Кентау қаласының  әлеуметтік-экономикалық жағдайы Кентау қаласының  әлеуметтік-экономикалық жағдайы
ЛЕСБЕК ТАЙЖАНОВ , философия докторы, экономист Қазақстан Республикасының Прези-денті өзінің халыққа Жолдауында үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында, еліміздің аймақтары мен қалаларын дамытудың кең ауқымды... Кентау қаласының  әлеуметтік-экономикалық жағдайы

ЛЕСБЕК ТАЙЖАНОВ ,
философия докторы, экономист

Қазақстан Республикасының Прези-денті өзінің халыққа Жолдауында үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында, еліміздің аймақтары мен қалаларын дамытудың кең ауқымды жұмыстар жасалатынын атап көрсетті. Қала – үлкен ғылыми-өндіріс ошағы болып, инновациялық және технологиялық байланыстардың орталығы ретінде өзін көрсетеді. Қазақстаның экономикасы бәсекеге қабілетті болуы үшін қалалардың индустриалды-инновациялық әлеуетін тиімді пайдалану, стартегияны дұрыс таңдап, дұрыс бағытты анықтау және олардың дамуы шарт болып табылады.
Үдемелі индустриалды-иннова-циялық даму бағдарламасын іске асыру ҒТП шарттарында қалаларды реттеуде, соның ішінде үлкен қалалардың өсуін шектеу, шағын және орта қалалардың экономикалық белсенділігін арттыру, үдемелі индустриалды-инно-вациялық даму бағдарламасының аймақтарды дамытудағы және әлеуметтік мәселелерді шешудегі алғышарттарының маңыздысы болып табылады.
Шағын және бір салалы қалалардағы өндірістің жүйелі құрылу үрдісі олардың халықтық еңбек бөлінісі жүйесіндегі атқарылымдары (ауылдық, аудан, облыс, республика) белгіленген аймақтар деңгейімен қатар жалпы халық шаруашылықтық кешендердерінде де атқарылуымен түсіндіріледі. Бұл атқарылымдар өндірістің қала құраушы немесе қала құрушы базасын құруда экономикалық мамандану түрінде болады. Шағын және бір салалы қалалардың өзіндік артықшылықтары бар.
Оларға жататындар: қоршаған ортаны ластаудың төменгі деңгейі, төменірек өмір ритімі, қиын жағдайлардың туындауының аздығы, халық қолданатын объектілердің жақын болуы, салыстырмалы түр-де жағдайдың оңтайлы болып, рек-рециялық қызметтің белсенділігін арттыруы. Жергілікті халықтың тіршілік көзі аулышаруашылық жұмыстарымен қатар өндіріс орындарында жұмыс жасау арқылы халықтың жұмыспен қамтылуының әртүрлі болуын және ауыл еңбеккерлерінің қала өмірі тіршілігіне қалыптасуын қыздыра түседі және қаланың жұмыспен өзін-өзі қамтамасыздығын арттырады.
Шындығындада шағын, және бір салалы қалаларда ең бірінші мәселе өндірістің орналасуы және кешенді бірқалыпты әрекет етуі. Экономикалық мамандылығының жетекші фактор ретінде көрінуі тікелей жергілікті халықтың қатысуымен болуын және жұмыспен қамтамасыз етілуінің негізгі көзі дәл осы қала құраушы кәсіпорын болу тиіс екендігімен білдіріледі. Бірінші кезекте толыққанды тәжірибеде жүргізілмеген есеп көбіне сол жердегі халықтың шарасыздығынан іске асыра алмайтындығымен қорытындыланады.
Моноқалаларды дамытудағы келісілген бағдарламаның тұжы-рымдамасына байланысты әзірлеген даму және сауда министрлігі 27 қаланы моноқала санатына жатқызды. Қазақстандағы қалаларды толығымен алатын болсақ 87 қала, ал осы қалалардың ішінен облыс орталықтары мен Алматы, Астана және Байқоңырды алып тастасақ 70 қаланы «шағын қала» санатына толығымен жатқызуымызға болады. Бұл қалалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мұқият зерттелмеуіне байланысты жұмысшылар мен қала құраушы кәсіпорындардың, жұмыс берушілердің арасында келеңсіздіктер туындайды.
Қазақстан Республикасының өңірлерінде бір салалы қалалардың (шағын монобейінді, моносипаттағы, моноқалалар) орны ерекше болып табылады. Себебі қаланың экологиялық саясаты мен әлеуметтік-экономикалық жағдайын жоспарлауда ерекше нысан болып есептелінеді.
Кентау қала әкімшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында құрылған және ескі атауы Мырғалымсай кен орнының атына сәйкес Мырғылымсай елдімекені болатын. Кентау қаласын құрудағы негізгі мақсат Ащысай полиметалл кенішін байыту жұмыстары еді. Кентау қаласы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласынан 260 шақырым алшақ жерде орналасқан және Түркістан қаласымен арақашықтығы 30 шақырымды құрайды. Кентаудың географиялық жағдайы Қаратаудың етегінде орналасқан қала болып саналады. Кентау қаласы «Қазақстанның жасыл-желекті қаласы» және «Қаратау тәжі (корона)» деген аттарға ие болған.
Кентау қаласының 2015 жылғы 1 қаңтардағы қала əкімшілігінің аумағы 0,5 мың шаршы км-ге тең. Кентау қала әкімшілігінің құрамына елді мекендерден 7 ауыл және 4 ауыл әкімшілігі кіреді. Қаладағы 1 шаршы км-ге сыйатын адам тығыздығы 185 адам. Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар 65,7%, өзбектер 25,2%, орыстар 5,4%, басқа ұлттар 3,7%. Қала алғаш құрылған кезде орыстар көптеп көшіп келді. Олардан бөлек, гректер, немістер, корейлер, шешендер де қоныс аударған. Олар, негізінен, қуғынға ұшырағандардың туыстары мен арттарында қалған үрім-бұтақтары болатын.
Қала экономикасы. Кентау қаласында аты КСРО кезінде белгілі болған тау-кен орындары, трансформатор зауыты және экскаватор зауыты құрылды. Бірақта, XX ғарыдың 90 жылдарындағы өндіріс орындары мен жұмыс орындарының жабылуы тұрғылықты халықтың әлеуметтік тұрмысына қатты әсер етті. Кейіннен қайта іске қосылған экскаватор зауытының қуаты КСРО уақытындағыдай жоғары дәрежені көрсете алмады. Кентау – еліміздегі машина жасау, тау-кен өнеркәсібі және металл өңдеу орталықтарының бірі. Қала экономикасындағы ірі кәсіпорындарға: еліміздегі трансформатор жасайтын жалғыз зауыт –»Трансформатор зауыты» ААҚ, металл өңдеп, машина жасайтын «Экскаватор» ААҚ , «Оңтүстік түстіметалл»–барит өнімдерін, түсті металл концентраттарын өндіретін Кентау байыту фабрикасы, Ащысай металлургия цехы, темір жол цехы кіреді. Мақта-мата өнімдерін шығарады. «Эластополимет» резина-техникалық бұйымдарын, «Табыс» акционерлік қоғамы, «Ерден-нан» ААҚ-нан, тоқаш, кондитерлік бұйымдарын шығарады. Жалпы өнім жиынтығында өнеркәсіп үлесі 55%-ды (түсті металлургия – 28,8%, электр қондырғыларын шығару – 28,5%, машина жасау – 11,9%) құрайды.
«Ачполиметалл» комбинаты ірі түсті металлургия комбинаты, мұнда 7 мыннан астам адам жұмыс істейді. Комбинатта қорғасын-мырыш металы, облыс бойынша өндірілетін бірден-бір барит концентраты, қорғасын концентраты, кадмий қорғасын концентраты өндіріледі. Кентау ЖЭО-да 5,3% электр энергиясы, 8,4%-жылу энергиясы өндіріледі.
Өткен ғасырдың 90-жылдардың басында 23% өнеркәсіп өнімдерін екі машина жасау өнеркәсіптері Экскаватор зауыты (жылына 618 экскаватор), Трансформатор зауыты (жылына 17,4 мың трансформатор) өндірді.
Қазіргі уақытта өнеркәсіп өнімдері 84,5% құрайды: ААҚ «Кентау трансформатор зауыты» (электрлік трансформаторлар құрастырады). ЖАҚ «Южполиметалл» №1 филиалы (барит концентраты және қорғасын концентраты), «Эластополимет» ЖАҚ (резина мен пластмасса өнімдерін шығарады), ААҚ «Экскаватор».
Соңғы бес жылдағы халық саны бірқалыпты қарқынмен бес жыл бойы өсіп келе жатыр. Жеке жылдар бойынша қарастырсақ. Қала халқының саны 2011 жылғы жыл аяғында 87,2 мың адам болса, 2015 жылы қала халқы 94,2 мың адамға дейін өскен. Бұл сәйкесінше халықтың өсу индекстеріне шаққанда келесідей өсу ретімен орналасқан 2011 жылы- 102,7%; 2012 жылы — 102,5%; 2013 жылы — 101,5%; 2014 жылы – 102%; 2015 жылы -101,8%. Жалпы 5 жыл аралықта халық саны 7 мың адамға өскенін көрсетеді.
Кентау қала әкімшілігінің 2012-2014 жылдар аралығындағы 1000 адамға шаққандағы туу, өлім және табиғи өсім коэффициенттерін көрсетеді. Суреттен байқағанымыздай 3 жылдың көрсеткіштеріне қарасақ, олардың аса қатты өзгермегенін көруімізге болады. Яғни мұнда ауытқудың аз екенін байқаймыз. Оларға жеке тоқталсақ 2012-2014 жылдар аралығындағы халықтың 1000 тұрғынына шаққан-дағы жалпы коэффициенттері: 2012 жылы туылу – 28,4; өлім – 7,37; табиғи өсім – 21,04 көрсетсе, 2013 жылы туылу – 27,8; өлім – 6,52; табиғи өсім – 21,34 болды және 2014 жылы туылу – 26,34; өлім – 6,38; табиғи өсім – 19,96 коэффициенттерін көрсетті.
2017 жылғы Кентау қаласының әкімшілігінің әлеуметтік-экономика-лық даму бөлімі мен статистика мәліметтеріне сүйенсек шағын және орта бизнес саласында 2983 шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 4237 адам жұмыс атқарып, шығарған өнім (жұмыс қызметі) 12451,0 млн. теңгені құрады (2015ж. – 10285,0 млн. теңге, 121%).
«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Максимум» ЖШС және «Ырыс» МКҰ арқылы ағымдағы жылы ауылшаруашылық, сауда және қызмет көрсету салаларында 152 кәсіпкер 603,0 млн. теңгеге, екінші деңгейдегі банктер арқылы 4 жоба 810,4 млн. теңгеге қаржыландырылды.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2 бағыты (ауылды жерлер мен тіректі ауылдарда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру) бойынша 3 млн. теңгеге дейін – 21 азамат 62,5 млн. теңгеге қаржыландырылды (жылдық жоспар — 49 азамат).
Қалада кәсіпкерлік қолдау мақсатында 113,9 млн. теңгеге кәсіпкерлік орталық салынып, қазіргі таңда қызмет көрсетуде.
2010 жылғы 1 қаңтарға қалада 375 заңды тұлғалар тіркелген, оның ішінде 106-сы мемлекеттік, 263-і жекеменшік болса, 2015 жылы бұл 432 заңды тұлғаға дейін өсті және 107-сы мемлекеттік, 318-і жекеменшік заңды тұлғалар тіркелген. 6 жыл ішінде 57 заңды тұлғаға немесе 15,2% саны көбейген. Бұның көпшілігі жекеменшік екенін айта кеткен жөн (кесте 13).
Кентау қаласының соңғы бес жылдағы, яғни 2011-2015 жылдар аралығындағы өнеркәсіп өнімінің көлемін анық көруімізге болады. 4 жыл уақыт ішінде өнеркәсіп өнімі тоқтаусыз бірқалыпты өсу деңгейін көрсеткен бірақта 2015 жылы оның бәсеңдегенін көреміз. Осы көрсеткіштерді жылдар бойынша талдап кетейік. 2010-жылы Кентау қалалық әкімшілігінің кәсіпорындары 12 032,1 млн. тенгенің өнеркәсіп өнімін, немесе облыс көлемінің 3,8% өндірді. 2009 жылға нақты көлем индексі 117,6% құраса, 2014 жылы Кентау қалалық əкімшілігінің кəсіпорындары 23 133 млн.тенгенің өнеркəсіп өнімін, немесе облыс көлемінің 3,8% шығарды және 2013 жылға нақты көлем индексі 106,2% болды.
2010 жылы Кентау қалалық әкімшілігінің ауылшаруашылық тауар өндірушілері негізінен дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар (барлық егістің 9,6%), жемдік (34,5%), көкөніс, картоп және бақша дақылдарын (35,5%) өсірумен айналысты. Ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі едәуір үлесті (66,1%) көкөніс және бақша дақылдары, картоп (9,3%) алды. 2014 жылы ауылшаруашылық тауар өндірушілері негізінен дəнді жəне дəндібұршақты дақылдар (барлық егістің 14,2%), жемдік (34,2%), көкөніс, картоп жəне бақша дақылдарын (51,1%) өсірумен айналысып, қалалық əкімшілігі бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өніміндегі едəуір үлесті (76,4%) көкөніс жəне бақша дақылдары алды.
2010 жылы шаруашылықтың барлық санаттарымен 0,9 мың тонна ет (101,6% — 2009 жылдың деңгейіне), сүт – 4,1 мың тонна (104,1%), жұмыртқа – 823,0 мың дана (101,3%), жүн – 90,1 тонна (103,7%) өндірілді. Ал 2013 жылы шаруашылықтың барлық санаттарымен 0,9 мың тонна ет (2012 жылғы деңгейге 101,6%), сүт – 4 мың тонна (97,2%), жұмыртқа – 923,4 мың дана (109,5%), жүн – 59,3 тонна (74,6%) өндірілді және 2014 жылы шаруашылықтың барлық санаттарымен 0,9 мың тонна ет (2013 жылғы деңгейге 102,3%), сүт – 4 мың тонна (100,1%), жұмыртқа – 926,3 мың дана (100,3%), жүн – 56,4 тонна (95,1%) өнім алынды.
2016 жылғы Кентау қаласының әкімшілігінің әлеуметтік-экономи-калық даму бөлімі мен статистика мәліметтеріне сүйенсек қала аумағында өнеркәсіп саласында 18 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс атқарып, ағымдағы жылдың 9 айында 16582,5 млн. теңгенің өнімін өндірді (нақты көлем индексі – 106,0%, 2015ж. – 14518,0 млн. теңге).
«Кентау трансформатор зауыты» АҚ-на тапсырыстардың артуына байланысты өнім көлемі ұлғайуда (2015 жылы 9 айда 6053,0 млн. теңге, 2016 жылы 9 айда 9783,0 млн. теңге).
Кентау қаласының өнеркәсіп саласын төмендегі бағыттармен дамыту жоспарлануда:
Инженерлік-инфрақұрылыммен толық қамтылған Индустриалды аймақта жаңа өндіріс орындарын орналастыру;
Кентау қаласында жалпы көлемі 25 га жер телімі Индустриалдық аймақ құруға берілген. Индустриалдық аймаққа (25 га) 1 419,0 млн теңгеге инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп, 1 943,5 млн.теңге, 4 жоба, 145 жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Индустриалды аймақтың 25 га-ның 4,85 га. – 4 жоба орналастырылған болса, 4,3 га. жер телімі инфрақұрылым жүйесіне бөлініп берілген, қалған 15,85 га жер көлемін құрап отыр.
Сонымен қатар индустриалды аймаққа қызығушылық танытып, алдағы уақытта орналасуға ниет білдерген 1 кәсіпкермен жұмыстар атқарылуда. Жалпы 0,4 га жер теліміне, 272 млн.теңге инвестиция тарту көзделуде («Келмет» ЖШС- медициналық жабдықтар).
Қаланың ауыл шаруашылығы саласында 2368,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді (мал шаруашылығы – 824,3 млн. теңге, егін шаруашылығы – 1543,7 млн. теңге).
Ағымдағы жылы қала бойынша 2250,1 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді (бидай — 131 га, жүгері — 118,9, көкөніс — 628,6 га, бақша — 210 га, мақсары — 162 га, картоп — 52 га, бұршақ — 101,5 га, мақта — 156 га, жаңа жоңышқа — 61,6 га және ескі жоңышқа — 628,5 га).
Қала бойынша 1,7 га жерде жылыжайлар іске қосылды (жалпы – 14,3 га), тамшылатып суғару әдісін 250 га жерге енгізілді (Жалпы — 523 га), есепті мерзімде 44 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары ашылды (Жалпы – 186 бірлік), 18 бірлік шағын жанұялық сүт аулалары ашылды (жалпы — 38 бірлік).
Мал өнімдері: ет 717,0 тн. 100,0%, сүт 3669,0 тн. 110,2%, жұмыртқа 770,1 мың дана 110,3%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы саласының даму бағыттары:
1. Жыл сайын жылыжай көлемін 2,0 га ұлғайту арқылы егін шаруашылығының өнім көлемін арттыру.
2. Суармалы жерлерді айналымға қосу мақсатында Қарнақ ауылында Жарбасқан су қоймасын салу. Нәтижесінде 450 га суармалы жерлер айналымға қосылып, егін шаруашылығының өнім көлемі артады.
3. Қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу және қуаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізу. Атап айтқанда, сүт өңдеу цехының қуаттылығын жылына 300 тоннаға дейін арттыру, жеміс-көкөніс өңдеу цехының қуаттылығын 2017 жылы 500 тн/жылына дейін арттыру көзделген.
4. Мал басын тұқымдық түр-лендірумен қамту және асылдандыру. Атап айтқанда жыл сайын «Сыбаға» бағдарламасы аясында 201 бас ірі қара мал алу, «Алтын асық» бағдарламасы аясында жыл сайын 300 бас ұсақ мал алу, «Құлан» бағдарламасы аясында жыл сайын 45 бас ұсақ мал алу және аталған мал басын тұқымдық түрлендіруге қатыстыру.
2017 жылғы Кентау қаласының әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық даму бөлімі мен статистика мәліметтеріне сүйенсек қала бойынша 2017 жылы инвестиция көлемі 93,6%-ды құрап, көлемі 4893,3 млн. теңгеге жетті (өткен жылы – 5226,4 млн. теңге). Республикалық бюджет есебінен 540,0 млн. теңге (2015 жылы – 1875,1 млн. теңге), жергілікті бюджет есебінен 2900,5 млн. теңге (2015 жылы – 1570,0 млн. теңге), меншікті қаражат есебінен 1452,8 млн. теңгені құрап отыр (2015 жылы – 1781,3 млн. теңге).
Жыл басынан тұрғындар қаражаты есебінен 8949 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді (2015 жылы 9 айда 12992 ш.м., оның ішінде тұрғындар есебінен 8880 ш.м.). «Шұғыла» мөлтекауданында 250-300 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
2017-2018 жылы екі 60-пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысы жоспарлануда, ЖСҚ әзірленіп құрылыс басқармасына өтінім берілді.

Индустриалды аймақ

«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында индустриалды аймақ құрылған.
Аймақта орналасатын 4 жоба Өңірлік Үйлестіру кеңесімен мақұлданып, алдағы уақытта 2,0 млрд. теңгеге инвестиция тарту жоспарлануда (Жеке кәсіпкер Е.Ауезов – 120,0 млн. теңге; «Бесқасқа» ЖШС – 189,5 млн. теңге; «ЮгЭлектроПривод» ЖШС – 828,0 млн. теңге; «ЭлектроДеталь» ЖШС – 816,0 млн. теңге).
Бүгінгі таңда жалпы құны 1 млрд. теңгені құрайтын 2 жобаның («ЮгЭлектроПривод», «Бесқасқа» ЖШС) құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, іске қосылды. Нәтижесінде 75 жұмыс орны ашылып, қала бюджетіне 2,7 млн. теңге салық төленді.
Қаладағы ең көп тұрғын үй қосылған жылға 2015 жыл болса, ал ең азы 2012 жылды жатқызамыз. Ал қалған 2 жылдағы қосылған тұрғын үй аудандары аса бір-бірінен аутқымайды. Енді жекелей жыл бойынша қарайық. Қала әкімшілігіндегі 2011 жылғы іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 12 мың шаршы метр шамасында құралса, 2014 жылғы іске қосылған үйлердің ауданы 10 600 метр шамасын құрады. 2015 жылы оның күрт өскенін көреміз.
2016 жылғы Кентау қаласының әкімшілігінің әлеуметтік-экономи-калық даму бөлімі мен статистика мәліметтеріне сүйенсек қала бюджетінің көлемі 11,7 млрд. теңге, оның ішінде жоғарғы бюджеттен бөлінген трансферттер мен субвенциялар көлемі 10,6 млрд. теңгені, жеке табыстар 1,1 млрд. теңгені құрап отыр (жыл басына бекітілген өзіндік табыстар – 752,4 млн. теңге, бүгінгі таңға – 1060,0 млн. теңге, 141%).
Ағымдағы жылы әлеуметтік салаға – 5,7 млрд. теңге бағытталды (қала бюджетінің 48,5%, оның ішінде: білім беру саласы – 4,9 млрд. теңге немесе 41,8%, әлеуметтік көмек және қамсыздандыру – 0,5 млрд. теңге немесе 4,2%, спорт саласы – 0,1 млрд. теңге немесе 0,8%, мәдениет саласы – 0,2 млрд. теңге немесе 1,7%).
Кентау қаласының 2017 жыл қорытындысы бойынша қалалық бюджет кіріс бөлігі 100,7%-ға орындалды. Жеке табыстың орындалуы 108,2%-ға орындалып, жоспарлы 724,5 млн. теңгенің орнына 783,9 млн. теңге түсіп, 59,4 млн. теңгеге жоспардан артық орындалған.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық – 40562 адам, жалпы халық санынан 43%, өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар 17923 адам, немесе 19% құрайды.
Жұмыссыздар саны 2122 адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5,2%, оның ішінде жастар жұмыссыздығы 3,5% құрады. Ресми жұмыссыздар саны 1569 адамды құрады.
Ашылған жұмыс орындары: тұрақты – 489 (2015 жылы 603), немесе 81%, уақытша — 666, (2015 жылы 477), немесе 139,6%.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы.
Бағдарламаның 1-ші бағыты бойынша 40 жобаны іске асыруға 824,6 млн. теңге қаржы бөлінді. Жобаны жүзеге асыру барысында 95 жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 9 айдың қорытындысымен 12 жобаға 114 азамат уақытша жұмысқа орналасты, немесе 120,0% құрады.
Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша жұмыссыз азаматтар қатарынан нысаналы топтағы 107 адам әлеуметтік жұмысқа жолданды. 7 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
Қайта даярлауға жұмыссыз азаматтар қатарынан 20 азамат жолданды. 34 мекемеге 140 азамат жастар практикасына жіберілді.
Бос және жаңа жұмыс орындарына 694 азамат тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты.
Ағымдағы жылы 8 отбасы, 37 адамға 371,5 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді.
2845 отбасы, 9174 балаға 144455,7 мың теңге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төленді.
Бүгінгі таңда, Кентау қаласы бойынша халықтың 96,2% 24 сағат үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етілген (91327 адам) (Ащысай ауылы 8 сағат ауыз сумен қамтылған, Шаштөбе елді мекені орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмаған).
Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 2016 жылға Ащысай ауылының су құбырын орташа жөндеу жұмыстарына 29,5 млн. теңге қарастырылып, нәтижесінде ауыл тұрғындарын 24 сағат ауыз сумен қамтылған.
Қарнақ ауылының су өткізгіш тораптарының құрылысына 200,0 млн. теңге қарастырылып (жалпы сметалық құны 1198,0 млн. теңге), 40,2 шақырым ауыз су құбыры тартылды. Нысан 2017-2018 жылдарға өтпелі болып табылады.
Қазақстандағы моноқалалардың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасындағы жоспарлы эконо-миканың мұрасы ретінде қалған бір салалы қалалар, сол кездегі аймақтық өндірістік кешендерді дамыту негізінде құрылды және әлеуметтік-экологиялық жағдайы өндірістік цикл мен халықтың жағдайы және кәсіпорынның жағдайы арасындағы жауапкершілігі бір-бірімен тығыз байланыста болды.
Аймақтық бағынышты моно-қалалардың өздерінің бюджеттері болмайды, сол себепті аймақтық бюджет жоспары бойынша қар-жыландырылады. Көбіне бұл қаржыландыру дотациялық түрде болып отырады.
Өндірістік өнеркәсіппен ша-ғын кәсіпкерліктің жағдайы. Моноқалаларда Қазақстанның ай-тарлықтай өнеркәсіп әлеуетінің орналасқанын айтуға болады.
Мысалыға Степногорск қаласы Ақмола облысының өнеркәсіп өнімінде айтарлықтай үлесі бар және ірі өнеркәсіп орны болып саналады.
Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласының аумағында Қазақстан бойынша хром рудасының барлық көлемі және ТМД арасында 95% хром рудасын өндіреді.
Қостанай облысындағы Жітіқара қаласында Қазақстандағы жалғыз асбест шығаратын комбинат «Қостанай минералдары» АҚ орналасқан. Бұл комбинат асбесті өндірумен қатар оны байыту арқылы жасалынатын тауарларды шығарады.
Қостанай облысының эконо-микасының нәтижесіне айтарлықтай әсер ететін темір рудасын шығаратын Рудныйдағы «Соколов-Сарыбай» таукенбайыту өндірістік бірлестігі АҚ айтуға болады. Кәсіпорынның облыс көлеміндегі өнеркәсіп өнімінің 57%, ал салық түсімінің 62,4% құрайды.
Арнайы қызметтерді атқару мақсатында, әсіресе қорғаныс саласында жұмыс істейтін, КСРО кезінде таңдалған жабық әкімшілік аймақтар құралған. Қазіргі уақытта ондай жерлерді де моноқалаға жатқызу қажет. Біздің елімізде бұндай аймақтарға Курчатов қаласын жатқызуға болады.
Моноқалардағы өндірістік-өнер-кәсіптер бір немесе екі салада жұмыс істеуімен ерекшеленеді, ал қалған кәсіпорындардың әсері, үлесі салыстырмалы түде аз. Кей жерлерде қала құраушы кәсіпорындар мүлдем жұмыс жасамайды. Өнеркәсіп өнім көлемінің төмендеуі қаладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына немесе қауіп төндіруіне алып келеді.
Адам басына шаққандағы өнеркәсіп өнімінің көлемінің Республикалық орташа деңгейден мұнай, газ, металл шығаратын қалаларда жоғары болып келеді. Бұл қалаларға Ақсай, Ақсу, Қаражал, Хромтау, Зырянов, Құлсары, Риддер қалаларын қосуға болады.
Пайдалы қазбадардың жанында орналасқан моноқалалар пайдалы қазба орнының өмір сүру уақыты барысына және оның тауарларының сұранысының деңгейіне тығыз байланысты және тәуелді болып келеді.
Батыс Қазақстанда орналасқан жаңадан ашылған мұнай және газ кен орнындағы моноқалалар өнеркәсіп өнімінің жоғары қарқынымен және инвестицияның көптеп тартуымен, халық табысының жоғарғы деңгейімен белгілі. Бұндай қалаларға Ақсай, Жаңаөзен, Құлсары қалалары кіреді.
Осы бағытта жұмыс істейтін жағдайы нашар бірқатар қалаларда бар. Себебі бұл қалалардағы кен орындарының таусылуы, тозуы немесе оған деген сұраныстың азайуы арқасында болған. Бұндай қалаларға боксит рудасы таусылған Арқалық қаласы, рудасының құрамындағы түрлі түсті металлдың азайуынан зардап шеккен Текелі қаласы, асбест тауарына сұраныс азайған Жітіқара қаласын және т.б айтуға болады.
Өңдеу бағытындағы моноқа-лалардағы қала құраушы кәсіпо-рындардың мүлдем тоқтап қалуы немесе тауарларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендігіне байланысты жартылай жұмыс істеуі, сұраныстың болмауы немесе тұтыну нарығының алшақта болуы және тасымалдау қызметінің қымбат болуына байланысты қалаларға Серебрян қаласын жатқызуға болады. Бұлардың жағдайы физикалық және моральдық құрал жабдықтардың тозуымен, білікті мамандардың қаладан көшіп кетуі жағдайды одан әрі ушықтырды.
Моноқалалардың ішінде өнеркәсіп өнімі толық тоқтаған немесе жұмыс жасамайтын қалалар тобын атап кетуімізге болады. Оларға Жаңатас, Қаратау, Серебрян қалаларын жатқызамыз.
Моноқалаларда шағын кәсіп-керлікті дамытуға өндірістік және тұтыну сұранысының аз болуы, қаржы несиелік ресурстардың қолжетімсіздігі, өтімділігі жоғары кепілге қоятын дүниенің болмауы, салдарынан оны дамытуға осылар кедергі болады.
Әлеуметтік дамуы. Халық санының 2015 жылғы саны 1 831 мың адамды құрайды. Моноқалалардағы халық санының ондаған жылдар бойы өсуіне(8%) қарамастан онжылдықтың ішінде 11 қала халқының саны азайғанын көреміз. Нәтижесінде Арқалықта, Қаражалда, Абайда, Жаңатаста, Серебрян қалаларында халық санының төмендеуін байқаймыз.
Моноқалалардағы халық санының азайуының басты себебі жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы және төмен деңгейдегі өз-өзін жұмыспен қамту деңгейінің төмендігі, халық табысының аздығы, басқа жақтан халықтың білім алуға ұштарлығы әсер етті.
Моноқалалардағы халықтың мигра-циялық басқа проблемасы болып, сол қалалардағы халықтың қартаю үрдісі жатады. Кейбір қалаларда еңбекке қабілетті халық санының 18% жоғары үлесі бар қалалар кіреді. Бұл қалаларға Лисаковск, Риддер және т.б қалаларды айтуға болады.
Жұмыспен қамту және жұмыс-сыздық көпшілік қалалардың проблемалары болып табылады. Салдарынан өз-өзін жұмыспен қамтыған адамдардың саны мен жұмыссыздық санынның артуына алып келеді.
Жұмыссыздық жоғары деңгейі салыстармалы түрде республика деңгейінен жоғары болып тұрған Арқалық, Кентау, Ақсу қалалары.
Бұдан басқа моноқалалардағы экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі өз-өзін жұмыспен қамтығандардың қатарына жатады.
Өз-өзін жұмыспен қамтығандардың ішінен жоғары көрсеткішті Қаратау, Арқалық, Жітіқара Жаңатас, Құлсары қалалары көрсетеді.
Бұл қалаларда еңбек нарығында сұраныспен ұсыныстың сай болмауы сақталынуда. Ұсыныс тарапынан көбіне жақын арадағы осы қалаларға көшіп келген ауыл адамдары шығуда. Бұл адамдардың мамандану дәрежесі төмен болып келеді және еңбек нарығының сұранысына тура келмейді.
Осыдан шығатыны кадр әлеуе-тін қайта жаңа сапалы негізге моноқалалардың экономикалық даму басымдылықтарына байланысты дайындау қажеттігі туындайды.
Халықтың өмір сүру деңгейі еңбек нарығының тікелей салдарының әсерінен кедейшіліктің жоғарғы деңгейі сақталуда. Моноқалалардағы адам басына шаққандағы орта табыс мөлшері облыс деңгейіне шаққандағы деңгейге жетпейді. Мысалыға Арқалық, Кентау, Балхаш, Саран қалаларында облыс деңгейінен 60%-85% құрайды.
Халықтың басым бөлігінің табыс көзі болып кәсіпорындар мен ұйымдардан алатын жалақы көбіне бюджеттік ұйымдар және табыс көзінің 50%-60% үлесін құрайды. Қалған 20%-30% зейнетақы, стипендия, әртүрлі пособиялар құраса, қалғандарын басқада шаруашылық қызметтері алып келеді.
Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның орналасуына байланысты темір жол бойында орналасқан қалалар және темір жол бойынан алшақ орналасқан қалалар деп екіге бөлуімізге болады. 20 қала темір жол бойында орналасса сәйкесінше 7 қала темір жолдан алшақ орналасқан немесе теміржолдық түкпірде орналасқан. 27 қаланың халықаралық автомобиль жолының бойында 7, республикалық маңызды жол бойында 14, жергілікті маңызы бар жол бойында 7 қала орналасқан.
Өндірістік инфрақұрылымның нашар жағдайы моноқалалардың даму тежегішінің ең негізгілерінің бірі болып келеді. Әсіресе өзекті мәселе болып транспорттық алшақтық және автомобиль жолдарының нашарлығы. Тұтыну нарығынан және қалалық агломерациялардан алшақтық, транспорттық түкпірлік Арқалық(590 км), Жезқазған(550 км), Жаңатас(180 км), және т.б қалалардың дамуын тежейді. Бұлар облыс орталығы болып табылатын жолдар мен тығыз байланысты және жөндеу жұмыстарын айтарлықтай қажет ететін жолдар.
Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның нашар жағдайы моноқалалардың ең негізгі проблемаларының бір болып табылады. Су тарату жүйелері, кәріз жүйелері, жылу және электрлік жүйелері біраз қаражат құюды қажет етеді. Моноқалалардың 50% астамында электр жүйесінің 70% тозған. Бұл қалалардың ішінен Ақсай (94%), Жітіқара (81,3%) және Риддер (82%) қалаларын айтуға болады. Текелі (80%), Зырян (80%), Серебрян (78%), Курчатов (68%) қалаларында жылу жүйесінің тозуының жоғарғы деңгейі байқалады. Ал су тарату жүйесінен Жаңатас (95%), Зырян (82%), Серебрян (75%), Курчатов (74%), Қаратау(60%), Кентауда (60%) қалалары жатады.
Моноқалаларда авариялық жағ-дайдағы үйлердің көптігімен белгілі. Соның ішінде Арқалық (84,7%), Абай (36,7%), Жаңаөзен (10,9%), Қаратау (8,4%) және Жаңатас (7,1%) қалаларында авариялық үйлердің шаршы метрі аталған қалардағы жалпы тұрғын үй көлемінің көп бөлігін құрайды.
Адам өмір сүру қауіпсіздігіне және моноқалалардың экономикалық әлеуетіне кері әсер ететін факторларға, техногендік, аномальды табиғи апаттар, табиғатқа әсер ететін жоғары дәрежедігі антропогендік қысымдарды айтуға болады. Бұған қосымша мезгілдік апаттарға, яғни су тасқыны, сел, өрт, жер сілкінісі, медициналық санитарлық жағдайларға қарсы тұратын инфрақұрылымның нашарлығын қосуымызға болады.
Тағыда әлеуметтік инфра-құрылымның өзекті проблемаларына бала-бақшалардың жоқтығы және медициналық кадрлардың аздығы жатады. Мысалыға: Қаратауда – 34,8%, Жаңатаста – 35,4% бұл көрсеткіш республикалық деңгейден біршама төмен екенін көрсетеді.

Экологиялық жағдайы

Моноқалалардың өндірістік дамуының залалы атсофералық ауаның ластануына, топырақтың химиялық улануына, тұзшы судың беткі қабатына және суқоймалардағы балықтар қорының құруына, халықтың аурушаңдық деңгейінің жоғарылауына алып келеді. Экологиялық зардаптардың негізі болып келесілер есептеледі:
1. қоқыстардың жүйесіз жиналуы және қалалық тазарту құрыл-ғыларының жоқтығы;
2. кәріз жүйесінің және қала ма-ңындағы фильтрациялық алаңдардың нашарлығы;
3. өндіріс қалдықтарының үлкен көлемі және таукен кәсіпорындарының қалдықтары;
4. қатты отынмен жұмыс істейтін кішігірім котельнилерден шығатын әртүрлі лас заттардың бөлінуі.
Еліміздегі моноқалалардың дамуын тежейтін факторлар мен проблемаларға өткен уақыттағы қала құраушы кәсіпорындар мен басым бағыттағы салаларға байланысты көптеген кешенді проблемалар жиналып қалған.
Өндіріс көлемінің төмендеуі, қала құраушы кәсіпорындардың жартылай немесе толықтай тоқтауы моноқалаларда айтарлықтай әлеу-меттік экономикалық проблемалардың ушығуына алып келді.
Моноқалалардың негізгі проблемалары болып жұмыссыздықтың көбейуі, халықтың өмір сүру деңгейінің нашарлауы, әлеуметтік жағдайдың ушығуы жатады. Мысалыға соңғы 20-25 жылда «Қаратау» АҚ сияқты кәсіпорындарда, қазіргі уақытта ЖШС «Казфосфат», 10,6 мың адамнан 1,5 мың жұмысшы қалған.
Екінші мысалға Саран қаласындағы «Карагандарезинотехника» АҚ келті-руге болады. Ондағы жұмысшы саны 1985 жылы 7 мыңдай болса, қазіргі уақытта 500 адам шамасында. Осыған ұқсас жағдайлар бірнеше моноқалаларда кездесіп жатады.
Өндіріс көлемінің төмендеуіне және қала құраушы кәсіпорындарының тоқтап қалуына шикізат шығаратын кәсіпорындардың базасының тозуы, өндірілетін өнім сапасының бәсекелестік қабілетінің төмен болуы, қала құраушы кәсіпорындардың құрал-жабдықтарының ескіруі, КСРО-ның құлауымен байланысты технологиялық байланыстың үзілуі жатады.
Осылай моноқалалардың эконо-микалық және әлеуметтік жағдайын талдау арқылы келесідей проблемаларды анықтауға мүмкіндіктер жасады:
Экономикалық мәселелер: қала құраушы кәсіпорынның тоқтап қалуы немесе тоқтау қаупінің пайда болуы; қаланың экономикалық әртараптануының төмен деңгейі; қалақұраушы кәсіпорынға қала халқының жоғары деңгейде тәуелді болуы; қала құраушы кәсіпорыннан түсетін қаражатқа жоғары деңгейде қала бюджетінің тәуелді болуы және салықтық базаның кішірейуі жатады.
Әлеуметтік мәселелер: жұмыс-сыздық деңгейінің жоғарылығы; көпшілік моноқалалардағы халық табысының аздығы; өмір сүру сапасының төмендігі; көпшілік моноқалаларда халық санының азайуы; әлеуметтік ахуалдың ушығу үрдісінің мүмкін болуы жатады.
Өмір сүруді қаматамасыз ететін инфрақұрылымның мәселелеріне: инженерлік және әлеуметтік инфра-құрылымның тозу деңгейінің жоғарылығы; жоғары деңгейде аймаққа экологиялық қысым; аймақтың айтарлықтай жағдайдағы техногендік және табиғи апаттарға жақын болуы жатады.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *