Ақерке Умирбекова, PhD доктор, педагог Бүгінгі таңда білім мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық жүйе мен адами қапиталдың басты факторы болып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10...

Акерке

Ақерке Умирбекова,
PhD доктор, педагог

Бүгінгі таңда білім мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық жүйе мен адами қапиталдың басты факторы болып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Халыққа Жолдауында білім берудің жаңа сапасы жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек, деп белгіленген.
Ендеше бәсекеге қабілетті ұлт, ұлттық сана сезімі мол білікті маман иесі болу үшін, қарқынды цифрлық өсу заманында жеке дамуға қажетті ақпаратты саналы түрде іріктей алуының, қарым-қатынас мүмкіндіктеріне сананың ашық болуы әлеуметтік зияттылық өрістеуімен тікелей байланыста болмақ.
Осы орайда Қазақстан Рес-публикасының «Білім туралы» За-ңының 3-бабы бойынша білім беру саясаты қағидаларының бірінде: «…әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігінің болуы»,- делінген. Жалпы алғанда, жоғарыдағы құжаттардағы талдаулар білім беру мекемелері мен оның басқа да субъектілері үшін бағдарламалық идея болып табылады. Интеллектуалды (зияткер) ұлт болу үшін болашақ маманның ғылыми, кәсіби, мәдени ақпаратына, білімі және біліктілігіне, педагогикалық-психологиялық, адамгершілік ерекшеліктері мен
әлеуметтік ұжымда өзін-өзі ұйымдастыра, басқара алуына баса назар аудару қажеттігі туындап отыр. Ендеше, бүгінде жоғары білім беру жүйесінің ең басты міндеттерінің бірі «ұлттық интеллектінің ұйытқысын» жасау, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау. Бәсекеге қабілетті маманның маңызды қасиеттерінің қатарында жасампаз ой, алған білімді іске жарату, жаңа шешімдер қабылдау, айналадағы ақиқаттың заңдылығын тез игеру қабілеті болуы шарт.
Аталған қасиеттерді жетілдіру ең алдымен, университет түлектерінде, соның ішінде бастауыш білімнің үздіксіз білім беру жүйесіндегі алғашқы басқыш екенін ескере отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инновациялық, ғылыми, экономикалық, әлеу-меттік және мәдени салаға тар-тудың, олардың академиялық, ғылыми-зерттеу жұмыстарының ин-
теграциясының, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеу-меттік зияттылығын дамытудың алғышарттарын жасауды талап етеді.
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену арқылы, жаңартылған білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды басшылыққа алу негізінде ғылым мен тәжірибені интеграциялау, сол арқылы тұлғаны жетілдіруге және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау міндеті көзделгенін ескерсек, болашақ мамандарды жаңашылдыққа даярлауда олардың педагогикалық әрекетінде зияттылығы дамыған адам болуы қажеттілігі туындайды.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зият-тылығын дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін түзуде ең алдымен адамның зияттылығы философиялық генезистерден бастау алатындығын айтуға болады. Сонымен қатар зияттылық түсінігінің түпкі баламалары ақыл, ой, сана, таным, сөз, қарым-қатынас, мінез-құлық т.б. болып саналады.
Б.з.д. VI және V ғ. аралығында өмір сүрген Эфестік Гераклит идеясын айтсақ, «Ешқашан да рухтың шегіне жету мүмкін емес, қаншама жолдармен тырыссаң да түбіне жету қиын, оның түбі – ол ақыл-ой», – деп тұжырым жасайды. Тіршіліктегі өмір заңдылықтарына бағыну жолындағы әркеттер шексіз деуге болады. Бұдан шығатын тұжырым дүниенің негізін, яғни сөз, ой, ақыл сынды ұғымдарды ұштастыратын жаратылыс күш ретінде түсініледі. Зияттылық өзінің категорияларының бірі болып саналатын ақылдылық түсінігінен бастау алады
Адамзат тарихындағы зияттылық мәселесінің ғылыми ойға ұласуы үздіксіз дамуды көрсетеді, сондай-ақ «өзін танудың» немесе «жан қуаты» жайлы ойлардың қалыптасуына түрткі болған, адамтану ілімінің алғашқы қадамын жүйеге түсірген философ Әбу Насыр әл-Фараби болатын. Ұлы ұстаз ақыл- парасат жайлы ілімді саралай келе, «Ақыл дегеніміз – тәжірибе, ол – әрекетшіл зияттылық. адамның еңбек құралдарын өндіру ерекшелігі» деп тұжырымдайды.
Әл-Фарабидің еңбектерінен адамның зияттылығы, қабілеттілігі парасаттылық арқылы қалыптасады деген ой түйеміз
М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде: «Ұлт мектебін құруда ұстаздар шәкіртінің тұрмыс-тіршілігіне, рухани дамуына, сезімін бағуға байланысты реттеп отыруы тиіс», дей келе, …адамның өзін-өзі, яғни өз қатасын өзі көре білуі, оның жанының идеалға, қасиетті қияға ұмтылатын мінезі барлығын көрсетеді», – деп жазады. Сондай-ақ М.Жұмабаев: «Ақыл ісі басталып, суреттеу, ес, қиялды өтіп, ойға жетеді екен. Ақылдың жан көрінісінің ең қымбаты – ой, ой тілі – сөз», – деп қорытындылайды. Бұдан біз адамның өзін-өзі реттеуі мінезден, ал ақылдың шыңына бару – ой және сөзден құралады деген тұжырым жасаймыз. Демек, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытуда көркем мінез бен қарым-қатынас орнатудағы ой мен сөздің маңыздылығының жоғары екендігін аңғарамыз.
Өз дәуірінде бастауыш мектеп мұғалімдеріне арнап айтылған Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы былай баяндалады: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс. …Тәлім-тәрбие, оқыту ісінің нәтижесі шәкірттерден гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді. Кінәнің ең үлкені – бала жанының нәзік қырларын дұрыс сезе алмайтындарында». Ағартушының бұл пікірінен кіші мектеп жасындағы мамандардың тәлім- тәрбие мен баланың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне қарай жұмыс жүйесін білуі шарт екендігін айқын байқауға болады.
Біздің қоғамда әлеуметтік процестердің үнемі күрделі болуы және тездетілуі, жаңа қоғамдық институттардың туындауы және жаңа әлеуметтік құбылыстардың болуына сәйкес мінез-құлық, ақпаратты өңдеу, тұлғаралық жағдайлар дамуын жоспарлауға қатысты адам мүмкіндіктеріне талап жоғарылауда. Адамдар жиі әлеуметтік өзара әрекеттестікке және қоғамдық шешімдер қабылдауға дайын емес болады. Әлеуметтік зияттылық мүмкіндіктер және әрекеттерді түсінуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар адамдар, адамдардың сөздік өнімі және оның вербалды емес реакцияларын қамтиды. Бұл мүмкіндік тиімді тұлғааралық өзара әрекеттестікке және тиімді әлеуметтік бейімделуге қажетті.
Бүгінгі күнде Қазақстанда жаһандық мәселелерге жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда. Жаңартулар жағдайында түзіл-ген жаңа мазмұндағы білім беру бағдарламалары ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқу-лықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар болашақ мамандардың білім сапасына қызмет атқаратындай жағдайды көздеп отыр. Сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді міндеттейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін дайындалып, ол өз кезегінде талап пен сұранысты қанағаттандыру жағдайында өз-гертулермен толықтырылып ке-леді.
Осы орайда қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі жаңартулар, өзгерістер мен жа-ңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болуда.
Мұндай жағдайларда білім алушыны өмір сүруге дайындау үшін академиялық білім, функ-ционалдық дағдылар, жеке тұлғалық қарым-қатынастар мен
құзыреттіліктер жеткіліксіз. Жаңа
сапаның категориясы білім беру саласында қайта өзгеру үдерісінің жетістігін сипаттайды. Сонымен қатар әлемдегі қарқынды өзгерістер өзгеру феноменін түсіндіруді, дамудың болжамын, ғылыми тұрғыда жаңаны және инноватиканы адамның қабылдау заңы туралы жаңаны жобалау талап етілді.
Көптеген ғылыми зерттеулерге сүйенсек, «зияттылық» және «әлеуметтік зияттылық» ұғымдары көп бейнелі құрылымды көрсетеді. Бүгінгі күні әлеуметтік және жалпы зияттылық байланысы жөнінде ортақ позиция жоқ. Зияттылықтың жалпы теориясы аясында «әлеуметтік зияттылық» толықтай сипаттамаға ие бола алмайды. Сонымен қатар зерттеушілер атап көрсеткендей тұлғаның жалпы зияткерлік дамуы жоғары әлеуметтік зияттылықтың басты шарты болып табылады. Әлеуметтік және жалпы зияттылық дифференциация сұрақтарының ашық болуы ең алдымен өлшеу құралдарының төмендігіне бай-ланысты.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, көптеген авторлар мен зерттеушілер қабылдаған қағида әр деңгейдегі әлеуметтік зияттылыққа байланысты сыналушылар тұл-ғааралық өзара әрекеттестіктегі сәттіліктің түзілімі бойынша түрлі деңгейімен сипатталады
Адамның қызмет ету сала-сы оның ойлауының түрін қалыптастырады. Кәсіби ойлау – бұл ойлаудың бір түрі. Берілген түр өзіндік ерекшеліктер мен қасиеттерден тұрады: белсенді ойлау субъектінің позициясын өзгертеді; ойлау объектінің ерекшелігі, ол зерттеу немесе еңбек объекті емес, өзара әрекеттесуші жүйе болып табылады; ойлау дербестігі, білім жинақтылығы, іс-әрекеті.
Педагогтың кәсіби ойлауы – өзіндік бір құрылыммен сипат
талатын, мазмұндық және тәжірибелік әрекет етуші қордан тұратын, білім алушының тұл-ғасы және іс-әрекетін өзгерту бойынша тәжірибелік міндеттерді шешуге бағытталған және сапалы сипаттамалардан тұратын күрделі құрылым.
Психологиялық ойлау – пси-хологиялық білім, біліктерді же-тілдіру және қалыптастыруға бағытталған талдау және синтездеу, оны индивидпен қарым- қатынас барысында қолдануға болатын тәжірибелік іс-әрекет.
Адам зияттылығының көрсет-кіші болып ойының тереңдігі, логикалық белсенділігі жатады:
— қызығушылық жан-жақты та-нып білуге бағыттылық, құмарлық. Бұл ойлаудың белсенді таным іс-әрекеті;
— ой тереңдігі – негізгіні жанама-дан, қажеттілікті кез-дейсоқтықтан бөле алу қабілеті;
— ойлаудың белсенділігі мен жыл-
дамдылығы – адамның кең қолданыстағы тәжірибесін басқа салалармен байланыстырылып, жыл-дам байланыстыру.
— ойлаудың логикалығы – зерт-
телетін объектінің барлық мүмкіндігі мен қабілеттілігін ескере отырып талқылаумен сипатталады;
— ойлаудың дәлелдігі – керек кезде заңдылықтарды, тұжы-рымдарды, қорытындыларды тиім-ді қолданумен сипатталады;
— сыни ойлау – кез келген қо-рытындыға ойша сыни баға бере алу;
— ойлау кеңдігі – сұрақты толық қамти алу қабілеті.
Әлеуметтік құзыреттілік – операционалдық ұғым, сондықтан оның уақыт шектеулері, тарихи шеңбері болады. Адамның өзгеріп отырған әлеуметтік жағдайдағы табысты әрекетіне кепіл ретінде жаңа әлеуметтік шынайылыққа және өзара әрекеттесудегі се-ріктестерінің күтулеріне жауап беретіндей мінез-құлық сце-нарийлерін шыңдау шығады. Болашақ педагогтердің әлеуметтік
зияттылығын дамытудағы кейбір негізгі функциялары – әлеуметтік ойлау, әлеуметтік бағдарлану, бейімделу, жалпы әлеуметтік және жеке тұлғалық тәжірибенің кірігуі. Шынайы адами мінез-құлықта әлеуметтік зияттылық пен әлеуметтік құзыреттілік кіріккен, өзара толықтырылып, бір-біріне өзара алғышарт болады
Жаңартылған білім бойынша бастауыш сыныптарға арнал-ған педагогикалық жаңа тәсілдемелердің бірі – белсенді оқу. Белсенді оқу өз кезегінде ойлау дағдыларын іске қосушы функцияның рөлін атқарады.
Бeлcенді oқу бacтауыш cынып oқушыcының мұғaлімді eнжаp тыңдaп қaнa қoймaй, бeлceнді жұмыcқa тapтылуын көздeйтін oқыту жәнe oқу әдіcтepінің біpі бoлып тaбылaды. Бұл тәcілдep oқу үдeріcі жaттығудың aлдындa eмeс, oны opындaу бapыcында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс, және пән бойынша белгілі тақырыптар кіреді.
Жoғaры дeңгeйлі oйлaу дaғдылapын қaлыптacтыpу және oлaрды қoлдaну – бacтaуыш cыныптың білім бeру бaғдaрлaмaсының өзeкті acпeктіcі. Ocы oйлaу дaғдылapын қaлыптacтыpудың eң бacты тәcілдepінің біpі – дәлeлдeу. Дәлeлдeу бacтaуыш cыныптaрдa кез кeлгeн пікіpтaлac бacтaу, жүpгізу жәнe oны бaғaмдaу үшін мaңызды, әcірece, мaтeмaтикa үшін oның мaңызы өтe зop, сeбeбі oндa біp eceптің бір ғaнa шeшімі бoлғaнымeн, oғaн жeтудің тәcілдepі тoлып жaтыp. Бұл сондай-ақ, жaңapтылғaн білім беpу бағдaрлaмacындa бacым бoлып тaбылaтын біpнеше құндылықтap мен дaғдылapды, мыcaлы, шығapмaшылық жәнe cын тұрғыcынaн oйлaу, қapым-қaтынac жacaу дaғдылapын дaмытудың нeгізгі тәcілі.
Осы ойға тұспа-тұс келетін білімнің жаңа мазмұны бойынша студенттердің әлеуметтік зият-тылығын дамыту жолында әлеуметтік зияттылықтың құры-лымын толықтыра түсер тұлға бойында рухани құндылықтар мен дағдылардың болуы шарт.
Тұлғаның бойында болатын ұлттық құндылықтар:
— шығармашылық және сын тұр-ғысынан ойлау;
-қарым-қатынас жасау қабілеті;
-өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
-жауапкершілік;
-денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;
-өмір бойы оқуға дайын болу.
Дағдылар:
-сын тұрғысынан ойлау;
-білімді шығармашылық тұр-ғыда қолдана білу қабілеті;
-проблемаларды шешу қабілеті;
-ғылыми-зерттеу дағдылары;
-қарым-қатынас дағдылары (тіл-дік дағдыларды қоса алғанда);
-жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті;
-АКТ саласындағы дағдылар.
Бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылатын, өзара әрекеттесудің түрлі жағдайларында қалыптасатын және жүретін оқудың екі саласы бар; бұл монологтік және диалогтік. Монологтік көзқарас заттарды абсолюттік материя ретінде түсінеді және де бұған дейін алынған білімнің негізінде қалыптасады, ал диалогтік көзқарас болса білімді оқу барысында жүретін үдеріс ретінде, дәлелдеу барысында, яғни пікірталас пен келіссөз барысында қалыптасатын білім ретінде қарастырады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зият-тылығын дамытуды қамтамасыз ететін тілдік коммуникация оның қатысушыларының тең позициялық жағдайда пікір алмасуы, өз пікірлеріне нанымды дәйектер арқылы сенімнің нығаюы, қарсы жақтың пікірін өзгерту ұжымдық ойлау мен талқылау негізінде орын алатын сипатта болады. Тек сонда ғана адам өз ішкі «ортасын» саналы өзгертуге қол жеткізеді. Бұл ретте ұжым болып ойлау, ұжым болып дәлелдеудің үлгісі – бірлескен тұлғааралық өзара әрекеттесуді өрбітуге көмектесетін педагогикалық құрал.
Ендеше жаңартылған білім мазмұны аясында әлеуметтік зияттылықты дамытуға норма-тивтік құжаттардағы талап бойынша тілдік дағдыларды дамыту өз көмегін тигізеді. Яғни, педагогикалық қарым-қатынас орна-туда ой операциясы мен тілдік функционалдық сауаттылық өз кезегінде ұласып әлеуметтік зияттылықты іске асырады да, субъективтіліктің алаңына түсуге мүмкіндік алады.
Білімнің жаңа мазмұнындағы тілдік мақсаттарды және кең ауқымдағы дағдылармен қатар «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құр-мет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты жеке қасиеттердің дамуы білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар оқушының тәртібі мен күнделікті жағымды іс-әрекеттерге ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
Педагог мамандар үшін қарым-қатынаспен ұйымдастырушылық мүмкіншіліктері кәсіби жетістігі ғана емес, сонымен бірге болашақта өз кәсіби жолында икемділігі мен бейімділігі болып табылады. Тәжірибеде күрделі жағдаяттар көптеп кездесіп жатары анық, ал ол өз кезегінде болашақ маманның маңызды, нәтижеге бағдарланған шешімдерін талап етеді.
Оқытудың, өзін-өзі дамытудың, өзін-өзі көрсетудің мақсаттарын үйлесімді ұштастыру, олар мынадай болуы мүмкін:
— инновациялық қабілеттерді да-мыту мақсатында әрбір адамның шығармашылық қуатын сақтау және дамыту;
— білім саласындағы ерекше-ліктерін ескере отырып, іс-әрекет түрлерінің (өзара ынтымақтастық, қарым-қатынас т.б.) әлеуметтік технологиясын кешенді ұштастыру;
— шешімдердің көп өлшемді-лігіне, өзгеше ойлауға төзімділікке және өзінің іс-әрекеттері мен қабылданатын шешімдер үшін жауаптылыққа негізделген дүние-танымды қалыптастыру.
Оқу үдерісіндегі оқушы ор-
нының өзгеру заңдылығы педа-гог позициясының өзгерісіне байланысты. Субъект-субъектілі педагогикалық өзара әрекеттестік құру болашақ маман бойында қажетті қабілет болуын қажет етеді. Аталған қабілет ретінде біз әлеуметтік зияттылықты аламыз, біздің пікірімізше әлеуметтік зияттылық болашақ педагог кәсіби құзыреттілігінің негізгі құраушысы болып табылады.
Интегралды қабілет ретіндегі әлеуметтік зияттылық дамуы, адамдар мінез- құлқын болжай алу, түсіну және қабылдау, ниетін анықтау, вербалды және вербалды емес экспрессия бойынша адамның эмоционалды күйін және сезімдерінің уақытқа сәйкес өзгерісін дұрыс түсіну, объективті – заттық, субъективті – тұлғалық өзара әрекеттестік жағдайының мәнін есепке алу болып табылады.
Бастауыш сынып мұғалімдерін жоғары білім беру жүйесінде дайындау кезінде педагогикалық іс-әрекеттің пәндік жағына аса назар бөлінетінін айта кеткен жөн, сонымен қатар болашақ педагогтар мен білім алушылар арасындағы жағымды өзара әрекеттестік біліктіліктерін игеру де тысқары қалмайды.
Төменде көрсетілген сапалар арқылы болашақ бастауыш сынып мұғалімі әлеуметтік зияттылығын дамытуда субъективтілікке жол ашады.
— Тұлғалық сапалары: жауап-кершілік, тәуекелге бару, ой тереңдігі, қызығушылық, кәсіби бағыттылық, сенімділік, әділдік, көшбасшылық;
— Кәсіби мәнді сапалары: қарым-қатынастық субътісі, импро-
визациялай алушылық, ком-му-никативтік құзыреттілік, реф-лем-әдениетті, фасилитаторлық, инсайт, интеллектуалдық-шығар-машылық ізденісі;
— Арнайы білімдер: филосо-фиялық, психологиялық, педагогикалық, тұл-ға теориясы жайлы, әдістемелік , инновациялық, праг-матизм.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамы-тудың басты аспектісі – үдерісті моделдеу. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамыту моделі белгілі қасиеттерге ие және көздеген мақсатты іске асыруды қамтамасыз ететін қағидалар негізінде құрылады. Мұндағы теориялық зерттеулердің интеграциялануы, өз кезегінде, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытуды педа-гогикалық әдіснамалық тұр-ғыдан талдау мен құрылымдық-маз-мұндық моделін жасауды талап етеді. Жоғарыда жүргізілген біршама философиялық заңдар мен ойларға негізделген пси-хологиялық білімдер мен аспектілер, педагогикаға бай-ланысты тұжырымдар адамның дүниетанымының қалыптасу жолдары мен құралдарын жасайды. Ендеше таным үдерісінің нәтижесі теориядан танымға жету, ал әдіснамалық жағдайы оны құру тәсілі ретінде қарастырылады.
Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамытуда қарас-тырылған ғылыми-теориялық түсі-
ніктер, ұсыналатын модел-де басшылыққа алынатын әдіснамалық тұғырлар көмегімен табылатын фактілер арқасында кеңейе түспек. Біздің теориялық ойлауымыз бен зерделеуіміздің негізінде диалектика әдісі жатыр, ол әлеуметтік зияттылық жайлы тарихи талдау жасауға, оның дамуының заңдылықтарын табуға көмектеседі.
Бастауыш сынып мұғалімінің әлеуметтік зияттылығының дамуы – оның өмір сүру барысындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Кез- келген тұлға бүгінгі жетістігінен ілгері қозғалуға құқылы. Біз зерттеуімізде өз кәсіби әрекетінде маманның әлеуметтік зияттылығының дамуын теориялық- әдіснамалық негіздерін қарастыру, болашақ маманның субъектілік деңгейге көтерілуін нәтижелі етуші әдістемесін құру жоспарланған еді. Жаңалықты практикаға енгізудің алгоритмін құру. Педагогикада мұндай алгоритмдердің кеңейтілген түрлері бар. Онда мынадай әрекеттер: зерттеу алаңын іздеу, жетілдіруді қажет ететін немесе ауыстыру, жаңашылдықты модельдеуге тәжірибеге талдау жасау және осы саладағы ғылым негіздеріне сүйену, эксперимент бағдарламасын құру, оның нәтижесінің мониторингін шығару, қажетті тузетулер енгізу, қорытынды бақылау жатады.
Диагностика – бақылау нысаны және оның жай-күйі туралы әдістер жиынтығы арқылы ақпарлар топтастыру. Диагностика оқыту тәжірибесінде «білім, білік, дағды, іскерлікті тексеру» ұғымдарын қамтығанымен, мазмұны мен мақсаты жағынан ауқымды келеді. Білім, білік, дағды іскерлікті тексеру тек нәтижені, фактіні ғана көрсетеді. Диагностика дидактикалық үде-рістің нәтижесін анықтау үшін қолданылады. Сондықтан да педагогикалық диагностиканың мазмұнына келсек, «диагностика» түсінігінің мәні «білім, ептілік және дағдыларды тексеру» түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу.
«Тексеру» нәтиженің тек көр-сеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде ақпарат бермейді. Диагностикалау кезінде нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс-тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық үдерістің бағдар – бағытын, ілгері не кері қозғалысы анықталады.
Eліміздегі әлeуметтік үдe-pіcтеpдің қиындaуы мeн жeдeл түpдe дaмуы, жaңa әлeумeттік инcтитуттapдың құpылуы, жaңa әлeумeттік құбылыcтаpдың opын aлуы aдaм бoйындa тұлғaapaлық жaғдайлaр өрбуін бoлжaй алу, aқпapaтты интepпрeтaция жасай aлу мүмкіндігінің артуын тaлaп eтудe. Aдaмдap жиі жауапты шешім қабылдауды қажет етуші жағдайлар кезінде әлеуметтік өзара әрекеттестікке даяр еместігін танытады, сол негізде әсіресе болашақ педагог мамандардың дайын болуына басты назар бөлінуінің маңыздылығы артады. Әлеуметтік зияттылық адамдар әрекетін, адам сөзін ұғынуды, сонымен қатар вербалды емес әсерлерді түсінуді қамтамасыз етеді. Бұл мүмкіндік тиімді тұлғааралық өзара әрекеттестік пен әлеуметтік бейімделу керектігін туындатады.
Әлеуметтік зияттылықтың тұ-
жырымдамасы өлшемдердің топ-
тары: когнитивтік, эмоцио-налдық және мінез-құлық. Әрбір топ мазмұнды түрінде келесідей көрініс беруде:
Когнитивтік: әлеуметтік білімдер – адамдар туралы білімдер, арнайы ережелердің білімдері, басқа адамдарды түсіну; әлеуметтік жады – адам аттары мен беттерін есте сақтау; әлеуметтік түйсік – сезімдерді бағалау, көңіл-күйін анықтау, өзге адамдар әрекеттерінің мотивтерін түсіну, әлеуметтік мәнмәтіні шеңберінде бақыланатын жүріс-тұрысты сайма-қабылдау қабілеті; әлеуметтік болжамдау – өз әрекеттерінің жос-парларын түзу, өз дамуын қадағалау, меншікті дамуындағы рефлексия және қолданбаған балама мүмкіндіктерін бағалау.
Эмоционалдық: әлеуметтік мәнерлілік, эмоционалдық мә-
нерлілік, эмоционалдық сезім-талдылық және эмоционалдық бақылау; мазасыздану – өзге адамдардың жағдайына кіру, өзін басқаның орнына қоя білу (коммуникативтік және моральдық эгоцентризмнен аса білу); өзін-өзі реттеуге қабілеттілік – өзінің эмоциялары мен меншікті көңіл-күйін реттеу икемі.
Мінез-құлықтық: әлеуметтік қа-
былдау – сұхбаттасқан адамын тыңдай білу, әзілді түсіну, әлеуметтік өзара әрекеттесу, бірлесіп жұмыс жасауға қабілеттілік пен дайындық, ұжымдық өзара әрекетесуге және өзара әрекеттесудің жоғары типі – ұжымдық шығармашылыққа қабілеттілік; әлеуметтік бейімделу – түсіндіру және басқа адамдарды сендіру икемі, басқа адамдармен сыйысу қабілеті, қоршаған адамдармен қатынастарында ашық болу.
Жаңартылған білім мазмұнына көшуде нормативтік-құқықтық базаның біршама өзгертулермен толықтырылғанын білеміз. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ЖББМЖМС білім алушылардың дайындық деңгейіне берілетін жалпы ережелердің бірі ретінде дескрипторлар (descriptors) «студенттердің жоғары оқу орнындағы білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтағанда игеріп шығатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы», – деп көрсетіледі.
ЖОО-да болашақ педагог мамандарды даярлауда көрсетілген талаптар ЖББМЖМС білім алушылардың дайындықтың бі-
рінші деңгейіндегі дескрип-торларында берілген:
— білім алушы өзіндік алған білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана алуы;
— өзіндік пайымдаулар жасау-ға қажетті ақпараттар мен интер-претациялауды іске асыру үшін әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескерудің қажеттігі;
-мамандарға және маман еместерге ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Жалпы алғанда, жаңартылған білім мазмұнының негізгі идеясы – озық экономика білім беру мақсаттарын «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды бағыттайды. Қандай жағдаяттар болмасын, адамды өздігінен шешуге ниетінің болуына, өмір сүруге бейімділігінің артуына, өзін-өзі білімдендіру мен өзін-өзі іске қосуға жетелейді.
Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу білім алуға конституциялық құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға және білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталып отыр.
Жоғарыдағы міндеттерден болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңа мазмұндағы білім беру жүйесінде даярлануы іске асуда. Оның нәтижесінде Қазақстан Республикасының ЖОО бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын ендіру жағдайында болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктері жетілдіріледі.
Жаңартылған білім беру мазмұнын меңгерту мақсатында мектеп мұғалімдері біліктіліктерді көтеру курстарынан, қысқа мерзімді дайындық курстарынан өткізілуде, бірақ болашақ педагогтар тек Типтік бағдарламамен бекітілген оқу пәндерінің мазмұнын мең-геруде.
Осы сәйкессіздіктерді шешу мақсатында ЖОО оқытушы-профессорлық құрамы да біліктілікті жетілдіру курстарынан өткізілді, бірақ ол оқытушылар осы курстық білімдерін өз пәндерін оқытудың жаңа бір әдістемесі ретінде пайдалануда.
Сонымен жаңа педагогикалық парадигманы жүзеге асыруда педагогикалық жаңаша ойлауға, педагогикалық іс-әрекет әдіс-намасына едәуір түзетулер енгізуді талап етеді.
Қолданысқа ене бастаған, жаңаны құрушы білім – ұлт пен мемлекеттің инновациялық әлеуетіне ауысу динамикасының стратегиялық та-
лабы. Бұл ЖОО-да болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зият-тылығын дамытумен тікелей байланысты. Бірнеше дербес әдістемелік пәндер бойынша әдістемелік біліммен қамтамасыз етілуде жаңашылдықтың авторы бола алу жаңа білімді іске асырудағы субъективті идеялар болады. Бұған қойылатын көрсеткіш ретінде білімнің жаңа мазмұны бойынша студенттердің жаңа өзгерістерге даярлығын, жаңашылдықтың қажеттілігін түсіну, сол жаңашылдықтың құрамына стратегиялық негіздер құрастыру арқылы әр істің субъекті болуын, өзгертілген іс-әрекеттің озық үлгілерін ойлап шығаруын айтуға болады.
Қазақстандық білім беру жүйесін жаңарту жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық даярлаудың тиімділігін арттырудың жол-дарының бірі олардың әлеуметтік зияттылығын дамыту екені күмән келтірмейді.
Мұғалімдік мамандық – бұл адамды тану, адамның күрделі және қызықты, шымшытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу.
Қоғамның қазіргі даму жағдайында білім беру жүйесіне, оның ішінде маман дайындау сапасына және көбінесе жоғары оқу орнында іргетасы қаланатын кәсіби маңызды қасиеттердің қалыптасу деңгейіне жоғары сұраныстардың қойылуы – заңды құбылыс. Өйткені қазіргі жоғары оқу орны өз кәсіби іс-әрекетінде және әлеуметтік өмірде табысты, бәсекеге қабілетті болашақ мамандарды даярлауы қажет.
Осы орайда қоғам мүшелерімен тұлғааралық қарым-қатынасқа бейім, қарым-қатынас стра-тегиясын өзінің іс-әрекетіне, шығармашылыққа ба-ғыттай алуға қабілетті, әлеуметтік білімге ие болашақ маман даярлаудың алатын орны ерекше.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *