БЖЗҚ негізінде зейнетақы жинақтарын жоспарлау  мәдениеті қалыптасады БЖЗҚ негізінде зейнетақы жинақтарын жоспарлау  мәдениеті қалыптасады
Нұрғали Жүсіпбай, «Жалын» журналының қызметкері Зейнетақы жинақтары дегеніміз – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын,... БЖЗҚ негізінде зейнетақы жинақтарын жоспарлау  мәдениеті қалыптасады

Нұрғали Жүсіпбай,
«Жалын» журналының
қызметкері

Зейнетақы жинақтары дегеніміз – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсімпұлды, шарттарға, өзге де түсімдерді қамтитын, салымшының жеке зейнетақы шотында есептелетін ақшасы. Мемлекет алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының тиісті Заңмен және ҚР өзге де заң актілерімен анықталған, алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығы кезінде инфляция деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.
Жалпы Қазақстанда зейнетақы жүйесі 1998 жылы құрылған болатын.
Қазақстандықтардың көпшілігі зейнетақы саласында болып жатқан өзгерістерге байланысты деректермен хабардар болғысы келетіні анық. Соңғы уақыттағы жиі айтылатын сұрақтың бірі – базалық зейнетақы туралы болып отыр.
Еліміздегі қазіргі зейнетақы жүйесі үш деңгейге бөлінген:
• Базалық (мемлекеттік зейнетақылық төлем)
• Міндетті (міндетті зейнетақы қорына жасалынатын аударымдар арқылы жинақталған арнайы жинақтау қорынан төленеді)
• Ерікті.
Базалық төлем — зейнетақы жасына жеткен барлық азаматтарға мемлекет тарапынан төленетін міндетті әлеуметтік көмек. Бұл төлем еңбек өтілі мен ерікті зейнетақы қорына жасалған аударымдарға тәуелді емес. Базалық зейнетақы көлемі 15 274 теңгені құрайды. Жыл сайынғы ең төменгі күн көріс деңгейіне қарай есептелінеді.
Базалық зейнетақы қорынан кімдер төлем ала алады?
1. Зейнет жасына жеткен азаматтар мен азаматшалар.
2. Арнайы заңнамамен белгіленген қызмет өткеруге міндетті жылдары жұмыс жасаған тұлғалар.
3. Зейнет жасына жеткен Қазақстандағы шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар. Базалық зейнетақы зейнетақы жинақтау қорынан емес, мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Төлем Қазақстанның Зейнетақы туралы заңнамасы негізінде жүзеге асады. Базалық зейнетақы жұмыс өтілі көп немесе аз болуына қарай өзгермейді, барлық азаматтарға бірдей мөлшерде белгіленеді. 2018 жылға дейін базалық зейнетақы барлық азаматқа бірдей болды.
Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы көлемі азаматтың еңбек өтілі мен жинақтау қорына қаржы аударған-аудармағанына да тәуелді болды.
2018 жылдан бастап зейнетақы саласында енгізілген өзгерістер:
1. Зейнетақының көлемі тек ең төменгі күнкөріс деңгейіне ғана емес, сондай-ақ еңбек өтілділігіне де тәуелді ету. Зейнетақы жарнасын 10 жыл төлегендер ең төменгі күнкөріс деңгейінің (28 850 теңге) 54% көлемінде төлем алады. Қалған әр жыл үшін 2% көлемінде қосылып отыратын болады. Сонымен, 20 жыл жұмыс жасаған жағдайда 74% көлемінде, 33 жыл және одан көп жұмыс жасаған жағдайда — бір ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі зейнетақыға қол жеткізеді.
2. Еңбек өтілділігіне 1998 жылға дейінгі және кейінгі жұмыс жасаған уақыттар, 3 жылға дейінгі декрет, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға күтім көрсету және т.б. заңнамада қарастырылған шарттар әсер етеді.
3. Өзгерістер осыған дейін зейнетақы алып келген және зейнет жасына енді жеткен азаматтарды қамтитын болады.
4. Зейнетақы жүйесінің реформасы әйелдер үшін әр жыл сайын зейнетке шығуын 6 айға шегеріп отырып, ерлермен теңестіруді де қарастырады.
Жоғарыда айтылғандарды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Светлана Жақыпованың сөздерімен нақтылауға болады. Халықты әлеуметтік қорғау саласының маманының мәлiметiне сүйенсек, бүгiнгi таңда елiмiзде орташа зейнетақы көлемi 56 мың теңгенi құрайды. Ал базалық зейнетақы көлемi өзгергеннен кейiн орташа зейнетақы мөлшерi 71 мың теңгеге жетедi. Базалық зейнетақы төлемiн арттыруға республикалық бюджеттен 128 млрд. теңге бөлінген. Зейнеткерлердiң зейнетақысы жүйеде бар құжаттары негiзiнде автоматты түрде қайта есептелініп, қосымша қаражат қосылады.
«Қазақстанда зейнетақы жүйесi үш деңгейден тұрады, бiрiншi деңгей — барлығына бiрдей мөлшерде төленетiн базалық зейнетақы, оның көлемi 14 мың 466 теңгенi құрайды. Екiншi деңгей — ынтымақты зейнетақы, ол еңбек өтiлiне байланысты төленедi. Оны толық көлемде алу үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн әйелдерде 20 жыл, ер адамдарда 25 жыл еңбек өтiлi болуы тиiс. Үшiншi деңгей — 10 пайыздық зейнетақы жарналары есебiнен төленетiн зейнетақы жинақтау жүйесi. Бұл жарналарды Қазақстан азаматтары 1998 жылғы 1 қаңтардан Жинақтаушы зейнетақы қорына аудара бастаған», — дедi С.Жақыпова.
2018 жылдың 1-шi шiлдесiнен бастап базалық зейнетақы жүйесiне енген өзгерiстер негізінде базалық зейнетақы төлемi еңбек өтiлiне байланысты тағайындалатыны туралы: «Яғни, келесi жылдан бастап бiз еңбек өтiлiн санаймыз. 1998 жылға дейiн жиналған еңбек өтiлi мен 1998 жылдың 1-шi қаңтарынан кейiн зейнетақы жүйесiне зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер есептеледi. Осы екеуiн қосып, жиынтық еңбек өтiлiн шығарамыз. Еңбек өтiлi көп азамат сәйкесiнше жоғары зейнетақы алады. Бұл 35-40 жыл еңбек өтiлi бола тұра, төмен зейнетақы алатындар үшiн әлеуметтiк әдiлдiк орнатады».
Көптеген елдер оның ішінде ТМД елдері де зейнетақы қорларына қатысты өзгертулер енгізіп, жаңа форматтарға көшіріп жатыр. 1998 жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып өзінің зейнетақы қоры жүйесін реформалауға кірісіп кетті. Зейнетақы реформасына еркіндік беріп, даңғыл жол ашқан (Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы 1997 жыл 20 маусым) Қазақстан Республикасының заңы болған. Бұл жүйе бір қалыпқа түсіп, халықтың зейнетақысын уақытымен төлеп, әлеуметтік экономиканың тұрақтануына да негіз болды.
Қазақстандық зейнетақы қорла-рының жүйесінің негізінде Чилидегі зейнетақы қорларының жүйесі жатқандығын баса айта кетуге болады. Чили мемлекетінде зейнетақы активтерін зейнетақы қорлары басқарады, олар зейнетақы қорларының салымшыларына зейнетақымен қамтамасыз етудің түрлі схемаларын ұсынады. Ондағы халықтың зейнетақы жинақтары ЖҰӨ-нің 55%-ын құрайды. Зейнетақы қорларының инвестицияларының есебінен елдің тұрғын үй қорының 60% тұрғызылған. Бұл зейнетақы жүйесінің қазіргі кезеңде мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық өмірінде қаншалықты маңызды рөл атқаратынын байқауға болады.
Қазақстан Республикасының әлеу-меттік – экономикалық дамуындағы маңызды рольді Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығы алады. Бұл бүгінгі таңда тұрақты түрде дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Қазірдің өзінде-ақ зейнетақы қорларын реформалау оң нәтижеге беріп отырғанын нық айтуымызға болады.
Халықты зейнетақымен қамта-масыз ету мәселесі әр кезде әр елде өте маңызды болған. Бұл жүйенің дамуы елдің ерекшелігіне, әлеуметтік – экономикалық дамуына қарай қалыптасқан деуге болады. Соның ішінде Қазақстан Республикасында таңдалған зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі өзінің ерекшелігіне ие. Бұл жүйенің ары қарай дамуы бүгінгі таңда актуалды мәселелердің бірі. Ол көп аспектілі және де талдау, талғау, зерттеуді қажет ететін жүйе депсанаймын. Ол неғұрлым түсінікті, жеткілікті, жан – жақты тармақталған жүйеге айналса соғұрлым оның дамуы, тұрақтылығы нығая түседі.
Айтып өткеніміздей, 1997 жылғы 20 маусымда Қазақстанда еліміздегі алғашқы жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастырудың негізі болған «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңы қабылданды. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып бұрын қалыптасқан азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жинақтаушы жүйемен байланыстырып, жаңа жүйе қалыптастырды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін реформалаудың қаншалықты артықшылықтары мен оңтайлы жақтары болғанымен әлі күнге дейін көптеген мәселелері шешімін тапқан жоқ.
Одан соң ел аумағында мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істеді. Салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын, сандарға сәйкес түсетін өзге де қаражатты жинауды және алушыларға зейнетақы төлеуді, осындай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті және осы Заңда белгіленген тәртіппен оларды зейнетақы активтері жөніндегі компания арқылы инвестициялауды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Елімізде Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры (БЖЗҚ) құрылғанға дейін 16 зейнетақы қоры, оның ішінде 13 ашық типтегі, 2- корпоративтік типтегі және 1- мемлекеттік зейнетақы қоры болып тіркеліп, жұмыс жасаған.
Зейнеткер санының жұмыс-шылардың санына қатынасының ұлғаюымен байланысты үлестіруші зейнетақы жүйесі кезіндегі жалпы экономикаға және халыққа деген ауыртпашылық өседі. Бұдан бірқатар әлеуметтік – экономикалық саяси мәселелер туындайды, оны тек зейнетақы берушілердің негізі болып табылатын прициптерді түбегейлі өзгерту негізінде шешуге болады. Бұл жүйе бойынша зенетақы қамсыздандыру деңгейі тікелей зейнетақы аударымдардың тарифімен, зейнеткерлермен жұмысшы халықтың саны және оның еңбекақы деңгеімен қатынасы байланысты.
Альтернативті үлестіруші жүйе жинақтаушы зейнетақы жүйесі болып табылады. Мұнда әрбір жұмысшы жұмыс істеу барысында зейнетақы қорларына жарналарын аударады, қаражаттар ұзақ уақыт бойы экономиканы инвестициялауға қолданылады, ал жұмыс істеу мерзімі аяқталғаннан кейін олар өзінің жеке зейнетақымен қамтамасыз етуіне кетеді.
Елімізде зейнетақы саласында жүргізіліп жатқан реформаның мақсаты, айта кетсек, болашақтағы зейнеткерлерге дивиденд алуды кепілдендіретін тек салымдарды зейнетақылық жинақтау ғана емес, сонымен қатар дұрыс инвестициялауда да болған. Жинақтаушы зейнетақылық қордың мәні — бұл нақты өндіріске деген инвестициялар. Ол Қазақстан Республикасының Қаржы минстрлігінің немесе Ұлттық банкісінің бағалы қағаздарына ғана емес, тіптен банктік депозиттерге де емес, өзінің құны жоғалмайтын және де тіптен жаңа құн қосатын материалды объектілерге инвестициялар. Мысалға айтсақ, зейнетақы қоры салымшыларынан бүгін аударымдарды алып, оны газ немесе мұнай құбыры құрлысына салсақ, олар 20 жылдан кейін де күшінде болып қала береді. Әзірше жинақтардың 67% мемлекеттік бағалы қағаздарға салынуда. Яғни ол дегініміз мемлекеттік қарызға салынған, және де мемлекеттің өзі жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық табыстылығына кедергі етеді. Ал мұнай «жиналымдар» болса ерте де кеш қирайды.
Қарттық алдындағы қорқыныш бұл әр адамға табиғатпен берілген деп айтылады. Кез келген адам жылдар өткен сайын ең алдымен материалдық мәселелердің болуынан қашады. Қазіргі таңдағы шындық бұл әрбір қазақстандық азамат өзінің болашақтағы кедейшілік күн кешпеуіне жағдай жасап және өзіне жеткілікті кәрілікті қамтамасыз етуі қажет. Себебі әлеуметтік бағдарламалар үшін бюджет қаражатының жетіспеушілігі және халықтың тұрақты қартаюы мемлекет тарапынан мәңгілік көмектің болуына үміттенуге сендірмейді.
Осыған орай біздің қоғамдағы өте маңызды әлеуметтік мәні бар зейнетақымен қамтамазыз ету туралы заңға кез келген өзгертулер Қазақстанның әрбір азаматын толғандырмай және қызығушылығын тудырмайтыны болмайды.

Әр елдегі зейнетақы мөлшері

Азаматтарына зейнетақы төле-мейтін елдер қатары да көптеп табылады. Бұл тізімді бастайтын – Танзания мемлекеті. Біздің елде еңбек етіп, тұтынуға қажетті ақша-қаражаттардан бөлек, зейнетке шыққанда пайдаланатын ақша жинақтау міндетті. Қарттық келгенде зейнетақыны жұмыс өтіліңізге байланысты мемлекет бекітеді. Қазақстан Республикасында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, базалық зейнетақы төлемі 15 724 теңгені, ал ең төменгі зейнетақы 33 745 теңгені құрады. Көбіне, біз өзіміздің зейнетақы жүйесін дамыған мемлекеттермен салыстырамыз. Сондай-ақ, кейде наразылық білдіреміз. Алайда зейнетақы мөлшерлемесі төмен немесе зейнетақы мүлдем төленбейтін мемлекеттердің бар екенін білесіз бе?
Әлемде зейнетақы төленбейтін мемлекеттер санаулы. Бұл тізімде ең бірінші орында —Танзания мемлекеті. Танзанияның зейнет жасындағы адамдарының 95% өз-өздерін асырау үшін соңғы демі қалғанша жұмыс жасауға мәжбүр.
Иракта да зейнет жасындағылар мемлекеттің көмегіне арқа сүйей алмайды, себебі мемлекет қарттарға зейнетақы төлемейді, оның үстіне өмір сүру ұзақтығы бойынша ең төменгі мемлекет. 200 мемлекеттің ішінде 136 орында. Мұнда адамдардың басым бөлігі 70 жасқа жетпестен өмірден өтеді.
«Аспан асты елі» деп аталатын Қытайда егер сіз мемлекеттік қызметкер болсаңыз ғана мемлекет зейнетақы төлейді. Аспан асты елінде «балаларының моральдық және азаматтық парызы — өз қарт ата-анасын асырау тиіс» деп есептеледі. Егер ата-анасын асыраудан бас тартатын болса, қоғам алдында қысымға ұшырауы ғажап емес.
Ал Таиландтағы әрбір бесінші адам зейнетақының мүлде төленбейтініне, тіпті жоқ екеніне сенеді. Өйткені зейнетақы туралы біздегідей түсінік жоқ. Бірақ бұл елде зейнетақы қоры бар. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында мемлекет түбегейлі зейнетақы қорында модернизациялау жүрді және ол 3 деңгейден тұрды.
Алғашқы деңгейі – мемлекеттік қызметкерлерге бұрыңғы зейнетақы қорлары бойынша мемлекет зейнетақымен қамтамасыз етеді, қалған зейнеткерлер әлеуметтік сақтандыру бойынша зейнетақымен қамтамасыз етеді. Екінші деңгей — мемлекеттік зейнетақы қоры және жинақтаушы қорлар. Үшінші деңгей — жеке қордан немем ерікті негізде төленеді. Егер жұмыс өтілі 15 жылдан аз болса Таиландта біздің теңгемізбен — 7 280 теңге көлеміндегі ең төменгі зейнетақы беріледі.
Индия азаматтарының да басым бөлігі зейнетақы алмайды. Тек зейнеткерлердің 12%-ы зейнетақымен қамтамасыз етілген. Әрі Қытайдағыдай зейнетақы тек мемлекеттік қыз-меткерлерге қарастырылған. Өйткені бұл екі елде де адам саны миллиардтан асады. Олардың бәріне зейнетақы төлесе бюджеттің шақ келмейтінін ескеру керек.
Индияда зейнетақы алмайтын азаматтар қаржылық қамтамасыз етуді өз отбасыларынан, әлеуметтік бағытталған бағдарламалардан және жеке, діни қорлардан алады немесе зейнетақысын өз беттерінше жинайды. Бұл мемлекетте кәрілер саны жылдан жылға өсуде, бүгінде 100 миллион адамнан асады.
Байқағаныңыздай әлемелдерінде зейнетақы туралы біркелкі түсінік жоқ. Бір мемлекеттерде зейнеткерлер жақсы өмір сүрсе, екінші елдегілері өлместің күнін кешеді. Енді бір елде тіпті зейнеткер деген ұғым жоқ. Көпшілік азаматтардың қартайып қайраты қайтқанда, еңбегінің зейнетін қалайыны сөзсіз. Алайда оған әлемнің көптеген мемлекеттерінде адамдардың бәрінің қолы жете бермейді.
Зейнетке шыққан қарттарға төленетін қаржы деңгейі жоғары елдер әрине дамыған елдер. Дегенмен олардың өздерінің жүйесі, зейнет жасына қатысты ерекеліктері бар.
АҚШ-та зейнетке шығу жасы:
• 1937 жылға дейін туғандар үшін 65 жас;
• 1943-1955 жылдар аралығында туғандар үшін 66 жас;
• 1960 жылдан кейін туғандар үшін 67 жас.
Орташа зейнетақы: айына 1 335,97 доллар (447 мың 670 теңге 187 тиын)
Ерекшелігі: АҚШ зейнетақы жү-йесінің нюанстары көп. Мәселен, зейнетке шығу жасына жетпестен зейнеткерлікке шығуға болады, бірақ зейнетақы толық берілмейді. АҚШ федералды заңына сәйкес, жылдық табысының лимиті 15720 доллардан (5 млн 267 мың 143 теңге 2 тиын) аспайтын, алайда зейнеткерлік жасқа жетпеген азаматтар ғана толық зейнетақы алады. Жұмыс істейтін зейнеткердің жылдық табысы лимиттен асатын болса, оның лимиттен асқан әр доллары үшін зейнетақысынан 50 цент ұсталып қалады.
Бұл азаматтың толық зейнеткерлік жасқа толған айына дейін жалғасады. Әлеуметтік қамсыздандыру бағдар-ламасына сәйкес, толық зейнеткерлік жасқа жеткен азамат зейнетке шықпай тұрып тапқан ақшасының 44%-ын алатын болады.
Ұлыбританияда зейнетке шығу жасы:
• Ер адам үшін 65 жас;
• Әйел адамға 60 жас;
• 2020 жылға дейін ер және әйел адамдар үшін 66 жасқа ұзартылады.
Орташа зейнетақы: 605 фунт стерлинг (260 мың 748 теңге 95 тиын).
Ерекшелігі: Ұлыбританияда екі түрлі зейнетақы қарастырылған: негізгі және қосымша. Негізгі зейнетақы тек зейнеткерлік жасқа толған, еңбек өтілі он-он бір жылдан кем емес азаматтарға беріледі.
Биылғы жылдың 6 сәуіріне дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтар мемлекеттен 119,3 фунт (51 мың 417 теңге 107 тиын) зейнетақы алады. Соған қоса, егер ол State Earnings Related Pension Scheme жүйесіне ақша аударған болса, қосымша зейнетақы алады. Зейнеткерлікке биылғы жылы шығатындар мемлекеттен тек негізгі зейнетақыны ғана алады. Ол 155,65 фунтты (67 мың 083 теңге 594 тиын) құрайды.
Францияда зейнетке шығу жасы:
• Ер және әйел адам үшін де 62,5 жас;
• Толық зейнетақы алу үшін 67 жас.
Орташа зейнетақы: 1000 еуро (376 мың 340 теңге)
Ерекшелігі: 401,5 жыл (166 тоқсан) еңбек өтілі бар азаматтарға зейнетақы 100% мөлшерде беріледі. Егер одан аз болса, зейнетақы жетіспейтін әр тоқсан үшін 1,25%-ға азайтылады. 6 айға дейінгі мәжбүрлі түрдегі жұмыссыздық пен декреттік демалыс күндері еңбек өтіліне кіреді. Егер еңбек еткен 40 жылдың ішінде сақтандыруға ақша аударылған болса, зейнетақыға үстеме қосылады. Зейнеткерлікке 67 жасында шыққан француздарға еңбек өтілі болмаса да зейнетақы 100% беріледі. Зейнетақы орташа жалақы мен сақтандыру сомасын құрайтындықтан, кейбір зейнеткерлер жұмысшылардан да көп алады.
Қытайда зейнетке шығу жасы:
• Ер адам үшін 60 жас;
• Әйел адам үшін істеген жұмысының қиындығына байланысты 50немесе 55 жас.
Орташа зейнетақы: тұрғылықты жерге байланысты 900-1360 юань (45 мың 225 теңге – 68 мың 340 теңге)
Ерекшелігі: Бастапқыда зейнетақы тек мемлекеттік қызметкерлерге ғана берілетін. Кейін бұл заң өзгертіліп, жұмысшылар да зейнеткерлікке шығатын болды. Қазір Қытайдың жартысынан көбі зейнетақы алады. Зейнетақы мөлшері азаматтардың тұрғылықты жеріне байланысты. Қалада тұратындар ауылдағыларға қарағанда көбірек алады. Мемлекеттік қызметкер зейнеткерлікке шығуы үшін еңбек өтілі 15 жылдан кем болмауы жән ай сайын зейнетақы қорына жалақысынан 11% аударылған болуы керек. Оның 7%-ын жұмыс беруші, 4%-ын жұмысшы өзі аударады. Қытайдың кейбір аудандарында зейнетақы қоры өнеркәсіп ошақтарында жиналады да, кейін өдерінің қызметкерлеріне береді.

Зейнетақы жүйесінде болған өзгерістер

1998 жылы тәуелсіздіктен соң зейнетақы жүйесі арнайы қабылданған Заң негізінде жақсы серпінмен дами бастады. Дегенмен, қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік салалардағы даму бұл жүйеге жаңа серпін беру қажеттігін тудырды. Сол үшін 2002 жылдың соңында Қазақстандық азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық және әлеуметтік негізін анықтаушы және де осы жүйенің қызмет етуінің барлық құқықтық аспектілері мен зейнетақылық қызмет көрсету нарығының барлық қатысушыларының өзара қарым-қатынасын реттеуші зейнетақы заңдылығы маңызды өзгертуге ұшырайды. Алғаш рет өзгертулер мен толықтырулар 1998 жылы 22 желтоқсанда (№328 заң), яғни жаңа зейнетақы жүйесінің қызмет етуіне 1 жыл өтпей жасалды. Екінші рет елдің зейнетақы заңдылығы 1999 жылы 5 сәуірде (№364-1 заң), өзгерту енгізіледі.
Осыдан кейін жаңартылған «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы» заңы 4 жылдай мерзімде қызмет етті және 2002 жылдың соңында оған тағыда өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл түзетулер №369-11 реттік номеріне ие, заң формасында қабылдап, «Қазақстан Республикасындағы зей-нетақымен қамтамасыз ету туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы заңы деп аталады. Бұл жерде ескеретін жағдай, егер бірінші жасалған екі өзгертулер мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорымен мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорымен мемлекеттік реттеуші органдардың енгізуге байланысты туындаса, ал зейнетақы заңдылығына енгізілген соңғы түзетулер (2002 жылдың 29 желтоқсаны) өзінің бөлігінде кейбір мемлекеттік емес субъектілерге оның ішінде мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына бағытталған және дайындалған. Себебі, бұл өзгертулер тұжырымдық және барлық зейнетақылық қызмет көрсету жүйесі үшін өміршеңділік сипатқа ие болады, олардың заңдылық сүзгіден өтуі оңай болмай 1 жылға дейін созылады.
2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 369-11 заң екі ғана баптан тұрады, бірақ көптеген маңызды өзгертулерден тұрады. /3,б.22/
Зейнетақы заңдылығындағы басты жаңалық бұл жеке ерекше институт ретінде бөлініп келген мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мәртебесінің алынып тасталынуы. Зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы заңдағы жаңа түзетуге байланысты жинақтаушы зейнетақы қоры мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлінбейді. 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап заң алдында мемлекеттік жинақтаушы зейентақы қорында және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорында бірдей құқыққа ие. Бірақ бұл зейнетақы қорының мемлекттік қатысуымен болмайды дегенді білдірмейді. Егер бұын мемлекттік жинақтаушы зейнетақы қорының бірден бір құрылтайшы Қазақстан Республикасы Үкімет болса, заңға сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшылар мен акционерлері ретінде Қазақстан Республикасының резидентті – заңы және жеке тұлғалар және де Қазақстан Республикасының заңында бекітілген (№369-11 заңының 1-ші бабы 28-ші тармағында) талаптары ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі бола алады. Осыған орай мемлекет Үкімет тарапынан тек бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорының ғана емес сонымен қатар бірнеше зейнетақы қорының жарғылық капиталындағы акция пакеттерінің жеке үлесінің немесе толығымен иесі бола алады. Бұл мемлекеттік зейнетақы нарығын бақылауды күшейту мақсатында жасалуы мүмкін. №369-11 заңының 1-ші бабы 30-ші тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қоры атауында «мемлекеттік» сөзі егер жарғылық капиталының 100%-ы Қазақстан Республикасы Үкіметіне тиесілі болғанда ғана қолданылуына болады.
Енді мемлекет (егер қажет етсе) бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорын өзінің 100% қатысуымен құра алады және оның бәрі мемлекттік нарықтың кез келген сегментін жекшелендіре отырып, оған қайта баруына болатындығын көрсеткді. Егер жақын арада мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры олығымен жекешелендірілсе де, бұл мемлекеттің зейнетақылық қызмет көрсету нарығы мәңгілікке тастады дегенді білдірмейді. Ол жаңа мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын қалыптастыру арқылы қайта орала алады.
Жаңартылған зейнетақымен қам-тамасыз ету туралы заңы зейнетақы активтерін басқару түсінігне бірнеше өзгертулер енгізді. Егер оның ескі баспасында мемлекттік емес жинақтаушы зейнетақы активтер сөз тіркесі толық емес түрде берілсе, қазіргі кезде ол бұдан да толығырақ зейнетақы активтері инвестициялық басқару сөз тіркесімен ауыстырылады. Жаңа өзгерістерге сәйкес зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания (ЗАБК) «зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым» деп аталатын болады. Яғни біздің құлағымызға үйреншікті зейнетақы активтерін инвестициялы басқаруды жүзеге асыратын ұйым сөзімен ауыстырылатын болды.
Зейнетақымен қамтамсыз ету туралы заңның ескібаспасы бойынша 51 бап сәйкес зейентақы активтерін басқару жөніндегі компанияның мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің басқарудағы ерекше құқығын қарастырады. Жаңа өзгерістерге зейентақы нарығы қатысушыларының көптен күткен өзгертуі зейнетақы активтерін басқарудың баламалы құқы енгізіледі. Сонымен 2003 жылдан бастап зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялы басқаруды жүзеге асыатын ұйым жинақтаушы зейнетақы қорының өкілетті органмен бекітілген осындай қызметпен айналысуға құқық беғретін сәйкесінше лицензиясы болуы кезінде дербес жүзеге асырады.
Бұл жаңа енгізілген өзгерістен мемлекеттік жинақтушы зейнетақы қоры ұтысқа шықты.
Жарқын арада кейбір жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін дербес басқаруға көшетінін күтуімізге болады. Себебі, жинақтаушы зейнетақы қоры үшін қызығушылық үлкен зейнетақы жарнасынан және инвестициялық табыстан түсетін комиссиондық сыйақының зейнетақы активтерін инвестициялы басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен бөлісу керек емес. Оның ішінде, зейнетақы заңдылығындағы жаңа түзетуге сәйкес инвестициялық табыстан алынатын комиссионың шекті мөлшерлемесі 10%-дан 15%-ға дейін көбейтіледі. Бірақта, зейнетақы активтерін дербес басқаруға көшу процессі көптеген жинақтаушы зейнетақы қорлар үшін келесідей себептерге байланысты ұзақ әрі қиын болуы мүмкін.
Біріншіден, өкілетті орган – лицензиялар тарапынан қатаң нормативтік талаптарға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қоры үшін зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға лицензия алу іс-әрекетінің өзі қиынға түседі. Зейнетақы активтерін басқару бойынша компания лицензиялау тәжірбиесі көрсетіп отырғандай лицензия алу үшін жеткілікті ұзақ мерзімді қамтуы мүмкін (бірнеше айға созылуы). Яғни, осы жылдың ішінде қандай-да бір жинақтаушы зейнетақы қорының өзінің зейнетақы активтерін өз бетінше басқаруға көшуі бола қоймас деп тұжырымдауға болады.
Екіншіден, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен жинақтаушы зейнетақы қорының арасында зейнетақыактивтердін басқару құқығы үшін бәсекелестік күрес қалыптасты. Бұрыннан қызмет етуші зейнетақты активтерін басқару бойынша компаниясы бай тәжірибе, жоғары сауатты мамандарды және қазіргі бағдарламалық – техникалық қамтамасыз етуді иемдене отырып, зейнетақы актив-терін инвестициялық басқаруда жинақтаушы зейнетақы қордан нақты артықшылығы болады. Кез келген зейнетақы активтерін басқару бойынша компания зейнетақты активтерін басқарудағы маңызды бөлігін және сәйкесінше нарықтағы үлесін жоғалтқысы келмейтініне мүдделі.
Тағы да бір зйнетақты заңдылығына енгізілген маңыздырақ өзгерістердің бірі міндетті зейнетақты жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру. 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін мемлекет тек мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет кепілдік береді. Осы жағдайдағы жаңалық мемлекеттің алушыға (салымшыға емес), жинақтаушы зейнетақы қорының банкрот болуы жағдайында міндетті зейнетақы жарнасының номиналдық құнын ғана қайтармай, сонымен бірге инфляция көлеміндегі өтемақыға кепілдік береді. Заңдағы егізілген түзетуге сәйкес, зейнетақы төлемін алушы зейнетақы орталығымен бекітілген және жинақтаушы зейнетақы қорынан зйнетақы алуға құқығы бар жеке тұлғалар болып табылады, яғни заңдағы берілген мағынаға қарай, мемлекет жинақтаушы зейнетақы қорының банкроттығы жағдайында жинақтаушы зейнетақы қордан зейнетақы ала бастаған зейнеткерлерге ғана зейнетақы жарнасын қайта қалыптастыруға кепіл бола алады.
Егер 2003 жылға дейін зейнетақы жарнасының жүйесі екі бөліктен – міндетті және ерікті жарнадан тұрса, қазіргі таңда зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы заңға енгізілген жаңа өзгеріске сәйкес зейнетақы жарнасынан үшінші түрі – ерікті кәсіби зейнетақы жарнасы пайда болды. Олар ерікті жарналар секілді, айырмашылығы, оларды жинақтаушы зейнетақы қорға жұмыс беруші өзінің жұмысшысының зейнетақы шотына Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған мамандық тізімі бойынша аударатын болатындығында.

Қазіргі БЖЗҚ жүйесі
дамуға негізделген

«БЖЗҚ» АҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. «БЖЗҚ» АҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы болып табылады.
«БЖЗҚ» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруында тұр. БЖЗҚ – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағындарының сенімді бірыңғай басқарушысы және операторы.
«БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерін басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Пре-зиденті жанындағы Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңеспен бірлесіп жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар жасау функциялары Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық Қорды басқару жөніндегі кеңеске берілді.
Жаңа форматта жұмыс жасап жатқан БЖЗҚ-ның басты мақсаты – қызмет сапасын көтеру, зейнетақы активтерін дұрыс есепке алу, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін көтеру арқылы зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда салымшыларға ұйымдастырушылық көмек көрсету.
Қазақстанның зейнетақы мен қызмет көрсету нарығында, бүгінгі күні, басқа қаржы нарығының сегментерінен айырмашылығы, тұрақ-ты түрде дамып келе жатқанын айта кетуге болады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 2017 жылғы таза инвестициялық табысы 206 млрд теңгеге жетті. Қордың зейнетақы активтерін құрайтын алғашқы үштік: мемлекеттік құнды қағаздар, еліміздегі екінші деңгейлі банктер мен квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары. Қорға табыстың 42 пайызы мемлекеттік құнды қағаздардан түскен. Олардың жалпы құны 3 трлн теңгеден асады. Үштікті аяқтайтын квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары 808 млрд теңгеге жетіп, жалпы табыстың 11 пайызын жапқан. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинағының жалпы көлемі шілдеде 7,1 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 458 млрд теңгеге көп.
Егерде алдағы уақыттарда зейнетақы актифтерінің өсуі осындай жалғасатын болса, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметін мүлтіксіз жүзеге асырады деп толық сеніммен қарттық қорқынышын жеңуге әбден болады.

Жеке кәсіпкерлер
зейнетақы жарналарын қалай
жүзеге асырады?

Жеке кәсіпкер – жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман. Жеке кәсіпкерлер ( бұдан әрі – ЖК) – өздерінің орналасқан (тұратын) жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарында салық агенті ретінде есепке алынуға жатады.
Міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) қандай кезде аударылады?
Ұсталған (есептелген) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі — МЗЖ) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) мына жағдайларда аударылады:
– қызметкерлерге төленген ЖК табысынан, — табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей;
– ЖК өз пайдасына – есептік айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей;
– патент негізінде арнайы салықтық түзім қолданатын ЖК – Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде. Патент құнын төлеуді салық төлеуші есеп ұсынылғанға дейін жүргізеді. Ұсынылатын есеп патент құнын есептеуге арналған салықтық есептілік болып табылады. Салық есептілігін ұсыну (патент құнының есебі) 911.00 нысаны бойынша жүзеге асырылады:
1) жаңадан құрылғандар, — Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін хабарландыру берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) жалпыға ортақ тағайындалған тәртіптен немесе басқа да арнайы салықтық түзімнен ауысуды жүзеге асыратындар, — патент негізінде арнайы салықтық түзім қолданатын айдың 1-не дейін;
3) кезекті патент алу үшін патент негізінде арнайы салықтық түзім қолданатындар, — алдыңғы патенттің қолдану мерзімі өткенге дейін немесе салық есептілігін ұсынуды тоқтату мерзіміне дейін;
– оңайлатылған салық декларациясы негізінде арнайы салықтық түзім үшін, МЗЖ аудару Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен көзделген мерзім ішінде жүргізіледі. Салық есептілігін ұсыну (оңайлатылған декларация) 2018 жылғы 15 тамыздан кешіктірілмей 910.00 нысаны бойынша жүзеге асырылады.
Сондай-ақ МЗЖ ай сайын, яғни ертерек төлеуге де болады.
Мемлекеттік корпорация өз кезегінде «БЖЗҚ» АҚ-ға (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес МЗЖ аударады.
Қандай мөлшерде?
Өз пайдасына: алынатын табыстың 10% мөлшерінде, бірақ ЕТЖМ*-ның 10%-нан кем емес және 75 ЕТЖМ-ның 10%-нан көп емес;
Қызметкер үшін: қызметкерлерге төленетін табыстың 10% мөлшерінде, бірақ 75 ЕТЖМ-ның 10%-нан көп емес.
* ЕТЖМ- республикалық бюджет туралы заңмен 2018ж. белгіленген ең төменгі жалақы мөлшері 28 284 теңгені құрайды. МЗЖ аударуды агент қолма-қол ақшасыз төлем жасау жолымен жүзеге асырады. Банктер мен банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – Банктер) шоттары жоқ ЖК МЗЖ-ны банкке қолма-қол ақшамен одан әрі БЖЗҚ-ға аудару үшін салады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының деректемелерінде көрсетілген есеп-шотқа аударылады.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *