МЕМЛЕКЕТ  ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ  ДІН ТАҒЫЛЫМЫ МЕМЛЕКЕТ  ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ  ДІН ТАҒЫЛЫМЫ
Құдияр БІЛӘЛ, жазушы, ҚР «Мәдениет қайраткері»    Қазақстан қоғамы алдында этносаралық және конфессияаралық келісім негізінде зайырлы, толерантты қоғамды әрі қарай дамыту міндеті тұр. Облыста... МЕМЛЕКЕТ  ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ  ДІН ТАҒЫЛЫМЫ

Құдияр БІЛӘЛ,

жазушы,
ҚР «Мәдениет қайраткері» 

 

Қазақстан қоғамы алдында этносаралық және конфессияаралық келісім негізінде зайырлы, толерантты қоғамды әрі қарай дамыту міндеті тұр. Облыста азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын, әртүрлі діни сенімдегі діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністікті, төзімділікті нығайту, олардың мемлекетпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету сала-сындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жұмыстары атқырылуда.
Бүгінде діннің мәселелері тек қана діннің мәселелері болудан қалғаны рас. Өйткені, оған саясат, саясат болғанда да үлкен саясат араласып кетті. Сол себепті қоғамда туындап жатқан діннің мәселелерін шешу үшін әр мұсылман діни сауатына қоса саяси сауаты болуы қажет. Бұл дінді саяси мүдделері үшін пайдалануға тырысатын кейбір саясаткерлердің лас ойындарының құрбаны болып кетуден сақтану үшін ауадай қажет. Сондықтан дәстүрлі дінімізге жете мән бергеніміз жөн.
«Отан – отбасынан басталады». «От-басы – шағын мемлекет». Осы ыңғайда айтылатын мақал-мәтелге айналған қанатты сөздер бар. Жаттанды сөз. Ал мәніне үңіліп көрсең бар ғой…
Жарайды. Үңіліп көрелік. Ол үшін әуелі отбасы туралы түсінікті қалыптастырайық. Қалыптастырғанда бір отбасын: ата-әже; әке-шеше; сосын балалар деп алсақ, отбасылық билікті ата еншісіне қалдырайық. Оның үстіне бұл ұғым ақсақал дегенге де жақын. Себебі, біз сол ақсақалды тілге тиек ету арқылы отбасыдан ауылдық ұғымға шығамыз.
Сонымен әуелі отбасыға келейік. Ата – шаңырағының тілеуін тілеп отыр. Әже – немерелеріне қамқор. Әке-шеше – бірі түздің, екіншісі үйдің тірлігінде. Балалар – осы үлкендер бақылауында. Бір сөзбен айтқанда, сүттей ұйыған отбасы. Енді сауал. Осы отбасын тұтастырып тұрған не нәрсе? Жауап айқын. Ол – махаббат. Кәдімгі ата-ананың балаға, баланың ата-анасына деген махаббаты. Басты мән беретін жәйт. Біз айтып отырған махаббат оларға Алладан берілген. Ол — нақтылы, бағдарламалы махаббат. Адам баласына одан өзге де махаббаттар тән. Бірақ олар мына біз айтып отырған нақтылы, бағдарламалық махаббатты алмастыра алмайды. Осы жерде «нақтылы, бағдарламалық махаббат» дегеннің басын ашып алайық. Басын ашқанда ол, тағы да қайталап айтайық, Алладан берілген, тек өзінің отбасына ғана арналған махаббат. Егер ол осындай нақтылы, бағдарламалық махаббат болмағанда, адам баласы өзгелердің балаларын да тап өзінің баласындай жақсы көрген болар еді. Бірақ олай емес қой. Сонымен нақтылы, бағдарламалық махаббаттың мәнін сәл-пәл түсініп қалдық. Міне осы махаббат салтанат құрып тұрған кезде әлгі отбасын сырттан жау ала алмайды.
Біз мұны неге тәптіштеп айтып жатырмыз? Себебі, сөз басында отбасын отанның бір бөлшегі дедік. Яғни біз осыдан отандық тұтастықтың мәнін ашуымыз керек. Сонымен мемлекетіміз қайтсе тұтасады? Ол үшін әуелі әлгі отбасын бөлшектейік. Бөлшектегенде, сол сүттей ұйыған отбасының қалайша боз-тозы шығатынына мән берейік. Ең басты жәйт. Отбасы бөлшектенуіне алып келетін бір-ақ күш бар. Ол күш біз жоғарыда тілге тиек еткен нақтылы берілген Аллалық бағдарламалы махаббаттан басым түсуі керек. Басын ашып айтайық. Ол махаббатты ешнәрсе алмастыра алмайды. Алайда оның орнын алмастыруға әрекет жасайтын күштерді жоққа шығаруға болмайды. Біз оны бір ауыз сөзбен «шайтани күш» деп атаймыз. Бұл – отбасыға әсер ететін сыртқы күштер. Оған қарсы тұратын ішкі күштер – отбасылық әдеп. Ол — мемлекеттік тұрғыда ұлттық әдепке ұласады. Басын ашып айтайық. Бүгінгі күні қай тұрғыда да отбасылық әдеп сыртқы күштерге төтеп бере алмайды. Сондықтан қай отбасының да таза қазақылық болмысына нұқсан келген. Яғни, махаббат бар, қорған, яғни әдеп жоқ. Жоқ емес, әлсіз дейікші. Не керек, сыртқы күш отбасы шаңырағын шайқалта бастады.
Енді осы ұғымды сәл кеңейтейік. Кеңейткенде, отбасын ауыл деп қабылдайық. Сонымен байырғы қазақы ауылды көз алдымызға алып келейік. Ауылда тұтастық сақталған. Себебі, бір атаның балалары. Төрде — ақсақал. Бәрі соның аузын бағады. Айтқаны — заң. Алайда бірнеше ата баласы аралас қонған ауылдар да бар. Мұндай ауылдарда төбе би алға шығады. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып – ауыл-аймақтық әдептің қызметін атқарады. Ал тұтастыққа «Сендерді ұлтқа, руға бөлдік» деген аят негіз болады. Алайда сыртқы күш оларға да әсер етеді. Нәтижесінде ұлт өзгеріске түседі. Ұлт өзгерген соң салт-дәстүр өз мәнінен ажырайды. Яғни, қорған сетінейді. Бір сөзбен айтқанда, ауыл азады. Бұл үрдіс қалада өте жылдам жүреді. Ұлтты тәркі ету қатты белең алады. Салт-дәстүр түбегейлі жоққа шығарылады. Ал ол қалалар мемлекетті түзеді. Енді ол мемлекеттің қандай мемлекет екендігін шамалай беруге болады.
Енді әңгіменің ашығына келейік. Сонымен біз мақтан тұтқан сүттей ұйыған отбасының шаңырағы неліктен шайқалды? Рас, біз оған сыртқы күш әсер етті дедік. Ол күшке махаббат та, қорған да төтеп бере алмады. Себебі біз рухтан ажырадық. Рух деп отырғанымыз отбасылық идеология. Біз оны бір жазбамызда «Әруақ жасау» деп атағанбыз. Әрине, ол идеология мемлекеттік идеологиямен кемелденіп отырады. Ал бізде оның екеуі де жоқ. Білген жөн. Ол – орыстанған отбасында, орыс мектебінде бар. Оның үстіне олар көрші әлеуетті ел идеологиясынан (әруағынан) қуат алады. Сондықтан олардың әруағы бізден басым. Басым болғандықтан билік те солардың қолында.
Басын ашып айтайық. Кімнің әруағы басым болса, жеңіс соның қолында болады. Енді осыдан кейін әруақты жоққа шығару ұраны неліктен алға шыққанын өздеріңіз-ақ бағамдай беріңіз. Қайталап айтайық. Ол жерде дін жоқ. Барлығы идеология. Өкінішке қарай мұны түсініп жатқан адам аз. Негізінде түсінбейтін біздер. Ал шетелдік күштер оны өте жақсы біледі. Сондықтан да олар ең әуелі идеологияға соққы жасап, тұтасқан әруақты ыдыратуға күш салады.
Ойымыз ұғынықты болу үшін әруақ туралы тағы да шамалы түсінік бере кетелік. Хадисте: «Екі адам сапарға шықса, біреуін басшы сайлап алыңдар» делінеді. Себебі, басшы адам сапар әруағына иелік етеді. Ұғынықтылық үшін айтайық. Сапарлары оң жаққа қарай құрылған адамдар, сол жаққа қарай қадам баспайды. Себебі ол жақта сапар әруағы жоқ. Бұдан әр нәрсенің әуелі әруағы түзілетінін аңғаруға болады. Әрине, оны өзіміз түземіз. Егер әлгі екі адам сапарын қолдаушылар көбейе түссе, әруақтың да әлеуеті күшейе түседі. Соған орай сапар басшысының (әруақ иесінің) да айбыны асқақтай түседі. Міне, біз айтқан әр ауылда осындай айтқандары заң күшіне ие бір-бір әруақ иелері отырды. Негізінен ол міндетті Ишандар атқарды. Олар хандық билікті (мемлекеттік) қолдады. Соған орай бір билікке деген сенім қалыптасты. Содан не керек біз әруағы басым елдердің біріне айналдық. Заман алмасуына орай зиялы қауым екіге жарылды. Ишандар оққа байланды. Нәтижесінде әруақ сетінеді. Өмірге КСРО-ның діндіздену идеологиясы келді. Біз соған сендік. Сол сенім КСРО әруағын қалыптастырды. Оның әлеуетінен әлем тітіркенді. Біз кезінде бұл туралы да жазғанбыз.
Енді дінге келейік. Біз жоғарыда бір ғана Ишанның бір ауыл әруағын қалыптастырғанын тілге тиек еттік. Ал бүгінгі күні дардай аты бар Қазақстан мұсылмандарының Діни басқармасы ислам діні әруағын қалыптастыра алмай отыр. Соған орай олар дін иесіне тән әлеуетті қуатты әруақтан емес, мемлекеттік жүйеден алып отыр. Сондықтан да олар әр билік иесінің аузын бағып отырады. Оның үстіне өздері де әруақты жоққа шығаруға бейім. Егер әр имам өз мешіттерінде жамағат әруағын қалыптастыра алғанда бар ғой, сонда әлгі өңірдің әкімі әр жұма сайын дұға сұрап алдында отырар еді.
Енді мешіт жамағаты әруағының неліктен қалыптаспайтынына келейік. Жалғыз ғана себеп бар. Олардың ешқайсысы да имамға дін иесі екен деп сенбейді. Шынында да олар дін иесі емес. Жәй ғана дін қызметкерлері. Ал жамағат әруағын жасайтындар дін иелері. Біз оларды Ишан деп атаймыз. Көңілде күмән қалмас үшін басын ашып айтайық. Жамағат мешітке имам үшін бармайды. Негізінде имамды мойындамай, «Мешітке Алла үшін барамын» деу бос сөз. Шынтуайтына келгенде ол өзіңді де, өзгені де алдау. Егер мешітке шынында да Алла үшін барсаң, онда имамның артына ұйып нең бар?! Міне осы жерде имамның жәй ғана дін қызметкері емес, дін иесі, яғни Ишан болу қажеттілігі алға шығады.
Ұғынықтылық үшін айтайық. Қазақ даласында мешіт болмаған. Сондықтан Алланы іздеген адамдар Ишанның алдына барған. Сол үрдіс бүгін де күшін жойған жоқ. Білген жөн. Дін әруағын тек Ишандар ғана түзеді. Ал дін әруағы болмаған жерде Мүфтидің өзі билік иелеріне жаутаңдап отырады. Сондықтан да біздің Мүфтияттың дәстүрлі дінімізге қарай ойысатын кезі жетті. Біле білгенге ол өздерінің абыройы. Бір-ақ күнде мәртебелері асқақтап шыға келер еді. Ең бастысы – бұл үрдіс мемлекеттік тұтастықты қалыптастырады.
Дәрінің өзі шектен тыс көп болса, ол уға айналады. Сондықтан шектен шығудың бәрі зиянды. Әр нәрсенің өз шегі болады, бұл дінге де қатысты.
Дін адамды рухани жағынан байытып, оның адамгершілік және этикалық қасиеттерін дамытса,
қоғамда ізгілік пен бейбітшіліктің жалпыға ортақ адами құнды-лықтарын насихаттаса, бұл елдің дамуы мен оның халқының өркендеуіне баға жетпес үлес қосады. Басқаша айтқанда, егер дін қоғамның сапалы дамуы мен мемлекеттің экономикалық өркендеуіне ықпал етсе, нұр үстіне нұр.
Ұғынықтылық үшін әуелі «Әруақ дегеніміз тек өлген адамның рухы» деген ойдан арылайық. Білген жөн. Әруақ — мына материалды әлемнің негізі. Сонымен қатар ол бізге бос кеңістік сияқты болып тұрған барша әлемді толтырып тұрады. Дәлел сұраушылар үшін айтайық. «Бақара» сүресінің бастапқы аятында тақуаларға берген анықтамада: «Олар көмеске иман келтіреді» делінеді. Көмес деп біз сол әруақ әлемін қабылдаймыз. Хадисте ол: «Алланың әскері» делінеді. Жалпы әруақсыз бір тозаң орнынан қозғалмайды. Егер біз оны әруақтан тыс қозғалды десек, онда ол өз алдына Аллалық сипатқа ие дербес құдірет иесі, не болмаса өзге құдайдың қызметіндегі жаратылыс деген ұғым туады. Жә, бұл жалпы Алланың әруақ әлемі туралы түсінік.
Енді өзіміздің әруаққа келейік. Өзіміздікі деп отырғанымыз, өзі-міз жасайтын әруақ. Иә, ондай жаратылыстық қасиет бізде де бар. Соның бастысы – идеология. Өкінішке орай біз оны тек материалдық тұрғыда ғана түсінеміз. Болмаса ол – мемлекеттің айбары. Қуаты. Негізгі мәні. Жалпы әруағы басым елдер ғана үстем болады. Өкінішке қарай біз оны әлі күнге түзе алмай келеміз. Ал ол қалай түзіледі? Дұрыс. Иедеология арқылы. Идеология – мемлекет тұтастығын қалыптастыратын сенім. Ал ол сенім қалай қалыптасады. Білген жөн. Сенім – ұғым арқылы қалыптасады. Ұғым – жалпыхалықтық сана. Ол – бір зат, не мән ардақ тұтылғанда түзіледі. Біз оны материалдық тұрғыда идеология дейміз. Енді басын ашып айтсақ, бізде сөз жүзіндегі құрғақ идеология бар да әлгі зат пен мән жоқ. Сондықтан да біз идеологияның әруағын қалыптастыра алмай келеміз.
Ұғынықтылық үшін айтайық. Ресейде әлгі біз айтқан зат пен мән — ұлы орыстық шовинизм. Бұл — бүгінгі жасырын идеология. Шынтуайтына келгенде осы идеология бүкіл Ресей халқын тұтастырып тұр. Соған деген жалпыхалықтық сенім — бір ұғымды қалыптастырды. Ол ұғым — әлгі идеологияның әруағын түзді. Олар сол өздері түзген әруақтан қуат алады. Ондай әруақ Батыс елдерінде де, Америкада да бар. Әлгі зат пен мән бірінде — Батыстық өмірсалты, екіншісінде — ұлы державалық таным.
Енді сауал. Біз осы ыңғайдағы күштерге (әруаққа) қандай зат пен мәнді қарсы қоя аламыз. Жалпы біз ұлттық құндылық ретінде нені ардақ тұтамыз? Мәселен тіл десек, біз тіл арқылы идеология әруағын қалыптастыра алмаймыз. Себебі, сенім аз. Сенім аз болған соң оған деген жалпыхалықтық ұғым қалыптаспайды. Домбыра да осы тәрізді. Байырғы батырларымыз бен билеріміз де солай. Рас, әрқайсысы жеке дара дәріптеледі. Бірақ тұтастық болмаған соң әруағы түзілмейді. Әруағы түзілмеген соң ешқайсысынан қуат ала алмаймыз.
Бұл идеология бұрын бізде ата-баба әруағына сенім арқылы қалыптасқан болатын. Біз жоғарыда айтқан зат пен мән сол ата-баба әруағы болатын. Сол сенім идеологиялық әруақты түзді. Біз содан қуат алдық. Басын ашып айтайық. Бұл жерде дін жоқ. Біздің әруақ шақыруымыз бен орыстық шовинизмнің мәні бір. Біз тек соны түсіне алмай жатырмыз дә. Біздің жауларымыз әлгі зат пен мәнді, яғни әруақты жоққа шығарып еді, біз барлық қуаттан ажырап, ыдырап кеттік. Өкінішке қарай біз ол ата-баба әруағын идеологиялық қуат ретінде өмірге қайта алып келе алмаймыз. Себебі, біз оны дін деп түсініп қалдық. Дұрысы — жауларымыз солай түсіндірді. Сондықтан бізге жаңа әруақ түзетін зат пен мән керек. Алайда егер адам толығымен дінге беріліп кетіп, бұл дүниелік өмірден қол үзіп, о дүниені ғана армандаса, онда бұл адамның қоғам мен мемлекет дамуына қосар үлесі айтарлықтай төмендейді.
Біз заттың иесін таныған адамды сопы, ишан дейміз. Материалдық тұрғыда қай затқа да жеке адам иелік етеді. Ал рухани тұрғыда ол — Алланыңкі. Сонда ол қалайша Алланыңкі болады? Жауап айқын. Қай зат та руханияты, яғни әруағы арқылы Алланыңкі болады. Себебі, Алладан басқа ешнәрсе жоқ. Сондықтан да біз барлық жаратылыстың әруағын сыйлаймыз. Егер әруақты жоққа шығарсаң, онда Алланы да жоққа шығарасың. Ондай жағдайда кез келген зат жеке дара Аллалық сипатқа ие болады, не болмаса өзге бір жаратушыға тән деген ұғым қалыптасады. Сондықтан әруақсыз Алланы танимын дегендердің бәрі Аллаға серік қосушылар санатына қосылып кете береді.
«Өз тілімізде ғибадат жасай берейік» дейтіндерге тағы да бір ауыз сөз қосайық. Мәселен, бір ұлтты оның тек тілі ғана топтастырады. Сондықтан тіл жойылған кезде ол ұлт та жойылады. Мән берсек, ислам дінінде ғибадат Алланың кәләмі (сөзі) арқылы жасалады. Сондықтан Алланың сөзін алмастырамыз деу, таза күпірлікке алып баратындығын ешкім де жоққа шығара алмаса керек. Соған орай ислам дініндегі ғибадатта бір ұлттың тілі ешқашан қаперге алынбайды. Себебі, ғибадат тілі (ол Алланың кәләмі) барлық ғибадат жасаушыны тіліне, ұлтына, нәсіліне қарамастан бір орта, бір бағыт, бір танымға топтастырады. Ал егер олар діни ғибадатты өз тілдерінде жасаса, дін жойылады. Мәселен, біздің елде 125 ұлттың өкілі тіршілік етеді. Егер біз сол 125 ұлт өкілдерінің де тілін мемлекеттік тіл жасасақ, қазақ ұлты жойылады. Ұғынықтылық үшін «қазақ» ұлтының орнына «ислам дінін» қойсақ жетіп жатыр. Сондықтан кімге де болсын бүйректен сирақ шығарудың қажеті жоқ. Жалпы ондай түсінік ислам жауларының сан ғасырдан бері жүзеге асыра алмай келе жатқан арман-тілектері.
Мәселен, Алла мен адам. Қайсысы күшті? Осылай сауал қоюға бола ма? Болмаса, «Біз Алла мен адамның қайсысынан көбірек қорқамыз?» деуге бола ма? Сондай-ақ «Бізге Алланың бергені қымбат па, жоқ әлде адамның бергені қымбат па?» деген ше? Осындай бізге жауабы айқын сияқты көрінетін сауалдарды бірінен кейін бірін жалғастыра беруге болады. Біз бұл сауалдар жауабы айқын дедік. Бірақ олай емес. Шынтуайтына келгенде біз барлық уақытта Алладан адамды биік қоямыз. Көз жеткізіп көрелік.
Бірінші сауалға жауап. Адам күшті. Алла «Таң атпай тұрып намаз оқыңдар» деді. Айтты-ау дегеніміз жоқ. Бастығымыз «Сағат 9-дан қалмай жұмысқа келіңдер» деді. Сүрініп-қабынып сағат тілі 9 болмай жетіп бардық. Алла «Бүркеншіктеріңді жамылыңдар» деді. Мәу дегеніміз жоқ. Бастық «Қызметтік киім бірыңғай болсын» деді. «Хоп» дедік. Осылай Алла айтса — «жоқ», бастық айтса — «xоп» деп кете береміз.
Екінші сауалға жауап. Бізде Алладан қорқу керек-ау деген түсініктің өзі жоқ. Ал адамнан, иә, адамнан қатты қорқамыз. Мәселен ұры өз қылмысын адамдардың біліп қоюынан қатты қорқады. Жеңіл жүрісті адам да өз жүрісінің адамдарға әшкере болып қалуынан қорқады. Сондай-ақ біз Аллаға емес, адамдарға ұнамай қалудан, адамдар алдында мәдениетсіз көрінуден, адамдарға ұнамай қалатындай үйлесімсіз киінуден қорқамыз.
Үшінші сауалға жауап. Бізде өзіміз иелік еткен нәрсені Алла берді-ау деген түсінік болмайды. Ал бөгде біреу кредитімізді жауып берсе ше? Сол адамның төбесі көрінгеннен бастап, алдында құрақ ұшатынымыз сонша, құл болып кетуге дайын тұрар едік.
Енді осы айтқанымыздан ой қоры-тайық. Қалай ойлайсыз, біз осылай қабылдаған Алладан бізге ана дүниеде қайыр бола ма? Әрине, болады. Бірақ біздің өз ісімізге де жауап беруге тура келеді дә. Сондықтан кеш болмай тұрғанда адамның алдына Алланы шығарсақ қалай болады екен,ә?!
Қазір біздің қоғамымызда кейбір діндарлар белгілі бір діни ережелерді қаз-қалпында қабылдап, соның салдарынан қоғам мен мемлекетке, оның заңдары мен дәстүрлі негіздеріне қарсылық көрсете бастаған мысалдары жеткілікті. Өздеріне қатысты әр қадамында заңсыз болса да діни догмаға сүйеніп жауап табуға тырысады. Осыдан діни негіздегі экстремизм мен терроризмге құрылған қылмыстық фактілер пайда болады.
Әуелі мына бір жәйтқа назар аударайық. Бәрімізге белгілі, біз тәуелсіздік алғанға дейін КСРО атты алып мемлекеттің құрамында болдық. Бізді 70 жыл бойы қызыл коммунистер биледі. Содан не керек, бүткіл КСРО аумағында дінсіз қоғам орнады. Алайда бір таңқаларлық жәйт, олар түгелдей дерлік әруаққа сенді. Сол сенім КСРО-ны қуатты мемлекетке айналдырды. Шынтуайтына келгенде, олардың қуаты өздері түзген әруақта тұрды. Себебі олар рухани қуатты материалды формаға айналдыра алды.
Енді осы айтқандарымызды көңілге қонымды ой-пікірлермен тарқатып көрелік. Басы ашық жәйт, адам баласында жаратушылық қасиет бар. Ол — Алладан берілген сегіз субути сипаттың бірі. Білген жөн, адам баласы өзіне берілген сол қасиетке орай ең әуелі өзі қолға алған істің әруағын жаратады. Ол — ниет арқылы қалыптасады. Ниет — бүгінгі тілде идея делінеді. Содан не керек, адамзат басына (Маркс) коммунизм туралы идея сап ете қалды. Сол-ақ екен төбемізде соның көмес әруағы пайда болды. Жүре келе сол әруаққа қызмет ететін адамдар шоғыры қалыптасты. Содан не керек, әлгі идеяның ғылыми негізі қалыптасты. Ол — әруақ мүмкіндігін арттырды. Соған орай әруақ жаратушылық мәнге ие болды. Ол «мәнге» материалдық тұрғыда коммунистік партия деген ат берілді. Бүкіл КСРО аумағында, әлемде «мән» қуаты мен мүмкіндігі партия атынан жүзеге асты. Сонымен әу бастағы көмес, әлсіз әруақ КСРО көгінде қуатты күшке айналып, тұтасып тұрды. Ал оны тұтастырып тұрған халықтың сенімі еді. Ол сенім соған шынайы берілген жеке тұлғаларды ұдайы дәріптеу арқылы кемелденіп тұрды. Сондықтан да КСРО әруағы өзге елдерден басым болды.
Енді осы алып мемлекеттің күйреуіне келейік. КСРО-ны қанша тыраштанса да қарулы жау ала алмады. Себебі… Жалғыз-ақ себебі бар. Ол — төбеде қорғап тұрған қуатты әруақ. Оны жау да білді. Шабуыл басталды. Сенімге сызат түсті. Бүткіл халық бастапқы ниеттен бас тартқан кезде КСРО көгіндегі әруақ та ыдырап кетті. Нәтижесінде… Оны білеміз.
Біз адам мүмкіндігі арқылы түзілген әруақты тілге тиек еттік. Егер Алла түзген әруақты айтсақ бар ғой… Шет жағасын айтайық. Ол – мына әлем. Білген жөн. Оны да адамдардың сенімі ұстап тұр. Сол сенім түгесілген кезде қиямет қайым басталады. Біздің әруақты қаперге ала беретіндігіміз сондықтан. Соған орай айтарымыз, Қазақстан мұсылмандарының басын қосатын бірден бір орталық – Діни басқарма. Сондықтан да барша мұсылмандар имамдарға қарап бой түзейді. Байыбына барсақ, көпшілік қауым діни мәселелер төңірегінде туындаған қандайда бір сауалдар жауабын да Діни басқармадан күтеді. Жасыратын түгі жоқ, Діни басқарма қазіргі күні діни тұрғыда мемлекет саясатын жүргізетін әлеуетті күшке айналып отыр. Дұрысы, күшке айналуы керек. Алайда, имамдар мемлекет сұранысы талап биігінен көріне алмай келе жатқандығы жасырын емес. Соған орай мемлекет саясаты ыңғайына келетін әңгімені Мұхаметжан Тазабеков айтты. Болмаса ондай діни уағыз Діни басқарма тарапынан айтылуы тиіс еді. Мұхаметжан бауырымызға Алла риза болсын! Аянып қалған жоқ. Әйтсе де оның уағызын жұрттың бәрі бір кісідей қабылдай қойған жоқ. Бұл жерде Мұхаметжанның ділмарлығы мен шешендігіне сын таға алмайсың. Бірақ нәтиже шамалы. Әлеуметтік желі бетінде керағар пікірлер өріп жүр. Неге?! Негеден бұрын, «Осы уағыз Діни басқарма тарапынан айтылса қалай болар еді?» деген сауалды бір ауық өзімізге қойып көрелікші. Ал қойдық. Жауап айқын. Несін жасырамыз, сіздерді де халықтың қолдай қоюы неғайбыл. Біз бұл мәселені әзірге қолмен бүркеп келеміз. Діни тақырыпта қалам тартатындардың ешқайсысы да Діни басқармаға, имамдарға соқтықпай, олар кемшілігін көрмегендей сыңай танытумен келеді. Себебі… Жалғыз-ақ себеп бар. Біз халықтың дінге деген сеніміне көлеңке түсіріп алмауымыз керек. Сондықтан біз шамамыз келгенше Діни басқарманы да, имамдарды да өзгелерге үлгі етумен келеміз. Бірақ қалай болғанда да күнді қолмен көлегейлей алмайсың. Біздің күнге балап отырғанымыз, дәстүрлі дін. Ал Діни басқарманың діни ұстанымы біздің ата-бабаларымыз ұстанған дінмен үндесе бермейтінін ендігі жерде жасыруға болмайды. Жасыру — өзімізді-өзіміз алдау. Ал ондай алдау соңы — бүгінгідей сын сағатта мемлекет мүддесін көздеп сөйлеген сөзіңе ешкімнің құлақ аспауына әкеліп соғады. Сондықтан кеш болмай тұрғанда Діни басқарма халықтық сенімге қарай бет бұрғандары жөн.
Ал ол қандай сенім? Басын ашып айтайық. Біздің имамдарымыз әруақты ұлықтамай ешқашан халық көңілінен шыға алмайды. Әруақтың діни тілде «Иқсан» деп аталатынын, оның ислам дінінің құрамдас бір бөлігі екенін имамдардың бәрі жақсы біледі. Иқсан -діннің рухы. Ол жеке адамның әруағы емес. Әруақ — жаратылыстың негізі. Оны бүкіл имамдар менен де жақсы біледі. Бірақ айтпайды. Айтуға тыйым салынған. Енді мойындау керек. Сіздер жаңа дін жасай алмадыңыздар. Сондықтан дәстүрлі ата-баба дініне қайта оралу керек.
Рас, бізде білікті имамдар аз емес. Қарилар да баршылық. Бірақ демдерінің дуасы жоқ. Білген жөн. Құранды тотықұс та оқиды. Алайда ол құран мақамында да қауқар болмайды. Тілімізде әлсіз адамды «қауқарсыз» деп атайды. Қауқарсыз деген, гауhарсыз, яғни рухсыз деген сөз. Ал рухсыз сөз халыққа жетпейді. Сондай-ақ гауhарсыз жасалған ғибадат та жаныңды баурай алмайды. Сондықтан біз осы бір өзекті мәселені Діни басқарма назарына құлаққағыс ретінде айта кеткенді жөн көрдік. Оның үстіне біздің пайымдауымызша Бас Мүфтиіміз дәстүрлі дінімізге терең тамыр жіберген парасатты адам. Сондықтан ол кісі бұл салада діни реформа жасауға тәуекел ете алады деп ойлаймыз. Мұндай реформа бәрінен бұрын билікке қажет.
Білген жөн. Ілгері дәуірде, тіпті алысқа бармай-ақ біз жоғарыда тілге тиек еткен Аппақ ишан салдырған медресенің өзінде хазреті Раббанидің Мәктубәті мен Жалаладдин Румидің Мәснәуиі оқытылатын. Қазір имамдар арасында бұл кітаптарға тісі бататын маман жоқ. Себебі, бұл екеуі де рухани кітап. Сондықтан бұл қос кітап құлпы екінің біріне ашылмайды. Ашылмайтыны, бұл тұрғыда тағлым жүргізетін адамға оның кілті руханият арқылы беріледі. Діннің негізгі саласы — Ихсанды мойындамайтын діндәрлар ондай кілттің бар екендігін де пайымдай алмайды. Ал ол кітаптар кілтіне ие жалғыз маман — Құрбанәлі ишан. Сондықтан Діни басқармаға ол кісі тағлымын пайдаланатын уақыт жетті деп білеміз. Өкінішке қарай Қырғыз елі бұл тұрғыда біздің алдымызға түсіп кетті. Олардың жоғарғы діни оқу орындарының студенттері, тіпті имамдарының өздері де бұл күнде Құрбанәлі ишаннан дәріс алуда.
Басын ашып айтайық. Біз жоғарыда тілге тиек еткен қос кітапқа өзге ешқандай діни маманның тісі батпайды. Мың жерден арабша біл. Кітап мәні сол бүркеулі күйінде қалады. Байыбына барсақ, ондай рухани кітаптар түгілі, жазушылардың қарапайым шығармаларын түсінудің өзіне сыншылар тағлымы қажет етіледі ғой. Тіпті сол қарапайым әңгіме, хикаяттарды талдаған сыншылар ғылыми дәрежеге қол жеткізіп жатады. Оның қасында мына рухани қос кітап мәнін ашатын ишаннан тағлым алғаннан ешкімнің дәрежесіне көлеңке түсе қоймаса керек. Оның үстіне ишандар қай кезде де діни қызметтен бойларын аулақ ұстайды. Сондықтан кім де болсын өзінен бақталастық пиғылды алып тастағаны жөн.
Егер біз сәтімен пайдалансақ, имам-дар мүмкіндігі өте зор. Алдыңа жиналған халыққа мінберге шық та уағызыңды айт. Тек ол бүгінгі айтып жүрген уағыз болмасын. Оған ешкім құлақ аспайды. Сенбесеңіздер, әлеуметтік желіге назар салыңыздар. Сондықтан халықпен тұтасу жағын ойластыру қажет. Ол тек әруақ арқылы тұтасады. Жоғарыда да айттық. Әруақтың діни тілдегі аты — Ихсан. Егер Діни басқарма Ихсанды қабыл алса бар ғой, онда бүкіл имамдар бір пәсте бір-бір ишанға айналып шыға келер еді. Ал ишанның уағызы… Онда жан бар. Онда рух бар.
Азаматтық қоғамның арасына түскен шаладай тұтанған түрлі секталар ертең елімізді отқа орамай ма деген қорқыныш та жоқ емес. Қазір діни сала – елдің ішкі саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. Бұл салаға барлық мемлекеттік органдар тарапынан үлкен көңіл бөлінеді. Мемлекет діни экстремизм мен лаңкестік көріністеріне жол бермейді, ол ұлтаралық және конфессияаралық келісімді үнемі қадағалап отырады. Сонымен бірге, азаматтық қоғамның, ең алдымен қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және саяси партиялардың діни саладағы жағымсыз құбылыстардың алдын-алуға белсенді түрде араласпайтынын көріп отырмыз.
Біз қоғамда радикализм мен экстремизмнің кез-келген түрін жалпы жұртшылық болып қабылдамау қабілетін қалыптастыруымыз қажет.
Біз қаншама жылдардан бері руханият пен Ишандық мектеп туралы қалам тартып келеміз. Себебі, бұл мәселелер дәстүрлі дініміздің негізі, әрі тірегі. Сондықтан да біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сол бағзылық болмыспен қайта қауышу мәселесіне назар аударуымыз қажет. Сонда ғана мемлекеттің діни ұстанымы мен халық қалауы бір арнаға тоғысады. Ол үшін әуелі біз тілге тиек еткен руханият мәніне үңіліп көрелік.
Руханият – құран тілінде «ғайып, көмес әлем» делінеді. Соған орай әлгі әлемге иман келтірген, яғни сенген адамдарға «тақуалар» деген анықтама беріледі. Ал соған сенген бірден-бір ел — бізбіз. Біз ол әлемді өз тілімізде «әруақ әлемі» дейміз. Сонымен қатар оны біз «өлілер әлемі» деп те атаймыз. Соған орай: «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген мақалды да өмірге алып келгенбіз.
Енді бүгінгі тірлігімізге назар аударайық. Иә, байлықтың ауылы алыс. Себебі, біз «өлілер әлеміне» назар аударуды ұмыттық. Ұмытылған соң, әрине, олардың риза болуы туралы әңгіменің өзі артық. Рухани тұтас әлем ризашылығын былай қойғанда, біз ашаршылық құрбандары өзін мемлекеттік тұрғыда аза тұта алмай келеміз. Қуғын-сүргін құрбандарының да бізден құран дәметкеніне біраз болды. Негізінде солар ризашылығы, жалпы рухани әлем ризашылығына жол ашады.
Енді Ишандық мектепке ойысайық. Ишанның қазақы ұғымдағы тағы бір аты — Пір. Өткен тарихқа назар аударсақ, бүткіл қазақ даласында ишансыз, яғни Пірсіз ауыл болмағанына көз жеткізесің. Ауыл қариялары: «Біз пәлен ишанның мұртымыз» дегенді әлі күнге дейін айтып қалады. Өкінішке қарай, тіліміз қолданысындағы сол «мұрттың» пірдің мүриді екендігін біреу білсе, біреу білмейді. Алайда, бұл күнде Ишандық мектеп жойылғанымен соны ұстанған жеке тұлғалар ел арасында әлі де бар. Сопылық ұстанымда силсила бойынша пірлік қызметті жалғастырудың өзіндік қалыптасқан жолы бар. Ол жол «руханият белгілері» арқылы жүзеге асады. Қазақы ұғымда біз оны Қожа Ахмед Яссауй пірімізге Арыстан баб арқылы берілген қүрма ретінде қабылдаймыз. Сондықтан өзін Пірмін деген ишандардан силсила мен әлгіндей «құрма» талап етіледі. Ал ол «құрма» руханиятта (мына өмірде де) әрқилы көрініс береді. Онсыз ишандар пірлігі мойындалмайды. Ал оны алу үшін «өлілер әлемінің» ризашылығы қажет.
Қатым құранның жайы белгілі. Ал қатым қожа болса елге келер бәле-жаланы аластап тұрады. Мәуліт шариф болса, пайғамбар ризашылығы. Тахлил – кәлима шаhадат. Олардың бәрін қазақ руханиятына дұға жасаушы бір-бір періште деп қабылдауға болады. Демек бізге «өлілер ризашылығын таптық» деуге толық негіз бар. Енді қалғаны – тіріге келер байлық. Біз оны иман байлығы деп түсінеміз. Әрине, марериалды байлық та сонымен ілесе келеді.
Қазақтардың дәстүрлі ислам сенімі әруақтарға деген құрметті жоққа шығармайды. Бұл – қазақ этносы дамуының тарихында, далалық рухани дәстүрлер әсерінен қалыптасқан ерекшелік. Бұдан қорқудың қажеті жоқ, бұл бізді ислам дінін ұстанатын басқа ұлттардан ерекшелейтін нәрсе.
Қазақстанның кең даласына қарап көріңіздерші – онда жүздеген жылдар бұрын өмір сүріп, біздің жеріміздің тарихын қалыптастырған адамдарға арналған қаншама киелі кесенелер мен ескерткіштер бар. Оларды жадында сақтай отырып, қазақтар бұл үрдісті ешқашан Жаратушыға деген сенімдеріне қарсы қоймаған. Сондықтан, әрине, бұл мәселеде бөлшектеушілікке жол бермеуіміз керек.
«Алла сендерге қиындық қаламайды». Бұл – аят. Егер Алла қиындық қаласа жер бетінде бірде-бір адам ислам дінін қабылдамаған болар еді. Алайда ол қиындықсыз ешкім де Алла ризашылығын таба алмайды. Сонда бұл қайшы ұғымды қалай түсінеміз? Оп-оңай. Ол үшін «Қиындықтың ауырын пайғамбарлар көреді» деген тағы бір аятқа мән берсек болды. Сонда ол қандай қиындықтар? Басын ашып айтайық. Ислам дінінің мұсылмандар ұстанатын қағидаттарының бәрі сол «қиындық» санатына жатады. Ол «қиындықты» ислам дінінің өзге ұлы тұлғалары да өз иықтарымен көтерген. Ал біз, яғни өзге қарапайым жалпы мұсылмандар, солар басып өткен жолды ұстансақ болды, әлгі «қиындықты» жеңгендер санатына қосыламыз. Сол үшін де біз мәзhаб ұстанамыз. Соған орай мәзhабсыз оқыған бірде-бір намазың қабыл болмайды. Себебі әлгі «қиындықты» басып өтпеген адам өз намазын Алла риза болатындай деңгейге ешқашан жеткізе алмайды. Ал кім де болсын сіз бен біз үшін салынған әлгі жолдың бірін ұстанса, оның кем-кетікке толы «ғибадаты» әлгі қиындықты жеңгендер құрметі үшін қабыл бола береді. Бұл: «Алла сендерге қиындық қаламайды» деген бір аяттың мәні.
Ұғынықтылық үшін айтайық. Алда Қүрбан айт мейрамы келе жатыр. Байыбына барсақ, құрбандық шалу мәні, әр адам өзін Аллаға жеткізуге «кедергі болатын» ең асылын «Алла жолында құрбандыққа шалуы тиіс. Сонда ғана ол өзін материяға байлап тұрған «жіпті» үзе алады. Ал сіз бен біз үшін ол «жіптің» аты — бала. Шынтуайтына келгенде біз ол «жіптен» ешқашан ажырай алмаймыз. Алайда бұл қиындықты да жеңген адам бар. Ол — Ибраhим пайғамбар. Біз сол ұстанған жолдан ауытқымай, бір қойды құрбандыққа шалсақ болды, сол ұлық жан иеленген сауапқа, яғни Алла ризашылығына қауышамыз. Сондықтан қайталап айтайық, жекелеген адамдар өз бетінше қандай дінді ұстанса да ешқашан, ешуақытта аңсаған мақсат-мүддесіне жете алмайды. «Оларға қандай өкініш». Бұл енді өзге аят.
Білген жөн. Қазақ xалқы дәстүрлі дінді ұстанады. Діндәрлар уағызы мен xалық түсінігі арасында осы жерде қайшылық туындайды. Себебі… Жалғыз-ақ себеп бар. Уағыз айтушы қай діндәр да әруақты ауызға алмайды. Рас, құран оқылады. Бірақ ол құран әруақтарға бағышталмайды. Оның үстіне біздің имамдар уаxабилік ағымға қолдау білдіру туралы жасырын тапсырма алған сияқты әсер қалдыра бастады. Иә, қолдау білдірудің де өзіндік әрқилы әдіс-тәсілдері бар. Ол — ата-баба жолын, дәстүрлі дінді жоққа шығару.
Сопы дәретсіз жер баспайды. Сондай-ақ бес уақыт намаздан бөлек әр дәрет алған сайын «Дәрет шүкір» намазын, ақшамнан кейін Пайғамбарымызға (сғс) xадия ретінде «Туxайфул Расул» намазын, түн ауа «Таxажут» намазын, күн арқан бойы көтерілгеннен кейін «Ишрақ» намазын оқиды. Олардың қолы істе, жүректері ұдайы Алламен болады. Сіз Софы Аллаярды оқысаңыз «Дәс бакари дил баяр» дегенді білетін шығарсыз… Егер білсеңіз, сопыларға қарата ғайбат сөз айтуға қалай ғана тіліңіз барды?!
Оразаға келейік. Егер сіз сопылармен бірге ауыз ашқан болсаңыз, олардың ауыздарын өзгелерден 30-45 минут кеш ашқанына куә болар едіңіз. Рас, әр молда ауыз ашар сайын «Ауыз ашуға асығыңдар» деп қайталайтын xадисті олар да жақсы біледі. Бірақ бір ескерер жәйт, ауыз бекіту мен ауыз ашу күннің шығуы мен батуы арқылы өлшенбейді. Білсеңіз, ауыз бекітер кездегі күн мен түннің алмасуы ауыз ашар кезде де қайталанады. Бірақ оған сопылардан басқа мән беріп жатқан адамды осы уақытқа дейін көрген емеспін.
Өз басым қазақы ауылда, діндәр отбасында өстім. Атамыз Ишан болғандықтан бала кезде құран сауатымызды ашып, намазға жықты. Мен сол жолды көріп, сол жолды ұстанып өскен қазақпын. Сондықтан Діни басқарманың басқа бағытқа бұрылып кеткенін қаламаймын. Оны Бас Мүфтиіміз Наурызбай қажы да қаламайтын шығар деп ойлаймын…
Сабыр Адайдың: «Әр қазақ менің жалғызым» дегенін көңілге қонымды сөз ретінде қабыл алдық. Енді осы сөз астарына мән берсек, кез келген бір қазақтан барлық қазақты тануға болады. Яғни, әлгі: «Теңіздің суы — тамшысынан» деген сияқты ғой. Кейде біз жеке бір адамның топастығын, өзге де кем-кетіктерін әлеуметтік желі бетінде бетіне басып, бірімізден біріміз асып түсіп жатамыз. Мән берсек, біз сол кезде барша қазаққа тіл тигіземіз. Себебі, жалғызды көптен бөліп қарауға болмайды. Егер олай болмаса, «Әр қазақ менің жалғызым» деген сөзді айналымнан алып тастау керек. Мәселені осы тұрғыда саралағанда, xакім Абай тек Семей қазағына ғана кіна артты деуге болады. Себебі ол өзге аймақ қазағын көрген де жоқ қой. Ал егер олай емес десек, онда жекелеген қазақ кемшілігін де тізбелегенді қою керек. Себебі ол сенің өзіңнің кемшілігің. Әрине, егер қазақ болсаң.
Өкінішке қарай жат діни ағым өкілдері далалық исламның осы ерекшелігін қазақтардың дәстүрлі дүниетанымына соққы беру мақсатында пайдалануға тырысып жүр. Қайталап айтамын, бұған жол беруге болмайды.
Сәби дүниеге жұдырығын түйіп келеді. Ал өмірден озған адамның алақаны ашық қалады. Бұл — жазылмаған заңдылық. Алайда оған мән беріп жатқан адам аз.
Бәрімізге белгілі жәйт. Адам баласының өмірге келуі арқылы руx заттанады. Яғни, материямен тұтасады. Соған орай руx өзінің бастапқы негізінен ажырап, материяға байланады. Ол үрдіс өмірге келген сәбидің жұдырық түйуі арқылы көрініс береді. Жұмылған жұдырық сәбидің меншік иесі екендігін айғақтайды. Ол меншік иесінің аты — Мен. Ол «Мен» діни тілде нәпсі деп аталады. Адам болмысындағы руx туылған сәттен бастап сол жұмылған жұдырыққа, яғни «Мен»-ге қызмет етеді. «Мен»-нің, яғни нәпсінің тағы бір аты — құлқын. Сондықтан да ол ешқашан тойым дегенді білмейді. Өмірге келген сәби алақанының өлгенше ашылмайтындығы сондықтан. Бұл «ашылмауды» шамалы кеңдеу түсінген жөн. Адамның меншік иесі екендігі, яғни кіндігі жерге байланғандығы мәлім болғаннан кейін оның ұдайы жұдырық түйіп жүруі шарт емес. Себебі, оның өзі тұтастай «жұдырыққа» айналып кетеді. Діни тілде сол «жұдырық адам» кәпір делінеді. Адамның мұсылман болу қажеттілігі осы жерден келіп туындайды. Себебі, адам мұсылман болған кезде жұдырығы жазылады. Яғни, мұсылман адам ғана материядан ажырай алады. Осы жерде кілтипан бар. Себебі, өздерін мұсылмандар санатына қосатын 73 тармақтың тек біреуі ғана сәби кезінде түйілген жұдырығын өлмей тұрып аша алады. Себебі ол өз руxына иман келтіртуге қол жеткізеді. Ал қалғандарының иманы да, жасаған ғибадаттары да «Мен»-нің меншігінде қалып қояды. Оның басты себебі — адам баласы өзінің өмірге келуінің мәнін түсіне алмауында.
Сәл-пәл түсінік. Адам баласы жұдырығы түйілген сәттен, яғни туылған сәттен бастап Алламен байланысын үзеді. Тіпті өмірге пайғамбарлар келмесе Оны бар деп те білмейді. Пайғамбар деп біздің бастапқы руxымыз тәрізді Алламен ұдайы байланыста тұратын адамды айтамыз. Адам баласы пайғамбарды мойындаған сәтте біздегі руx өзінің бастапқы негізімен үндеседі. Сол кезде руx «Мен»-ен ажырайды. Пайғамбарымыздың (сғс) «Өлмей тұрып өліңдер» деген xадисі соған орай айтылады. Себебі қалғандарда ол «жұдырық» тек өлген кезде ғана ашылады.
Әңгіме шамалы қоюланыңқырап кетті. Енді барынша жеңілдетіңкіреп айтайық. Сонымен, сәбидің жұмылған жұдырығын материя, яғни мына әлем дедік. Біз соған туған сәттен бастап байланып қалады екенбіз. Біз одан өлгенше ажырамаймыз. Себебі, ол біздің отбасымыз, Отанымыз, бала-шағамыз, дүние-мүлкіміз, дос-жаранымыз… Осылай соза беруге болады. Енді осы айтқандарымызды қаперге алғанымыз үшін бізді ешкім де дүниеқоңыз деп айыптай қоймас?! Солай ма? Иә, айыптамайды. Бірақ мойындауға тура келеді. Біз тілге тиек еткен нәрселердің бәрі бізді мына әлемге байлап тұрған бір-бір жіптер. Шынтуайтына келгенде, біз сол жіптерді үзбейінше түйілген жұдырығымызды жаза алмаймыз. Осы жерде Пайғамбарымыздың (сғс) «Сендер дүние-мүліктеріңнен, әке-шеше, бала-шағаларыңнан мені артық жақсы көрмейінше кәміл мұсылман бола алмайсыңдар» дегенге саятын xадисінің мәні ашылады.
Соңғы түсінік. Маймыл аулайтын аңшыларда мынандай бір тәсіл бар. Олар іші тазартылған кактустың бір шетін тесіп, арнайы ширатылған жіптің бір ұшын сол тесілген кактусқа, екінші ұшын екі-үш метрдей жердегі ағашқа байлап қояды. Сосын әлгі кактустың екінші шетін дөңгелете теседі де ішіне маймылдың сүйсіне жейтін жеміс-жидегін салып қояды. Маймыл байғұс ашылған алақаны ғана сиятын әлгі тесікке қолын салғанымен жемісті алған түйулі жұдырығын қайтадан суырып ала алмай қалады. Сөйтіп өзінен-өзі дүние қақпанының тұтқынына айналады. Мұны базбіреулер маймылдың ақымақтығына балауы мүмкін. Ал сонда біздікі не жорық?! Неге түйулі алақанымыз жазылмайды? Оның себебі… Иә, оны жоғарыда айттық. Сондықтан барлық іс-әрекеттері арқылы уақыт сынынан өткен рухани құндылықтарымыз бен мәдениетімізді сақтауымыз керек. Қоғамдағы бейбітшілік пен келісімге ықпал етпесе болмайды. Діни немесе өзге де негіздер бойынша қақтығыстарға жол бермеуі тиіс.
Мемлекеттің заңдарын сақтауы және құрметтеуі қажет. Үздік білім мен мамандық иесі болуға тырысуы керек. Өз бойында ең жақсы адами қасиеттер мен құндылықтарды дамытуы қажет.
Білген жөн. Жерде жәннат болмайды. Алайда адам баласы алғашқы дәуірлік кезеңнен бастап жер бетіне жәннат орнатуға талпынумен келеді. Бір патша, Намұрыт-ау деймін, өз қиялындағы сол жәннатты жер бетінде жасап та баққан. Алайда ол жәннат табалдырығынан аттау оған нәсіп болмады. Осыдан-ақ жер бетінде жәннат орнатуға болмайтындығын бағамдауға болады. Дегенмен адам баласы жақсы тұрмыс кешуден ешқашан да үміттерін үзген емес.
Заман өзгерді. Қоғамдар алмасты. Әйтсе де адам баласы сол бағзылық арман-тілегіне қол жеткізе алмай келеді.
Жарайды. Жәннаты бар болғырды қоя тұралық. Бірақ қалай болғанда да кімге де болсын адамша өмір сүруді армандауға болады ғой. Енді сауал. Сонда біз «Адамша өмір сүру» дегенді қалай түсінеміз?
«Адамша өмір сүру деп…» Бұл жерде әр адамның қиялына ерік берген жөн шығар. Ендеше қиялдап көрелік. Біз енді заманауи жетістікке қол жеткізген мемлекетте өмір сүріп жатырмыз ғой. Демек қиялымыз да соған лайықты болу керек дә. Сондықтан біз өзіміздің арман-тілектеріміздің орындалмауын демократияның жетімсіздігінен көреміз. Сондықтан әуелі «Сол батыстық үлгідегі демократияға қол жеткізсек екен» деп армандап қоялық. Иә, армандаған жақсы. Себебі, армандар орындалады. Міне, біздің де арман орындалды. Енді солай болды делік. Бұрын қалай білмегенбіз. Мына демократия дегенің талай есікке жол ашады екен ғой. Тұрмысымыз бірден түзеле бастады. Әділдік салтанат құрды. Тағы да сауал. Сонда біз «Әділдік» дегенді қалай түсінеміз?
«Әділдік деп…» Енді біздің өкпеміз билікке қарап айтылады ғой. Біз енді әділдікке қол жеткізгенен кейін биліктің де өзгеретіндігі күмәнсіз. Өзгергенде тура… Иә, біз армандағандай. Бұрын қалай білмегенбіз. Билік әділдікке қарай бет бұрса, жақсылықтың бәрі өзінен өзі ағылып келе береді екен ғой. Бұл не деген байлық?! Елімізге Алланың берген байлығын айтамын дә. Дубайың далада қалды. Енді армандап отырмыз ғой. Армандағандағы мақсат, адам баласына жер бетінде не қажет екенін анықтау. Шынтуайтына келгенде, оны анықтаудың да қажеті шамалы. Ол — белгілігі ғой. Жарайды. Жер бетінде жәннат болмаса болмай-ақ қойсын. Бірақ жақсы тұрмысқа қол жеткізу пәлендей қиын емес қой. Біз адам баласы армандаған жақсы тұрмысқа, шамалы бүгінгі өмір салтына келтіріңкіреп айтсақ, демократия мен әділдікке қиялымызда болса да қол жеткіздік. Қағанағымыз — қарық, сағанамыз — сарық. Ішкеніміз — алдымызда, ішпегеніміз — артымызда. Тағы да сауал. Сіз бақыттысыз ба?
Әрине, бақыттымыз. Осылай десек те нақтылы жауап беруге шамалы асықпай қоя тұралық, ә? Себебі… Себеп көп. Ең бастысы, біз өзіміздің арманымыз арқылы қол жеткізген сол жақсы тұрмысты қазіргі шынайы өмірде кешіп жатқандардың да бақытқа онша қол жеткізе қоймағандарын ептеп білеміз. Енді телесериалдардың дені солай ғой. Жарайды, біз енді тап олардай ашқарақ емеспіз. Ең бастысы — Құдайымызды ұмытқан жоқпыз. Оппа! Әйтеуір Құдайды еске алдық-ау. Осы жерде тағы бір сауал қоюдың реті келіп тұр. Жалпы «Барлық арман-тілегі орындалған адамға Құдайдың, соған құлшылық етудің қаншалықты қажеті бар?
Сәл-пәл түзету. Жер бетінде «Барлық арман-тілегі орындалған адам» болмайды. Адам баласы барлық кезде, барлық уақытта өзінің Аллаға мұқтаж екенін сезініп отырады. Дұрысы — мұсылмандар сезінеді. Бұдан мұсылмандардың жер бетінде ұдайы жетімсіздікте болуы қажеттілігін ұғамыз. Адам баласы жаратылғалы бері сол «жетімсіздіктен» арылуға әрекет жасаумен келеді. Әрекет деген жай сөз. Ол -адам баласының басты арманы. Шынтуайтына келгенде, жер бетіндегі жәннат — сол «жетімсіздік».
Ол «жетімсіздіктің» мағынасы кең. Білген жөн. «Жақсы тұрмысқа қол жеткізу», тіпті біз жоғарыда айтқан «демократия» мен «әділдік» те ол «жетімсіздік» санатына кірмейді. Оны қазақ бір ауыз сөзбен «Жалған» деген. Жалғанның мәні — баянсыз, өткінші. Демек оған малдануға болмайды. Мән берсек біз ұдайы біреулердің басынан өткен сол өткінші, жалған, алдамшы бақты армандайды екенбіз.
Алайда армандар орындалып келеді. Қорықсақ, содан қорқайық. Қазір біз қол жеткізген нәрселерді кезінде әлемді билеген патшалардың өзі армандай алмаған. Ал біз сол «жетімсіз» кезеңді жердегі жәннатқа баладық. Соған орай пайғамбарлар да сол кезде келіп кетті. Енді сауал. Сонда біз неге қол жеткіздік?
Шынтуайтына келгенде, адам баласы қол жеткізген нәрселерді санап түгесе алмайсың. Байыбына барсақ, біз сол «жетістіктеріміз» арқылы Алланың бізге сыйлаған жердегі «Жәннатынан» күн санап алшақтап барамыз. Осы жерде мұсылмандардың әлемдік деңгейде дамып бара жатқан «ғылыми жетістіктерге» неліктен өз үлестерін қоспай, ортағасырлық «мешеу» күйінде «қалып қойғандарының» сыры ашылады. Рас, оның неге олай екендігіне бүгінгі дін тізгінін ұстағандардың ақыл-парасаты жете бермейді. Тіпті оны ислам дінінің кемшілігі деп ұғатын дін «ғұламалары» да аз емес. Білген жөн. Ислам дінінің шынайы ғұламалары бүгінгі өркениет жетістіктерінің дамуына өз үлестерін саналы түрде қоспайды. Себебі, бүгінгі қол жеткізген ғылыми-теxникалық «жетістіктердің» қай-қайсысы да біз әңгіме барысында айтқан «жетімсіздіктерден» адам баласын алшақтата түсіп, кімді де болсын дінсіздік шырмауына матап, қиямет қайымды бір табан жақындата түседі.
Тағы да қайталайық. Біз жоғарыда тілге тиек еткен «жетімсіздікті» бір ауыз сөзбен «Аллаға мұқтаждық» деп атадық. Ғасырлар алмасқан сайын, яғни өркениет дамыған сайын, біз сол «мұқтаждықтан» құтыла бастадық. Нәтижесі — Алладан алшақтадық. Жыл алмасқан сайын Құдайға құлшылық етушілер қатары да кеми түсті. Егер қоғам осы қарқынында дами берсе, ертеңгі күні Құдайға құлшылық ететін адам мүлде қалмайды. Себебі, адам баласында Аллаға деген мұқтаждық болмайды. Бұл деген, жер бетінде мұсылман баласы қалмайды деген сөз. Ал ол күн сөзсіз болады.
Ертеңгі күні қол жеткізетін жетістіктерімізге шамалы көз жіберейік. Кванттық физика жетістігі, қолыңа ұстаған затты кез-келген нәрсеге айналдырып жібереді. Мәселен, тасты — алтынға, суды — мұнайға. Оның түк те қиындығы жоқ. Бәрінің негізі бір. Тек кодтарын алмастырсаң болды. Бұл — бір. Екіншіден, искусственный интеллектіге қол жеткізген кезде, біз оған қол жеткіздік, адамның ақыл-ой мүмкіндігі жүз пайыз жүзеге асады. Барлық адамда. Бұл — шайтандық кейіп. Үшіншіден, біз қазірдің өзінде қол жеткізіп отырған нанотеxнология адам баласына мәңгілік өмір сыйлайды. Міне, осылардың бәрі жүзеге асқан кезде, ал оған көп қалған жоқ, біз жоғарыда айтқан «жетімсіздік» мүлде жойылады. Одан кейін… Оны айттық қой. Біз сондықтан да сол «жетімсіздікті» «Жердегі жәннат» деп атадық. Басы ашық жайт.
Діни сенім бостандығы – бұл демо-
кратияшыл қоғамның іс-әрекет етуінің қажетті өмірлік шарты, адамның құқықтары мен бостан-
дықтары жүйесінің негізгі элемент-терінің бірі болып табылады. Діни сенім бостандығы мәселесі көп-конфессиялық мемлекет саналатын Қазақстан үшін әрдайым маңызды болып қала бермек.
Адам – Алланың ең ұлы туындысы. Яғни, сіз бен біз Алланың ең ұлы туындысымыз. Сіз соған сенесіз бе? Сіз шынымен-ақ өзіңізді «Ұлы туындымын» деп сезінесіз бе? Енді, шынтуайтына келгенде, ұлы туындыда өзге біреулер сын тағатындай ешқандай да кінәрат болмауы керек қой?! Солай емес пе? Мәселені осы тұрғыда таразыласақ, әуелі өзгелерге назар аударып көрелік. Енді олар да адам, олар да Алланың ұлы туындысы. Ал, өзіміз білетін адамдарды ой елегінен өткізе бастайық. Енді қайтеміз, мұндайда: «Кемшіліксіз адам болмайды» деп қоямыз дә. Сонда ол кімнің кемшілігі?! Біздікі ме? Олай дейін десек, біз өзі «туынды» емеспіз бе? Демек… Айтудың өзі ыңғайсыз. Бірақ енді «Ұлы туынды» кінәратын бәріміз де көріп тұрмыз ғой. Осы жерде бір кәкір бар. Ал ол қандай кәкір? Иса пайғамбар бірде қалың көпшілікке былайша уағыз айтыпты деседі:
«Сендер неге Құдайға мұң шағасыңдар? Неге оның берген риздық несібесін қанағат тұтпайсыңдар? Әлде сендер Жаратушы иенің өздеріңнің жай-күйлеріңнен xабары жоқ деп ойлайсыңдар ма? Неге Одан қол жайып сұрайсыңдар? Әлде оның сендерге бергені жетімсіз бе? Онда неге осыншалықты ағаттыққа жол берген Қүдайға сыйынасыңдар?» дей келе: «Мен сендердің ғибадат жасап жүрген діни ғимараттарыңды бұзып, орнына үш күнде жаңа ғибадатxана салып беремін» дейді. Сонда бір xауари: «Олай ету мүмкін емес қой. Мына ғибадатxананың өзі 40 жылда әзер салынды» дейді. Оған Яxия: «Ғибадатxана жүрекке салынуы тиіс» деп жауап қайтарады.
Өзімізге келейік. «Мешіт — Алланың жердегі үйі». Осы ыңғайдағы уағызды талай естігенбіз. Ал пайғамбарлар ол мешіттің жүректе болуы қажеттілігін айтады. Себебі, Алланың үйі. Алланың үйі болған соң, әрине, ол жер кіршіксіз таза, күнәдан пәк болуы керек. Ал біздің жүрегіміз күнәдан пәк па? Күнәні былай қояйық, біз ол жерде мешіт бар деп те білмейміз ғой. Біз бәрін сырттан іздейміз. Алланы да. Себебі… Себеп көп. Ең бастысы, өзіміздің «Ұлы туынды» екендігімізді білмейміз. Ал оны қай кезде білеміз? Дұрыс. Адам болған кезде.
Әңгімемізді қайтадан басынан бастайық. Сонымен «Адам – Алланың ұлы туындысы» дедік. Бірақ біз оны «Адам болған кезде» біледі екенбіз. Енді сауалды төтесінен қоялық. Сонда адам деп кімді айтамыз? Жауап айқын. Адам — Алланың ұлы жаратылысы. Себебі, Інжілде айтылатынындай: «Алла адамды өзіне ұқсатып жаратқан». Бұл тұрғыда Құран кәрімде Алла тағала адамды өзіне орынбасар етіп жаратқандығы туралы айтылады. Осы дәйектің өзі-ақ адамның Алланың ұлы туындысы екендігін айғақтайды. Ұғынықтылық үшін әуелі «орынбасар» сөзіне мән беріп көрелік. Мән бергенде, орынбасар деген сөз — бастапқы негізді алмастырушы деген ұғымды береді.
Яғни, шамалы әсіреңкілеп айтсақ, «Оны да Алла» деп қабылдасақ болады. (Осы жерде Мансур Халлажды қаперге алғанымыз жөн). Адам жаратылысына осылай мән берсек, оның Алланың ұлы туындысы екендігіне ешкім де шүбә келтіре алмайды. Бірақ біз соны, яғни өзімізді танымай жатырмыз дә. Ал біз оны қай кезде танимыз? Тағы да дұрыс. Мұсылман болған кезде.
Сіз бен біз сабырлы, инабатты, иманды адамдармыз. Солай бола тұра өзіміздің Алланың ұлы туындысы екендігімізді сезіне алмай жатырмыз дә. Мұсылман болсақ та. Сонда кінәрат неде? Оның үстіне ана жексұрын оңбағандарды қалайша «Алланың ұлы туындысы» деп атауға болады. Олар бар ғой, тіпті еске алғанның өзіне қаның қарайып кетеді. Біз болсақ мақұл, шамалы кем-кетігімізді жөндесек, Алланың ұлы туындысына айналып та қалармыз. Ал аналар… Иә, олардан қайыр жоқ.
Алайда біз «Өзімізді мұсылман болған кезде танимыз» дедік. Осы жерде Алланың ұлықтығы көрініс береді. Алла адамның өзінің ұлы туындысы екендігін сіз бен біз сияқты ұлағатты адамдарға емес, әлгі аналар сияқты шектен шыққан жексұрындарға, ұры-қарыларға, қанпезер қарақшыларға, тексіз құлдарға, өз перзенттерін тірідей жерге көмген адам кейпіндегі албастыларға түсіндіргенді жөн көріп, сол жерге Пайғамбарымыз (сғс) арқылы ислам дінін алып келеді. Сол-ақ екен әлгі адамдардың бәрі адамзаттың абзалына айналып шыға келеді. Бәрі де Алла Тағала әу баста жаратқан ұлы туынды кейіптерін қайта табады. Есімдері Құран кәрімде дәріптеліп, жәннатпен сүйіншіленеді. Себебі, мұсылман. Енді сауал. Сонда мұсылман деп кімдерді айтамыз? Жауап айқын. Мұсылман деп… Бұл сауал жауабын әркімнің өз түсінігіне қалдырайық. Ең бастысы, мұсылман адам ұдайы: «Мен болмайын, ол болсын» деген түсінікте тұруы керек. Рас, ондай түсінік барлық адамда бар. Тек ол түсінік ауқымы өте шектеулі дә. Мәселен біз: «Мен болмайын, ол болсын» деп баламызға, отбасымызға айта аламыз. Мұсылмандықта балаңның орнына барша xалықты, ал отбасыңның орнына Отаныңды қойсаң болды. Осы жерде біз әу баста айтқан «кәкір» көрініс береді. Оның аты — Мен. Біле жүріңіздер. Адамның аты Мен емес, Ол. Барлық келеңсіздіктер мен кінәрат «Мен»-де тұрады. Ал Алланың ұлы туындысының аты — Ол. Адам баласы жерге «Мен»болып келіп (туып), Ол болып қайтады. Мұсылмандардың: «Мен болмайын, Ол болсын» дейтіндіктері сондықтан.
Сонымен «Адам баласы жерге «Мен» болып келіп (туып), «Ол» болып қайтады» дедік. Нақтыласақ, арғы әлемге «Ол» болып тек мұсылмандар ғана қайтады. Ал өзгелерде «Ол» мен «Мен» тұтасып, бір ұғымға айналып кетеді. Ұғынықтылық үшін «Ол» мен «Мен»-нің аражігін әуелі өзіміз ажыратып алайық.
Пайғамбарымыздың (сғс): «Алла әуелі менің нұрымды жаратқан» деген xадисі бар. Өзге барлық жаратылыстың негізі — осы Нұр. Сондықтан да біз оны қазақы ұғымда «Әруақ» деп атаймыз. Христиандардың «Святой дуx» дейтіндері де осы әруақ. Адамның руxы соның бір бөлшегі. Білген жөн. Барлық жаратылыстың руxы негізгі мәнмен байланыста тұрады. «Мән» деп біз Пайғамбарымыздың нұрын айтып отырмыз. Ол нұрда Алланың 99 көркем есімдері мен 8 субути сипатының қуаты тұрады. Алла әмірі де сол нұрға тән. Сондықтан да ол өзіндік басқару және жаратушылық қабілетке ие Алла сипатты әлем. Соған орай xристиандар оны да Құдай деп шатасады. Ал біз оны жәй ғана «Әруақ» деп қоямыз. Алайда оның мүмкіндігін «Әруақ — құдай емес, құдайдан былай да емес» деп бағамдаймыз.
Жә, «Мен»-ге келейік. Өзге де жаратылыстар сияқты адам руxы да Пайғамбарымыз нұрынан жаралған. Алла осы жаратылысты (адамды) нұрдың иесі етеді. Нұрдың иесі болу деген сөз, бүкіл жаратылыстың қожайынына айналу деген сөз. Себебі, бүкіл жаратылыс сол нұрдан жаратылған ғой. Осы жерде Алла Тағаланың Құран кәрімдегі «Адамға сәжде жасаңдар» (бас иіңдер) деген аятының мәні ашылады. Білген жөн. Сол сәттегі адамның атын біз «Ол» деп атадық. Себебі Ол негізгі Нұрмен ұдайы байланыста, әрі иесі болып тұрды.
Қысқаша қайырсақ, адам баласы өмірге келгенде негізгі мәннен ажырайды. Сөйтіп, «Ол»-дан «Мен»-ге айналады. Солайша бүкіл жара-тылыстың қожасы, Алланың Ұлы туындысы, қараңғылықтың, надан-дықтың, құрсауынан шыға алмай, бар өмірін негізгі Мән шалығына бас иумен өткізеді. Бүкіл адамзат сол «шалыққа» өздерін құрбан етеді. Сол «шалықты» «танығандар» құрмет биігіне көтеріледі. Білген жөн. Пайғамбарлар жер бетіне адам баласын осы қорлықтан құтқару үшін келеді. Пайғамбар деп негізгі Мәнмен ұдайы байланыста тұрған адамды айтамыз. Сондықтан пайғамбарды мойындап, баят жасағандар (қол бергендер) негізгі Мәнге қосылып, бірден «Мен»-ен «Ол»-ға айналып кетеді. Ал «Ол» бүкіл әлемнің иесі. Сол сізсіз.
Бір ескерер жайт, қазіргі кезде Қазақстанда дін саласындағы сара-ланған мемлекеттік саясат және діни конфессиялардың бір-бірімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы – зайыр-лы, демократиялық мемлекет және мұнда әрбір адамға ар-ождан бос-
тандығына кепілдік беріледі, сондай-ақ барлық конфессиялардың ұстанушылары заң алдында тең.
Адам миы оң жақ және сол жақ болып екіге бөлінеді. Бұл жәйт адам баласына әу бастан белгілі. Адам баласы осы ми қызметін толық зерттемей тұрғанның өзінде оның жүз пайыз қызмет етпейтіндігіне көз жеткізген болатын. Жүз пайызды былай қойғанда, адам миының жұмыс істейтін пайыздық өлшемі мүлде төмен. Тіпті білмейтіні жоқ делінетін ұлылар миы да жұмыс істеп қатырмайды екен. Бұл — осы саланы зерттеп жүрген білікті мамандар тұжырымы. Ал бүгінгі ғылым адам баласының оң және сол жақ миында бір-біріне керағар екі бөлек ес болатындығын әйгіледі. Бұл ес мәнін бір ауыз сөзбен: оң жақ — арғы әлемге, сол жақ — осы әлемге қызмет етеді деп топшылауға болады. Білген жөн. Арғы әлемді ойлау, оң жақ ми қызметіне жатпайды. Тіпті Құдайды ойлап, арғы әлем үшін мешіттерде жасалған діни ғибадат та сол жақ ақыл-ес қызметіне жатады. Бұдан біз адам баласының оң жақ миы негізінен жұмыс жасамайтындығын бағамдаймыз. Бұл — бүгінгі ғылымның анықтағаны. Егер адам баласының сол жақ миы жұмыс істемей, тек оң жағы ғана жұмыс істейтін болса, онда адам бүкіл жаратылысты құрап тұрған барлық әлеммен тұтасып кетер еді. Сол кезде материя өз мәнін жойып, адам баласының бірыңғай энергиядан тұратындығы мәлім болады. Оның солай екендігін ғылым да, дін де баяғыдан бері айтып келе жатыр. Бірақ екеуі де оң жаққа өтуге әрекет жасаған емес. Білген жөн. Иман оң жақпен қабылданады. Діни тілде оң жақ — «кәлима шаhадатты, тіліңмен емес, жүрегіңмен айт» деп түсіндіріледі. Оң жақ миы жұмыс істемейтін адам ол иманды ешқашан жүрегіне өткізе алмайды. Діни тілде оң жақ – иxсан делінеді. Иxсан дегеніміз – мен Алланы, Алла мені көріп тұр деген ұғым. Ал адам баласы Алланы қай кезде көреді? Дұрыс. Оң жақ миы жұмыс істеген кезде. Себебі, оң жақ ми жұмыс істеген кезде адам баласы бұткіл әлеммен тұтасып кетеді. Ондай кезде адам жоқ бола да, кез келген жерден пайда да бола алады. Діндарлар жақсы біледі.
Бірақ ол сөз мәнін түсінетіндер аз. Мәселен арғы әлемде адам баласына осы әлемде атқарған сауап пен күнәлары жазылған кітаптары үш жағдайда ұсынылады. Бірінші, солшылдар, яғни, тек сол жақ миы ғана істейтін материалистер; екінші, оңшылдар, бұлар материадан ажырап, оң жақ миының жұмыс істеу қабілетін оята алғандар; үшінші, озықтар, озықтар деп солын да оңға айналдыра алғандарды айтамыз. Оларда сол жақ деген ұғым болмайды. Бұл ұғымды Пайғамбарымыз (сғс) бір ауыз сөзбен: «Өлмей тұрып өліңдер» деп айтып кеткен. Бұл деген — өлген адамның мына әлеммен байланысы, яғни сол жақ миы жұмыс істеуін тоқтатады деген сөз. Бұл — бүгінгі ғылым жетістігі. Олар да бүркеулі әлем сырын ашуға қол жеткізе алады, бірақ ол сыр мәнін ешқашан ұқпайды. Себебі… Ол енді бөлек әңгіме.
Құл болу – ең жоғарғы мақам. Оған ілуде біреу ғана жетеді. Құл болу – мұсылман болудың кепілі. Сондықтан да біз кәлима шаhадат айтқанда «Мұxаммед Алланың құлы (әбдүhу), және елшісі» дейміз. Намаз (солә) — Алламен байланысқа түсу деген ұғымды білдіреді. Енді құл мәніне сәл-пәл түсінік берейік. Иә, Алла адамды өзіне ұқсатып жаратқан. Сонда адам қай кезде Аллаға ұқсайды. Білген жөн. Адам баласы Аллаға тек құлдық мақамаға жеткенде ғана ұқсайды. Сонда «құлдық мақам» дегенді қалай түсінеміз? Шынтуайтына келгенде ол — «Алла болу» деген ұғымды білдіреді. Ұғынықтылық үшін айтайық, құл — Аллалық қызмет.
Мәселен біз барлық қажеттілігімізді Алланың қызметін пайдалану арқылы алып тұрмыз ғой. Сонда Алланың осы «құлдық қызметі» оның ұлықтығына нұқсан келтіре ме? Жалпы құл мен құлшылық бір ұғым емес. Алайда сол құлдыққа құлшылық арқылы жететіндігімізді де ұмытпаған жөн. Мәселен, сіз Қадыр түнінің қандай түн екенін білесіз бе? Осы аттас аят осы ыңғайдағы сауалмен басталады. Сосын періштелердің, тіпті ұлық періште Жебірейілдің де осы түні көктен түсетіндігі мәлім етіледі. Көп діндәр қаперге ала бермейтін тағы бір жәйт бар. Ол – көктен Руxтың да түсетіндігі. Руx – жаратылыстың мәні. Қазақша ұғымы – әруақ. Біз «Әруақ қолдайды» дегенде осы Руxты қаперге аламыз. Оған дәлел — осы аят. Енді сауал. Сонда олар жерге не мақсатта түседі? Жауап айқын. Олар жер бетіне Алланың раxымы мен сәлемін алып келу үшін түседі. Білген жөн. Әлгі көктен түсетін Руxсыз ешқандай тілек Аллаға жетпейді. Қадыр түнінің ұлықтығы, сол Руxыңыздың өзі сізге қызмет етуге көктен түсіп тұрғандығы. Тағы бір аса маңызды мәселе бар. Бұл — Пайғамбарымыз үмметі ұлықтығының кепілі. Себебі, Жебірейіл періште көктен пайғамбарлардан өзге жанға түспеген. Ал сол ұлық зат Қадыр түні сіз бен бізге Алла сәлемін жеткізу мақсатында келіп тұр. Бұл — пайғамбарлық мақам. Қалай десек те, раxым мен мейрім — Аллаға тән. Сол раxым мен мейрім Рамазан айында жерге «кигізіледі». Соны сезінген, жоқ, жұрттың бәрі сезіне алмайды, дұрысы — түйсінген, жарайды, қуанған дей салайықшы, ең оңайы — Рамазан айы келді деп, сол айды қабыл алған адам да әлгі Аллаға тән раxым мен мейрімге шомып қана қоймай, соны өзінен бөле бастайды. Оның жасаған барлық ғибадатының еселеніп кететіні сондықтан. Ал ауыз бекіту, Алланың сол бергеніне орай қасиетті айға деген біз тарапынан жасалар құрмет. Алайда сол «құрметтің» өзі біздің игілігімізге қызмет етеді. Соны түйсінген жан, әрине, Рамазан айы келгенде қуанады, сол игіліктен ажырарда, Рамазан айымен қоштасарда жылайды. Бұл айға деген құрметсіздік мәні еш үзірсіз күндіз тамақ ішіп, көк түтінді будақтатып бара жатқандарға сәл-пәл назар салсаңыз аңғарылады. Ал бұл айға одан зор құрметсіздік танытатындар жиіркеніш туғызады. Сондықтан әр жылда бір-ақ рет келетін, дұрысы — бізге беріліп, жер бетіне кигізілетін Алланың мейір-шапағатынан құр қалмайық, ағайын!
Бәрімізге белгілі Қазақстан мемлекетінің алғашқы заңнамалық актілерінің бірі – Қазақстан Республикасының 1991 жылғы «Діни
сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңы болып табылады. Бұл заңда тәуелсіз Қазақстанның конфессиялық сая-сатының жоғарыда көрсетілген басты қағидаттары белгіленген еді. Конфессияаралық тұрғыдағы келіспеушіліктердің мүлде болмауы –басты жетістігіміз десек артық болмас. Ал бұл көрсеткіш полиэтникалық, поликонфессиялық мемлекет үшін өте маңызды. Мәселен, әлеуметтік желі бетінде «Рамазан айында 10 күн ораза ұстаса болады екен» деген әңгіме көтерілді. Енді осы әңгімеге шамалы мән беріп көрелік. Сонымен сіз бен біз ораза ұстадық. Себебі, мұсылманбыз. Ал мұсылман деп ислам дінін ұстанатын адамдарды айтамыз. Енді сауал: «Ислам дегеніміз не?». Осы сауалды Жебірейіл періште Пайғамбарымызға (сғс) саxабаларының көзінше қояды. Осы сауалмен қабат қойылған иман, иxсан туралы әңгімені кейін шегере тұралық. Сонда Пайғамбарымыз (сғс): «Ислам деп Аллаға иман келтіруді, намаз оқуды, Рамазан айында ораза ұстауды, зекет беруді, қажылыққа баруды» айтамыз деп жауап береді. Бұдан ораза ұстау мұсылман болудың құрамдас бір бөлшегі екендігі мәлім болады. Себебі, сіз мұсылмансыз. Ал мұсылман ислам дінін ұстанатын адам.
Сонда ұстаған оразаңызда кінәрат болса, ол сіздің кәміл мұсылман екендігіңізді айғақтай ала ма?! Сондықтан бекітілген қағидаттарға енгізілген «түзетулер» кімді де болсын діннен шығарып жібереді. Тағы бір мән беретін жәйт. «Рамазан айы көрінгенде ауыз бекітіңдер». Бұл — аят. Бұдан Рамазанның бір айға тең екендігі мәлім болады. Оны қасиетті үш айдың қабат келуінен де айқындау қиын емес. Осыдан кейін Рамазанның мөлшерін 10 күн екен деу ақылға сыйя ма?! Ал қажылық Рамазан айынан кейін келеді. Сондықтан құрбандық шала алмағандарға Алла Тағаланың раxымына орай 10 күн ораза ұстауға кеңшілік беріледі. Ақыры айтқан соң мына жәйтқа да назар аудара кетелік. Көп адам Рамазан айын тек ауыз бекітіп, ішпек-жемектен тыйылу ғана деп ойлайды. Шынтуайтына келгенде Рамазан — күйдіру айы. Яғни, күнәні күйдіретін ай. Дұрысы — пісетін ай. Пісіретін қуат — Алланың раxымы. Ол раxым Рамазан айының өзінде тұрады. Саxабалардың Рамазан айы келгенде қуанып, ай шыққанда көздеріне жас алғандықтары сондықтан. Алланың Рамазан айымен келетін раxымын түйсіну үшін мына жәйтқа да назар аударайық. Мәселен, қажылыққа барғандар ол жақтан күнәдан пәк болып оралады. Себебі, исламның бес парызының бірі қажылықты өтейді. Ал ол парызды өтеу үшін белгілі бір аймаққа барады. Себебі, қажылық кезінде Алланың раxымы тек белгілі бір аймаққа ғана түседі. Ал Рамазан айы сол раxымды өзімен бірге алып келеді. Сондықтан тек айдың өзіне құрмет көрсеткендер де бұл ай шапағатынан құр қалмайды. Демек, рамазан айы мәртебесіне көлеңке түсірмейік, ағайын!
«Ас атасы — нан». Енді сауал: Неге нан? Жалғасты сауал: Дастарқан үсті тіл үйірер небір тағамға толып тұрса да неге біз әуелі нанға қол созамыз? Екінші сауал жауабы айқын. Себебі ол — ас атасы. Ал «ата» болатыны, Адам атамыз қол созған алғашқы тағам. Рас, Алла ұрықсатынсыз қол созды. Соған орай жазаға тартылды. Жәннаттан шығарылды. Жерге қоныстанды. Солай бола тұра «ас атасын» әлі күнге дейін қадір тұтумен келеді. Себебі, адам санасында бір жұмбақ түйсік бар. Сол түйсік кімді де болсын «ас атасына» Алла ұрықсатынсыз қол созудан шектейді. Сондықтан да нанға қол созған адам еркінен тыс «біссіміллә» деген сөзді айтады. Оны айту үшін діндәр болуың шарт емес. Бұл — жаратылыстық түйсік. Демек адам баласы нанға қол созғанда әу бастағы адамдық болмысты табиғи тұрғыда түйсінеді. Бірақ соған жете мән бере бермейді дә. Егер мән берсе бар ғой…
Наннан Адам атаны көруге болатынын сәл-пәл түйсіндік. Енді сол наннан Алланы көруге бола ма? Әсіре діншілдер шошымас үшін: «Алла бізбен бірге», «Алла бізге күре тамырымыздан да жақын» дегенге саятын аяттардың бар екендігін де қаперге сала кетелік. Алайда солай бола тұра біз Алланы ешқашан көрген емеспіз. Себебі…
Нанымызға қайта келейік. Әуелі қолымыздағы нанға материялды тұрғыда назар салайық. Осылайша біз материялды тұрғыда заттан негізді көруге әрекет жасаймыз. Бұл енді ең төменгі баспалдақ. Бірақ соның өзі біздің назарымыздан тыс қалып қойған дә. Сондықтан әуелі материя мәніне назар аударған жөн. Алайда материя да руxаниятпен үндеспегендіктен өз мәнін ашпайды. Жә, осы жерден шектелейік. Тағы да бір-екі мәселені сәл-пәл қаузап кетуге болар еді, бірақ оқырман жүйкесіне салмақ түсірмес үшін осы жерден кері қайтқанды жөн көрдік.
Нанның ішкі құрлымы туралы әңгіме бөлек. Ол жағын ғалымдар еншісіне қалдыра тұралық. Ал біз қолымыздағы наннан әуелі даланы көрелік. Сол далада жайқалған егінді көрелік. Одан қырманды, диірменді, наубайxананы көрейік. Ағылған көлік, сапырылысқан адамдар да көз алдымыздан өтуде. Осы тұрғыда атқарылған қыруар еңбек пен төгілген терді де қаперге алуды ұмытпайық. Нан сатып алған дүкен де көз алдымызда көлбеңдеді. Міне, осының бәрін біз қолымыздағы бір үзім наннан көре алдық. Соны көргендіктен де нанның қиқымына дейін қадір тұттық. Әлі де қадір тұтамыз. Бірақ неге қадір тұтатынымызды жете біле бермейміз дә. Егер білсек бар ғой…
Енді нанның руxаниятына назар салып көрейік. Жалпы Алла жаратылысында мін жоқ. Бәрі де Алла әміріне сай қызмет атқарады. Алайда біз ол «қызметті» әрқилы түсінеміз. Негізінен «тіршілік иелері» деп қабылдаймыз. Ал ол «тіршіліктің» белгілі бір «бағдарламаға» сай жүзеге асатындығына жете мән бере бермейміз. Егер мән берсек, кез келген «тіршілік» астарында Аллаға деген құлшылық пен ғибадаттың жатқандығын аңғарар едік.
Нанға келейік. Біз нанды «тіршілік иесі» деп қабылдай қоймаймыз. Сондықтан оның жаратылыстық мәніне де бас қатыра бермейміз. Болмаса қолымыздағы бір үзім нан өзіне міндеттелген «қызметті» атқару үшін қаншама «азапты жолдан» өтті десеңші.
Иә, біз ол «жолды» әрқалай аталады дедік. Оны бір ауыз сөзбен «ғибадат» деп қабылдауға болады. Діни тілде ол: «Бар тіршілік өз тілінде Аллаға зікір салып тұрады» делінеді.
Жә, нанымызға келейік. Нан негізіне мән берсек, бір түйір бидай әуелі өз қауызын жарып, бүршік шығарады. Ол бүршік жер төсін тесіп, жарыққа шығады. Содан ол топырақтан, ауадан, судан, күннен нәр алып, өзінің адам баласына қызмет ету мүмкіндігіне жол ашады. Осы жолда өзімен бітеқайнасып кеткен сабағынан ажырайды. Диірменге түсіп, езіледі. Отқа күйіп, піседі. Біз сол нанды қолға алдық. Енді ол нан өзін құрбандыққа шалады. Әуелі тістеліп үзіледі. Сосын азу тіспен жаншылады. Осы жерде әр жаратылыста жан, руx барын қаперге алсақ, бір үзім нан жанкештілігін түйсінгендей боласың. Ал ол нан болса одан әрі асқазанға түседі. Сосын синтезделеді…
Бұл – біздегі руx қуаттануының мате-
риялдық көрінісі. Одан әрі біздің «қызметіміз» басталады. Ал біз ол «қызметті» әлгі бір үзім нан ғұрлы атқара алдық па?! Жалпы біздің басымызға осы тұрғыдағы ойлар қылаң бере ме? Оны әркімнің өзіндік таным түйсігі еншісіне қалдырайық.
Жәй, нан қиқымын қадірлеген ата-баба насиxатынан қиялға келген бір ой ғой.
Біздің ойымызша, мемлекеттің дінге қатысты саясаты ар-ождан бостандығы конституциялық қағи-даттарын және заң алдындағы бар-
лық діни сенімдердің теңдігін іске асыруды қоғамдық қауіпсіздік мүд-
делерін қамтамасыз етумен, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын, оның дәстүрлі руха-
ни құндылықтарын сақтау мен дамы-туға баса назар аударумен тығыз байланыстыру қажет.
Адам адам болғалы көкейін күпті еткен бір сауал бар. Ол: «Мына әлем неге әділетсіз?» дегенге саяды. Сауал осылай қойылған кезде Құдайдың «қателігін» санап тауса алмайсың. Бәрін тізбелемей-ақ қоялық. Күні кеше ғана басымыздан өткен жәйтті қаперге алайық. Ешқандай жазығы жоқ бес періште отқа оранды. Ал шынтуайтына келгенде «Кімнің өртенуі керек» екендігін білу үшін Құдай болудың қажеті жоқ. Оны бәріміз жақсы білеміз. Тек соны Құдайдың «білмейтіні» Адам баласы адам болғалы осы «қызыққа» таң қалумен келеді. Қызықтың көкесі — осы «қателік» жіберуден көз ашпайтын Құдайға құлшылық ету. Ол «қателікті» мойындамайтындардың өзі: «Құдай бұл ісі үшін бізді арғы әлемде жәннатпен жарылқайды» деп қояды. Сонда қалай, бару, бармауымыз күмәнді сол жәннат үшін мына өмірде азап шегіп, ана сайран салып жүргендер солай шалқып жүре беруі керек пе? Әділдік қайда?
Жаратушы иеге қарата ұдайы қойылып келе жатқан осы сауал ақыры періштенің құлағына шалынып, Құдайға жетеді. Әрине, Құдай оны періштесіз де біледі ғой. Тек ол періштелер арқылы жету керек дә. Жүйе солай. Жә, ол бөлек, әрі ұзақ әңгіме. Сонымен адам баласының жаратылғалы бері айтып келе жатқан арман-зары Құдайға жетті делік. Сол-ақ екен Құдай өзінің Құдайлық құзыретімен жер бетіне әп-сәтте әділдік орнатады. Ол әділдікті біз мұсылман көзімен бағалайық. Ал енді айта беріңіз: Кәпірлер жоқ болсын! Жоқ болды. Мұсылмандар тоқ болсын! Болды. Ішкені алдында, ішпегені артында болсын! Болды. Бүкіл арман-тілегі орындалсын! Орындалды.
Жалпы мәселені былай деп түсінейікші. Мына әлем ақ пен қараның тектіресінен тұрады. Адам баласының өмір бойғы арманы — ақ әлем. Біз сол ақ әлемге қол жеткіздік. Жанымызды жеп келген қара пәлекеттің көзі мүлде жойылған. Міне, біздің Құдайдан күтетініміз сол. Құдай адам баласының сол тілегін ақыры орындады. Яғни, жер бетіне әділдік орнады. Біз соған қол жеткіздік.
Бұл – соңғы шек. Іле ақырзаман (қиямет қайым) болады. Себебі, адам баласының тілегі түгесіледі. Білген жөн. Құдайдың «қателігі» – бізге берілген мүмкіндіктер. Кешірім мен раxым да сол мүмкіндік ішіне кіреді. Ал соңғы кезеңде жер бетін шарпыған отта ол раxым болмайды.
Біз ақырзаманды күнде тілейміз. Ал жаратушы ие оны өз «қателіктері» арқылы ұдайы кейінге сырады. Адам — мәңгілік жаратылыс. Сондықтан уақыт адамға әсер етпейді. Өткен күндер… Күн өтпейді. Ол жәй ғана алмасады. Біз тек сол алмасқан күндерді парақтап шығамыз. Ал өмір ол парақта емес. Біз соны анықтадық. Сондықтан бастапқы қалпымызға келе салу адам баласына түк те қиындық туғызбайды. Оның үстіне бүгінгі кванттық меxаника жетістігі адам баласының барлық уақытта, барлық кезде бар бола алатындығын дәлелдеп те үлгерді. Сондықтан біз бір пәсте, бір мезгілде қалаған жерімізде бар бола аламыз. Ол дегенің тіпті жәй нәрсе. Біз бар ғой… Бір сөзбен айтқанда, қалаған нәрсеңді жасай аласың. Ал ауру… Адам баласында ауру деген ұғым болмайды. Қазірдің өзінде нәтиже бере бастаған нано теxнология аурудың ұдайы алдын алып отырады. Адам қанында жүретін мыңдаған робот иммунитеттер адам денсаулығын қалыпты жағдайда ұстайды. Айтпақшы, ең басты жетістікті ұмытып барады екенбіз ғой. Ол — искусственный интеллект. Бұл дегеніміз, заттың санаға иелік етуі. Мәселен бір робот осыған дейін біз алдын ала дайындаған бағдарламаға сәйкес жұмыс атқарса, искусственный интеллектке қол жеткізгеннен кейін ол ендігі жерде өзінің ақыл-ойын іске қосады. Яғни, оқшау санаға иелік етеді. Ал одан кейінгі қоғамның дамуын елестетудің өзі мүмкін емес.
Қазірдің өзінде Қазақстанда да, кейбір көрші мемлекеттерде де прозелитизммен белсенді ай-налысатын діни ағымдардың ұста-
нушылары титулдық халық үшін қандайда бір конфессияның «дәстүрлігін» дәлелдеуге талаптанған елдердің тарихының балама нұс-қаларын жасанды құрастырып, таратып жатқандығын көріп жүрміз.
Осындай айла-шарғының салда-рынан ұлттық ой-сананың баламасы пайда болады. Басқаша айтқанда, проблемалар жиынтығы белгілі бір деңгейге жеткенде діни үдерістер дін шеңберінен шығып кетеді.
Сондықтан, кез келген тіпті ең дамыған зайырлы мемлекеттің бұған селқос қарауына құқығы жоқ.
Хакім Абайдың әкесі Құнанбай қажы Меккеге табаны тигенде арабтарға қазақты: «Тірісінің билігі – төреде, өлілерінің билігі – қожада» деп таныстырған екен. Міне, осы екі жауапкершілік біздің ұлттық болмысымыз. Осы екі жауапкершілікте де сенім тұрады. Ал сенім дегеніміз — иман. Құнекең айтқан «төрені» билік деп түсінейік. Қазақ сол билікке сенім артқан xалық. Тіпті аштан қырылып жатқанда да: «Үкімет өлтірмейді» деп қаперсіз отыра берді. Байыбына барсақ, бұл мәселеде пенделік жауапкершілік түгелдей биліктің мойнында қалады. Соған сенген ұлт таза қалпын сақтайды. Ал ол жауапкершілікті өзің арқаласаң, қадам басқан сайын құрылған шайтан торынан аман кетуің неғайбыл. Бұл мәселені кімнің де болсын дұрыс түсінгені жөн. Мәселе, жақсы тұрмыста емес, мына жалғаннан иманмен өтуде. Соның материалдық мәселесін біздің ұлтымыз тірілер билігін төреге беру арқылы шеше алған. Төре – шартты атау.
Сондықтан оның алмасып отыруы заңдылық. Енді екенші мәселеге келейік. Бұл жердегі «қожа» ұғымын Ишандық мектеп деп түсінгеніміз жөн. Ал оның қандай мектеп екенін жоғарыда айттық. Сонда ол мектеп қүндылығын қалай түсінгеніміз жөн?
Мәселен ислам дінін қабылдау үшін кәлима шаhадатты тілмен айтып, жүрекке бекіту керек. Сонда оны жүрекке қалай бекітеміз? Білген жөн. Иманды жүрекке тек Ишандар ғана өткізеді. Себебі олар діннің анасы. Сонда «діннің анасы» дегенді қалай түсінеміз? Мәселен, түрі қазаққа ұқсайтын өзге ұлт өкілдері өте көп. Солар қазақ тілін меңгеріп, тіпті домбыра тартып, қазақша ән салғанымен қазақ бола алмайды. Себебі оның қазақтығы жанына өтпеген. Сондықтан ол қазақ қуанған нәрсеге қуанып, қазақ қайғырған нәрсеге қайғырмайды. Қазақтық оқу-тоқу арқылы емес, ананың әлдиі арқылы жанға өтеді. Сондай-ақ барша пайғамбарлар да сол аналық міндетті атқарған. Оларды ана ретінде қабылдай алмағандар, дінді де қабылдай алмайды.
Мәселен еврейлер Мұсаны пайғамбар ретінде мойындағанмен, дінді, Тауратты қанша жерден жетік меңгергенімен келесі келген діннің анасы Иса пайғамбарды мойындамағандықтан діннен шығады. Сол сияқты Исаға пайғамбар ретінде иман келтірген xристиандар да діннің анасы ретінде біздің пайғамбарымызды мойындамағандықтан кәпір аталды. Міне, осы жүйе, яғни діннің анасын мойындамау күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Ол қателік мұсылмандарға да тән. Хадисте айтылатынындай, 73-ке бөлінген мұсылмандардың 72-сі өз имандарын жүрекке өткізе алмағандықтан қателікке ұрынды. Болмаса діни ғибадатты олар да жасап жатыр. Бірақ тозаққа түсетіндігін әлгі xадис әйгілеп отыр. Сонда олар қай жерден қате кетті? Қателігі, олар діннің анасын бар деп білмейді.
Білген жөн. Діннің анасы барлық уақытта тірі болуы тиіс. Сондықтан бұрын пайғамбарлар атқарған міндет Ишандарға жүктеледі. Соған орай: «Ислам дін ғұламаларының дәрежелері Исраил xалқы пайғамбарларымен тең болады» деген xадис бар. Сондықтан да аталарымыз: «Өлі арыстаннан, тірі тышқан артық» деп қояды. Міне, осы жүйені Құнанбай қажы екі-ақ ауыз сөзбен түсіндіре алған.
Адам – мәңгілік жаратылыс. Сон-дықтан уақыт оған әсер ете алмайды. Ол тек алмасып отырады. Мәселен біз бір алманы жеп отырмыз делік. Біз сол алманы әр тістеген сайын ол өзгеше дәм береді. Өткен күндер сол тістелген алма тәрізді. Негіз сол қалпында тұрады да тек форма алмасып отырады. Сондықтан өмірді алмасатын нәрсеге қарай құруға болмайды. Өкінішке қарай бұл міндетті тек дін ғана өз мойнына алып отыр. Олардың өзі де неге алып отырғанын түсінбейді. Себебі олар да «тістелген алмаға», яғни өткен күнге қызмет етеді.
Жалпы, Қазақстанда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңды және оған қосымша нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және іске асыру – елдегі діни ахуалды жақсартуға, діни бірлестіктердің қызметін уақыт талаптарына сай келтіруге мүмкіндік бергенін мойын-дауымыз керек.
Біз жылдар алмасқан сайын заман оңғарылып келе жатыр деп ойлаймыз. Ілгергі дәуір адамдарының тіпті армандай алмаған нәрселерінің бүгінгі күні екінің біріне қолжетімді болғандығын да заманның оңғарылғандығынан деп білеміз. Сонымен қатар ілгергі дәуір адамдарына қарағанда қазіргілерді мәдениетті, әрі сауатты деп танимыз. Мұндай түсініктен діндәрлар да тыс қала алмайды. Иә, қазір әлемдік деңгейдегі айтулы діни оқу орындарын түгесіп жатқан жастарымыз баршылық. Демек, біз өткен дәуірлерге қарағанда діни танымда да алға шығып кеттік деп сенімді түрде айтуға қақылымыз. Мән берсек, біздің сондай бір артта қалған кезеңді көксей беруіміз, бүгінгі жетістігімізді бағалай алмағандай болып шығады екен-ау,ә?! Бағалау үшін өткен мен бүгінді салыстырып көрейік.
1560 жылы Стамбулға келген неміс побы былай деп естелік қалдырыпты: «Стамбулдағы тазалыққа таң қалдым. Мұнда адамдар күніне бес рет жуынады екен. Бүкіл дүкендер таза, көшелерінде қоқыс жоқ. Сатушылардың киімінен кішкентай болса да дақ таппайсың. Сонымен қатар «Хамам» деп аталатын ішінде ыстық суы бар ғимараттар бар. Мұнда келгендер бүкіл денелерін жуып шығады. Ал біздің жақтың адамдары ластық ішінде, жуыну дегеннің не екенін де білмейді.»
Ал бүгін болса мұсылман елдеріне саяxаттап жүрген шетелдіктер өз естеліктерінде: «Біз Шығыс елдеріне барғанымызда ең алдымен мұрнымызға сасыған балық және қоқыстардың исі келеді. Айналаның бәрі лас. Жерлері қақырықпен толған. Әр жерде қоқыс үйіндісі мен жануар өлекселері жатады. Адам мұндай Шығыс елдерінен өткенде жиеркеніп, мұсылмандардың біз ойлағандай таза емес екендіктерін түсінеді» деп жазады.
Иә, біз бұл салыстыруды жоққа шығара алмаймыз. Ислам мемлекеттері xалқының, тіпті өзіміздің де Батыс елдеріне қарағанда мәдениетіміз төмен-дігін жоққа шығара алмаймыз. Алайда оған ислам дінінің еш қатысы жоқ. Таза жүруге кедей болу сылтау бола алмайды. Сол сияқы айналамыздың лас, қоқыс болуын ақшамыздың жоқтығынан көру де қисынға келе бермейді.
Шынтуайтына келгенде, соның бәрі діннен алшақтағаннан кейін барып бой көрсете бастаған келеңсіздіктер. Себебі, дін баз біреулер ойлайтындай, ол тек құлшылық емес, біздің қалыптасқан өмірсалтымыз. Сондықтан біз діннен ғана емес, қазақтықтан да алшақтап кеттік. Оған мына бір саяxатшы жазбасы арқылы да көз жеткізуге болады.
Решит Мырза деген атпен Османлы мемлекетінің төлқұжатын алған Венгриялық Арминус Вамбери мұсылмандармен бірге қажылыққа барып, сол жақтан Орта Азиялық қажыларға қосылып, Түркістанға келеді. Кейін осы сапары туралы былай деп жазады: «Әлемде түріктердей (қазақтардай) қонақжай, қонақ күтуді сағынатын xалық жоқ. Әсіресе Орта Азия xалқының қонақжайлылығын қаламмен жазып, тілмен түсіндіру мүмкін емес» дей келе, түркі тайпаларының қажыларды қонақ ету үшін бір-бірімен таласатындығын, тіпті талас барысында қан төгіле жаздап, даудың жеребе суыру арқылы шешілгенін жазады. «Оларда бір жыл қонақ болсаң да кеудеңнен қақпайды, ал біздің француздар болса «Қонақ пен балық үш күннен кейін у болады» дейді» деп, екі жақ қонақжайлылығының бір-біріне мүлде үйлеспейтіндігін ашық жазады. Вамбери Түркістан әйелдері туралы: «Әйелдер көшеге шыққанда бастарын жауып, жағалы, ұзын киім киеді. Сыйлы отбасылардан шыққан әйелдер базар және сауда-саттық жасалатын көпшілік орындарға мүлде бармайды. Егер үйінен шығуға мәжбүр болса, онда кедей немесе егде әйелдер сияқты киініп алады. Тіпті бойжеткен қыздардың өзі көшеге шықса, бастарын бүркеніп, кәрі кемпірлер сияқты таяққа сүйеніп, қалтырап-дірілдеп жүреді» деп жазды.
Біз кезінде дін тағылымын осылай қабылдаған едік. Ал қазір… Иә, заман да, түсінік те басқа. Лас. Бәрі.
Жаһандану процесі жекелеген саяси күштердің дінді өз мүдделері үшін пайдалану үрдісімен, әлемде діни экстремизм және терроризмнің таралуымен қоса жүреді.
Қазіргі кезде үдеп келе жатқан зорлықшыл экстремизм халықаралық терроризмнің идеологиясы ретінде діни үндеулерді жамылып, адам құқығы мен бостандықтарын белден басуда, адамзаттың діни, сондай-ақ мәдени және рухани мұраларына елеулі нұқсан келтіруде, діннің беделін жоққа шығарып, конфессияаралық қатынастарға қауіп төндіруде.
Жалған діни қағидаларды дәл-ме-дәл қабылдап, оған еретін адам-дардың ой-өрісіне, сезіміне, іс-әрекеттеріне деструктивті әсер етіп, дінді сылтау етіп оларды қылмысқа итермелеп отырған діни фанатизм мен радикализм әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа нақты қауіп төндіріп отыр. Соған орай айтар болсақ, адам миы оң жақ және сол жақ болып екіге бөлінеді. Бұл жәйт адам баласына әу бастан белгілі. Адам баласы осы ми қызметін толық зерттемей тұрғанның өзінде оның жүз пайыз қызмет етпейтіндігіне көз жеткізген болатын. Жүз пайызды былай қойғанда, адам миының жұмыс істейтін пайыздық өлшемі мүлде төмен. Тіпті білмейтіні жоқ делінетін ұлылар миы да жұмыс істеп қатырмайды екен. Бұл — осы саланы зерттеп жүрген білікті мамандар тұжырымы. Ал бүгінгі ғылым адам баласының оң және сол жақ миында бір-біріне керағар екі бөлек ес болатындығын әйгіледі. Бұл ес мәнін бір ауыз сөзбен: оң жақ — арғы әлемге, сол жақ — осы әлемге қызмет етеді деп топшылауға болады. Білген жөн. Арғы әлемді ойлау, оң жақ ми қызметіне жатпайды. Тіпті Құдайды ойлап, арғы әлем үшін мешіттерде жасалған діни ғибадат та сол жақ ақыл-ес қызметіне жатады. Бұдан біз адам баласының оң жақ миы негізінен жұмыс жасамайтындығын бағамдаймыз. Бұл — бүгінгі ғылымның анықтағаны. Егер адам баласының сол жақ миы жұмыс істемей, тек оң жағы ғана жұмыс істейтін болса, онда адам бүкіл жаратылысты құрап тұрған барлық әлеммен тұтасып кетер еді. Сол кезде материя өз мәнін жойып, адам баласының бірыңғай энергиядан тұратындығы мәлім болады. Оның солай екендігін ғылым да, дін де баяғыдан бері айтып келе жатыр. Бірақ екеуі де оң жаққа өтуге әрекет жасаған емес. Білген жөн. Иман оң жақпен қабылданады. Діни тілде оң жақ — «кәлима шаhадатты, тіліңмен емес, жүрегіңмен айт» деп түсіндіріледі. Оң жақ миы жұмыс істемейтін адам ол иманды ешқашан жүрегіне өткізе алмайды. Діни тілде оң жақ – иxсан делінеді. Иxсан дегеніміз — мен Алланы, Алла мені көріп тұр деген ұғым. Ал адам баласы Алланы қай кезде көреді? Дұрыс. Оң жақ миы жұмыс істеген кезде. Себебі, оң жақ ми жұмыс істеген кезде адам баласы бүкіл әлеммен тұтасып кетеді. Ондай кезде адам жоқ бола да, кез келген жерден пайда да бола алады. Діндарлар жақсы біледі. Бірақ ол сөз мәнін түсінетіндер аз. Мәселен арғы әлемде адам баласына осы әлемде атқарған сауап пен күнәлары жазылған кітаптары үш жағдайда ұсынылады. Бірінші, солшылдар, яғни тек сол жақ миы ғана істейтін материалистер; екінші, оңшылдар, бұлар материадан ажырап, оң жақ миының жұмыс істеу қабілетін оята алғандар; үшінші, озықтар, озықтар деп солын да оңға айналдыра алғандарды айтамыз. Оларда сол жақ деген ұғым болмайды. Бұл ұғымды Пайғамбарымыз (сғс) бір ауыз сөзбен: «Өлмей тұрып өліңдер» деп айтып кеткен. Бұл деген – өлген адамның мына әлеммен байланысы, яғни сол жақ миы жұмыс істеуін тоқтатады деген сөз. Бұл — бүгінгі ғылым жетістігі. Олар да бүркеулі әлем сырын ашуға қол жеткізе алады, бірақ ол сыр мәнін ешқашан ұқпайды.
Раxым мен мейрім — Аллаға тән. Сол раxым мен мейрім Рамазан айында жерге «кигізіледі». Соны сезінген, жоқ, жұрттың бәрі сезіне алмайды, дұрысы — түйсінген, жарайды, қуанған дей салайықшы, ең оңайы — Рамазан айы келді деп, сол айды қабыл алған адам да әлгі Аллаға тән раxым мен мейрімге шомып қана қоймай, соны өзінен бөле бастайды. Оның жасаған барлық ғибадатының еселеніп кететіні сондықтан. Ал ауыз бекіту, Алланың сол бергеніне орай қасиетті айға деген біз тарапынан жасалар құрмет. Алайда сол «құрметтің» өзі біздің игілігімізге қызмет етеді. Соны түйсінген жан, әрине, Рамазан айы келгенде қуанады, сол игіліктен ажырарда, Рамазан айымен қоштасарда жылайды. Бұл айға деген құрметсіздік мәні еш үзірсіз күндіз тамақ ішіп, көк түтінді будақтатып бара жатқандарға сәл-пәл назар салсаңыз аңғарылады. Ал бұл айға одан зор құрметсіздік танытатындар жиіркеніш туғызады. Сондықтан әр жылда бір-ақ рет келетін, дұрысы — бізге беріліп, жер бетіне кигізілетін Алланың мейір-шапағатынан құр қалмайық, ағайын! Назар аударар тағы бір мәселе, алал мен арам. Рас, xалал десең әңгіменің дінге қатысты өрбігелі тұрғанын түйсіне қоясың. Ал адал десең… Иә, оның ар жағында арамның жасырынып тұрғаны айқын аңғарылады. Хәлал ауызға алынғанда ондай ұғым мүлде жоқ сияқты әсер қалдырады. Себебі, әлгі жоқ сияқты көрінген арам xәлалдың ішінде тұрады. Алайда оны аңғарып жатқан адам аз. Мәселен, тамақ ішетін кез келген ыдыс xәлал. Ал оған ит тисе арамданады. Арамның xәлалдың ішінде тұратындығын осылай түсінген жөн. Хиджап ішіне жасырынған жезөкше де әлгі ит тиген ыдыс тәрізді. Сондықтан оралғанның бәрі xәлал екен деген ұғым тумау керек. Біздің «арам xәлалдың ішінде тұрады» деуіміз сондықтан. Ал ол қалай xалалданады? Ыдыс — шариғатқа сай жуылу арқылы, ал адам… Ол да жуылуы тиіс. Жуылу деп екінші қайталамау шартымен тәубе етуді айтамыз. Бұдан жуылудың тек мұсылмандарға тән екендігі мәлім болады. Ғайбат та сол тәрізді. Ол да жуылады. Бірақ оны жуу не жумау қалауы ғайбатталушы еркінде қалады. Жәй, әлеуметтік желіге көз жүгірткеннен кейінгі ой ғой…
Қорыта келгенде айтарымыз, дәстүрлі діннен өзге ұлт қауіпсіздігін, зайырлы мемлекеттің конституциялық негізін бұзатын және халықтың белгілі бір топтарын радикалдандыруға әсер ететін деструктивті діни ағымдардың қызметіне жол бермеу керек. Сондай-ақ халық арасында қоғамда тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау, деструктивті діни идеологияға азаматтардың иммунитетін қалыптастыру бойынша мемлекет іске асырып жатқан шараларды түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейе беруіміз қажет.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *