Жаңа формат — әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған Жаңа формат — әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған
Жанна ИМАНҚҰЛ, «Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» марапатының иегері Биылғы жыл мемлекет тарапынан тағыйындалатын әлеуметтік көмек түрлеріне енген өзгерістердің қолданысқа енген жылы. Жаңа... Жаңа формат — әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған

Жанна ИМАНҚҰЛ,
«Жалын» журналының қызметкері,
«Ақпарат саласының үздігі»
марапатының иегері

Биылғы жыл мемлекет тарапынан тағыйындалатын әлеуметтік көмек түрлеріне енген өзгерістердің қолданысқа енген жылы. Жаңа әлеуметтік көмектің негізінде 2017 жылдың 8 қазанында ҚР Парламенті бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру үшін даярланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңның қабылдануы жатыр.
Қазақстан Республикасы Ден-саулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпованың мәлімдеуінше: «АӘК-ны тағайындаудың шектік деңгейін күнкөріс деңгейінің 40-нан 50%-ға дейін ұлғайту жәрдемақы сомасын көбейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда 4 және одан да көп балалары бар отбасылары 8246 теңге көлеміндегі белгіленген АМЖ алады. Заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2018 жылдан бастап сәйкес негіздемелері болған жағдайда (отбасы табысы күнкөріс деңгейінен 50%-ға төмен және еңбекке жарамды отбасы мүшелері әлеуметтік келісімшарт жасасқанда) АӘК әрбір балаға беріледі. Осылайша, құрамында 6 адам бар (2 ересек, 4 бала) табыс көзі жоқ отбасы 8246 теңгенің орнына 61326 теңге алатын болады».
8246 теңге мен 61326 теңгенің арасындағы айырмашылық айтпаса да түсінікті болып көрініп тұр. Бұл табысы төмен отбасылар үшін мемлекет тарапынан үлкен қолдау екенін ерекше айтып өткен жөн.
Яғни, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап табыстары ең төмен табыстың 50%-ына да жетпейтін күнкөрісте отырған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға және осындай отбасылардағы жұмысқа жарамды отбасы мүшелерін жұмыспен қамту орталықтарындағы сұраныстармен жұмыс істеуге міндеттейтін шарттар негізінде берілетін атаулы әлеуметтік көмек енгізілді. Елімізде өзгеріс жасалып отырған жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек түрі іштей екіге бөлінеді: шартты және шартсыз ақшалай көмек.
Атауынан да белгілі болып отырғандай шартсыз ақшалай көмек береу негізіне ешқандай келісімшарт жасалмайды. Еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына (мәселен, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларына (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Дәл осындай құрамдағы отбасыларға жәрдем беру барысында міндетті жұмысқа қамту талап етілмейді.
Ал шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі немесе отбасыдағы барлық еңбекке жарамды мүшелер жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.
Мемлекет тарапынан алғаш рет тағайындалып отырған көмекті алу үшін көмек тағайындаушы және көмек алушы тараптар өзара жауапкершілікті мойындарына алады.
Жәрдемақы алған отбасы мүшелері мемлекет тарапынан жүргізілетін жұмыспен қамту шараларынан бас тартпаулары міндеттеледі.
Бұл туралы С.Жақыпова: «Тұл-ғаларға тектен тек ақшалай көмек ұсынылмайды, оған жұмысқа орналасуға көмек беріледі, қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру үшін әртүрлі курстарға жіберіледі. Осылайша, отбасының кедейлік жағдайынан шығу мүмкіндігі ынталандырылады» деп түсініктеме береді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
•қиын өмірлік жағдаятты (егер ол пайда болған жағдайда) жою үшін жағдайлар жасау;
• арнаулы әлеуметтік қызметтерді кепілденілген көлеммен қамтамасыз ету;
• арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету;
• мониторинг және берілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын бағалау жүйесін дамыту;
• арнаулы әлеуметтік қызметтер берудің жүйесін дамытуды қамтамасыз ету;
•арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
•арнаулы әлеуметтік қызметтер беру сферасында халықаралық ынтымақтастықты дамыту және басқалары.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілденілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді кіріктіреді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі бюджеттік қаражаттар есебінен берілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады. Әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адамдарға көрсетіліп, казіргі заманғы стандарттар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуы керек.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемінің тізбесі
• әлеуметтік-тұрмыстық;
• әлеуметтік-медициналық;
• әлеуметтік-психологиялық;
• әлеуметтік-педагогикалық;
• әлеуметтік-еңбек;
• әлеуметтік-мәдени;
• әлеуметтік-экономикалық;
•әлеуметтік-құқықтық қызметтерді қамтиды.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі психо-неврологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектер қатарынан дене немесе ақыл ой мүмкіндіктеріне байланысты ағзасының функциялары тұрақты бұзылған адамдарға ұсынылады.
Ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілденілген көле-мінен тыс ақылы негізде беріледі.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақпараттық, консультациялық, дел-далдық қызметтер түрінде жалпы сипаттағы қызметтер беруді кіріктіре алады.
Мемлекеттік секторда жұмыс істейтін субъектілер жалпы сипаттағы қызметтерді бюджет қаражаттары есебінен береді. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді беру арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және анықтау жөніндегі әлеуметтік жұмыскер айқындайтын қиын өмірлік жағдаяттағы адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін бағалау және анықтау негізінде жүзеге асырылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды және анықтауды жүргізу кезінде мыналар критерийлер болып табылады:
• өмірлік қызметтің шектелімі;
• әлеуметтік бейімделім;
• әлеуметтік депривация;
• қолайсыз әлеуметтік орта және басқалары.
Кепілденілген көлемнен тыс берілетін арнаулы әлеуметтік қыз-меттердің кепілденілген және қосымша көлемін беру аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының шешімі негіздемесінде жүзеге асырылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді беретін субъектілерді қаржыландыру:
• Қазақстан Республикасы заң-намасымен белгіленген тәртіппен бюджеттік қаражаттардың;
• ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді бергені үшін алынған қаражаттардың;
• Қазақстан Республикасы заң-намасына қайшы келмейтін өзгедей көздердің есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстанда рыноктық қаты-настардың кеңеюі қоғамда тез жіктелуді және халықтын әлеуметтік-мүліктік жіктелуін тудырды. Мұны жақсы қамтамасыз етілген және нашар қамтамасыз етілген үй шаруашылықтарының делдалдық топтарын салыстыра отырып көруге болады. Үй шаруашылығы қимасында табыстылықты талдау жиынтық табысты, соның ішінде оның ақшалай емес және натуралдық нысанында да бөлудің және пайдаланудың демографиялық, өңірлік және ішкі отбасылық факторларын есепке алуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, үй шаруа-шылықтарының ақшалай табыстарына тұрған жері (қала немесе ауылдық жер), сондай-ақ саны, соның ішінде отбасындағы балалардың саны үлкен әсер етеді. Қазақстанда халықтың бір бөлігі кедей болып қалуда.
Жаңа форматтағы мемлекеттік әлеуметтік көмек халықтың түрлі қысымға ұшырап кедейлікте қалған бөлігін демеп, тез арада жұмыспен қамтып, қатарға қосылып кетуі үшін жасалып отыр. Кедейлік – бұл негізгі өмірлік қажеттіліктерді – тұрғын үйді, тамақты, киім-кешекті, қызметтерді қанағаттандыру үшін жеткіліксіз ақшалай және натуралдық табыстардың төменгі деңгейі. Ел кедейлігінің көрсеткіші деп экономикалық әдебиетте ең төменгі тұрмыс деңгейінен төмен болатын табысы бар халықтың үлес салмағын айтады.
Кедей үй шаруашылықтарының үлесі қалаға қарағанда ауылды жерде жоғары. Әлжуаз және өте кедей үй шаруашылықтары — бұл үш және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар. Қазақстан Республикасында кедейлікті төмендету бағдарламасы азаматтарды жұмыспен қамту, орта жалпы білімге және денсаулық сақтау қызметтеріне жетушілікті жақсарту, әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыру және басқа іс-шараларды іске асыру жолымен кедейлік проблемасын шешудің кешенді тәсілдемесін қарастырады.
Әлемнің көптеген елдерінде жұмысынан айырылғанда әлеуметтік қорғау шаралары қолданылады. Бұл шаралар жұмыскерлердің еңбек қызметінен жоғалтқан табыстарына өтемақы төлейтін әр түрлі әдістерін кіріктіреді; олардың біліктілікке, жұмыс өтіліне, жұмысынан айрылу себептеріне, отбасының табысы денгейіне және т.б. байланысты саралануы мүмкін. Тиісінше, жұмысынан айырылғандарға төлемақылар үшін қорларды қалыптастырудың әдістері, бұл қорлардың деңгейі және олардан төленетін төлемақылардың мезгілдері ажыратылады.
Жұмысынан айырылғандар қыс-қартылғандар және жұмыссыздар мәртебесіне бөлінуі мүмкін. Бірінші жағдайда жаңа жұмыс іздеу кезінде (белгілі бір мезгілде) орташа жалақысының, жұмыс өтілінің сақталуына рұқсат етіледі, әлеуетті жұмысқа орналастырудың басқа мүмкіндіктері болуы мүмкін.
Жұмыс іздеуші, жұмыспен қамтудың мемлекеттік службасында тіркелген және өзінің біліміне, кәсібіне, еңбек машығына сай келетін жұмыс алуға нақты мүмкіндігі жоқ еңбекке жарамды азаматтар жұмыссыздар деп саналады.
Жұмыссыздарға жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақылар төленеді. Жәрдемақы жұмыссыз ретінде тіркелген мезеттен жұмысқа орналастыру туралы мәселе шешілгенге шейін, бірақ заңнамамен белгіленген мезгілден аспайтын уақытқа төленеді.
Әр түрлі елдерде жұмысынан айырылғанда әлеуметтік қолдауды қаржыландыру үшін қаражаттарды қалыптастырудың өзіндік меха-низмдері қолданылады. бірақ негізінен жұмыссыздық бойынша жәрдемақыларды (зейнетақыларды) қаржыландыру еңбекке ақы төлеу қорынан жұмыс берушілердің сақтық жарналары есебінен жүргізіледі.
Үкімет және жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік-экономикапық дамудың индикативтік жоспарлары негізінде халықты жұмыспен қамтудың бағдарламаларын әзірлеп, бекітеді. Мемлекет халықты жұмыспен қамту сферасында азаматтарға әлеуметтік қорғандыруды кепілдендіреді.
Қазақстан Республикасы заң-намасымен жұмыспен қамту бағдарламалары жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатыны аннықталған. Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау мына шараларды кіріктіреді:
1) жұмысқа орналасуға жәр-демдесу;
2) кәсіптік даярлау, біліктілікті жоғарылату және жұмыссыздарды қайта даярлау олар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру;
3) қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;
4) табысы аз азаматтардан шыққан жұмыссыздарға мемлекеттік атаулы көмек көрсету.
Қоғамдық жұмыстарды орта-лық және атқарушы органдар ұйымдастырады, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттарынан және олардың өтінімдері бойынша жұмыс берушілердің қаражаттарынан қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасындағы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» заңыңда және оған сәйкес қабылданған өзге заңнамалық актілерінде көзделген негіздерде және тәртіппен азаматтардың арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарға және жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.
Бір мезгілде әр түрлі арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалатынын атап айту қажет.
Үкіметтік бағдарламалармен ха-лықтың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы кедейлікті жою және әлеуметтік-демографиялық жағдаятты жақсарту үшін қажетті жағдайлар орнату үшін жасалып отыр. Аталмыш көмектің ерекшелігі – мемлекеттік қолдауға ие болуында. Жағдайы нашар отбасы мүшелері жәрдемақыны ала бастағаннан бастап, жұмыспен қамту шаралары жүргізіліп, әлеуметтік бейімдеу болады.
Айта кетейік, республика аума-ғындағы барлық жұмыспен қамту орталықтарының бәрінде шартты және шартсыз әлеуметтік көмек түрлерімен тұрғындарды қамтамасыз ету үшін құжат қабылдау жүріп жатыр. Жаңа форматтағы атаулы көмекті арнаулы Заң негізінде ендіру мақсатында республикалық бюджеттен 11,8 млрд.теңге көлеміндегі қосымша қаржы бөлу белгіленген. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жасалған тың жоба нәтижесі аз уақытта көрініс табары анық.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *