ҚАЗІР БІЗ ҚАНДАЙМЫЗ? ҚАЗІР БІЗ ҚАНДАЙМЫЗ?
Құралай МЕДЕТҚЫЗЫ, №85 мектеп-лицей оқушысы Жақсы адамдар жоқ, бәрі эгоист. Бұл қазіргі таңда көп айтылатын фраза десек те болады. Ойланып қарасақ неге бәрі бұлай... ҚАЗІР БІЗ ҚАНДАЙМЫЗ?

Құралай МЕДЕТҚЫЗЫ,
№85 мектеп-лицей оқушысы

Жақсы адамдар жоқ, бәрі эгоист. Бұл қазіргі таңда көп айтылатын фраза десек те болады. Ойланып қарасақ неге бәрі бұлай айтады? Менің ойымша бұның бірден бір себебі қазіргі таңда адамдардың бір бірімен байланысудан қашуы. Ал оның себебін түсіндіру өте қиын үйткені бұған көптеген факторлар әсер етеді. Тіпті қазіргі таңда біздің балаларға «мына баламен дос болма, анаған жақындама» деп айтатынымыз өтірік емес.
Бүгінгі күнде жасөспірімдермен көп қиындықтар кездесетінін естіп жүрміз. Оған себеп адамдар қарым-қатынасы деп айтуға болады. Себебі көп күйзеліс тудыратын дәл осы біздің адамдармен ара-қатынасымыз. Бұл жасөспірімдердің ата-анамен, достарымен, және айналадағы басқа да адамдардың қарым-қатынасы болуы мүмкін. Қиындық көрсек бірден қашамыз, өйткені, артық проблемалардан қорқатынымыз өтірік емес. Балалар психологқа жүгінуден ұялады, жанындағы адамдардан қорқады. Бұл қоғамдағы үлкен мәселе болса да, дәл осыны ескеріп жатқан жандар өте аз. Шыны керек қазіргі таңда ата-аналар өз туған балаларын, ал бала ата-анасын түсінуден қалған, және бұған олар біз 21 ғасырда өстік деп ақталады. Бұған біз 20 ғасыр, не болмаса 21 ғасыр деп мін таға алмаймыз. Бұл тек қана адамдардың өмірге деген көз қарасының әр түрлі болуы. Қазірде теледидар бағдарламаларында әрдайым осы жағдайлар айтылса да, жасөспірімдердің құқығын қорғап, оны түсінгісі келген жан болмаған.
Алайда Жұлдыз Абдукаримованың жақында ашылған – «18 жобасы» меніңше осыған жол ашты. Мен осы жоба ата-анамен жасөспірімдердің бір-бірін түсінісуіне көмек береді деп үміттенемін. Тағы да бұл жерде біз қазіргі таңдағы достық туралы сөз қозғай аламыз. Себебі достық – көп нәрсенің бастауы. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген сияқты әр адам әртүрлі нәрсеге икемді болады. Екі дос бірінен бірі үйреніп, қиын сәтте бір бірін қолдайтын жандар. Бірақ кейбір адамдардың достықтан көңілі қалу себептері өте көп, оған сатқындық, арам достар себепші болады. Кейде адамның бір ғана сөзі адам өмірін құртып жіберуі мүмкін. Қазіргі адамзаттың көзі ашық болса да кейде басқаның құқығын таптап жататыны өтірік емес. Бес саусақ бірдей емес дегендей әлемде 7 миллиард адам болса соның бәрінің мінез-құлқы, көзқарасы сан түрлі. Сол себепті де арамыздағы адамдардың бәрі де сырттан айтылған сынды, сөзді көтереді дей алмаймыз. Жеті рет ойлап мың рет кес деп ата-аналарымыз бекер айтпайды ғой? Оның астарында осы бір мән жатыр. Әсіресе біз барлығымыз болашақ ұрпаққа үміт артып, біздің болашақ сендер десек те неге оларға жауапкершілік жүктей алмаймыз? Сенімді ұрпақ тәрбиелеу біздің қолымызда. Сонда қателікті жіберген кім? Әрине біз балапандарымызды өте қатты жақсы көрегендіктен өте қатты алаңдаймыз. Бірақ балалардың қызығушылығы оянған сәтте оларға «жоқ», «өскенде көресің» деуге меніңше болмайды. Біз сенімді ұрпақ тәрбиелеу үшін оларды бәріне дайын етіп өсіруіміз қажет. Мен сонда ғана болашақта бізді дамытып, белеске жеткізетін батыл ұрпақ өседі деп ойлаймын. Бұл біз. Жаман болсақ та, жақсы болсақ та. Ең бастысы осыны қабылдауымыз қажет.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *