Шығыс Қазақстан облысы Жарма кенті №17 орта мектеп оқушыларының туындылары Шығыс Қазақстан облысы Жарма кенті №17 орта мектеп оқушыларының туындылары
Анама Ақ сүтінен жаралғанмын, Ақ сүтінен нәр алғанмын, Тынысымен дем алғанмын. Анашым ең жақын адамым, Бізді жақсы көреді, Құлыным деп жүреді. Алыстап кетсек жыраққа,... Шығыс Қазақстан облысы Жарма кенті №17 орта мектеп оқушыларының туындылары

Анама
Ақ сүтінен жаралғанмын,
Ақ сүтінен нәр алғанмын,
Тынысымен дем алғанмын.
Анашым ең жақын адамым,
Бізді жақсы көреді,
Құлыным деп жүреді.
Алыстап кетсек жыраққа,
Бізді ойлай береді.

Шыңғысқа

Қиын сәтте көмектесетін,
Маған қолдау беретін.
Бар ғой менің жан досым,
Шыңғыс деген құрдасым.

Әлішер Жайсамбай

Менің Отаным

Менің Отаным – Қазақстан,
Ынтымақты елі бар,
Әдемі, көркем жері бар.

Менің Отаным — Қазақстан.
Сұлу да ибалы қызы бар,
Жау шапса қорғайтын ұлы бар.

Менің отбасым

Менің отбасымда төрт адам,
Бәрі өте қымбат маған.
Әкем — асқар тауым,
Анам — менің күнім.
Сіңілім — кішкентай гүлім.

Жанерке Команова

Ақ лақ

Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Жазғы демалысқа шыққанда мен ауылға демалуға барамын. Атам мен әжем мені құшақ жая қарсы алады.Жаздай суға шомылынып, күнге қыздылынып қайтам. Атам мал шаруашылығымен айналысады. Менің ақ лағым бар. Маған бауыр басып қалған.Мен ақ лақты сағынып жүрмін. Шіркін, менің лағым жазда мені таныр ма екен?
Фариза Серікбекқызы

Күшік

Күшігім менің – Мойнақ,
Сүйкімді өзі аппақ.
Сүйек әкеп берейін,
Қасыма келші ойнақтап.

Күшік

Әкем маған күшік әкеліп берді. Өзі сондай сүйкімді. Сүт ішкенді жақсы көреді. Мен оған «Мойнақ» деп ат қойдым. Күзде Мойнақ үлкен болып өсті. Маған – көмекші. Мал қарасып қорада жатады. Ит – адамға қамқоршы.

Тоғжан Тоқтамысова
3-сынып

Аяулы менің анашым

Ана әлемдегі ең асыл әрі ардақты жан. Оның шуақты жүзі мейірімге, нұрға толы. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қлымен әлемді тербетеді. Яғни сәбиі үшін ештеңеден аянып қалмайды. Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай перзентінің амандығын тілеп өтеді. Сол себепті әр адам өз анасын құрметтеуге, қадірлеуге тиіс. Бұл дүниеде ананың аялы алақанынан артық не бар, сірә! Сондықтан да мен өз анамды өте қатты жақсы көремін. Мен үшін одан асқан асыл адам жоқ. Менің анам әлемдегі ең сұлу, ақылды, меейірімді, ақ жарқын жан. Ол мен үшін ең қымбат әрі ең ерекше тұлға. Оның әрбір сөзіалтынмен тең. Әлемдегі әр бала өз анасын құрметтеуге міндетті. Біз аналарымыздың көңіліне кірбің түсірмеуге, айтқан тілін алуға, мақтанышы болуға тиіспіз.
Аиана Жеңісбекова
2-сынып оқушысы

 

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *