Бәйдібек жастарында  береке бар Бәйдібек жастарында  береке бар
Сабырбек ОЛЖАБАЙ, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Құрметті журналисі     ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолында жастар саясатына жан-жақты көңіл бөлу... Бәйдібек жастарында  береке бар

Сабырбек ОЛЖАБАЙ,
ҚР Жазушылар Одағының мүшесі,
ҚР Құрметті журналисі

    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолында жастар саясатына жан-жақты көңіл бөлу керектігін қадап айтты. Осы орайда Түркістан обысындағы Бәйдібек ауданында жастар саясатын жүзеге асыру, оларды қоғамдық жұмыстарға кеңінен тарту, қайырымдылық және волонтерлік қызметті дамыту, жас кадрлар даярлау бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар жасап келеді.
Аудан бойынша 14-29 жас аралығында жастарға электронды карта аясында тоқсанына бір рет талдау жасаланып отырады. Осы талдау бойынша ауданда 13908 жас бар. Оның 5142-сы 14-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары болса, студент жастар саны – 1939. Оның ішінде: арнаулы орта білім алып жатқан жастар-1182, жоғарға оқу орнында білім алып жатқан жастар саны-755. Ал 2 жас шет елде өз қаражаты бойынша білім алуда. Ауданымызда 2 жас депутат, 1 жас әкім, мемлекеттік қызметте – 31жас, жалпы азаматтық қызметкерлер – 1992, білім саласында қызмет ететін жастар саны – 221, денсаулық саласында – 223, құқық қорғау, қорғаныс істер саласында жалпы – 44, жас кәсіпкерлер саны – 450, әскерге аттанған жас-
тар –72, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 3602, жалпы жұмыссыз жастар – 320, 12 ай ішінде жұмысқа орналасқан жастар саны –156, жастар практикасынан өткен жастар саны – 138. Мүгедек жастар саны – 908, тұл-жетімдер – 13, жартылай жетім – 133. Аз қамтамасыз етілген жас отбасылар саны – 34. Жыл басынан бері отбасы құрған жастар саны – 194 болса, ажырасқан жас отбасылар саны – 6.
Сонымен, 2021 жылдан бері жастар саясатын жүргізу мақсатында қандай жұмыстар атқарылды?
Елбасының тапсырмасына сәйкес, ауданда ауыл жастарын қолдауға бағытталған «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел», «Серпін-2050», «Студенттік құрлыс жасақтары», «Жастар практикасы», сынды бағдарламалар бойынша түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылғы мәлімет бойынша «Дипломмен ауылға бағдарламасы» бойынша ауданда 95 жас, «Жастар практикасы» бойынша 235 жас болса, қазіргі таңда «Дипломмен ауылға бағдарламасы» бойынша 78 жас көтерме жәрдемақы алса, «Жастар практикасы» бойынша 156 жас жұмыспен қамтылған. «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша биыл жас түлектерге онлайн және оффлайн форматта түсіндіру және ақпараттандыру жұмыстары да өз деңгейінде атқарылды.
«Аманат» партиясы жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар Отанға» бағдарламасы аясында Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшылығымен көптеген игі істер жүзеге асырылуда. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыспен құқық бұзушылықтын алдын алу мақсатында жыл басынан бері іс-шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтсақ, «Тәрбие басы – тал бесік» атты жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық әрекеттерін алдын алуға арналған онлайн кездесулер; «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтарның алдын алу» тақырыбында кешкі рейдтер; «Жастарды қылмысқа итермелейтін не?» деген тақырыпта прбация бөлімімен бірлескен кездесу жиыны;
Мектеп оқушыларына жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы іс-әрекет, есірткі құмарлықтын салдыры мен оның алдын алу, түсіндіру жұмыстары;
«Отбасы, имандылық, жарқын болашақ кепілі» атты тақырыпта онлайн түсіндірме жұмыстары; «Заң және қоғам» атты тақырыпта кездесу жиын, қыздар арасындағы әдепсіздіктің алдын-алу бойынша «Қызды қырық үйден тыю» атты онлайн кездесу жиыны; жастар арасындағы өзге ағым діндердің, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында «Дін және қоғам» атты түсіндірме жұмыстары;
Жамбыл, Шаян, Мыңбұлақ ауылдарында келеңсіз жағдайлардың алдын-алу, кәмелет жасқа толмаған жастарды түнгі уақытта беймезгіл жүруін анықтау мақсатында үш күндік түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Жастар арасындағы келеңсіз жағдайлар бойынша биылғы жылы 3 ерте жүктілік және жастар арасында 2 өзіне-өзі қол жұмсау жағдайы ауданда есепке алынған. «Бәйдібектік еріктілер» тобының қолдауымен 2021 жыл басынан жасалған істерге тоқтала кетсек: жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға сыйлықтар үлестірілді, еріктілер Шаян, Ағыбет, Мыңбұлақ, Бөген ауыл округтерінде жалғыз басты қарттарымыз шаңырағына барып қардан ауланы тазарту жұмыстарын, сонымен қатар үй ішінің тазалық жұмыстарына жәрдем берді, аудан көлеміндегі барлық ауыл округтерде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратылды. Сонымен қатар, жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты азайту мақсатында түнгі рейд, дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылды.
Ерте жүктіліктің алдын-алу мақ-сатында қыздар арасында “Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы”, «Қыз еркем-қылығымен көркем» сынды қыздар жиналыстары мен семинар тренингтер және аудан көлемінде «Келіндер сайысы» өткізілді.
Рухани жаңғыру мақаласы аясында Борлысай ауыл округінде ұмыт қалған спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылса, Мыңбұлақ ауыл округінде М. Мақатаевтың 90 жылдығына орай жас оқырмандар арасында сайысы болып өтті. Жастарды отан сүйгіштікке, патриотизмге баулу мақсатында Аппақ Ишан, Домалақ ана, Бәйдібек ата, Қос ана, Теректі әулие, Ақмешіт үңгірі секілді киелі мәдени орындарға саяхаттар ұйымдастырылды. Алдағы уақытта жастар саясатын дамыту бағытында атқарылытын бір шама іс шараларымыз бар.
Кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша «Алтынайдың көрмесі» болып өтсе, салауатты өмір салтына бағытталған үстел теннисінен аудандық жарыстар, еркін күрестен аудандық облыстық көлемдегі жарыстар ұйымдастырылды. Ұлттық домбыра күніне орай, «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра», «Домбыра пати», Бәйдібек аудандық Пробация қызметінің бастамасымен аудандық прокуротура және аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің “Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторы” бірлесе отырып “Тәртіпке бағынған құл болмайды!” атты аудандық пробация қызметі кеңсесінде кездесу жиыны өткізілді. Жиын барасында тәртіп ережесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп қоғамдық тәртіпті сақтау, қайта қылмысқа бармау керектігі ескере отырып психологиялық сауалнама алын және аудан көлемінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бірлесіп аудан аумағында орналасқан жанар-жағармай және автогаз құю бекеттеріне өрт қәуіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы ескертпе парақшаларын және жадынамалар таратты.
Сонымен қатар мәдениет және саз мектебімен бірлесе отырып өткен мәдени іс-шараларымыз да аз емес. Бүгін «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін насихаттау мақсатында «Мұзда жанған алау» атты дөңгелек үстел өтті.

«Өз елімде із қалдырмай sayahattime» акциясы
Ұлттық жақсылық күніне орайластырылған «Өз елімде із қалдырмай Sayahattime» экоакциясын жүзеге асыру үшін Қайырымды Істер Марафоны шеңберінде аудандық «Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Ақмешіт әулие үңгірінде тазалық жұмыстары жүргізілді.

Жүз жыл жырлаған жүрек
Аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің жастар ісі жөніедегі инспекторы Нүрила Ақбердиева мен Ағыбет ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Гүлнар Райымбек және кітапханашы Сымбат Молдабекованың ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай » Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында жиын өтті.
Жастар қолға алатын болды
«Бұлақ көрсең көзін аш» деп дана халқымыз текке айтпаса керек. Біраз жылдан бері көкейде жүрген мәселе еді. Осыған орай, Ерлан Әділбеков ерікті жас ретінде аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы, ерікті жастардың төрағасы Асқар Кенеханға ұсыныс жасаған болатын. Бүгін сол ұсыныс жүзеге асатын болып шешілді. Аптаның сенбі, жексенбісінде аудан жастарын басын қосып, сенбілік жасалып, бұлақ көзі ашылды. Демеушілер тарту арқылы сыртқы темір қоршаулары реттеліп, бұлақ ел игілігі үшін пайдалануға берілу жоспарлануда.

Ой бәйге” интелектуалдық ойыны
Тәуелсіздіктің 30 жылдыгына орай аудандық “Жастар ресурстық орта-лығы” КММ-нің ұйымдастыруымен ауданымыздағы жас қызметкерлер арасында “Ой Бәйге” интелектуалдық сайысы болып өтті. Ойынға жалпы 13 команда қатысты. Қатысқан командаларға және үздік ойын көрсете білген қатысушыларға алғыс хат пен ынталандыру сыйлығы берілді.
Оның ішінде жүлделі ІІІ орын иеленген Ағыбет ауыл округінің жастарынан құралған “Қаратау” командасы. ІІ орын иеленген Ақбастау ауыл округінің жастарынан құралған “Ақбастау” командасы.
Жүлделі І орын Шаян ауыл округінен құралған “Бәйтерек” командасы иеленіп тартысты ойын көрсетіп, ұйымшыл, алғыр екендерін көрсете білді.

«Мейірбандылық – жүректен, қайырымдылық – білектен» акциясы
Бәйдібек аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 қайырымды іс» акциясы аясында ауданның ерікті жастары мен кәсіпкерлері және Ордабасы ауданаралық Әділет басқармасы бірлесе отырып Сайрам аудандық №4 балалар үйінде тәрбиеленушілерге қайырымдылық көрсетті. Бәйдібек аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Жастар сарайы ғимаратында ҚР-ның Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 1986 жылғы көтерілістің қатысушылары Сәбит Исабеков және Ермұханбет Қуандықов ағаларымызбен “Тәуелсіздік тарландары” тақыбында аудан жастарымен кездесу кеші болып өтті.

Қазақ күресінен өткен республикалық турнирдің жеңімпазы болған Бәйдібектік Сардар Абдісамитұлына автокөлік табыс етілді
Бәйдібек ауданының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен бүгін Шаян ауылындағы спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтті. урнирге Жамбыл, Қызылорда, Қарағанда және Түркістан обылыстары мен Шымкент қаласынан 100-ге тарта палуандар қатысты.
Жарыс нәтижесінде, 55 келі салмақта:
1-ші орынды Құрманәлі Бектөре Шымкент қаласы,
2-ші орынды Мұстафаев Мырзабек Қызылорда облысы,
3-ші орынды Сәдібеков Наурызбай Қызылорда облысы ие болды.
Ал Түйе палуандар бәсекесінде
3-ші орынды Әсенов Нұрлыбек Қызылорда облысы,
2-ші орынды Төре Қажымұқан Ордабасы ауданы,
1-ші орынды Сардар Абдісамитұлы Бәйдібек ауданының палуаны ие болды.
Қазақ күресінен өткен турнирдің марапаттау рәсіміне қатысқан аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков түйе палуандар бәсекесінде 1-ші орынды иеленген бәйдібектік Сардар Абдісамитұлына автокөліктің кілтін табыс етті.
Жалпы жыл басынан бері, 265 іс-шара аудан көлемінде өткізілген. Оның 150-сі «Асыл мұра», «Қамқор», «Таза әлем» бойынша еріктілердің қатысуымен өтсе, 115 қалған іс-шара мәдени бағыттағы өткен іс-шаралар.
Қазақстанда жастарды қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес, жастарды қолдау шараларын жетілдіру қарастырылған. Атап айтқанда, жастарға заңгерлік, психологиялық, мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру, талантты жастарды қолдау және олардың қабілетіне қарай түрлі іс-шараларға қатыстыру, мониторинг жасау, оларды жұмыспен қамтуға ықпал ету қолдау, «Қолжетімді спорт» жобасын жүзеге асыру арқылы олардың белсенділігін арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар, аудан еріктілерімен бірлесе жұмыстар атқару жоспарланған.
Халқымызда «Жас келсе – іске» деген керемет сөзі бар. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. «Жастар – еліміздің жарқын болашағы» деген қанатты сөздерді жиі айтамыз, ал сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры болса, соған дәнекер жастардың бүгінгі қызметірін қалай атқарып жатқанына, қоғамға қандай үлес қосып жүргендеріне тікелей байланысты.
Жас күш, жас толқын болып толқып, ана тілінде сайрап, өзге тілді меңгеру арқылы болашақ елдің кемел келешегін биіктерден көруге үлес қосуды мақсат еткен бәйдібектік жастардың алдағы шығар биіктері алда.
Жастар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тамырын тереңдететін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, қазақ елінің атын күллі әлемге паш ететін, болашақ, алып ұландары болуға бар күштерін салмақ.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *