Жастардың кәсіби әлеуметтенуі: әлемдік тәжірибелік талдау Жастардың кәсіби әлеуметтенуі: әлемдік тәжірибелік талдау
Еліміздің тәуелсіздік жылдары өз алдына білім саясатын жүргізу тізгіні қолына тигелі күрделі жаңа өзгерістерге толы қадамдарды жасау қажеттілігі туындады. Солардың ішінде кәсіби оқытудың барысы... Жастардың кәсіби әлеуметтенуі: әлемдік тәжірибелік талдау

Еліміздің тәуелсіздік жылдары өз алдына білім саясатын жүргізу тізгіні қолына тигелі күрделі жаңа өзгерістерге толы қадамдарды жасау қажеттілігі туындады. Солардың ішінде кәсіби оқытудың барысы күнтәртібінен түскен емес.
2016 жылдың 1-желтоқсанында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстанның жастар форумында» — тек кәсіби білімнің арқасында жұмысшы жастарды, еңбек адамын тәрбиелеп шығару керектігін, сол бағытта барлық мемлекеттік саясатты жүргізетіндігін жеткізген болатын. «2017 жылы тегін кәсіптік білім беру жүйесі іске қосылады. Бұл жұмыссыз жүрген 58 мың жасқа екі қолға бір күрек тауып беруге септігін тигізбек», осылай деген Елбасы жұмысшы кәсібін жандандыруға көңіл бөлді.
Қазақстан қандай әлемдік кәсіби білім беру тенденцияларын жасақтап, дамытуы тиіс деген мәселеге, мемлекеттің білімділігінің сапасын бағалау жөнінде Нобель сыйлықтарының иегерлері Ананд С. пен Сен А. — білім беру деңгейін елдің экономикалық даму деңгейіне қарай түрлендіруді ұсынды.
Олар өз пікірлерінде, «для Казахстана приемлемым был бы показатель — процент населения, лишенный возможности получить должное образование, востребованное на рынке (среднее, профессиональное, средне-специальное, в будущем и высшее).
Осыдан шығатын басты мәселе кәсіби білімнің сапалығы. Нақты осы ұғымның түп-мағынасын ашу үшін оның кешенді факторларымен, оны құрайтын сипаттамаларына жете назар аудару керек. Сонда ғана ғылыми түсінігінің аясы кеңейіп, қарастырылатын кәсіби білім беру сапалық мазмұнының құрлымын көруге болады.
Бүгіндері Еуропалық Одақ жүйесіндегі кәсіби білім берудің ұлттық үлгісін Австриялық білім беру жүйесі беруде.
Австрияда кәсіптік білім беру сапасының үздік жобалары өндіріліп, бүкіл Еуропалық қауымдастығына тарайды. Австриялық білім беру саясатында кәсіптік білімді Экономика және даму министрлігі арнайы білім департаменті қадағалайды. Болашақ маман иелері мен жұмыс берушілердің ортақ байланысын Экономика Палатасы арқылы, сансыз бюрократиялық жолдардан гөрі бірден оқыту мен тәжірибені қатар жүргізу негізгі принциптеріне алған. Кәсіптік білімнің сапасын бес күн оқу бағдарламасында төрт күндік тәжірибесімен көрсетеді, сонда 80 пайыз оқу уақыты практикада жүзеге асады деген сөз. Тек кейбір қолөнер саласы сияқты кәсіптік білімдер 65 пайыздық тәжірибемен 2 күн өндірісте 35 пайыз 3 күн колледжде өткізеді.
Индустриалды дамыған ел ретінде Австрияның кәсіптік білімді меңгерген түлектері жылына 300 000-ға дейін бітіріп шығады.
Мұндай білім жүйесінің тиім-ділігіне жұмыс беруші компаниялар, заводтар, мекемелер, медицина, театр, банктік қаржы құрлымдары да мүдделі, себебі олар болашақ кадрларының тұрақты оқу және тәжірибе сапасымен келгендерін қалайды. Сол себепті де, Австриялық профориентациялық орталықтары, сервистік жұмыс нарықы өз оқытушыларына, оқушыларына инвестицияны құюға асығады, олардың білім сапасына ерекше көңіл аударады. Керек десеңіз, кәсіби оқу орындарына түспестен бұрын ата-аналары мен балаларына қай кәсіптің немесе мамандықтың келетінін анықтауға көмектеседі, оған арнайы оқу бағдарламасымен білім орталықтары арқылы орта және мектепке дейінгі мамандану қабілеттерін арттырып, анықтайтын жүйесі жасақтаған.
Германия үлгісіндегі кәсіби білім бойынша 30 астам колледждер тіркелген. Неміс кәсіптік мектеп оқушысы бір аптаның 3,5 күнінде өндірісте өткізеді, ал қалған 1,5 күнде оқу орындарында теориялық білім алады.
Германияда кәсіптік білім сапасының өте жоғарылығын мынадай критерийлерінен көреміз:
Біріншіден, кәсіптік білім сапасының көрсеткішін мынадан байқаймыз, егер оқу орны оқушыларға сапалы білім бермесе, онда әлеуметтік серіктестік мекемелері яғни жұмыс беруші компания, сол оқу орнымен келесі оқу жылына келісімшарт жасаудан бас тартады. Ал бұдан оқу орындарының ұтылары көп. Сол себепті оқу орындары мекеме алдында түлектің кәсіби біліктілік сапасына жауап береді. Жаңадан жұмысқа қабылданатын маман бойынша мекемеден мамандар өздері келіп, сол оқушы бойынша толық ақпарат алады. Мекеме басшылары педагогикалық кеңестерге қатысып отырады.
Екіншіден, кәсіптік мектеп оқытушылары — шенеунік санатында қатарында іспеттес. Олар өз пәндерін үлкен ықыласпен айтып, сол саланың нағыз маманы екенін көрсетіп тұрады. Жоғары білімі бар мамандар кәсіптік мектептерге сабақ беруге жіберілмейді. Олар 1,5 жыл көлемінде референтурада оқиды. Референтурада оқушылармен жұмыс жасаудың, сабақ берудің түрлі әдістемелері үйретіледі. Немістердің «жақсы маман — жақсы мұғалім емес», деген қағидасынан педагог мамандығы өз алдына оқыту саясатының қызметкері, әр саланың маманы ғана тиісті өз ісімен айналысу керек деп есептеледі.
Үшіншіден, кәсіби білімдік жүйесінде арнайы оқу орталықтары жұмыс жасайды. Оқу орталықтары заман талабына сай жабдықталған. Кәсіптік білім беретін оқу орындарының материалдық жағдайы жақсармай, сапалы мамандар даярлау мүмкін емес. Сәйкесінше, осындай заман талабына сай оқу орталықтары ашылып, әр оқу орнының оқушылары сол жерден тәжірибелерін шыңдаса, сапалы маман даярлаудың кепілі болмақ.
Төртіншіден, Германияда Австрия тәжірибесіндей, оқушыларға кәсіптік білім беруді насихаттау жұмыстары 5-сыныптан бастап, яғни оқушылар бастауыш сыныпты аяқтаған соң-ақ жүргізіле бастайды. 5-сыныптың оқушылары арнайы аталған оқу орталықтарында мамандардан түрлі кәсіп бойынша дәрістер тыңдайды, сонымен қатар олар оқу шеберханаларында болып, шеберхана оқытушыларының көмегімен әртүрлі заттар жасайды. Бұл тәсіл жас балаларды жас кезінен еңбекке баулып, келешек мамандығын таңдауына толық көмек береді. Өкінішке орай, бізде мамандықтардың үгіт-насихат жұмыстары 9-11-сыныптан бастап жүргізіледі. Әрине, бұл баланың болашақ мамандығын таңдауда қателеспеуіне тым кеш кезең.
Бесіншіден, Германияда жұмыспен қамту агенттіктерінің жұмысы жүйелі жолға қойылған. Агенттік қайта даярлау бағытын ұйымдастырып, елдің қай қаласында, қандай мекемеде жұмыс табылатынын көрсетіп береді, осыдан барып, кәсіптік білім түлектерінің жұмыспен орналаспақ тұрмақ, мектеп оқушылары да сол агенттіктің мамандарының көмегімен болашақ мамандығы бойынша толық ақпаратқа қанығады. Сондықтан болар Германияда жұмыссыздардың саны анағұрлым аз. Ал колледждері бітіруші жастар жұмыспен толық қамтылған.
Егер Канадалық кәсіби білімінің деңгейін талдасақ, Қазақстаннан халқы екі есе көп (35 млн. астам) Канадада бар-жоғы 175 мемлекеттік және жекеменшік колледждер қызмет етеді. Жалпы аталған елде колледждер мен техникалық институттар өте танымал. Мұндай оқу орындары еңбек нарығына қажетті мамандарды дайындайды. Канадалық колледж түлектері университет бітірушілерден ешбір кем емес. Себебі олардың бакалаврлық бағдарламасы жоғары оқу орындарындағы бағдарламаға сай. Колледждердегі оқу бағдарламасы экономиканың түрлі секторларымен байланыса отырып жасалып, нарықтың барлық сұранысын қанағаттандыруды көздейді. Барлық оқу бағдарламаларының нақты тәжірибелік және кәсіптік бағыты бар. Оқу орындарының басым бөлігі өндіріс орындарымен тікелей қарым-қатынас орнатады, сол арқылы колледж түлектері студент кезінен жұмыс тәжірибесін жинақтайды.
Канаданың ең мықты деген колледждері Торонто немесе Ванкувер университеттерінің мәртебесімен бірдей. Кәсіби білім деңгейіне жауап беретін колледждердің ғылыми бағыттағы университеттердің алдында толық білім станарттарына жауап беретіндігін көруімізге болады.
Қазақстанға келсек, колледж сияқты кәсіби оқу орындары 1990 жылдардың басында Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін пайда болды. Колледждерде орта кәсіптік білім беру қарастырылғандықтан, түлектері — білікті техник, менеджер, заңгер, банк қызметкері, бухгалтер және т.с.с. мамандық иелерін алып шығады. Бізде колледж дипломы жоғары оқу орнына түсу құқығын береді.
Елімізде колледжде кәсіптік білім беру мамандықтарға байланысты, орта білім алынғаннан кейін 2-3 жылда (үш жылдан артық емес), және орта мектептің 9 сыныбынан соң 4 жылдан артық емес оқытылады.
Төменде әлемдік үздік үш елдің және отандық кәсіби білім беру сапасын анықтайтын арнайы кестесі беріледі.
Дегенмен, жоғарыдағы әлемдік кәсіби білім сапасының негізгі басымдық тетіктерін саралай келе, мынадай мәселелерді анықтаймыз:
— кәсіптік білімнің сапасын көтеру үшін ең алдымен болашақ мамандарды тартатын профориентациялық кезеңін — бастауыш сыныптық кезеңінен бастау;
— кәсіптік білімнің сапасын жұмыс беруші беру;
— оқыту бағдарламасы мен тәжірибе компанияның сұранысына қарай негіздеу;
— кәсіптік білім бакалаврлық бағдарламасымен жүру практикасы тоқтатылмауы тиіс.
Еліміздің бүгінгі білімдік саласындағы бағыты әлемдік білім жүйелерінің бірігейі Еуропалық білім жүйесінің Болон конвенциясына кіргелі, саналы түрде заман ағымына сай тиісті білім реформаларын жүргізуде.
Әсіресе, халықаралық стандарттарға сәйкес бітірушілердің дипломдарының мәртебесін әлемнің кез-келген жерінде еңбек өтілімінің талабына қалай сай болса, кәсіби білімнің үлгісінде, бакалавр мамандығының дипломын алу тәжірибесі 2016 жылдан қолға алына бастады.

1-%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5

Яғни, үш жыл сегіз ай ішінде кәсіби білім дипломдары толық емес жоғары білімді дипломмен пара-пар болады. Елімізде алғашқы эксперементті бес арнайы орта кәсіби білім беретін оқу орындарында құрылды. Эксперементтік үлгіде дуальді жүйемен «білім+тәжірибені» қатар алып, әлеуметтік әріптестікпен кәсіби білім сапасының басты көрсеткішін күшейтпек. Сәйкесінше бұл шетелдік үздік колледждерінің үлгісінде білікті кадрларды нарықтық талаптарға сай шығаруға апарады. Осы тұрғыдан алғанда, көш ілгері реформалардың салдары Елбасының Қазақстанның «2050- Стратегиясы» бағыт-бағдарында көрсеткендей, тегін отандық кәсіби білімнің деңгейі жоғарылап, сандық көрсеткіштен сапалық нәтижеге жетелейтіні анық.
Жоғарыда аталған елдердің тәжірибелерінен еліміздің кәсіптік білімінің ерекшелігі, 2017 жылдан бастап студент-оқушылардың оқу ақысы тегін деңгейге көшуі жаңа бір сатыға көтерілуіне, осы саланың қоғамдық-нарықтық еңбек ресурстарын дайындауда жоғары жауапкершілікті жүктейді.
Әлбетте, сөзіміздің басында атап кеткен Нобель сыйлығының иегерлері, экономист-ғалымдардың «еліміздің даму дәрежесіне қарай орта кәсіптік білімге толығымен мемлекеттің қатысуы орын алуы керек» деген ғылыми тұжырымдарына қисынды жауап болады. Елдің алдағы даму кезеңінде отандық жалпы кәсіби білімнің сапасы он жылдық мерзіміндегі стратегиялық үдемелі индустриалдық жаңаруға айтарлықтай ықпал етуіне әсер етеді.

Мақсат Жақауов,

«Абай жолы ұлттық құндылықтар мектебі» 

қоғамдық қорының президенті, аймақтанушы

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *