Шындық таудың шыңындасың Шындық таудың шыңындасың
Шындық таудың шыңындасың (Мұхтар Шахановқа) Жырларын жаттап өсіп Шахановтың, «Жас Мұхтар» бала кезден атаныппын. Өз жолым, өз сүрлеуім болса дағы, Жадымда мəңгі қалар аты... Шындық таудың шыңындасың

Шындық таудың шыңындасың
(Мұхтар Шахановқа)

Жырларын жаттап өсіп Шахановтың,
«Жас Мұхтар» бала кезден атаныппын.
Өз жолым, өз сүрлеуім болса дағы,
Жадымда мəңгі қалар аты алыптың.

Тоғысқан жігер, қайрат сөздеріңде,
Өртімді өлеңімнен сез дедің бе?
Еліріп кей сəттері жылап жіберем,
Елім деп еміренген кездеріңде.

Көп адам өз құлқынының құлы бүгін,
Ұқтырды адамдықтың тұнық үнін.
Айналдым қасиетіңнен, ақын атам,
Ұласқан ұлы жырмен ұлылығың.

Ұғынсын мейлі біреу ұғынбасын,
Сен менің өшпейтұғын жырымдасың,
Бағаңды халық берген əлдеқашан,
Ең биік шындық таудың шыңындасың.

Шындықты мен де кейде жайып кетем,
Кінəлайт неге айттың деп тойып кетем,
Алаштың сөзін айтса ақын жүрек,
Айтыңдаршы, біздер үшін айып пе екен?

Болашағым не болад деп жанталастың,
Болса да уайым жеме қарбалас тым.
Жалынды біз секілді жастар барда,
Тұғыры биік болар алты алаштың!

Бекжан Базарбек
11-сынып оқушысы
Мұқағалиға арнау

Мұқағали атамыздың тойы бұл,
Жыры семсер,әні,сөзі,өзі нұр.
Жыр арнадым жүрегіммен, жаныммен,
Ата, сенің өшпейтұғын жырың бұл.

Елін, жерін, Отанын сүйіп мақтаған,
Отаным үшін, сіз үшін мен де мақтанам.
Абайдан кейін қазақты көкке көтерген,
Деп білем, ата, өзіңмен әр кез мақтанам.

Жырларың бар, кесіп өтер кезеңді,
Мұңдарың бар, шертілмеген кеселді.
Мұқаң жайлы айту — әркім парызы,
Қазағымның “Мұзбалағы” белгілі.

Туған жерім — Қарақұм

Жер жәннаты Жетісу шыққан жерім,
Ұлы жүзден тараған руым менің.
Қаратал ауданында Қарақұм бар,
Ауылым-алтын бесік, мәңгі менің.

«Алғазы» орта мектеп, алтын ұям,
Кеткенде сені алысқа қайтіп қиям.
Берген білім, үйреткен ақылыңды,
Көкейімде жаңғыртам, мәңгі ұям.

Киелі Балқашымның кең төрінде,
Асыр салып ойнағам көл бетінде.
Балқашымның маңында орналасқан,
Қарақұм деген ел бар жер бетінде.

Ауылым шағын ғана елді мекен,
Даңқыңды көтеремін туған өлкем.
Сенім артқан елімнің ақ үмітін,
Ақтаймын, қалай болса асыл мекен.

Аделина Бекболатова
9-сынып оқушысы

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *