ӨРІСІ КЕҢ  ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ ӨРІСІ КЕҢ  ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ
Талғат Тұрсынғалиұлы Ғатауолла, Тәуелсіз кәсіподақ ұйымы төрағасы, қоғам белсендісі, республикалық «Жемқорлық және Заң» газетінің журналисі, «Ел мен Жер» қозғалысының құрылтайшысы       Отбасы... ӨРІСІ КЕҢ  ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ

Талғат Тұрсынғалиұлы Ғатауолла,
Тәуелсіз кәсіподақ ұйымы төрағасы, қоғам белсендісі,

республикалық «Жемқорлық және Заң» газетінің журналисі,
«Ел мен Жер» қозғалысының құрылтайшысы

 

IMG_9743

 

 

Отбасы деген – киелі де қадірлі ұғым ғой. Ес біліп, етек жинағалы біраз адамдармен жақын араласып, берекелі де өнегелі отбасыларын көріп, айрандай ұйып отырған ғибратты ғұмырларына қызығып та, қызғанып та қараймын. Оның мәнісі – мен де алдағы күндері үйімізге келін түсіріп, ақ отауымызды көтерер азаматпын. Қызыққаным сол – бұл отбасылардай тату да тәтті өмір сүріп, екеудің арасындағы сезім отын бақыттың шамшырағына айналдыра алар ма екенбіз?! Міне, мені осы сұрақ ойландырып, күніне мың толғандырады. Мені тамсандырған, қызықтырған отбасының бірі – Алтынбай Мұса есімді атпал азаматтың бақ пен береке ұялаған құтты зәузаты. Сіздерге шын мәнінде, «өзі – Алтын, өзі – бай» адам жайында айтқым келеді. Тумысынан табиғаты бөлек, өнер десе ішер асын жерге қоятын, өнер қайраткерлерін, шығармашылық адамдарын көрсе, аялап, алақанына салып, төбесіне көтеріп, қонақ қылып, ақ дастарханын жайып, күтіп, сыйлап бағатын жан өзі. Құдай Тағала мейірімі кең, аса қайырлы емес пе, міне, сол қайырымдылығы мен мейірімділік шапағатын бір адамның бойына үйіп-төгіп берген екен. Қайран қаласың!

WhatsApp Image 2021-07-06 at 19.03.08

 

Бұл адамның өзі де сол Жаратушы иенің жасаған қымбат тартуына ақ адал болып жүрген адалдықтың символы іспетті. Артық айтқаным емес, дәл осылай.
Кең жүрек, өнерқұмар, жаны нәзік, әлгі «аузын ашса жүрегі көрінетін» мәрттің нақ өзі болып тұрған Алтынбайдың «Алтын-Алма» деп аталатын отбасылық ансамблі бар. Алтекеңнің ансамблі жайлы айтпастан бұрын, оның өзі туралы мәлімет берейік:
Сәдуақастың Алтынбегі 1968 жылдың 6 қарашасында көп балалы, өнерлі отбасында дүниеге келген. Уәлаяты-қазыналы Оңтүстіктің Мақтаарал ауданы, Атакент қалашығы, Қоңырат ауылы. 1976 жылы Бірлік орта мектебіне қабылданып, 1985 жылы отбасы жағдайымен, Атакенттен Сарыарқаның төсіндегі кешегі – Целиноград, Астана, бүгінгі Нұр-Сұлтанға қоныс аударыпты. Ормандай қаулаған орыстың шаһары болған бұл елді мекенде сол жылдары жалғыз қазақ мектебі болыпты. Біздің Алтыекең, сол жалғыз қазақы шаңырақ– №4 мектептің түлегі. Мектепте жүргенінде-ақ, ән салып, айтысқа түсіп, шаршы топта ойлы сөз тауып, қисынын келтіріпті. 1986 жылы Целиноградсельмаш заводының №3 цехында жұмысқа орналасып, еңбек жолын бастаған. Заводтың ауыр жұмысын істей жүріп, орыстанған қаланың қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, қолынан келгенше, «қазақыландыру» мәселесімен айналысқан екен. Сол уақытта «Тіл және мәдениет» қоғамына ерікті болып қабылданған Сәдуақастың баласы – мына бүгінгі әсем қаланың мәдениетіне үлес қосқандардың бастауында тұрған көптің бірі. Мен, Алтыекеңнің сол жылдардағы еңбегін «қарлығаштың қанатымен су сепкен» кейіпте байқаймын. Дәл солай, 1991 жылы Бөгенбай батырдың 300 жылдығына арналған ақындар айтысында ІІІ дәрежелі орын алған өнерлі жігіт 1999-2002 жылдары мемлекеттік филармонияда әкімші болып қызмет атқарған еді.

 

WhatsApp Image 2021-07-06 at 19.03.09 (1)
1989 жылы «Тіл және мәдениет» қоғамының ұйымдастырушылары Алдан Смайыл, қоғам қайраткері Әнуарбек Ералы сынды атпал азаматтармен бірге Целиноградтың тарихи атауы Ақмоланы қайтаруға атсалысты. Қоғамның жұмысына қолдау көрсетіп, көптеген өзекті мәселелерді шешуде белсенділік танытқан Алтынбай сол «Тіл және мәдениет» қоғамының мүшесі, кейіннен орынбасары атанады.
Қазіргі Елордамыздың тарихына көз жіберер болсақ, 1992 жылдың қараша айына дейін Целиноград деп аталып кеткен. 1989 жылдары «Ақмола» деген жаңа атауды өздері бастап атап жүрді. Осыған арнаған Алтынбайдың айтыста айтқан өлең үзіндісі бар:
Ақмолаға қарасаң, әсем қала,
Қай ана қуанбайды күлсе бала?
Бар екен қаламызда өз ұлтымыз,
Небәрі 17,1% ғана.
Өлең елге жаңа дем береді.Сол қалалық айтыстан Алтынбай 1-орын иеленеді.Кейін ғана, 1990 жылдың, 13-ші қазанынан бастап «Арқа ажары» газеті жаңа «Ақмола ақиқаты» деген атаумен (тұңғыш редакторы Кенже Жұмағұлов) жалпы қазақ халқына тарала бастайды.
Міне, осы жылдары қоғамдық-мәдени өмірдің қара қазанында қайнап, руханияттың отымен кіріп, күлімен шығып, өнерлі іні-қарындастарына қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп, филармонияның концерттік бағдарламаларын әрлендірген сабаз жігіт – бүгінде көптің ықыласына бөленген қадірлі жан, ардақты азамат. Ол – Сәдуақастың ғана емес, халықтың ұлына айналған перзент.

WhatsApp Image 2021-07-06 at 19.03.10 (1)
Әзілқой сайыпқыранның өзі: «Жанұям – жеке басыма ортақ дүниелердің ажырамас бөлігі болып саналады. Дастарханымды жайнататын, мен үшін шай қайнататын, үйімдегі шәйнектің шопыры – жарым Алмагүл Баттаққызы», — дейді. Алтынбай мен Алмагүлдің Сұңқар есімді атұстары мен Әсем, Іңкәр Нұрай сынды қылықты қыздарды өсіріп отыр.
Қызыр аунап, күн сәулесі төгілген бұл үйдің ерекшелігі сол – отбасылық ансамблі болуы. «Өнерліге өріс кең» деген аталы сөзді өзінің өмірлік ұстанымына айналдырған Алтынбайдың балаларына әке қаны, ана сүті арқылы өнер құдіреті қонған екен. Үлкені Әсем қаржы мамандығының магистрі. Өте еңбекқор жан, әрдайым жақындарына қолқанат. Домбырада ойнайды, өнерді бағалайды. Іңкәрі – атақты Айман Мұсаходжаева басқаратын Қазақ ұлттық өнер университетінде «Музыка теориясы» мамандығы бойынша үздік аяқтады. Ол – 2014 жылы Италияда өткен «Fiestalonia milenio» халықаралық байқауында ІІ дәрежелі дипломды иеленіп, қазақтың ұлттық аспабы – домбыра үнімен Рим халқын тебірентіп, қазақтың көк туын рим аспанында желбіретіп, елдің даңқын аспандатқан өнерлі, болашағынан мол үміт күттіретін талант.
Ал, ұлы Сұңқардың жанарында – жалын, тұла бойында – бекзаттылық бар бұл бозбала – халықаралық «Жаңа жылдық карнавал» фестивалінде І дәрежелі дипломды иеленгендомбырашы. Жақында Қарағанды қаласындағы №6505 Ұлттық Ұлан әскери бөлімінде сарбаз ретінде, кейіннен сонда рухани-ағарту саласы бойынша жауапты қызмет атқарып, Әке жолын қуып Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келді.
Алтынбай мен Алмагүлдің сүткенжесі, еркесі – Нұрайы. Өзі әнші, биші, гимнастикамен айналысады, мектебінде белсенді оқушылар қатарына кіреді. болашағы зор – Нұрлы-Айдың қазірдің өзінде 40-тан астам дипломдары бар. Оның ішінде ГРАН-ПРИіде, 1, 2, 3 орындарынан да өткен. Медальдары саусақ санарлық емес, толып артады. Сол Нұрайы биыл 4-сыныпты тәмамдады. Мектепте де«Үздік жыл оқырманы – 2021» сайысында Бас жүлдені иеленді! 6 жасында-ақ басқа қалаларға шығып, алты қырды бағындырып келеді.
Алтынбайдың қуаныш ұялаған ұясынан тәрбиеленген бұл төрт перзент – әкесі мен анасының есімдерін елімізге паш етер өрен болмақ, сәттілік тілеп, болашағынан үміт күтеміз.

WhatsApp Image 2021-07-06 at 19.03.10
Әр қазақ – ақын жанды, өлеңқұмар, өнерпаз емес пе! Табиғат-ананың өзі қазақты дарынды қылып жаратса керек. Біз, қазақ арасынан Елубаевтар, Құдайбергеновтер, Дәрібаевтар, Айтбаевтар әулеті сияқты белгілі отбасылық жеке ансамблі бар өнер адамдарын білеміз. Енді осы қатарға «Алтын-Алма» отбасылық ансамблінде ұялмай қосуымызға болады. «Алтын-Алма» ансамблін ұйымдастырған, құрған біздің әңгімемізге арқау болып отырған – отағасы Алтынбай.
Ансамбль мүшелері бірнеше музыкалық аспапты серік етеді: Алтынбай – домбыра, жары Алмагүл – сылдырмақ, тұяқ, Іңкәр – синтезатор, Сұңқар – бас гитара. Нұрай – сылдырмақ, Қайырбек Балтабайұлы – баян, Таңатқан Қабижанұлы – гитара, Ералы Тасқұлұлы – гитара аспаптарында, ал Сағыныш Дүйсенқызыансамбльді керемет даусымен құлпыртады.
Бұл отбасылық ансамблдің өнері халыққа телеарналар арқылы да тарап жатыр. Мысалы, Ұлттық арнаның «Таңшолпан», «Сенбілік таң», «Әйел бақыты», «Шаңырақ» бағдарламаларына арнайы шақы-рылып, өз өнерлерін көрсетіп, көгілдір экран арқылы қазақ әні отбасылық ансамблдің ойнауында жүректерге жетіп жатыр. Солай… Міне, «Өнерліге өріс кең» деген аталы сөзді өмірлік ұстанымына айналдырып, балаларын өнерге баулып, талантын шыңдауға бар мүмкіндігін жасап отырған Алтыекеңнің әкелік, отағасылық бұл ісіне қалай сүйсінбейсің!
Шын қуанып, шын тілектес болады екенсің. Егерде, әр қазақ отбасы, әрбір әке осылай балаларына жағдай жасаса, еліміз сол күні-ақ өрекендеп кетер еді. Бастысы – баланың санасына рухани уыз тәрбиесін бере білу ғой.
Астанаға келгендер Алтыекеңнің үйіңне соғып, құт қонған дастарханынан дәм татып, ән-шашу тыңдап кетеді. Мысалы, бұл үйге әйгілі Мұхтар Шаханов, профессор Советхан Ғаббасов, ақын Қасымхан Бегманов, Мұхамедия АхметТөре, Дихан Қамзабекұлы, Ералы Әнуарбек, Зиябек Қабылдинов, Мұхтар Шаханов, Моңғолияның тұңғыш космонавты, Совет Одағының БатырыЖ. Гуррагча, Советхан Ғаббасов, Қойшығара Салғара, Қайыржан Мақанов, Балқаш Мақанұлы, Серік Тұрғынбекұлы, Мұхамбедия Ахмет Төре, Көпен Әмірбек, Толымбек Әбдірайымов, Ирак Елекеев, Қасымхан Бегманов, Әнуарбек Ералы,Қаржаубай Сартқожа, Талғат Кеңесбаев, Төлемырза Темірбекұлы, Өнерхан Сансызбай, Жанкелді Шымшықов, Тойшыбек Иіпұлы, Дихан Қамзабекұлы, Зиябек Қабылдинов, Тоғайбай Нұрмұратұлы, Қазыбек Иса, Омар Жәлелұлы, Мақсат Алпысбес, ОразгүлАсанғазы, Азат Перуашев, Талғат Қатауов, Балғынбек Имаш, Марат Ильясов,Абзал Құспан, Ислам Әбіш, Тимур Сыпатаев, Бүркітбай Арлен, Роза Есенбаева, Мұхит Қасқырбаев, Сембек Жұмағалиев сынды санасаң саусағың жетпейтін небір жаны жайсаңдар келіп, қонақ болған екен. Осындай адамдардың әңгімелерін тыңдап өскен бұл балалардың болашағын көз алдыңызға елестете беріңіз!
Бұл шаңырақтың кез-келген адамды баурап алатын тылсым күш-қуаты бар. Келген адам кеткісі келмей қалады. Аурасы өте тамаша. Нағыз қазақи дәстүрді ұлықтаған, дархан қонақжайлық ниеті бар үй. Құдай ниетіне қара береді. Төрт құбыласы тең әулет. Қазақтың «Би бол, би болмасаң би түсетін үй бол!» деген сөзі осы әулетке қарата айтылған. Сіз де жол түсіп жатса, Алтынбай асуына келіп, аялдап, оның өнерлі әулетіне қонақ болыңыз!
Алтынбай ағамның еңбегін мә-дениет министрі жоғары бағалап, «Қазақстан Республикасының Мәде-
ниет қайраткері» атағымен мара-паттаған. 2018 жылы Қазыбек Иса Қазақстан тарихшылары қауымдастығы, «Ақ жол» демо-кратиялық партиясының қол-дауымен «Қазақ хандығының 550 жыл-дығының» медалімен марапаттады.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *