БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ
19.08.2018 0 6 002
Мақалада еліміздегі балалар үйіндегі тәрбие-ленушілердің әлеуметтік психологиялық жағдайлары қарастырылған. Балалар үйінде тәрбие-ленуші баланың жеке тұлғасының әлеуметтік қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері баяндалады.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай жетім балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен. Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күн талабы.
Балалар үйінде тәрбиеленуші баланың жеке тұлғасының әлеуметтік қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар. Оның іс-әрекеті толығымен тәртіпке салынып қадағаланылады, бұл бала дамуында артта қалушылықты, масыл-дықты, жеке басы еркін ұйымдастырудың төменгі деңгейін туындатады. Жетімдер мен жетімханалар жайлы алғашқы мәліметтер дәуіріміздің ғасырынан (335 жыл, Цареград) бастау алады, ал олардың көбею кезі Еуропада ғасырдың тұсы болып саналады. 1760 жылы испан елінің бір дін қызметкері “жетімханада бала көңілсіз күй кешеді және көбі қайғы-мұңнан өледі” деп жазған.
Алайда жабық типтегі балалар мекемелерінде өмір сүрудің салдары ғылыми мәселе ретінде тек ХХ ғасырда ғана қарастырыла бастады. Жаңа дамып, өсіп келе жатқан бала психикасы үшін оның зардаптары өте көп. Осы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мәселелері аса күрделі жағдайда.
Бұл жағдайға қатысты өзекті мәселелердің негізгілері мыналар: жетім балалар денсаулығына деген әлеуметтік қамқорлықты күшейту, олардың құқығына қол сұқпау, қоғам өмірінің барлық салаларына толық араласуға жағдай жасау. Осы мәселелерді шешуде негізгі екі көзқарас қалыптасқан. Бір жағынан, балалар үйі мен мектеп-интернаттың балалары отбасында тәрбиеленетін балалардан ерекшеленбейді және олардың мәселелерін тек материалдық жағдайда жақсарту және оқу-тәрбие процесіне бірқалыпты жағдай туғызу арқылы шешуге болады десе, екінші жағынан, қазіргі таңда балалар үйінде және интернаттардағы балалардың дені сау емес, барлығы ауыр тұқым қуалаушылыққа негізделген соматикалық және психикалық аурулармен ауырады деген көзқарас қалыптасқан. Осы екі көзқарастың да шындыққа жақындайтын жерлері бар сияқты (1, 53).
Балалар үйі мен интернаттың тәрбиеленушілерінің ішінен жоғары оқу орындарына түсіп, түрлі салаларда қызмет атқарып, қоғамдық өмірге белсене араласып жатқандары бар екені белгілі. Дегенмен, қазіргі кездегі балалар үйіндегілердің барлығы бірдей жетім балалар емес. Мұндай мекемелерде ата-аналық құқынан айырылғандардың балалары, жалғызбасты ата-аналардың балалары, ата-аналары тастап кеткен балалар, ауруына байланысты әрекетке жарамсыз деп танылғандардың балалары, ата-анасы сотталып кеткендердің балалары, жетім және тастанды балалар тәрбиеленеді. Бұларды «әлеуметтік жетімдер» деп атайды. А.М.Прихожан, Н.Н.Толстых зерттеулері бойынша мынадай мәліметтерді білуге қол жеткіздік.Балалар үйінде тәрбиеленушілердің жиі жағдайда өздерінің жеке құндылықтары жайлы ұғымдары әлеуметтік жағдайларға байланысты бекімеген, бұл терең эмоционалды дискомфортқа әкеліп соғады, ал ол өз кезегінде агрессия мен мазасызданудың пайда болуына себепші болады. Мазасыздану дегеніміз — бұл болатын қауіп-қатерді күтуге орай эмоционалды дискомфортты бастан кешу жағдайы (2, 23).
Балалар үйлеріндегі балалардың көбісі өмірдегі ең басты нәрсе – ата-аналар қамқорлығы мен махабатынан айырылғандар. Олардың көбісі «жанұя», «үй», «әке», «ана» деген ұғымдарды түсінбейді. Бұл ұғым-сөздерді білмеу интернат пен балалар үйі жағдайындағы ұйымдасқан тәрбие процесіне өте көп проблема тудырады. Жетімдер үйі, мектеп-интернаттарда жүргізілетін түзету тәрбиелік жұмыстардағы ең басты фактор баланың әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыруға көмек-тесетін гуманды, яғни адамгершілік ортасын құру факторы болып табылады. Балалық әлемін жақсы біліп, түсінетін адам ғана нағыз тәрбиеші екендігі баршаға аян, ал оның педагогикалық тактісі тек қана педагогикалық біліммен ғана шектеліп қоймайды, әрі интуицияның болуымен, әрбір баланың жүрегіне шеберлікпен жол табуда ерекше әдістерді меңгеріп қолданумен де анықталады. Баланың әділдігі, адамгершілігі, сыйластығы – дұрыс тәрбиенің негізгі шарттары осылар, әсіресе жетім-балаларда осы жеке және әлеуметтік қорғаныссыздығы жас қосқан сайын өткір бола түседі.
Қазақстандағы балалар үйінің хал-жағдайлары туралы жазар болсақ, жетімдікпен күрес мәселесі тек қана мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге көптеген бейтарап ұйымдардың да басты мәселесіне айналды. Егер де 1991 жылы біздің республикамызда 42 балалар үйлері болса, 2004-ші жылы 614 интернаттық мекемелер саны белгілі болып есептелінді, онда 13000 жетім-балалар саны мемлекеттің шығынын арттырады ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, республикада жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санының азаюының оң үрдісі байқалуда. «Егер 2010 жылы аталған балалардың саны 42 494 бала болса, 2016 жылы олардың саны 5 717 балаға азайды. Ал 2017 жылғы деректер бойынша республикада 36 777 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар», — делінген ведомство деректерінде. Қазақстанда ресми түрде 37 мың жетім бала тұрады (Қазақстандағы барлық балалар саны – 5 млн. 103 мың). 2017 жылғы мәлімет бойынша республикада 33 680 жетім және атаана қамқорлығынсыз қалған бала бар. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 47000-нан едәуір азайған. Соның ішінде 21 856 баланы қазақстандық отбасылар қамқорлыққа немесе қорған-шылыққа алған, 1947-сі – патронаттық тәрбиеде. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 9 879 бала жетім бала және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға орналастырылып, толықтай мемлекеттің қамқорлығына алынды.
Республикада жетім балаларға арналған 188 ұйым бар. Соның ішінде 43 ұйым денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде. Оның құрамында 2 095 бала. Ал құрамында 7784 бала бар 145 ұйым білім беру жүйесіне қарайды. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың қоғамда өз орнын тауып, отбасында жақын-дарымен өмір сүруге бейімделуі үшін отбасы үлгісіндегі балалар үйі және отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары желісін дамытуға баса назар аудрылуда. Қазіргі уақытта отбасы үлгісіндегі 16 балалар үйі және 11 балалар ауылы жұмыс істейді. Жетім балаларды отбасыларға орналыстырудың баламалы түрлері де енгізілуде. Республикада жетім балаларды өзі қабылдап алған патронаттық тәрбиешілерді, қамқоршыларды және қорғаншы-ларды материалдық ынталандыру жағы қарастырылған. Сонымен қатар, 2015 жылғы қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының бала асырап алған азаматтарына 75 АЕК (148 650 теңге) мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемақы төленеді. Түрлі шаралар қолдану нәтижесінде соңғы бес жылда елдегі жетім балалардың жалпы саны 8812-ге, балалар үйі тәрбиенушілерінің саны 5 237 балдырғанға азайды. Дегенмен, бүгінгі таңда Қазақстан бойынша жетімдер саны көбеймесе, азайып жатқандығы көрінбейді. Соңғы 10 жылда Қазақстандағы жетімдерге арналған балалар үйінің саны 3 есеге көбейген. Ал осы жылдың есебі бойынша ата-анасының қарауынан айырылған балалар саны 96 мыңға жетті деп хабарлайды мемлекеттік емес ұйымдар. Олардың 80 пайызының ата-анасы тірі, олар әлеуметтік жетімдер деп есептеледі, Қазіргі күні елордамыз Астана қаласында ата-анасының қам-қорлығынсыз қалған балалардың және тұл жетімдердің саны 1024, оның 536-сы қамқоршы отбасыларында тәрбиеленуде. Қалған 488 бала балалар үйінде және «Пана» атты арнайы мекемелерде тұрып жатыр. (2011 жылғы мәлімет) Баланың тұлға ретінде қалыптасуына өмірінде «Ата-ана-бала» қарым-қатынас жүйесіне түспеуі қатты әсер етеді. Мінездерінде қырсықтық, бірбет-кейлік сияқты жағымсыз қасиеттер ерте көріне бастайды. Бала толыққанды даму үшін ең алдымен оның махабатқа деген қажеттілігі қанағаттандырылуы қажет. Кейбі-реулер оны туылғаннан пайда болатын қажеттілік десе, енді біреулер өмір сүру барысында қалыптасатын қажеттілік деп есептейді. Осы қажеттіліктің қанағаттандырылмауы бала дамуының бұзылысына және эмоциялық депривацияның пайда болуына әкеліп соғады. Депривация – психология мен медицинадакеңқолданылатын термин. Бұл термин ағылшынның «deprivation» сөзінен шыққан, қазақша мағынасы: өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігінің шектелуі немесе жойылуы. Эмоциялық депривация балалар үйінде тәрбиеленетіндер де ерекше байқалады. Депривацияның келесі түрі – сенсорлық депривация – яғни заттық ортаның болмауы және сезім мүшелері қоздыр-ғыштараның жетіспеуі. Депри-вацияның бұл түрін де балалар үйінде тәрбиеленетіндерден кездестіреміз. Депривация сонымен қатар тек балалар үйінде емес, отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларда да байқалады. Отбасында анасы болмаған немесе баласына эмоциялық көңіл бөлмеген жағдайда аналық депривация туындайды. Психикалық күймен сипатталады. Аталған психикалық жағдай мінез-құлықтың өзгеруінен байқалады. Депривация механизмі баланың сыртқы орта адамдарымен қарым-қатынасының шектелуімен, бала-ның негізгі психикалық қажеттіліктерінің жеткіліксіз қанағаттандырылуымен байланысты. Сонда, психикалық депривация деген өмірлік жағдайлар нәтижесінде туындайтын нақты психикалық күй. Мұндай жағдай баланың негізгі қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға қолайлы мүмкінідіктері болмаған кезде туындайды.
Нәрестелік, ерте сәбилік шақтағы аналық депривация жағдайындағы балалардың даму проблемасы жайлы, яғни олардың балалар үйінде, емханаларда, жабық орталықтарды даму мәселесі зерттеулер жазған атақты Отандық ғалымдарды Н.М.Аксарина, М.И.Лисина, Т.М.Землянухина, Ю.Ф.Полякова, Н.М. Щеловановаларды атап кетпеуге ешбір болмайды. Балалар үйінде қазіргі таңда балалар тәрбиелентін ортаға және олармен туылғаннан бастап жүргізілетін жеке-дара жұмыстарға, қарым-қатынасқа үлкен мән берілуде.
Негізгі ауыртпашылық логопед, психолог, тәрбиешілерге жүктелуде. Дамуында терең артта қалушылығы бар балалар үшін жан-жақты сенсорлық әсер алатындай “сенсорлық бөлмелер” деген қолданылады.
Педагогтар ересек балалардың табиғат, саябақ, музей тағы басқа демалыс орындарына барып дамуына жағдайларды барынша жасайды. Л.С.Выготский атап кеткен “сензитивті” кезең, яғни екінші жаста бұл балалар сенсорлы және тілдік дамуда өте артта қалушылық көрсетеді (6, 19). Балалар үйіндегі балалардың даму динамикасын бақылай отырып мынандай қорытынды жасауға болады: 4-5 айлық кезеңнің өзінде эмоция, көру, есту анализаторларының дамуында алғашқы ауытқуларды көруге болады. Ал 7-12 айлық кезеңінде тілдің дамуындағы дайындық кезеңдерінің терең артта қалушылығы көрінеді. Психикалық депривация күйіне орталық жүйке жүйесі зақымдалған балалар жиі ұшырайды. Қазіргі уақыт мына жағдайды анықтады: балалар үйінде туылғаннан бастап тәрбиеленуші балалардың психофизикалық да-му көрсеткіштері өте төменгі нәтижелерді құрайды, қолайсыз отбасы болса да кейін келген балаларға қарағанда (7, 58). Осылайша, балаларүйінеқарағанда, қандай да болса, яғни қолайсыз отбасының өзі жас нәресте, бала үшін жақсы орта болады.
Дене және ақыл–ойы дамуының артта қалуы ол балалардың эмоционалды-еріктік және мінез-құлық кемістіктері мен толықтырылып, дамуынтағы да кешеуілдетеді.(8, 3). Бұған осы балалардың мемлекеттік мекемелерде тәрбиелену жүйесінің барлығы, яғни бір балалар мекемесінен екіншісіне жиі ауысу көп әсер етеді. Бұл олар 3-4 жасқа келгенде орыналады, яғни сәбилер үйінен балалар үйлеріне және 7 жастарында мектеп-интернат қауысқанда болатын жағдай. Эмоциялық және сенсорлы депривация жағдайындағы балалардың психомоторлы дамуында да ауытқулар, артта қалушылықтар болады. Жалпы танымдық белсенділігінде баяулық байқалады.
Бұл балалар материалды қиын меңгерді, олар әрдайым үлкендердің бағалауын күтіп жүреді. Ойлау процестерінің дамуында бірталай өзгерістер байқалады: олардың жалпылау және классификациялау қабілеттері синкретті сипатта болады. Балалар үйіндегі балалар көбінде ұмытшақ болады, өзінің туған күні, жылы, айын ұмытып қалады. Есептеу аймағында түсініктер мен әрекеттердің бірқатары дұрыс қалыптаспаған, балалар есептеу барысында қатты қиналады, «аз», «көп» деген түсініктерді шатастырады.
Ұлы Отандық генетик, әрі биологтар А.Н.Северцов пен Н.П.Дубининдер адам психикасының қасиеттерін ерекше «әлеуметтік тұқым қуалау» яғни онтогенезде тәрбиелеу арқылы қалыптастыруға болады дейді. Олар бұны генетикалық мәліметтерге қарап, соның негізінде қорытындылайды. Сонда, бала адамзат тәжірибесін заттық іс-әрекеттерді, сөйлеу, рөлдік ойындар арқылы және оқыту процесінде игереді дейді.
Бұдан шығатын қорытынды: балалар үйіндегі балалар жаңа келіп түскенде жоғарыда айтқандарды тек қана оқыту мен тәрбие негізінде ала алады. Т.В.Егорова (1973), А.Н.Цымбалюк (1974) осы балалар үйіндегі балалардың танымдық іс-әрекетер екшеліктері жайлы былай деп жазады: бұл балалар ізденісті белсенділіктен қашады, не ересектер, не өзінің алдына еш ойланатындай сұрақтар қоймайды; олар айналадағыларды өзінің жинақылықсыздығы мен таңқалдырады; зейін қоймайды; олар берілген тапсырманы естерінде сақтап ала алмайды, алдағы іс-әрекетті болжай алмайды; оларда еріктік күш-жігерге дайындықтары жоқ; бұл балалар өз еңбектерінің нәтижелерін дұрыс бағалай алмайды. Сабақ үстінде бұл балалардың жұмысқа қабілеттіліктері ереже бойынша, төмен, және интеллектігі көбірек ауырлық түссе, соғұрлым жұмысқа қабілеттілік төмендейді. Ал, механикалық, бір сыдырғы жұмыс оларды аз шаршатады. Бұндай ерекшеліктер жайлы кезінде П.П.Блонский жазған болатын. Психикасы бұзылған балалардың ойлауын жетілдіру мақсатында мына, яғни Л.С.Выготский ұсынған мақалдардың ауыспалы мағынасы мен метафараларды түсіну әдісін қолдануға болады. Мысалы: «темірді ыстықтай соқ», «алтын бастыадам», «темірқол», «тасжүрек», тағы басқалар.
Бұл әдіс арқылы бейнелік ойлауды басшылыққа ала отырып, балалар ойларын жетілдіреді. Классик ғалым Л.С.Выготский баланың ақыл-ойы дамуының екі деңгейі жайлы былай дейді: «Психолог – даму қалпын бағалауда пісіп-жетілген ғана емес, пісіп жетіліп келе жатқан функцияларды да ескеруі тиіс. Тек қана өзекті деңгейді емес, әрі жақын даму аумағын да ескергені абзал.
Яғни, тек қана өзекті деңгейді оқып қоймай, бала дамуының мүмкіндіктерін зерттеу өте маңызды (9).
Қорыта келе, балалар үйінде тәрбиеленушілер психикасы жағынан кейін қалып отырады және де ауытқулары да байқалады. Сонымен балалар үйінде тәрбие-ленушілердің психикалық дамуын қарастыра келіп, аталған мекеменің әр тәрбиешінің жеке даралық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы ұйымдасқан психологиялық қызмет көрсетуді талап етіп, айтуымызға болады. Себебі, жабық түрдегі мекеме психологы балалардың психикалық дамуындағы өзгерістерінің орнын басуға мүмкіндік беретін дамытушы, психокоррекциялық бағдарламаларды құруы балалар үйінде тәрбиеленушілердің көптеген мәселелерін шешуге жол ашар еді.
Әдебиеттер
1. Мақашқұлова Г. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің психикалық ерекшеліктері. // Қазақстан мектебі, 11-12/2005, 52-53 б.
2. Прихожан А.М., Толстых Н.Н. Дети без семьи. М, 1990.
3. Кащенко В.П. Педагогическая коррекция. М, 1995.
4. Выготский Л.С. Проблема возрастной периодизации детского развития. //Выготский Л.С. Вопросы детской психологии. – СПб, 1997. С 3-21.
5. Грибанова Г.В. Психологическая диагностика личностного развития детей и подростков при семейном алкоголизме.// Дефектология. 1988. №1.
6. Психическое развитие воспитанников детского дома. Под.ред. И.В. Дубровиной, А.Г. Рузской. М, 1990. 7. Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. М, 1996.
8. Фрухт Э.л. Диагностика нервно-психического развития детей 1-го года жизни // Пантюхин, Пеюра К.Л., Фрухт Э.Л. Диагностика нервно-психического развития детей нервных трех лет жизни. 1979г.
9. Разенкова Ю.А. Коррекционно-педагогическая работа с детьми первого года жизни группы риска в условиях дома ребенка: Дисс. Канд. Пед.наук. М, 1998г..
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.