Кәсіпкерлік – мемлекетті дамытудың тиімді жолы Кәсіпкерлік – мемлекетті дамытудың тиімді жолы
Берік Ағыбаев Елбасының «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» атты Қазақстан халқына Жолдауы әлеуметтік-экономикалық саланы одан әрі жетілдірудің басты... Кәсіпкерлік – мемлекетті дамытудың тиімді жолы

Берік Ағыбаев

Елбасының «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» атты Қазақстан халқына Жолдауы әлеуметтік-экономикалық саланы одан әрі жетілдірудің басты көрсеткішіне айналды. Нәтижелі жұмыспен қaмтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының басты мақсаты — халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
Сонымен қатар, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» мақаласын іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
• Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;
• жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
• халықты жұмыспен қам-туға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
Бұл бағдарламаға негіз болған «кәсіпкер» ұғымына кеңірек тоқталу қажеттілігі туады. Бұл ұғым XVIII ғасырдан бастап қолданысқа енген. Кәсіпкер сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық тәукелге баратын меншік иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады және соның нәтижесінде оған иелік жасайды.
Ол өндіріс факторларының қиылысын келтіріп ұштастыратын, экономикалық қызмет атқаратын адам.
Бүгінгі таңда кәсіпкер немесе өсімқор деп иелігіндегі қажетті құралдары бар пайдалы жұмысты ұйымдастырушы адамды айтады. Бұлардың қатарына жататындар: шағын кәсіпорындардың иелері, акционерлік қоғамның басқарушылары, кооперативтің жетекшілері және шаруалық бірлестіктердің менеджерлері.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш шарты айтылып жүр. Біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу дегеніміз – аталған субьектінің шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау, өнімді өткізуде және тағы басқа таңдауда олардың жиынтық бостандығы мен құқығы болуы керек. Екіншіден, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың өндіріс құрал-жабдықтарына, өнімге және табысқа иелік құқығы болуы маңызды шарт.
Үшіншіден, өзін-өзі басқару және шаруашылықты таңдауда бостандықты, инвестициялауды нақты қамтамасыз ететін белгілі бір экономикалық орта және қолайлы жағдай қажет. Толығырақ айтқанда, белгілі бір кәсіпкерлікпен айналысу үшін – нарықтық бәсекелестік тәртіп бойынша, шаруашылық жүргізуге қолайлы жағдай туғызу.
Кәсіпкер дегеніміз кім? – Бұл сұраққа жауап іздестіру барысында тікелей жеке адамдардың еңбекке бейімділігі мен қабілеттілігін және олардың өздерінің ой-пікірлерін жүзеге асырудағы әрекеттерін сипаттауға тура келеді.
Осы орайда, кәсіпкер – қашанда өз бетінше шешім қабылдамайды, белсенді жаңалыққа, оны тез жүзеге асыруға бейімділік танытады; нысаналы нәтижеге жұмыс істейді;
-сыңарлы сынға және орынды мадаққа дайын;
-ашық, іскер адамдар арасында өзін еркін сезінеді;
-өзіне және серіктестеріне қатаң талаппен қарайды;
-адамдарды басқаруға, оларды әрдайым рухтандырып, іс-қимылдарын үйлестіріп отыруға бейім, икемді адамдар болып келеді.
Кәсіпкердің нарықтық экономиканың басқа агенттерінен айырмашылығы — өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі. Пайда кәсіпкердің сұранысты қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржы мен баға арасындағы айырмашылық.
Кәсіпкердің пайдасын меншік иелерінің табыстарынан ажырата білу қажет. Акция бойынша, дивидент, депозиттерге процент, жер үшін алатын рента, бұлар – меншік иесіне түсетін табыстар. Әлбетте, бұл табыстың көзі – акционерлік компанияның басқару органдары, банк, арендаторлар өз қолына басқа біреудің меншігін алып, жаңа өнімдер өндіріп, кредит беріп немесе жалға алған жерді ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп, оны өткізуді ұйымдастыру барысында нарықта белесенді қызмет атқара отырып түсірген пайда болып саналмайды. Сонымен, меншік иесі – енжар, ал кәсіпкер – нарықтық байланыстарды қалыптастыратын және дамытатын белсенді тұлға болып табылады.
Кәсіпкерлік қажеттілік немесе тапқырлық кәсіпкерлердің бірімен-бірі байланысты төрт қызметтері арқылы сипатталады.
Олар:
а) кәсіпкер – жер, капитал, еңбек ресурстарының біркелкі өндіріс және қызмет процесінде ұштастыру үшін өз тарапынан ынташалық білдіре отырып, оларды өз қолына алады;
б) кәсіпкер – бизнесті ұйымдастыру және жүрізу процесінде кәсіпорынның әрекеттік бағытын және оның тиімді жұмыс істеуін анықтайтын негізгі шешімдер қабылдау үшін міндеттеме алады;
в) кәсіпкер – жаңашыл коммерциялық негізінде жаңа өнімдер, жаңа өндірістік технология
және тіпті бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге ынтасы бар адамдар;
г) кәсіпкер – жоғарыда айтылған оның үш қызметін талдаудан шығатын қорытынды: ол тәукелге бел буған адамдар. Кәсіпкер тек өзінің ісіне жұмылдырылған қаржысымен тәуекелдікке бармайды. Сонымен бірге, ол өз уақытымен, еңбегімен, тіпті өзінің іскерлік атағымен де тәукелге барады.
Кәсіпкер болу үшін капиталдың иесі болудың қажеті жоқ, оның басты капиталы – ұшқыр қиял және тұтынушылардың психолгиясын сезіну. Нақ осылар кәсіпкерге пайда түсіреді.
Экономиканың негізінен екі фундаметалды ақиқат құрайды және олар шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар дегеніміз не? Бұл – тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал-жабдықтар ресурстары.
Олар: фабрика, зауыт және ауыл шаруашылық құрылыстары, әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар, әртүрлі транспорт, байланыс құралдары, материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер, жер және қазбалы байлықтар. Олар мынадай үлкен екі категорияға бөлінеді:
1. Материалдық ресурстар – жер оның табиғи байлығы және капитал;
2. Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлікке қабілеттілік.
Қысқаша экономикалық ресурстардың мәніне тоқталайық.
1. Жер. «Жер» деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады — өндірісте қолданылатын барлық «табиғи әншейін байлығы». Оған мынадай ресурстар кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен байлықтары, су ресурстары тағы басқа.
2. Капитал немесе «инвестициялық ресурстар» — барлық өндірілген өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жаблықтар, фабрика – зауыттар, қойма, транспорт құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы. Құрал жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.
Тауарлар екіге бөлінеді:
1.Инвестициялық тауарлар, олар тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз етеді;
2. Тұтыну тауарлары қоғамның қажетін тікелей қанағаттандырады. Инвестициялық тауарға ақша капиталы кірмейді. Ақша ештеңе өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша – бұл финанс капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған капитал.
3. Еңбек – бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың тауар өндіру және қызмет көрсетудегі күш, ақыл-ой қабілеттілігін бейнелейді.
4. Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс бағытын айқындайды.
3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіру, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа фирмаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
4. Кәсіпкер – бұл тәукелге баратын кісі. Тәукелге бару үшін істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қорытындысы не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақытын, еңбегін, іс қабілеттілігін тәукелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өз серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәукелге салады.
Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол пайда табу. Ресурстарға төлем. Жоғарыдағы көрсетілген ресурстар, яғни өндіріс факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.
1. Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.
2.Жер, су бергеніне рента алады.
3.Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады.
4. Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиянды болуы мүмкін.
Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым екенін кәсіпкер жете түсінуі керек. Экономикалық тиімділік – бұл «шағын — өнім» мәселесін қамтиды. Экономикалық тиімділіктің критериясы әрбір өнім бірлігіне шаққанда неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады. Ол үшін ресурстарды толық іске қосып толық қамтуға және өндіріс көлемін толық қамтамасыз ету қажет. Сондықтан «толық қамтылу» деген экономикалық терминді түсіндіріп кетерлік.
«Толық қамтылу» деген пайдалануға жарамды барлық ресурстарды іске қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмау керек; егіске жарамды жерлер, күрделі жабдықтар бос тұрмауы, яғни барлық жарамды ресурстарды іске қосу керек. Ресурстардың барлығы жұмыс істесе шығын көбейеді: жұмысшылар еңбек ақы алады, инвестициялық тауарлар сатылады тағы басқа, яғни ел байиды, нарық тауарларға толады, адамдардың әлеуметтік тұрмысы жақсарады. Қазақтың мақалы бар «шығын болмай, тығын болмайды» деген. Қоғамның өмір сүру негізін материалдық өндіріс, яғни адамдарға қажет байлықты өндіру құрайды.
Шын мәнінде, кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі төртінші фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуде қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге кәсіпкерлік пайда.
Социализм мен капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде жұмыс күшінің өндірген қосымша құны бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалады, ал екіншісінде – қосымша құн үшке бөлінеді; пайызға, рентаға және кәсіпкерлік пайдаға.
Қоғамның өндірген таза пайдасын осылай бөлуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар құрылады, оны қорғауға полиция, қарулы күштер ұйымдастырылады.
Қазақстанда қоғамдық меншікке негізделген экономиканың жеке меншік экономикасына ауысуы ұзақ мерзімді, ақыл-ой, парасатты, жұмысқа негізделген экономикалық күрделі шараларды қолдануды талап етеді.
Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табысын даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілетті, қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы керек. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматтар болуы керек.
Кәсіпкерліктің даму тарихы 4 бағытта дамыды:
1-ші бағыт.
Кәсіпкерлікті тәуекелдікпен байланыстырды. Бұл бағыттың негізін салушысы болып француз экономисі – Ричард Контильон болып саналады. Ол мынадай шешімге келеді: «Кәсіпкер болашақтағы мүмкіндіктерді болжап, өзіне табыс табу мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асырады. Сұраныс пен ұсыныс қатынасын ескере отырып, кәсіпкер тауарды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатады».
2-ші бағыт.
Өндірістік факторлардың бірі рационалдық комбинацияны жүзеге асыру және қалыпты кәсіпкерлік табыс табу.
3-ші бағыт.
Кәсіпкерлік теориясын құрудағы негізгісі мен перспективалық бағыт. Егер шаруашылық субъектілері жаңа комбинацияны жүзеге асырмаса, ол кәсіпкер болып саналмайды. Кәсіпкерлік функцияларын мынадай адам ғана жүзеге асыра алады. Егер ол сезімтал, иновациялық өзгерістерге икемді адам болса, жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін тұлға.
4-ші бағыт. Кәсіпкерлікті менеджментпен тығыз байланыстырады. Кәсіпкерлік пен менеджмент бірін-бірі толықтырып тұрады және құрамдас бөлігі болып табылады. Менеджмент көбінесе кәсіпорынның қызмет көрсету саласына көп көңіл бөледі және кәсіпкерліктің басқару стилін нығайтады.

Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын бизнес Қазқстанда қарқынды дамып келеді. Дербестігімізге 27 жыл толған еліміздің дамуына шағын бизнесті дамыту өте қолайлы. Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын бизнес инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді.
Шағын кәсіпкерлік арқасында болатын жағымды жайттар:
1. аймақтық экономиканы жандандыру;
2. қайта құрылған жұмыс орындарын көбейту;
3. шағын бизнесті дамытуға қолайлы орта қалыптастыру;
4. Қазақстанда шағын бизнес қарқынды дамуына қол жеткізу.
Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері жан-жақты талданып келеді, Дегенмен бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, ол жұмыстарда негізінен, кәсіпкерлік қызметін дамытудың жалпы экономпкалық көзқарастары ғана карастырылғандығын айтуымыз керек.
Кәсіпкерлікті дамыту саласында методологиялық дәрежеде шетелдік, атап айтқанда, американдық ғалымдармен көптеген зерттеулер жасалған. Бұл осы елдің шағын кәсіпкерлікті дамытуда 200 жылдық тарихы бар екендігін көрсетеді. Бүгінгі таңда АҚШ-та 20 миллионнан астам кәсіпорын бар және олардың 6%-і шағын және орта бизнеспен шұғылданатын кәсіпорындар.
Жалпы құрылымы бойынша менің курстық жұмысым екі бөлімнен тұрады:
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік саясаты экономиканың әртүрлі салаларында кәсіпкерліктің даму болашағын анықтай отырып кәсіпкерлердің әр түрлі топтары үшін қолдаудың жеке шараларын жүзеге асыру қарастырылады. Ол үшін алдымен шағын және орта кәсіпкерліктердің өндірістік және инновациялық іс-әрекеттеріне көңіл бөлу керек.
Кәсіпкерлікті аймақтық басқару үшін аймақтық шағын бизнесті дамыту орталықтарын құру ұсынылады, олардың міндеттері мыналар: кәсіпкерлікті дамыту қорларын құру, жаңа кәсіпорын құру жөнінде кеңес беру арқылы көмек көрсетулерді ұйымдастыру, бизнес-инкубаторларын құру, бизнес-семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, пайдаланылмайтын алаңдарды сату бойынша теңдерлер ұйымдастыру және басқалар.
Жаппай кәсіпкерлікті аймақтық басқарудың тиімді құралдарының бірі шет елде өзін-өзі жақсы танытқан, нәтижеге жеткен бизнес-инкубаторларды кең пайдалану ұсынылады, бұл кәсіпорын құрудың, икемді әдістері мен тиімді жұмыс істеу жүйесі болып табылады.
Жаңа кәсіпорын құру процесі – бұл кәсіпкерлік қызметіндегі ең көп жауапты және еңбек сіңіруді керек қылатын кезең, ол дұрыс қызмет бағытын таңдауды, тиісті команданы жинақтауды, болашақ кәсіпорынның орналасатын жерін таңдауды, бизнестің ұйымдық-құқықтық түрін анықтауды, фирманың маркетинггік мүмкіндіктерін талдауды және ең соңында кәсіпорынның өзін тіркеуді ұйғарады.
Кез келген болашақ кәсіпорынды бағалау үшін айналысатын саланың күйі мен нарық жағдайы, экономикалық көрсеткіштер, бәсе-кеге қабілеттілік деңгейі, басқару командасының мінездемесі, жеке критериялар және стратегиялық мінездемелер есепке алынады. Мұндай талдау кәсіпорынды келешектегі оның тиімділігі тұрғысынан бағаландыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның жоғары әлеуеті табыстарға қол жеткізуге қолайлы мүмкіндіктер тудырады, ал кәсіпорынның әлеуеті төмен болса, қандай да бір идеядан бас тарту жолымен мүмкін болатын сәтсіздіктерден құтылуға мүмкіндік береді. Шағын кәсіпорынның әртүрлі даму сатылары мен басқарудың ұйымдық қаржы ресурстарына деген қажеттілігін дәлме-дәл есептеуге ғана емес сонымен қатар келешекке болжам жасауға да мүмкіндік береді. Бұдан басқа қаржылық жоспар — несиелеу мен капиталды инвестициялау үшін қажетті алғашқы қаражаттардың бірі болып табылады, ол бизнестің тек пайызды төлеуге ғана емес, сондай-ақ қарыздарын қайтару үшін де жеткілікті пайда табу мүмкіндігін көрсетеді.
Қазіргі замандағы әлемнің ең жоғары дамыған елдерінің бірі — АҚШ-тың кәсіпкерлікті дамыту бойынша 200 жылдан астам тәжірибесі талданып, қорытылды. Бұл тәжірибелерді Қазақстанда пайдалану жөнінде ұсынылған ұсыныстар республикадағы өтпелі кезең қиыншылықтарын жеңу және индустриалды дамыған елдер жолына шығу мақсатын көздейді.
Шағын бизнестің негізгі мақсаты — халықты жұмыспен қамту, оның әлеуметтік меселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп ассортименттегі тауарлармен, қызметтермен толықтыру. Қазақстан Республикасында халықтың әл-ауқаттылығын түбегейлі жақсарту мен экономиканы дамыту секілді қиын да игі міндеттерді атқара білетін бизнесмендер тобын жетілдіруге алып баратын әрі кәсіпкерлік қызмет саласын шабыттандыратын кәсіпкерлікті басқару ісінің мақсатты да көп деңгейлі жүйесін қалыптастырудың қажеттігін атап өту керек.
Республикамызда нарықтық қтынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі – шағын кәсіперлікті дамыту. Республикада шағын бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шараларды қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалуда. Оған келесі жағдайлар бекітіледі:
Шағын кәсіпорындар кез келген халық шаруашылығының саласында, кез келген меншік формасы негізінде құрыла алады. Әр саладағы жұмыскерлер саны кәсіптің ауқымына қарай әртүрлі болып келеді. Өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 200-ге, ғылым мен ғылыми қызмет көрсету саласында жұмыскерлер саны 100 адамға, бөлшек саудада жұмыс істейтіндер саны 15 адамға дейін болуы мүмкін.
Шағын кәсіпорындар, шаруашылық ассоцялары, ұжымдық, біріккен кәсіпорындар, мемлекеттік органдар құрады. Республикамызда шағын бизнестің экономикалық мәнің тереңнен түсінуге «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жол ашып отыр.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының міндеттері:
• Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.
• Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу.
• Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.
• Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту.
• Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
• Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
• Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру

Бизнес мониторингі

Статистикалық тіркелім дерек-терінде Республика бойынша 2017 жылғы 1 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша елімізде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны 4,5%-ға өскен.
ҚР Қаржы министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сүйенсек, 2017 жылғы 1 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша елімізде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны өткен жылғы осы кезеңге сәйкес мерзіммен салыстырғанда 4,5%-ға өскен. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санында жеке кәсіпкерлердің үлесі 65,4%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 18%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 16,4%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,2%.
Қазақстанда барлығы 1 156 436 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болса, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар саны – 207 929, ал орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар саны – 2 609. Жеке кәсіпкер ретінде 756 743 азамат тіркелген. Сонымен қатар елімізде 189 155 шаруа немесе фермер қожалығы ресми жұмыс істейді.
Бұл көрсеткішті өңірлерге шағатын болсақ, шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің саны бойынша Оңстүстік Қазақстан облысы көш басында. Бұл облыста 179 704 субъект тіркелген. Шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар саны 26 254 болса, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар саны 165. Оңтүстікте жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азаматтар саны 94 496-ға жеткен, сонымен қатар 68779 шаруа қожалығы бар.
Ал екінші орында Алматы қаласы. Бизнес орталық ретінде танылған қалада 169 638 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Оның ішінде 58 247 – шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар болса, 686 – орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар. 110 200 жеке кәсіпкер тіркелсе, 505 шаруа немесе фермер қожалығы ретінде есепке алынған.
Ал Алматы облысы үздік үштікке енген. Ауыл шаруашылығына қолайлы саналған бұл аймақта 45 639 шаруа қожалығы тіркелген. Сонымен қатар 8 482 шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар мен 152 орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар қызмет атқарады. Сонымен 57 255 субъект жеке кәсіпкер ретінде есепте тұр.
Төртінші орында – Астана қаласы. Елордада барлығы 97 197 ШОК субъектісі тіркелген. Ал Шығыс Қазақстан облысында – 81 310, Қарағанды облысында 80 589 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді.
Статистика комитетінің мәліметіне назар аударар болсақ, Солтүстік Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің саны ең аз, атап айтқанда 28 146 субъекті жұмыс істейді. Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары да бизнес субъектісі аз тіркелген аймақ болып саналады. Егер Батыс Қазақстан облысында 37 284 субъектісі болса, Қызылордада – 37 700 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар.
Ал еліміздің жеті өңіріндегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің саны 41 мыңнан 60 мыңның арасындағы көрсеткіш деңгейінде. Атап айтқанда Жамбыл облысында – 59 706, Ақтөбе облысында – 50 430, Қостанай облысында – 49 185, Маңғыстау облысында – 47 239, Атырау облысында – 43 388, Ақмола облысында – 47 754, ал Павлодар облысында 41 638 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді.
Өңірлерде, әсіресе ауылдық жердегі кәсіпкерлік саны алдағы 5 жылда артуы әбден ықтимал. Себебі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырып отырған «Бастау Бизнес» жобасы 2017 жылы 15 мың ауыл тұрғынын оқытуды көздеді. 2018 жылдан бастап бұл көрсеткіш екі есе ұлғаяды, тиісінше 30 мың адамға білім беріп, оның ішінде 6000 білім алушы өз кәсібін ашуы керек немесе жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейте алады.
«Бастау Бизнес» жобасының 2017 жылғы жоспары 100% орындалған. Білім алған 15 мың қатысушының 56%, атап айтқанда 8285 қатысушы бизнес-жобасын қорғады. Ал оның ішінде 3314 – жеке кәсіп ашты, кәсібін өрістетті.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген «Бастау бизнес» жобасы арқылы 2017-2021 жылдар аралығында жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 135 мың азамат кәсіпкерлік негіздерінен білім алады әрі 27 мың бизнес субъектісі ашылады деп жоспарланып отыр.
Дүние жүзілік практикада жалпы қабылданған кәсіпкерліктің даму деңгейінің көрсеткіші – шағын бизнес кәсіпорындардың 1000 тұрғынға шаққандағы саны. Халықтың кәсіпкерлік белсенділігі әсіресе Алматы қаласы мен Астана қаласында, сондай-ақ Маңғыстау және Павлодар (6,5) облыстарында ас жоғары. Шаруа қожалықтары бойынша оң түстік Қазақстан, Алматы, және Қарағанды облыстары көзге түседі.
Шағын кәсіпкерлік базар қатынастрын ұдайы іске қосып отыратың ортаның нақ өзі экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен,базарлардың тауарлармен малығуына және жаңа жұмыс орындардың құрылуына мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар меншіктің экономикалық дамуына оның тұрақтылық индикаторы есепті орта жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету және адамның өмірге нақ сезімен қарау мүмкіндігін артыру жактады. Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесінің қалыптастыру әлі жүріп жатыр. Фирмаларды көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі ескеріледі: шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50 адамға дейін болатын кәсіпорындарды жатқызады. Кәсіпорындардың кәсіпкерлеріне жоғары білімі бар және онысын жұмысында қолданады.
Ең басты: шығын кәсіпкерліп саны өсіп келеді, өсіп келеді. Шағын кәсіпорындардың соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық құрылымының қалыптаса бастаған аймағы . Заңды түрде тіркеліп , мерзімінде жұмыс істеген шағын кәсіпорындардың басым көпшілігі Алматы қаласында орналасқан. Тұрғындардың мемлекеттік бөлікте жұмыспен қамтылу деңгейі төмендеді. Босап қалған еңбек ресурстарының бір бөлігі мемлекеттік кәсіпорындардан жеке кәсіпорындарға ауысты. Шағын және орта кәсіпкерлік, әсіресе, агроөнеркәсіптік өндіріс саласында мықтап дамуға тиіс.
Өткен жылдары еске алсақ, ауыл шаруашылық шикізаттың басым бөлігі риспубликадан тыс жерлерге тасымалданып, сол жерлерде өнделіп, дайын өнім жоғары бағамен қайта әкеледі. Агроөнеркәсіптік кешен– экономиканың ірі де әлеуметтік маңызы зор бөлігі. Жалпы ішкі өнімнің алтыдан бір бөлігі ауыл шаруашылығының, сондай -ақ ұқсату кәсіпорындардың үлесіне тиеді.
Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы болып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар ауамағында тұратын адамдардың әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді.
Жаңа бағдарламаның негізгі мақсаты — өздігінен жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды және басқа да біліктілігі жоқ тұлғаларды төмендегі үш бағыт бойынша міндеттерді шешу арқылы нәтижелі жұмыспен қамту:
Бірінші. Талап етілген мамандықтар және кәсіпкерлік негізі бойынша жаппай оқыту және дағдыландыру.
Екінші. Жаппай кәсіпкерлік үшін жағдай жасау.
Үшінші. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және жұмылдырылған еңбекті қолдау арқылы нарықты дамыту.
Бағдарламаның мақсатты тобы – өздігінен жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар және кәсіби біліктілігі жоқ тұлғалар.
Жаңа Бағдарламаның негізгі ерек-шеліктері:
• дуалды оқыту, яғни уақытының 40-60% жұмыс орнында өтеді;
• ауылдық елді мекендерді жұмылдырылған кешенмен қамти отырып, 1-6 ай аралығында оқыту мерзімімен модульдік топтарды пайдалану;
• қызмет көрсету секторында көпшілікпен жұмыс жасайтын кәсіптерге оқыту;
• көпшілікке шағын несие беру;
• жұмысқа орналастыру үшін бірегей сандық алаң ашу (еңбек биржасы).

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *