Хакім Абай
26.06.2018 0 2 523
Омар АСҚАРҰЛЫ
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінің
7 «А»-сынып оқушысы
Тарихтың тағылымында бір тұлға бар,
Қайталанбас, мәңгі туған атан сір нар.
Даланың дарқандығынан құдірет дарып,
Туылған пенде шындықты шертіп жазар.
Танытқан өр қазақты бар әлемге,
Өрнектеген өлеңін сан әсемге.
Шонжарлар ғой сөккен оны шеттетіп,
Бірақ халық теңеді оны алып көкке.
Хакім Абай сен жайлы ойлап жүрем әманда,
Аз болады сен жайлы жазған дастанда.
Сен емеспе, оятқан үнсіз халқымды,
Әкелдің сүйреп үлкен алтын бастауға.
Жол көрсеттің ақиқатқа, иманға,
Ақыл-ойын жас ұрпаққа жиған ба?
Иә, әрине ойлаған келер күндерді,
Сан мыңдаған түндерді,
Өлеңді ермек қылмаған,
Өлеңмен бәрін толғаған,
Бас иеміз біз үшін уақыт қиғанға.
Абай бізге дана, бізге дара,
Мәлім деп ойламайық бізге ғана.
Абайдың аты да өлмес, хаты да өлмес,
Із қалдырған санамен дәуір жара.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.