Мобильді журналистиканың мүмкіндігі қандай?
10.05.2018 0 2 992
«Фейк» жаңалықтар қайдан шығады?
Смартфон, интернет сынды заманауи технологиялар бүгінде медиа саласының, тіпті десеңіз журналистиканың табиғатын өзгертуде.
Жаңа тенденциялар, тоқсан тоғыз тараптан шынайы мәліметті теріп, әп-сәтте әлемнің кез-келген түкпірінен ақпарат алу мен тарату мүмкіндігі бұқаралық ақпарат құралдары мамандарынан жаңаша қабілетті талап етуде.
Бұл жөнінде «#Hashtag our stories» компаниясының негізін қалаушы Юсуф Омар Еуразия медиа форумында арнайы авторлық шеберлік сабағын өткізеді. Тақырыбы: «Мобильді журналистикадан әлеуметтік виртуалды шындыққа дейін».
Айта кету керек, «#Hashtag our stories» компаниясы бүгінде дүние жүзі бойынша танымал. Негізінен тәуелсіз мекемелермен жұмыс жасайды. Олар мобильді журналистиканың ақпарат агенттіктерде кездесетін гиперлокальды жобаларын жасаумен айналысады және жаңалықтар таратудың түрлі тәсілдерімен бөліседі.
Сондықтан Юсуф Омардың шеберлік сабағы ақпарат таратудағы жаңаша тәсілдерді меңгергісі кез келген маманға қыызықты болары анық.
Еуразия медиа форумында бұдан басқа да 5 авторлық шеберлік сабағы ұйымдастырылып отыр.
Бұқаралық коммуникациялар қарқынды даму дәуірінде, қоғамдық пікір қалыптастыруда контенттің жеткілікті екіндігі рас. Тіпті, кей ақпарат бәзбіреулердің мүддесі үшін жасанды жасалып жататындығы ешкімге жасырын емес. Бұл тұрғыда, ақиқат пен нақты дерек пен дәйектің өзектілігі артады. Яғни, шындықты жалғаннан ажырата білу де шеберлік.
Еуразия Медиа форумының тағы бір спикерлері «New Eastern Europe» журналының бас редакторы Ивона Райхард (Польша) пен «Amicus Europea Foundation» бірлестігінің өкілі, саясаттанушы Бартош Рыдлиньский (Польша) бұқаралық ақпарат құралдарындағы этика мәселесі аясында баяндама оқиды.
Сарапшылар фейк, жалған және бұрмаланған жаңалықтың таралу жолдарын, сары басылымдардың адамға келтірер ықпалын талқылайды. Шеберлік сабағы нақты мысалдар мен шынаййы болған оқиғалар негізінде жасалған.
Қарулы қақтығыстар, күрес, терроризмге қарсы операциялар – әскери корреспонденттің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі. Осы тақырыпта өз тәжірибесімен ВВС-дің британдық корпорациясында 14 жыл еңбек еткен әскери журналист Шахида Якуб (Ұлыбритания) бөліседі. Ол «қауіпті аймақтан репортаж жасау» тақырыбы бойынша қарулы топтармен жұмыс жасаудың қиыншылығы мен қызықшылығы туралы баяндайды.
Сондай-ақ, тағы бір шеберлік сабағын халықаралық ғарыш журналисті Тира Шубарт (Ұлыбритания) «Байқоңыр эффектісі» тақырыбы бойынша өткізеді. Спикер ғарыш тақырыбындағы ақпараттық сюжеттер жасаудың сырымен бөліседі.
Ғарыш туралы түсініктің, қазіргі таңда, өзгергендігін, күн жүйесін және әлем туралы баяндайды. Бұл шеберлік сабағының таңдалуы тегін емес. Себебі, біздің жерімізде орналасқан Байқоңыр ғарыш айлағы ғарыш туралы идеялардың орталығы болып табылады. Презентация тарихи ғарыштағы оқиғалардың бейнежазбаларын қамтиды. Әрі болашаққа көз тастап, жуық арада ғарыш саласына қандай технологиялардың енуі мүмкін екендігі туралы айтады.
Сандық медиа дәуіріндегі конвергенттік журналистика жайлы Select Communication Group-тің негізін қалаушысы әрі басшысы, қазақстандық медиа-менеджер, продюсер Виктория Елисеевтың шеберлік сабағы ұйымдастырылып отыр.
Ол медиа саласындағы маңызды тенденциялардың бірі – БАҚ «диджитализациясы» және ақпараттық өнімді құрудың жаңа тәсілдерін қалыптастыру жөнінде болады. Сонымен қатар, спикер мультимедиялық журналистиканың жаһандық мәселелерін қарастырылып, БАҚ үрдістері, Digital дәуіріндегі медианың замануи форматтары туралы айтып береді.
Шеберлік сабақтардың серіктесі Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы. Іс-шараның бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.
Форумның үстіміздегі жылдың 22-24 мамыр күндері Алматы қаласындағы The Ritz Carlton отелінде өтеді. Оның алғашқы күні сағат 10:00-19:00-ге дейін «нон-стоп» режимінде шеберлік сыныптары ұйымдастырылып отыр.
XV Еуразиялық Медиа Форумға тіркелу 16-мамырға дейін жалғасады. Тіркеу үшін http://eamedia.org/ru/ сілтемесіне өтуге болады. Орын санаулы.
Жалпы, үш күнді қамтитын шараға 500-ден астам отандық және әлемдік танымал спикерлер, саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері қатысып, медиа саласының өзекті мәселелері қозғалады.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.