтін себептердің бірі – ажырасқан отбасылардың көптеп кездесуі. Яғни, осындай жанұядан шыққан жасөспірімдердің қылмысы. Бірақ айырылыспай әрқашан ұрсыс-керісте болатын жанұя жасөспірімдеріде қылмыс жасауға жақын болып келеді. Сондықтан, басты болып, жанұядағы атмосфера болып табылады. Жасөспірімдер ата-анасының қамқорлығы мен қадағалауынан тыс қалады. Көп жағдайда екі түрлі жынысты жасөспірімдер анасына жақын болып келеді. Бірақ, әкесі жағынан жақындықтын аз болуынан қылмыстық іс-әрекетке барады, әсіресе ұл балалар. Бұл мәселеге байланысты жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, сексуалды қылмыс жасаған жасөспірімдердің отбасы тату емес, аралары ыстық болмағанын көрсеткен.
Сонымен қатар ата-анасының тәрбиелеу моделі де өз ықпалын тигізеді. Мысалы, әке-шешесі бір-бірімен ұрсысып, қарсыласып жүрген отбасынан екі жасөспірім қыз балалар өздерінің агрессивтілігмен және салмақсыздығымен өз құрдастарынан ерекшеленген. Қыздар өз ата-анасының іс-әрекетін қайталаған.
Сонымен қатар, қылмыс жасауға тұлғалық факторларда әсер ете ала ма деген сұраққа жауап іздеген. Арнайы жүргізілген зерттеу бойынша қылмыс жасағандар:өздеріне сенімді, құқық қорғау органдарына ұнатпаушылықпен қарау, тез ренжігіштігімен, өзін басқара алмаушылығымен, жаушылық қаситтерімен ерекшеленген. Алайда, кейбіреулерінде, өзі туралы бағасының төмен болуы, өзін жек көру сияқты қасиеттері кездеседі. Осындай адамдар тобы өз істеген іс-әрекетін мойындамай, барлығын қоршаған орта мен адамдардан көріп, кінәлайды. Кей жағдайда заң бұзу невроз симптомы, қорқыныш, мазасыздық жемісі болып келуі мүмкін. Сондай-ақ әртүрлі формадағы және деңгейдегі психопотологиядан зардап шегеді. Кейбіреулері жүйке бұзылуымен ауырады, оны психиаторлар “іс-әрекетіндегі салмақсыздық“ деп атайды.
Зерттеу нәтижесіндегі себеп-тердің бірі – балалық шағынан бастап қамқорлық, мейірімділіктің жетіспеушілігі. Кей жағдайларда заң бұзушылық іс-әрекетке эмоционалды жағынан сау балалар; тек кері, қате тәрбиеленгендер баратыны да кездеседі.

Қылмыстың биологиялық
факторы:
Қылмыстардың көбі сыртқы себеп бойынша жасалады. Бірақ, кей жағдайлар да органикалық және биологиялық факторлары тікелей және жанама әсер етуі кездеседі. Мысалы, қылмыс жасаған жасөспірімдер арасында бас миының маңдай жазығының дамымай артта қалуы жиі кездесетінін көрсеткен. Бұның өзі нейрофизиологиялық бұзылыстарына, өз іс-әрекетіне жауап бермеуіне әкеледі. Бірақ, бұл танымдық процестің бұзылуы дегенді білдірмейді, тек бұндай жасөспірім өзіндегі білімді пайдаланып қана іс-әрекет жасай алмайтындығын білдіреді.
Биологиялық фактордың қылмыс жасауға қандай рөлі бар екенін зерттей келе, ұрпақтан ұрпаққа берілуі мүмкін екендігін анықтаған. Сондықтан, жанұяның комплексті әсері өзіне қоршаған орта факторымен гентикалық факторды қоса көрсетеді.
Заң бұзушы адамның анатомия-жүйелік жүйенің бұзылысы заң қызметкерлеріне қарағанда ақырын қалпына келеді. Сондықтан да жазалаудан кейін өз тәрбиелерін өзгерте алмайды (1, 103-104 б.).
Н.Ф.Кудряцева, В.Е.Эминова еңбектерінде бұл себеп, біз білетіндей әрбір адамда өзіне тән темпераменті болады. Сондықтан да бұл кейбір жағдайда тұқым қуалаушылық фактор және де бала туа сала жаман тәрбиеге жақын болуы мүмкін. Егер бұны ата-анасы қалай жеңуді білмесе, жөндемесе, жасөспірімдік кезеңде әртүрлі психикалық бұзылыстарға ұшырауы мүмкін.
Шеппард көзқарасы бойынша органикалық себептер әр қылмыскердің 25% құрайды. Мысалы, ол 10-15 жасар қыз бала туралы айтады. Ол инсулиннің жетіспеушілігінен зардап шеккен, яғни қанының құрамында қанттың мөлшері өте аз болған. Жасөспірім құбылмалы көңіл күйімен, импульсивтілігімен, агрес-сивтілігімен ерекшеленген. Дұрыс емделу мен диета толық емделуге мүмкіндік берді. Ол басқа да адамдар туралы әңгімелеген. Мысалы, заң бұзушылар кереңдікмен, көзі дұрыс көрмеушіліктен зардап шеккендер. Органикалық себептер сонымен қатар босануға дейінгі және кейінгі асқынулардан болуы мүмкін.
ҚР Ішкі Істер Министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы тәртіп сақтау басқармасының насихат бөлімі Шымкент қаласында қылмыстық топтарға қатысушыларға немесе оларға еліктеуші жасөспірімдерге әлеуметтік зерттеулер жүргізген.
Зерттеу сауалнама, сұхбат, салыстырмалы талдаулар сияқты тәсілдерді қолданды. Бұл зерттеулердің статистикалық мәнді-ліктеріне сүйенсек Қазақстанның оңтүстік аймағында заң бұзушы жасөспірімдер 1,5 ұрлықты наркотикалық зат әсерінен істеген. Барлық ұрлықты 2/3 топталып жасалған. Барлық тартылған жас қылмыстың 30,6% бір рет ұрлық жасап жауапқа тартылса, қалғандары, яғни 1/3-і бұрын бірнеше рет қылмыс жасап, жазаларын өтеп үлгергендер болып келеді. Егер бір аптаның ішінде 3-4 ұрлық жасалса, оның 17% жасөспірімдер. Ал, үш айда он ұрлық жасалса, оның 20,7% жасөспірімдер үлесінде. Жасөспірімдерден тұратын қылмыстық топтардың көбеюі барлық Дүние жүзі адамдарын алаңдатуда. Ақпараттар жүйесінде біз жиі-жиі қатаңдықпен жасөспірімдер топтарының адамды өлтіруі туралы оқимыз (3, 105-106 б.).
Х.С.Жадбаев бойынша бұл топтардың өкілдері болып 16-17 жасар ұл балалалар саналады. Бұл балалалардың осы топтарға енуіне бірнеше себептері бар. Мысалы, жолдастарына деген еліктеушілік, қорғаныш іздеумен, гереосексуалды және ерекше сезімдерді сезіну мақсатында. Жасөспірімдердің қылмыстық топтарына кіруіне итермелейтін себептерінің бірі – жанұядағы түсініспеушілік мәселесі. Егер жасөспірімдер өздерінің эмоционалды және жанұядағы социалды қажеттіліктерін қанағаттандыра алмаса, ол қылмыстық топтардың құрамына еніп, өзін сол жерден табуға тырысады. Қылмыстық топқа енген соң, жасөспірім жалғыз өзі жүрсе ешқашан қолы бармайтын қылмыстарды жасайды. Бұл топтар барлық қоғамға қорқыныш, қауіп тудырып отыр (2, 80-85 б.).
Статистикалық мағлұматтарға сүйенсек, біздің Қ. Р. жасөспірімдер жасаған қылмысы: 2000 жылы — 7,5%; 2001 жылы — 8,3%; 2002 жылы — 8,5%; 2003 — 6. 5%; 2004 — 6. 8%.
Ал облыс бойынша бүкіл жасалған қылмыстың 2000 жылы-9,2%; 2001 жылы — 9,9%; 2002 жылы — 10%; 2003 жылы — 6,7%; (6, 228, 229 б. ).

Алдын алу үшін жасалатын шаралар:
— Жасөспірімді қоғам жағынан қадағалау қажет. Отбасы жасөспірімдік қылмыстың алдын алуға мүмкіндік беретінін естен шығармау қажет. Себебі, көбінде жанұя қоғамдық қадағалауды жүзеге асырады. Қадағалаудың екі түрі бар. Біріншісі, тікелей қадағалау – бұл сыртқы болып табылады, оған шектеулер және жазалаулар жатады. Ата — аналары баланың уақытында сабақтан келуін, жолдастарымен қарым-қатынасқа түсетін кіші топтарды қадағалап, тексеруі жатады. Сонымен қоса уақытында баланы жазалап, көмектеседі. Екінші түрі, көмекші қадағалау – бұл сыйластық және махаббат. Жасөспірім ата- анасына және басқа да адамдарға осы сезімдерді сезінеді. Олардың тәрбиесі мен іс-әрекетін махаббат басқарады. Ата-анасына және басқа адамдарға махаббат, сыйластықпен қараған бала көп жағдайда қылмысқа бармайды. Себебі, жасөспірімдерге үміт артып,сенетін адамдарды ренжітіп, көңілін қалдырғысы келмейді.
— Жасөспірімдердің көбі, зерттеу жүргізгенде жасалатын қылмыс үшін қандай жазалар өтейтінін білмегендігін айтады. Сондықтан, жасөспірімдерге қылмыс жазалары туралы семинарлар жүргізу керек.
— Жасөспірімдер сабақтан тыс өте көп уақыттары бар. Сондықтан қазіргі кездегі “дворлық клубтарды” әрі қарай дамыту керек. Бос уақытын босқа жібермей спортпен шұғылданып, пайдалы іс- әрекеттермен айналысу керек.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Еникеев М. И. ”Юридическая психология”, Питер, 2005.
2. Жадбаев Х. С. ”Криминология”, Алматы, 2002.
3. Кудряцева Н. Ф. , В. Е. Эминова. ”Криминология”
4. Райс Ф. ”Психология подросткого и юношеского возраста”, Алматы, 2002.
5. Қазақстан жоғарғы мектебі. Журнал 2004 ж. № 1.
6. Қазақстан региондары. Статистикалық жиын. 2004 жылы.
7. Лекции по методикеконкретных социальных исследовании. — М. , 1972

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *