Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы балалар мен жасөпірімдер шығармашылық орталығының оқушылары Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы балалар мен жасөпірімдер шығармашылық орталығының оқушылары
Анашым Ақ сүт берген анашым, Өзің қандай данасың. Сендей ана таба алам ба? Анашым менің анашым. Сендей ана тек менде, Сендей ана бар ма... Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы балалар мен жасөпірімдер шығармашылық орталығының оқушылары

Анашым

Ақ сүт берген анашым,
Өзің қандай данасың.
Сендей ана таба алам ба?
Анашым менің анашым.

Сендей ана тек менде,
Сендей ана бар ма елде,
Бақытты бол анашым,
Анашым аяулы анашым.

Отаным

Отаным менің отбасым,
Болашаққа жол бастар.
Отан деген жүректің,
Ең бақытты шақтары.

Отан деген отбасың,
Қарлығаштай боп ұшып,
Қорғайды әркім отбасын.
Отан біздің халқымыз,
Отанды ел қорғайды.
Отан деген қастерлі,
Отан деген бақытым.
Бақытты ел санайды,
Бақытты боп жүреді.

Отан деген – жүрегім,
Мақтанышым ол менің.

Әсем Смайылжан

Тілім менің

Туған тілде әнім менен сәнім бар,
Туған тілде сыры терең жаным бар.
Туған тілім тарихымның таңбасы,.
Туған тілде жыр жазуға хақым бар.

Ай білмеймін талғамыма заманның,
Жақсысы әлде қалмады ма адамның.
Туған тілін үйренем деп жүргенде,
Байқамас ау өтерін бұл жалғанның.

Айшолпан Хұсайынова

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *