Аяжан ТӨРЕ Аяжан ТӨРЕ

Аяжан ТӨРЕ

17.11.2018 0 57

Алматы қаласы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінің 3 «Г» сынып оқушысы, оқу озаты Кел, көктем! Кел, көктем, келші тезірек, Күтіп жүрміз асығып. Көгерсін бүкіл төңірек,... Аяжан ТӨРЕ

Алматы қаласы,
Сүйінбай атындағы
№143 мектеп-лицейінің
3 «Г» сынып оқушысы, оқу озаты

Кел, көктем!

Кел, көктем, келші тезірек,
Күтіп жүрміз асығып.
Көгерсін бүкіл төңірек,
Қыс қалсын сосын тұншығып.

Жаңа өмір жаршысы –
Көгілдір көктемім.
Жаңбырдың тамшысын,
Көп болды күткенмін.

Сылдырлап ерке бұлақтар,
Ерекше әнге салады.
Желкілдеп жасыл құрақтар,
Сол әнге билей қалады.
Туған жер

Туған жерім киелі,
Әр тасыңды сүйемін.
Тарихыңа бас иіп,
Санама ой түйемін.

Ұлан-байтақ даламда,
Өтті небір дана да.
Батырларды ержүрек,
Еске алмауға бола ма?

Қойның толған қазына,
Қарайды бәрі қызыға.
Киеге тұнған мекенім,
Орның – жүрек тұсында.
Алтын күн

Шұғыласы алтын күннің,
Маңдайымнан сүйеді.
Мен ғана емес бүкіл әлем,
Оған басын иеді.

Отты шарым қуат күшің,
Сарқылмасын ешқашан.
Жердегі бар бақыт үшін,
Жана берші әрқашан.

Жерге түскен әр шуақтың,
Бағасына жетемін.
Еш уайымсыз бала шақтың,
Сырын саған шертемін.
Ұстазыма

Ұстазыма ұсынамын,
Жинаған жұпар гүлімді.
Бар күшіммен тырысамын,
Оқушы болуды білімді.
Мейірлі жүзінен әрқашан,
Шұғыла төгіліп тұрады.
Жауабын сұрақтың таппасам,
Ойымды дұрысқа бұрады.
Қыс қызығы

Айналам тұтас ақ дала,
Жапалақтап қар жауады.
Мен жасаған аққала,
Жымың-жымың қағады.

Аппақ сурет салдырып,
Қыс сыйлайды сан қызық.
Түрлі өрнек қалдырып,
Шанам келеді қар сызып.
Гүлдер әлемі

Ұнайды маған гүлдердің әлемі,
Олардың бірі – бірінен әдемі.
Иіскеп, қызықтап барлығын,
Құшаққа толтырғым келеді.

Ақ, сары, қызыл, көк,
Түр-түстері – өте көп.
Жайқалсыншы гүлдерім,
Аспан, жаңбырыңды төк!
Менің анам

Анашым нағыз асыл жан,
Кетпейді менің қасымнан.
Мәз-мейрам боп қаламын,
Сипаса болды басымнан.

Мәпелейді, аймалайды,
Мейірімін аямайды.
«Адал адам бол» дегенді,
Ылғи маған қайталайды.

Ақылын тыңдап өсемін,
Қайтпас сонда меселім.
Ақтап үміт-сенімін,
Тамшыдай тасты тесемін.
Қозы-лақтар

Қозы-лақтар жүйткиді,
Өздері сондай сүйкімді.
Секіргенде шошаңдап,
Келтіреді күлкімді.

Түртінектеп, секектеп,
Иіскейді жақын кеп.
Таңдап алып біреуін,
Қалаға келсем жетектеп.
Көк туым

Желбірейді көк туым,
Көз алмай оған қараймын.
Қазақстанда мен тудым,
Мұны зор бақыт санаймын.

Күн астында қыраны,
Биіктік оның ұраны.
Алысқа көзін қадаған,
Көк аспан оның тұрағы.

Санамақ

Бір, екі, үш,
Тасысын сенде күш.
Үш, екі, бір,
Кәне, сапқа тұр!

Бір, екі, үш,
Арманға самғап ұш.
Үш, екі, бір,
Басты оңға бұр!

Бір, екі, үш,
Балықтай суда жүз.
Үш, екі, бір,
Достыққа енді кір!

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *