СОПЫЛЫҚ  ҺӘМ  ЙАСАУИ ТАҒЫЛЫМЫ СОПЫЛЫҚ  ҺӘМ  ЙАСАУИ ТАҒЫЛЫМЫ
Шерәлі Біләл, физика-математика ғылымдарының кандидаты, филология ғылымының докторы, профессор Біз бұл мақаламызда мына мәсе-лелердің басын ашып алуды мақсат тұттық: 1. Сопылық (әулиелік). 2. Қожахмет... СОПЫЛЫҚ  ҺӘМ  ЙАСАУИ ТАҒЫЛЫМЫ

Шерәлі Біләл,
физика-математика ғылымдарының кандидаты,
филология ғылымының
докторы, профессор

Біз бұл мақаламызда мына мәсе-лелердің басын ашып алуды мақсат тұттық: 1. Сопылық (әулиелік). 2. Қожахмет хикметтерінің сопылық сарыны. 3. Йасауи ілімі.

1. Сопылық (әулиелік)

«Суфиями первоначально называли мусульман аскетов, носивших грубую шерстяную одежду суф. Отсюда происходит слово тасаввуф, обозначающее «мистицизм», – деп ұғымның шығу тарихын, мәнісін ашып, «слово» «суфий» я определяю очень широко, прилагая его ко всем, кто верит в возможность непосредственного обращения к Богу и готов ради этого приложить всяческие усилия, дабы достичь того особого состояния, при котором такое приобщение станет реальным», деп өз анықтамасын ұсына отырып, «он «суфизм» объемлет все мусульманские учения, цель которых – дать человеку возможность прямого общения с Богом» [1] – деп түйеді аса құнды, бірегей ғылыми еңбек авторы. Яғни, бұдан сопылықтың Аллаға жақындаудың амалы екендігін ұғамыз. Дегенмен, бұл сопылыққа (суфизмге) анықтамалыққа жарамайды.Енді осы анықтамалығымызды (келмейді десек те) индиялық ұлы дәруіш-сопы ХазратИнайятхан еңбегінен алынған анықтамалықтармен толықтыра түсейік.
«Суфизм – это философия среди религий и религия среди философий.
Суфизм есть религия, если кто-то хочет учиться по нему вере, он есть философия если кто-тохочет учиться по нему мудрости. Он есть мистицизм для того кто стремится быть руководимым им враскрытии своей души. И всё же он выше этих вещей. Он есть свет, он есть жизнь, питающая каждую душу и возвыщающая смертность до бессмертия.
Высшей целью всякой суфийской школы было и остается достижение того совершенства, которому учил Йисус Христос и о котором в Библии сказано: «Будьте совершенны, как, совершенен Отец вам Небесный». А метод суфизма в основе своей всегда один – избавление от своего «я», не настояющего, а ложного «я». Суфийсский метод позволяет раскрытия души человека истинному Я – вечному, которому принадлежат вся сила и красота.
Учение суфизма разделено на четыре школы. Первая из них-Накшбанди, главную роль в которой играет символизм, ритуалы и обряды. Второй стала Кадири, учившая мудрости на основе Исламской религии востока. Третье, Сухрварди, учила таинству жизни, раскрываюшемуся через метафизические занятия и практики самоконтроля. Четвертой стала Чишты, преставляющая духовный идеал в области поэзии и музыки» [3.16-30 бб.].
Осы жерде әулиелік (мистицизм) ұғымының да басын ашып алған дұрыс сияқты. Егер сопылық пен әулиелікті салыстыра қарайтын болсақ, бұлар бір мағыналы сөздер емес, бірақ бірін-бірі толықтыруы ықтимал. Біз әулиелік ұғымындағы басты қасиет, немесе бас белгі – табиғи дарын (құдай берген ерекше қасиет) деп білеміз. Яғни, әулиелікке түгелдей еңбек, бейнет, рухани тәрбие арқылы жету мүмкіндігі аз, оған о баста берілген бойда бар ерекше қасиетті тәрбиелеу арқылы қол жеткізу мүмкін. Бұл түсініктен әулиеліктің сопылықпен байланыстылығы, немесе құдай бойға дарытқан ерекше қасиетті тәрбиелеу арқылы дамытып, Ақиқатқа жақындай түсуге болатындығы аңғарылады. Ал, сопылыққа келер болсақ, ол – Ақиқатқа жету ілімі және оның (ақиқатқа жетудің) іс-әрекеттік жолы, – десе болғандай. Сопы, сопылыққа ізденуші адам бойында бар табиғи ерекше дарынмен қоса өмірбақи Ақиқат жолында ізденумен, бар ғұмырын Ақиқат жолына бағыштаумен өмір кешпек. Сонда, біздің пайымдауымызша, сопылық ұғымы кең ұғым және сопы аталу үшін алдымен әулиелігі болуы шарт. Яғни, сопы – әулие, ал әулиенің бәрі сопы емес.
Енді ХІХ ғасырда өмір сүрген түркілік ұлы ғалым Мырза Қазем-Бекке жүгінер болсақ, ол өзінің «Мюридизм и Шамиль» [2] атты еңбегінде сопылық пен әулиелікті тариқат деп алып, яғни, мәселенің назариялық жағынан нақты іс-әрекеттік жағына көшіп, тариқат ілімінің негізін құрайтын басты принциптерге тоқталады:
1) Тарикат ведет ищущего к познанию (мағрифат) истины – к Богу.
Немесе,тариқат ілімінің нәтижесінде оны ұстанушы адам Ақиқатқа қол жеткізеді, Ақиқатты танып-біледі, – десе болады. Дегенмен, ондай күрделі құбылысты (Ақиқатты тану) пайымдау оңай емес. Сонда да болса, жуықтап болжай алсақ, Ақиқатты тану дегеніміз, оны жан-тәнімен сезіну, түйсіну, санаға сіңіру, – болса керек.
2) Шествующий по пути (салик) руководится влечением (ирадет),
развивающимся в нем через духовное воспитание (иршад). Яғни, өзін рухани тәрбиелеу, немесе жан дүниесін тазарту арқылы Ақиқатқа ынтықтық, ынтызарлық бойға сіңіріледі. Оның қуатты жылуы алға жетелейді. Бұл қасиет оқу, үйрену, жаттығу арқылы дариды. Немесе, пенде Ақиқат жолында бар жан-дүниесін сарп етпек.
3) Право духовного воспитания наследственно по учению, т.е. переходит от учителя-воспитателя (муршид) к его духовному воспитаннику (мюрид) непосредственно. Рухани тәрбиелеу мәртебесі ұстаздан шәкіртке ғана өтіп отыруы, адам таңдау қасиеті, ілімнің екінің біріне қона бермейтіндігінің белгісі. Дегенмен, көзге ұрып тұрған ерекше табиғи дарыны жоқ шәкірттің де асқан ынта-ықыласы, барша жан-дүниесімен шынайы берілуі арқасында Ақиқатқа қол жеткізу мүмкіндігін де теріске шығару орынсыз сияқты. Яғни, Ұлы тәрбиенің қадір-қасиетін кемсіту ілім қуатын кемсітуге саятындай.
4) Начало этого воспитания проистекает издревле от Хизра, патрона
мистиков, а в исламе, от Али, зятя Мохаммеда. Ілімнің сонау әрі көне дәуірден бастау алатындығы, ол исламда Әлиден келе жатқандығы оның жасампаздығының, өркениеттің өсіп-өркендеуіне қажеттілігінің, Ақиқаттың тура жолы екендігінің белгісі деп білеміз.
5) Салик, через воспитание и развитие благодати доходит до совершенства (камаль); в совершенстве достигается степень вусуль, т.е. сообщение с истиной-Богом; достигшие этой степени именуются васыль. Тәрбие арқылы барынша кемелденген, рухани өсудің ең жоғары дәрежесіне жеткен жолаушы (Ақиқат жолындағы пенде) Алламен тілдесу мәртебесіне ие болады. Бұл, әрине, біздің түсінігіміздегі шындық емес, оны түсініп-түйсінуге біздің санамыз дәрменсіз. Оны, Алламен тілдесуді, түсіну үшін, сана-сезімнің аса сезімтел күйін тудыратын, кеудеде жарық отын алаулатып жандыратын, санаға от болып құйылатын бір қуатты жылу бар, – сол құбылыстың пайда болуы шарт.
6) Дух, стремясь вусуля, или делая сайр к истине, достигает различных
степеней, из которых выше всего ассейру-филлахи, т.е. стремление к Богу на лоне божественного духа: тут смертный достигает божественного откровения и по выражению мусульман, хува фихи ва хува фихи – «он в Нем и Он в нем», т.е. человек в Боге и Бог в человеке». Сопылық, әулиелік мектептердің барлығы да осы негізде дамитындығын айтады. Жалпы, «… в натоящее время не представляется возможным дать точное и всеобъемлющее определение мусульманскому мистицизму в целом как совокупности многочисленных религиозно-философско-этических учений и практических методов их осуществления» [8] – деп, оқымысты сөзімен түйіндеуге болар еді, бірақ, біздің жас зерттеушіміздің пайымдаулары өзінің тереңдігімен де, жалпыламалығымен де анықтамалыққа жақындап-ақ қалған сыңайлы: «Суфизм – ислам дінінің рухы, мәні, сондықтан да, сайып келгенде, исламның синонимі, ол – нағыз ислам, пәк ислам. Ол – сананың өсуінің, жан тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің белгісі» [5] – дейді. Яғни, исламның өзі. Сонымен, тағы да осы автор келтірген «неғұрлым арлы болсаң, соғұрлым сопы болғаның» – деген сопылық нақылына ұйи отырып, өзі келтірген Румидің (исламның аты да, заты да – Сендер (сопылар), Сендерсіңдер – исламның жауынгер арыстандары» – дегенсөзіменен түйіндейік. Рух кемелдігінің әртүрлі дәрежесі немесе сатысы барлығы, бірінен екіншісіне сатылап көтерілу арқылы ең жоғарғы шыңына (Ақиқатқа) жету мүмкіндігі барлығы тариқат ілімінің зор жетістігі болса керек.
Сопылық туралы соңғы кезде жарық көрген еңбектердің ішінен теолог-ғалым Досым Омаровтың еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Өзін абайтанушы, теолог-ғалым деп таныстырған Досекең, Абайды шын мәнісінде, сопылық ілім негізінде жан-жақты терең түсінген жан екен. Досекеңе дейінгі Абайды түсіндім, таныдым деген жандардың әңгімесі нәдұрыс сияқты. Себебі, материалистік ілім қаншамаәрекет еткенімен Абайды толық мағынасында тани алмайды, түсіндіре алмаса да керек. «Абайдың ұлылығы неде?» деген сұраққа Досекеңе дейін ешкім де дұрыс жауап берді деп айту қиын[6]. Бұл сұрақтың жауабы: Абай сопылық ілімді толық игеруі арқылы Руми, Жами, Сағди, Хафиз, Омар, Хайям, Навои т.б. сияқты ұлылардың деңгейіне көтерілді. Ал енді Досекең екінші бір еңбегінде [6] сопылық дегеннің не екенін, осындай күрделі мәселенің түсінігін, соқырға таяқ ұстатқандай жіліктеп-жіктеп береді. Досекеңнің бұл мақаласы [6] «Сана-сезім деңгейлері» деп аталады, сопылық туралы онда сөз жоқ. Ол мұнда өзінің ерекше біліктілігінің арқасында сопылық ілім элементтерін материалистік ілім элементтеріне аударып беріп отыр (материализация). Соның өзінде, ол сопылық ілімге жаңалық қосады, сана-сезімді бес деңгейге бөлу арқылы (әдебиетте сопылықтың төрт деңгейі қалыптасқан). Бұл еңбектің тағы бір өлшеусіз құндылығы – Абай мен Шәкәрімді бес бірдей сана-сезім деңгейлерінен алып өту арқылы, сопылық ілімді жетік меңгергендігін көрсете отырып, олардың творчествосын толық меңгеруге жағдай жасайды, бұл екі тұлғаның ұлылығы тайға таңба басқандай көрініс береді. Тағы бір айта кететін нәрсе, біз осы күнге дейін «ұлы» деген ұғым атауын асқан сақтықпен пайдаланып келген едік, немесе оны тек Аллаға лайық атау деп ұққан едік. Жоқ, олай емес екен. Досекең бұл сөздің қадір-қасиетін айқындап берді, оны адами қалыпқа түсірді.
Қалай десек те, Абайды толықтай танып-білген Досым мырза жалғыз емес екен. Құдияр Біләл өз еңбегінде [11]Абайдың бір шумақ өлеңін талдауы арқылы сопылық ілімнің қадір-қасиетін көрсете білген. Абайды алтын таққа отырғызды десе болады. Жүректің көзі ашылса, Хақтың түсу сәулесі, Іштегі кірді қашырса, Адамның хикмет кеудесі (Абай). «Осы бір шумақ өлең хакім Абай дүниетанымының тобықтай түйіні» – дейді автор. Автордың бұл пікірімен біз толықтай келісеміз. Осы бір кішкентай шумақтың өзінен-ақ Абайдың сопылық ілімді жетік меңгергендігі көрініп тұр. «Жүректің көзі ашылса» – дейді. Қай уақытта ашылады, шариғат, тариқат атты сопылық жолдан, немесе сопылық деңгейлерден өткенде ашылады. «Хақтың түсер сәулесі» – дегенде, Алланың сәулесі тек жүрек көзімен қабылданатындығы айтылған. Ары қарай талдамасақ та, оқушыға түсінікті болар. Мінеки, осыдан келіп Абайдың «ұлылығы» шығады. Оның ұлылығы, Алла сәулесін бойына сіңіріп, сопылық ілімді жетік меңгеруінде. Мақаласында автордың да айтпағы осы еді, айтты да. Сонысы арқылы Абайды танығандардың (егер бар болса) алдыңғы легінде.
Асылбек Жақай мырза еңбегінде [14] руханият әлемі, руханияттық ілім (сопылық ілім) жатық, қазақи тілде парасатты түсіндірілген. Бұл еңбек руханият әлеміне кірер есік іспетті. Автордың мына бір қарапайым пайымдауларынан-ақ көп нәрсені аңғаруға болады: «Құдай көз алдымызда тұр. Қолғапты – қолғаптың ішіндегі қол, бешпентті – киімнің ішіндегі дене қозғалып тұрғаны сияқты, ет пен сүйектен тұратын тәнді қозғалтып тұрған нәрсе – жан. Сондықтан кез келген жаратылыстың, мейлі ол – қыбырлаған тасбақа болсын, мелшиген қара тас болсын, ішкі мәні – Жан-дүниесі. Жанға қуат Алладан келіп тұр. Жан оны заттық нәрсе етіп ұстап, жаратып тұр. …Жан түріндегі қуат көзге көрінбегендіктен, олардың қай-қайсысы да – Рухани қуат. «…ол екі түрге бөлінеді:
— бірі – Рахмани – рухани қуат;
— екіншісі – шайтандық рухани қуат». Мінеки, осының өзінен сопылық ілім
элементтері көрініс беріп тұр. Одан әрі, «Алланың сипаттарының қуатымен қандай да бір жаратылыс тікелей өзара байланысқа түсе алмайды. Олар Пайғамбарымыздың (саллаһу алейһи уәссаламнің) нұры арқылы жеткізіледі. Нұрына Пірлердің рухы арқылы қызмет көрсетеді…
Осы үш нәрсе арқылы келіп тұрған рухани қуат біздің әрқайсымыздың Руханиятымызды және жалпы Руханият әлемін құрайды. …Біздің жанымыз Руханият әлемімен, Нұр әлемімен және Алла тағала сипаттарының көлеңкесімен, сәулесімен өзара байланысып тұрғандықтан, ол ешқашан өлмейді. Өлетіні Дүниелік әлемдегі Тәніміз» – дейді Асылбек мырза. Енді қазақ тілінің артық қасиеттерін тізбектей келе, біздің Тіл институтының әрі қарай мәртебесін тым асырып жібереді. Өзіміз тілші болғандықтан бұл мақтаумен келісе алмаймыз. Мемлекеттік тіл мәселесінің осы күнге дейін шешімін таппай келе жатқандығында, ғылымды ұлт тілінде сөйлете алмауымызда осы Институттың да үлесі бар.
Сопылықты барынша насихаттай келе, Асылбек Жақай мырза былай дейді: «Біздер қайткенде де сопылықты жандандыруымыз керек. Сопылық:
— татулықтың, тәрбиенің, әдептің;
— білімнің, имандылықтың, зиялы-лықтың;
— адам жанын жетілдірудің;
— өзін-өзі білудің, Алланы танудың;
— тән мен жанды айырудың;
— Дүниелік әлем мен Руханият әлемін ажыратудың;
— Кемеліне жеткен кісі болудың;
— Дүниелік, отбасылық проблемаларды шешудің;
— жат ағымдарға соққы берудің;
— ел бірлігін, ынтымағын нығайтудың;
— шайтандық рухани қуатпен күре-судің бірден-бір жолы».
Одан әрі, сопылықты қалыпқа түсіріп, барынша жандандыра түсудің
маңыздылығын негіздей түседі.
Ендігі әңгіме жас пері, аса талапты софы (сопышыл) Мұханбетхан Барзы һәм оның шығармашылығы хақында. Ол Пәкістан діни оқу орындарының бірінде білім алған, Исламды жетік меңгерген азамат. Ол уағыз айтқанда тыңдаушылары еріксіз беріліп, оған жан-тәнімен ұйып, дүниауи нәрселерді тіпті тәрк етер еді.
Бұл ерекше қасиет дарыған бауырымыздан, сопылық ілімі жетік меңгерілгендігінің арқасында дарыған, Алланың сүйген құлына деген ілтипатының белгісі болса керек. Сопылық ілімді, ілім деңгейлерін, сатыларын шартты, тариқат, мағрифа, ақиқат деп білсек, Мұханбетхан бауырымыз соның ең соңғы деңгейіне, ақиқатқа бір-ақ қадам берді десе болады. Алла тағаланың қамқорлығының, Пірінің асқан мейірім-шапағатының арқасында қол жеткізген бақытты терең сезінген Мұхамбетхан бауырымыз Алланың сүйген пендесіне лайықты тіршілік етуде. Оның шығармашылығының адамгершілік, ізгілік, парасаттылық, сүйіспеншілік, жалпы гуманистік сарын басым. Оның әңгімелері қысқа да нұсқа, тұшымды да өрнекті сөз-сөйлем иірімдерінен тұрады. Бір ғана мысал келтірейік:
Қартайған анасын, жақтырмаған келіні, сенің шешеңе қашан қарасаң да шайнаңдап отырғаны, осы үйдің бар тамағын осы кемпір жейді, мен сенің шешеңе әбден тойдым тауға апарып таста, болмаса балаларды аламын да төркініме кетемін деп күн сайын мазасын ала берген соң, анасын арқалап тауға апарып тастапты.
Бір жыл өткесін баласы, анам көмусіз қалдау деп барып көміп қайтайын деп барса, анасының бас сүйегінен бір өрік ағашы өсіп шыққан екен.
Сөйтсе бұрын анасының шайнаңдап отыратыны, тамақты немерелерім жесін деп, өзі тамақ жеп отырған кейіпті танытып, аузына өріктің дәнегін салып шайнаңдап отырады екен. Өсіп шыққан талдың көшеті сол дәнек екен.
Ата — аналарымыз өлөлгенше ойлайтыны бала — шаға екенін тас жүректер қайдан білсін. Қартайған әкесін таудың басына апарып тастауға бара жатып, бір тастың үстіне дем алуға отырған баласына, әкесі қарқылдап күліп, мен де әкемді арқалап келе жатып осы тастың үстіне дем алған едім деген екен. Демек әке — шешеге көрсеткенің жақсылық болса жақсылық, жамандық болса жамандық болып қайтады екен. Көрсеткеніңді көрмейінше жаның шықпайды. Себебі ата — ана Алланың мейір махаббатының көрнісі. Ата-ананың балалары үшін тілеуі, Алланың тілеуі. Ата-ананың назары, Алланың назары. Ата — ананыңдұғасы, Алланыңдұғасы. Ата-ана разы, Алла разы, депайтылатынысондықтан.
Хазіреті шейх Құрбанәлі Ахмед ишанның «Тариқатнама» атты еңбегі сопылық ілімнің шамшырағы десе болады. Яғни, бұл еңбек сопылық жолды таңдаған, ақиқатқа жол тапқан пендеге сәуле шашып, жарық болып жол көрсетіп тұратын бағдаршам іспетті. «Көп сөз … сөз» ‒ дегендей, енді қалың кітәптың өзінен сөз тартайық:
«Аруақ қолдасын» ‒ дейді қазақ. Сондағы аруақты қалай түсінеміз? «Халықшылдығымыз, елшілдігіміз, діншілдігіміз осы Аруаққа деген сенімнің арқасында емес пе еді?» ‒ дейді хазіреті шейх Құрбанәлі Ахмед ишан.
«Біз: ‒ Аруағымыз асса – мерейленіп жүретін;
‒ Аруағымыз қозса – төңкеріп тастайтын;
‒Аруағымыз қысса құрбандық шалатын халық емес пе едік!
Біз: ‒Қиналсақта «Аруақ» деп,
Қуансақта «Аруақ» деп аруақты арқалаған халық емес па еді?
Біз: ‒ құлшылық етсек те – Аруақтан айналған;
‒ Басымыз жерде жасады Аруақтан аттамаған халық емес пе еді!»
«Осы тіршілігіміздің бәрі Аруақтың арқасында екеніне бір сәт шүбә келтірген емеспіз» ‒ деп жүрек жарды сөзін айтады дамулла. Сөйтеді де Құралхан аруаққа қатысты дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіреді. Енді, адамның аруағы:
«‒Рухтан мұратының барша адамның Аруағы екендігі. Адамзаттың Жан дүниесінің Аруақ екендігі.
‒ Аруақтан мұрат – оның барша жаратылысы қамтып тұрған орасан зор бір періште екендігі. Көлемінің ғаламаттылығы соншалықты – шексіздігі ештеңемен салыстыруға болмайтын болып шықты. Мұқымон сегіз мың әлемнің өзі оның қасында шашылған тарыдай түкке тұрмайды екен.
‒ «Періште» дегеннен мұрат – Оның қасиетінің Жәбірейілдің, Адамзат аруағының және жалпы періштелердің қасиетіне ұқсас.
‒«Рух» дегеннен тағы бір мұрат – адам кейпіндегі періштелердің бір тобын біздер «Аруақ» деп атайтындығымыз, олардың бізге үйреншікті екендігі.
‒ «Аруақ» дегеннен тағы бір мұрат – олардың «Рух» деген періштелердің бір тобы екендігін. Олар періштелерді көріп тұрады, бірақ өздері оларға көрінбейді. Періштелер оларды көруге қуатсыз. Олардың адамзатпен салыстырғанда Нұрдан жаратылған рухты көруге пенде қаншалықты қауқарсыз болса – Аруақтың алдында періштелерде соншалықты дәрменсіз». Ия, одан әрі жалғастыра түсейік:
«Рух» – дегеннің өзі бір Періште. «Рух, Аруақ, Періште» деген ұғымдар кеңейіп, мағыналары ашыла түскен сайын, әлемдерді ұстап тұрған да үлкен тек Жәбірейіл ғана емес екеніне сеніміміз арта түседі. Аруақты:
‒ Біздің – Жан дүниеміз;
‒ ата-бабаларымыздың Рухы деген мағынадағы көзқарас бойынша қарастырсақ – олар ғаламдық көлемде жаратылыстың шағын, жеке бір бөлігін құрайтынына көз жеткіземіз. «Періште» деген ұғымды «Рух» деп түсінеміз. Осы тұрғыда барша әлемдерді қамтып тұрған орасан зор бір Періштенің өзін «Рух» деп атаймыз. Ал енді Аруақты былай сипаттайды:
— өзі сондай бір – көрінбейтін, білінетін болмыс,
— өзі сондай бір – еленбейтін, бірақ нәзік іс-әрекет;
— өзі сондай бір – заттық нәрсеге ұқсамайтын, бірақ нәрсе бола алатын нәрсе;
— өзі сондай бір –материалдықзатқа ұқсамайтын, бірақ зат бола алатын зат;
— өзі сондай бір – таралған газға ұқсамайтын, бірақ ауа сияқты барлық жерден өтіп кететін құбылыс;
— өзі сондай бір – күллі әлемді, Аспан әлемін, ғаламшарларды, атмосфераны, жер қойнауын, өсімдіктерді, жануарларды, адамның денесін т.б. түзіп тұрған суға ұқсамайтын, бірақ су сияқты барлық жаратылысты ұстап тұра алатын құдірет». Осылай жалғаса береді: Бірден-бірге өткен сайып бал-қаймақ, шырын жұтып отырғандай күй кешесіз. Иллаһи, осындай шығарма иесінің ғұмыры ұзақ болғай!

2. Қожахмет хикметтерінің сопылық (әулиелік) сарыны.

Бисмиллаһ – деп сөз бастап,
хикмет айтып,
Шәкірттерге дүррі гауһар шаштым міне.
Тақуалық жолын тұтып, қайғы жұтып, «Дафтар сәни» беттерін аштым міне, – [7] деп басталатын 1-хикметте шәкірттерді, мұсылмандарды, жалпы халықты шынайы құдай жолына, яғни ақиқат жолына бастайды. Осы жолға уағыздай отырып, «Мейірімі жоқ меңіреулерге қаспын міне, Ізгі жолға мен де аяқ бастым міне…» – сияқты өлең жолдарын қайыру арқылы өз ниетін білдіріп, өзіндік нақты іс-әрекетті көрсете отырып, уағыз, тәрбиелік, рухани тазару-танымдық дүниелердің өтімдік, тартымдылық қабілеттерін арттыра түсуге септеме жасайды. Көрнекті ғалым Ә.Дербісәлиев хикметтердің ақиқат жолына бастау белгілерін сипаттай келе, «Сайып келгенде ұлы ақын бұрынырақ ғұмыр кешкен мұсылман шығысының ойпаздары мен даналарының кәміл адам тәрбиелеу туралы идеясын алға тартады, әрі ол сопылық тағылым, дәстүрмен сабақтасып жатыр» [9, 73-93] –деп түйеді. Сабақтастық туралы алдыңғы авторлар еңбектерінде де айтылған болатын. Яғни, ақын тарихи тағылымды бойына сіңіре отырып, өзіндік ілім құрған ғұлама.
«Йасауи хикметтері туралы» [12, 101-116] атты еңбегінде Х.Сүйіншәлиев Қожахметті «дін уағызын жырлаған софылық әдебиеттің өкілі» ретінде тани отырып, «озбырлық пен зұлымдыққа қарсы, дүниеқор дүмше молдаларды сынап, пікірлер айта тұрса да, тағдырға бас июге шақырып, мистикаға бой ұрды» – деп реніш білдіреді. Авторымыз саясат салқынына бой алдырғандықтан, Ақиқат жолын тәрк етуге бар.
Соңғы кездері осы салада өнімді де тыңғылықты еңбек етіп жүрген ғалым М.Жармұхамедұлы өзінің танымы мол ғылыми-монографиялық сипаттағы еңбегінде [10] Қожахмет хикметтерінің сопылық әуенін терең пайымдай отырып, олардан сопылық «тың мазмұн, жаңа сипат» байқайды, құдайды танып-білуді сан-алуан жолдарын аңғарады, соның ішінде, «тәубашылдық, ғашықтық, сабырлылық, шүкірлік, заһидшілдік (анықтық), ғаріптік, ризашылық, т.б.» – ерекше қасиеттер ретінде танылады. Осы автор еңбегін біз өте жоғары бағалаймыз. Оның себебі, авторымыз көне тарих тағылымдарын жете меңгерген, оған бой алдырған, Ақиқат (ғылым) жолын дұрыс пайымдаған, соның есебінен Ұлы ғұлама – ақын еңбегін дұрыс бағалай білген. Бірақ, бір өкінішті жайт, біздің түсінігімізше, еңбек [10] аты дұрыс анықталмаған. Өзіміз аса құнды ғылыми материел (монография) деп бағалаған дүниенің жәй қарапайым аталуы оның бағасын сырт көзге кемітіп тұрған сыңайлы. Дегенмен, ол да болса автордың тым кеңпейілдігінің белгісі болса керек. Жалпы, сопылықтың ең биік сатысы саналған «әулиелік» әуені де хикметтерде сарнап тұр.

3. Йасауийа ілімі

Ғылымда ұлы баба атымен байланысты ортазиялық дәстүрнегізінде пайда болған бас тариқаттар (кувравийа, накшбандийа, чиштийа, т.б.) қатарына жатқызылатын «иасавийа» атауы қалыптасқан. Бұл сопылық ағымды, немесе ілімді сипаттай келе, ғалым: «Йасавитский путь познания – это путь святости и скорее религиозная практика, вытеснившая древнюю религию тюрков, нежели мистический путь» [1] – деп, ортазиялық ерекше құбылыс ретінде бағалайды. Немесе, Йасауи жолы сопылықтағы өз сүрлемі бар Ақиқаттың тура жолы деп түсінуге болады. Және де, бұл жолды авторымыз әулиелік жолына бағалай отырып, әулиеліктің жоғары деңгейі сопылық екеніне меңзейді, Йасауи ілімін дінауи машықтықпен сәйкестендіреді. Яғни, Қожахмет – танымдық жаңа бағыттың, жаңа ілімнің негізін қалаушы.
Қожахмет ұлылығының тағы бір көрінісі, екінші қыры, ғалым сөзімен айтқанда: …ұлы ойшыл Қ.Йасауидың Құран Кәрім негізінде Алланы тану мен оған құлшылық жасау жолдарын, жалпы имандылық мәселелерін тұңғыш рет түрік тілінде жырлаған «Диуани хикметінің» атқарған қызметі ерекше еді. Араб тіліндегі Құран сөзін түсіне бермейтін қыпшақ, оғыз тайпаларына мұсылман дінінің негізгі қағидаларын көркем өлең жолдарымен жеткізе сипаттау арқылы ол діннің мән-жайын терең зерделеді» [10, 12 б.]. Немесе, Қожахмет – Құран Кәрімді түркілік үлгі-дәстүрде насихаттаушы, ұлттық тәпсір иесі,– десе болады. Қожахмет – сопылықтың ең биік сатысына, немесе ақиқаттық танымның жоғары шыңына көтерілген әулие. Әулиелік белгілері Арыстан Баб имамның Пайғамбар аманатын табыс етуінен және «Бір жасымда әруақ маған аян берді, екі жаста Пайғамбарлар келіп көрді, …» [7] – деген сияқты жыр жолдарынан да және өз дүниетанымдық пайымдауларында да көрініс береді. Жалпы, «Йасауи есімі Шығыс, Батыс елдеріне ертеден-ақ мәлім болғанға ұқсайды. Ілкі кезеңде ұстазының атын оның шәкірт-мүриттері шығарса керек. Олар Йасауиді әділеттік, адамгершілік идеядағы тақуа шейх ретінде танытпақ болған. Йасауиді кейбір жат идея мақсатындағылар да пайдаланып баққан…
Халық өкілдері, дана адамдар Йасауиға өзінше баға беріп, ақынның кезіндегі поэзияға қосқан үлестерін атап көрсетіп отырған» [12, 101-116] – деген ғалым пікірімен ой сабақтай отырып, дананың даналығын дүние ерте-ақ танығандығын мойындауға болады. Көрнекті теолог-ғалым Досай Кенжетай өз еңбегінде [13] Йасауийа іліміне әртарапты терең талдау жасайды. Руханияттық ілімінің шыңы екендігін көрсетеді.
«Йасауи ілімі Құран аятының ең негізгі мәселесі болып табылады, адам жанын түсінуді мақсат еткен. Ол алдымен өзін, содан кейін қауымдастарының жан дүниесін жүйелі арнаға салып, Иман нұры арқылы өмірді мағыналандыруды көздеген болатын. Сондай-ақ Құранның адам өмірінің мәнін ашудағы, пенденің рухани әлемін кемелдендірудегі Ұлы Тәңір тарапынан жіберілген басты хикмет (шынайы иман, парасатты іс, парасатты ой) екендігін таныту болатын» – дейді Досай мырза. Ия, Йасауийа сопылық ілімінің негізі осында жатыр. Абайда «Адамды сүй, Алланың хикметін сез» – дегенде осы сопылық дүниетанымға жүгінеді. Хикмет – рационалдық ойлау арқылы игерілетін ғылым емес, «ішкі көз» (басират) аталатын кашиф-иррационалдық-интуициялық әдіс арқылы, тікелей қалбқа (жүрек, көңіл) «берілетін», жүрекпен сезінетін (батини-ладуни) ілім.
Міне, Иасауидің салып кеткен «батини» немесе «хәл» іліміне бүгін «мән, руханилық» немесе Шәкәрімнің тілімен айтқанда, «ар түзейтін ғылым» ретінде қарауға болады» – дейді Досай мырза. Сопылық ілімді жетік меңгерген азаматтың айтқандары көңілге толық қонады. Сенім отын лаулата түседі. «Йасавийа ілімінде адамның өзі жөніндегі танымға «мағрифат-ун-нафс», ал Тәңір туралы танымға да «мағрифатул-аллаһ» – делінеді. Осы екі танымның бірлігін хикмет ұғымы арқылы түсіндіреді. Хикмет ойлау жүйесі тұрғысынан философиядан да, ғылымнан да өзгеше.Себебі, адам таным (мағрифат) арқылы пенденің Тәңірге ұласуы және осы процестің жүзеге асуы үшін де сопылық психотехникалық мектеп тәжірибесінен өтуі тиіс. Қорыта айтқанда, авторымыз, Досай Кенжетайұлы осы мақаласында Йасауийа ілімінің қыр-сырын толық ашып көрсете отырып, оны игеру жолдарын да ашып анықтайды.
Йасауийа ілімінің тарихын зерттеген Зікірия Жандарбек жалпы сопылық ағымның шығу негізіне грек философиясының, христиандық, аскетизмнің, буддизм, иудаизм сияқты ағымдардың әсері болғанын айта келе, ағымның зерттеушісі Р. Никольсонның: «Сопылық – әртүрлі діни ағымдардың, атап айтқанда, мұсылмандық монотеизм идеясының теориялық негіздемесінен, христиандық аскетизм мен мистицизмнен, гностикадан, грек, үнді философиялық ой-пікірлерінің араласуынан, селбесуінен туған ағым. Сопылықты зерттеу үшін, оған әсер еткен ағымдардың бәрін қатар зерттеу керек, қай ағымның қандай үлес қосқанын анықтау керек» [17,18] – дегенін тілге тиек етеді. Ал, француз шығыстанушысы Л.Массиньон сопылық ілім негізінде Құранда айтылған идеялар жатқанын дәлелдеген көрінеді [17, 19].
Жалпы, Түркістан жерінен келген исламның оппозициялық бағыттағы ағымдарының ешқайсысы өзін исламнан тыс ағымбыз деп айтпаған, бәрі де өз ілімдерінің негізін Құраннан іздеді, Йасауи ілімінің негізінде VIII-XII ғасырлар арасында Түркістан жерінде қалыптасқан діни-философиялық көзқарас жатыр – дейді Зікірия Жандарбек мырза [15].
Сонымен, ақиқат (Құдай) жолында асқар шыңға көтерілген, бойына дарыған рухани қазынаны ел-жұртқа сый ретінде үлестірген, сол арқылы жүректерде жылу отын маздатқан Ұлы тұлға еңбектерін одан әрі терең де ауқымды зерттеп-зерделей түсу арқылы оны, ұлының ұлылығын, алдымен өз жұртына таныту бүгінгі ұрпақ парызы демекпіз.

Ескерту:
Біздің бұл мақаламыз Түркістанның 1500 жылдық тойына арналған ғылыми конференцияға дайындалған болатын. Бірақ, түрлі себептермен онда жете алмады. Сондықтан да, яғни мақала негізінен ертелеу дайындалғандықтан, соңғы кезде баспасөз беттерінде жарық көрген кейбір материалдарға (авт. Р.Нұрғали, [А. Қыраубаева], Б.Сағындықов, т.б.) сілтеме жасалмады. Мінеки, енді содан 18 жыл уақыт өткенде тақырыпқа қайта оралып, толықтырулар жасап отырмыз. Илаһи, сопылар қатары одан да көбейе бермек.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Тримингэм Дж.С.Суфийские ордены в исламе. –М.: Наука, 1989.
2. Казем-Бек М.Избранные произведения. – Баку: Элм, 1985.
3. Хазрат Инаят Хан. Учение суфиев. – М.: «Сфера», 2000. – 11 б.
4. Хазреті Шейх Құрбанәлі Ахмед. Тариқанама. Алматы, 2015. – 1107 б.
5. Нұртазина Н. Сопылық // Қазақ әдебиеті. – 2000. №15.
6. Досым Омаров. Абайдың ұлылығы. Алматы: Аqiqat, 2018.№5.
7. Қожа Ахмет Йассауи. Хикметтер / Аударған Ә.Жәмішұлы. – Алматы: Өнер, 1995.
8. Акимушкин О.Ф. Суфийские братства: Сложный узел проблем. – В.
Кн.1. вместо предисловия.
9. Дербісәлиев Қ. Қазақ даласының жұлдыздары. – Алматы: Рауан,
1995.
10. Жармұхамедұлы М. Қожа Ахмет Йасауи және Түркістан. – Алматы: Ғылым, 1999.
11. Қ.Біләл. Ақырзаман. Хакім Абай. Алматы: «Үш қиян», 2008. 217-237 б.
12. Сүйіншәлиев Х. VIII-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1989.
13. Досай Кенжетай. Хәл-хикмет ілімі. Алматы: Тариқнама. – 394-401бб.
14. Асылбек Жақай. Ханафи мәзһабы – сопылық мәзһаб. Алматы: Тариқнама. – 5-19 бб.
15. Зікірия Жандарбек. «Насаб-нама» нұсқалары және түркі тарихы. Алматы, 2002. – 136-137 бб.
16. Мұханбетхан Барзит. Сопылық сарын әуендері. Алматы.
17. Книш А.Д. Суфизм // Ислам. Историобиографическая очерки. Под
редакцией С.М.Прозорова. М., 1991, 109-207 б.
18. Абуов А.П. Мировоззрение Ходжа Ахмеди Ясави. Алматы, 1997.
19. Ислам на территории бывшей Российский империи. Энциклопедический словарь, Выпуск. М., 1998.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *