Алматы облысы Талғар ауданы Т.Рысқұлов атындағы № 9 жалпы білім беретін орта мектептің 4 «в» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі: Каниязова Миригул Матниязовна Алматы облысы Талғар ауданы Т.Рысқұлов атындағы № 9 жалпы білім беретін орта мектептің 4 «в» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі: Каниязова Миригул Матниязовна
Елдана Қыдырбек Менің достарым Әр адамның сырласып, жақын араласатын досы болады. Менің де достарым көп. Атап айтсам: Ақбота, Аялы, Аруна, Мерей, Гүлдана.т.б Бірақ осы достарымның... Алматы облысы Талғар ауданы Т.Рысқұлов атындағы № 9 жалпы білім беретін орта мектептің 4 «в» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі: Каниязова Миригул Матниязовна

Елдана Қыдырбек

Менің достарым

Әр адамның сырласып, жақын араласатын досы болады. Менің де достарым көп. Атап айтсам: Ақбота, Аялы, Аруна, Мерей, Гүлдана.т.б Бірақ осы достарымның ішінде менің ең жақын екі құрбым бар, олар Ақбота мен Аялы. Өйткені Ақбот және Аялымен көп уақтымды өткіземін, ойнаймын,әңгімелесемін, яғни қызықты сәттеріміз көп болады. Дегенмен, олардың мінездеріде әр түрлі.Ақбота болса сыпайы, ақылды, адал дос.
Ал Аялы өте көңілді, әзілқой, білімді, аудандық, мектептік іс-шараларға белсене қатысыады. Мен үшін екеуінің орны бірдей. Егер маған біреу: Саған досың қымбат па? Ақша қымбат па? десе, мен мүдірместен «дос», деп жауап берер едім. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын!» деген мақалды әрдайым есіме алып жүремін. Ақшаны еңбек етіп табуға болады. Ал жақсы досты жоғалтып алсаң қайта табу-екіталай. Иә ренжісіп қалған сәттеріміз де жоқ емес. Ондай сәттерден кейін бір-бірімізге әзіл айтып тез татуласып кетеміз. Олар маған мен оларға көмектесіп, әрдайым бір-бірімізді қолдап жүреміз. Достарымды есіме алғанда ойыма төмендегідей өлең жолдары еріксіз оралады.
Мені қолдап жүретін, ол әрине — достарым,
Сырымды да білетін, ол әрине — достарым.
Көңілді қыз Аялым, күледі
күндей әрдайым,
Болғайсың сен жанымда,
шуақ шашқан Боташым.
Жарқырап жайнап жүре бер, екі өмірде күле бер,- дей келе барлық балаларға достарыңмен тату-тәтті өмір сүріңдер, достарыңның қадірін ұғыныңдар!- дегім келеді.

Аруна АЛИ
Аналық махаббатың – кәусар бұлақ

Өмірдің иесі сен, асыл Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана,
Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана,- дегендей көктем табиғатымен жымыңдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол көрсетіп, өмір нәрін себуші асқақ Құдырет Иесі, адам сәулетшісі-ол Ана.
Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең,
Аналық махабатың кәусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Адам «адам» болғысы келсе, алдымен Ананы қастерлей білуі керек. Өмірде Ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.
Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәліл болса керек. Ғалымдар аналарынан айырылған маймыл балалары үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығаты, денесі қатты суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп жасаған екен.
Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты Ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, Ана құшағы ғана. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен Ананы құрметтеу міндет екені айтылады.
«Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» делінген онда. «Егер атаң мен Анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер» деген ұлағатты сөз бар. Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың», «Кімде кім ата-анасының разылығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады» делінген.
Ана-үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл Ананың құшағында мейір алып жүрген біз- Алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегңн бағалап өтейікші! Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан екен. Аналарымыз аман болсын!

Айбек Байбори

Жылқы

Мен МТФ елді мекенінде тұрамын. Біздің ауылда мал ұстайтын адамдар
көп. Мен жылқы малын өте жақсы көремін. Әкеме «маған құлын алып берінізші» деймін. Білмеймін ол арманым қашан орындалатынын. Менің Иманғали деген досым бар. Олардың үйінде жылқылары өте көп. Әкесі ұлын жылқыға мінгізгенде, мен қызығып кетемін. Нағашы атамның үйінде де жылқылары бар. Құлындары өте әдемі, сипайын десең қаша жөнеледі. Бізде мал ұстайтын едік, бірақ ауламыз өте тар. Әйтпесе біз, Талғар қаласының тау жағында тұрамыз ғой. Талғар қаласы өте әдемі, мөлдір сулы аймақ қой. Шіркін! жазда жайлауда қымыз ішіп жатса ғой! Апайым, бізге жылқы жайында көптеген әңгімелер, олардың пайдасы жайында айтып берген.
Менің жылқыға деген құмарым одан сайын ояна түсті. Мен сіздерге жылқы жайында әңгімелеп берейін. Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын. Мереке – қуанышта, қайғы қасіретте, басқа түскен не ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі, айырылмас досы болған.
Жылқы төрт – түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр деп аталады.
Жылқы – сымбатты жануар. Мойнынан түскен жалы жібектей сусылдайды. Сирақтары ұзын, көздері ботадай әдемі. Жылқының дене бітімі көздің жауын алады. Бұрынғы кезде батырлардың жылқыларының аты болған. Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыс батырдың Байшұбар деген аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес, жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын досы бола білген.
Жылқы – касиетті жануар. Жылқы қымызы бізге пайдалы. Ол қырық ауруға ем. Жылқы еті өте тәтті. Сондай-ақ жылқылар бізді қауіптерден қорғайды.
Бұрындары ата-бабамыз жылан жоламасын деп қастарына жылқы байлап жатқан. Сонымен бірге ат үстінде көп жүрген адам буын ауруына шалдықпайды екен. Барлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл. Оны бағуда шығын шықпайды. Еті де, сүті де қазақ халқы үшін аса қадірлі тағам.
Өз бойын таза ұстайтын, өз жерін қашықтан танитын сезімтал, қасиетті жануар. Жылқының қараңғыда көзі жақсы көреді. Қазақтар жылқыны ұрып соғу былай тұрсын, киесі атады деп, желіден, жылқышы ұстайтын құрықтан, бақанның үстінен аттап өтпейді. Сүрінген атты да ұрмайды. Қазақ халқы жылқыны жеті қазынаның бірі санап, оны киелі деп есептеп жыл қайыруда жетінші орын берген, Дүние жүзінде қазірдің өзінде 250-ден астам жылқы тұқымы бар екен. Қазақ халқы жылқыны спорттық ойын – сауықтарға қатыстырған. Мысалы: «Аламан бәйге», «Бәйге», «Жорға жарыс», «Көкпар» « Аударыспақ», «Қыз қуу», «Күміс ілу». Қазақ халқы жылқы малын 3 топқа бөлген. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды «Тұлпар», «Арғымақ», «Сәйгүлік» деп әлпештеп, ерекше күтімге алған. Ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны да ерекше бағалаған. Ал еті мен сүті үшін өсіретін, қалған жылқыларды «Жабы» деп аталған.

Нұрсұлтан Сайманов

Мейірімді құс
(Ертегі)

Бұрында бір бала ата-анасына көмектесейін деп орманға отын шабуға барыпты.Ол отынды кеш батқанға дейін шауыпты. Сосын ол қараңғыд үйіне қайтатын жолды таба алмай бір ағаштың түбінде жылап отырады. Сол кезде ағаштың басына бір құс келіп қонады. Құс айтады: «Әй, бала неге жылап отырсың?»,- дейді. Бала айтады: «Қараңғыда үйді таба алмай қалдым»- деп жылайды. Құс оған -жылыма,осы жолдан тура жүр, жол екіге айырылған жерде оңға қарай үлкен жолға бұрыл, солға қарай бұрылма сәтсіздікке тап боласың.-дейді.Бала құсқа рахмет айтып жүгіріп кетеді. Жолда тасқа сүрініп құлайды да, құстың айтқанын ұмытып қалады да ол жолдан адасып солға бұрылады. Ол жолда бүкіл денесін тікенектер тырнайды,әр түрлі дыбыстардан қорқып келе жатса алдынан бір үй көрінеді.
Бала қуанып сол үйге барады. Сөйтсе ол мыстан кемпірдің үйі екен. Мыстан кемпірдің қарны қатты аш екен, баланы көріп қатты қуанып кетеді. «Кел тамағым кел, мен сені жейін»- дейді. Бала қатты қорқып мыстанға жалынады. «Өтінемін, мені жемеңіз мен сізге үй жинап, тамақ жасап, отын жарып беремін» дейді. Мыстан айла ойлайды, баланы жұмсап кейін жейін деп балаға үйін жинатады,отын жинап кел дейді.Баланың аяғынан үлкен арқанмен байлап қояды.
Бала жолда отын жинап келе жатып баяғы құсты тағы жолықтырады. Құс:- «Әй, бала, сен әлі адасып жүрсің бе?»- деп сұрайды. Бала құсты көріп қатты қуанып жолды ұмытып қалғанын айтады. Құс балаға мыстанды алдап ұйықтатуды үйретеді, ал өзі далада күтіп тұратынын айтады. Бала ішке кіріп қазанның астына от жағып отырып өлең айтады. Өлең естіп көрмеген мыстан «Әлдиді» естіп ұйықтап қалады.
Сол кезде бала ақырын аяғындағы жібін шешіп қашып шығады.Құс баланы қанатына мінгізіп үйіне, ата-анасына жеткізеді. Ата-анасы құсқа рахмет айтады.Бала ата-анасына аман есен қауышып бақытты ғұмыр кешіпті.

Еділхан Кенебай

Қамқоршым – анашым

Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны жан ашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған, жанында аямаған ардақтысы.
Ана — жүрек, жүректі құдіретте,
Ана — тірек, тіректі құрметте,
Ана — шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана — күнің, күніңе табынып өт, – деп жырлағым келеді. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген Ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен Анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялап бізді жұбатады. Баласы үшін Анасы бармайтын құрбандық бар ма?
Ана болу бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол Ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды.Бұдан оның жаны тынышталып, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әр бір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-Анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін,айтқан тілін алмайтын балаларда кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрқия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.
Мен анамды құрметтеймін, өте жақсы көремін, жұмыстан келер уақтын асыға күтемін. Мен анаммен өте бақыттымын.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *