ТІЛ САЯСАТЫ НЕГІЗІНДЕГІ  ТҮЙІНДІ ІСТЕР ТІЗБЕГІ (Түркістан облысы Төле би ауданы бойынша) ТІЛ САЯСАТЫ НЕГІЗІНДЕГІ  ТҮЙІНДІ ІСТЕР ТІЗБЕГІ (Түркістан облысы Төле би ауданы бойынша)
Еркінбек СЕРІКБАЙ, «Жалын» журналының қызметкері, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 3-курс докторанты Түркістан облысы Төлеби ауданында қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуде көптеген істер атқарылуда. Ана тілі... ТІЛ САЯСАТЫ НЕГІЗІНДЕГІ  ТҮЙІНДІ ІСТЕР ТІЗБЕГІ (Түркістан облысы Төле би ауданы бойынша)

Еркінбек СЕРІКБАЙ,
«Жалын» журналының қызметкері,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
3-курс докторанты

Түркістан облысы Төлеби ауданында қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуде көптеген істер атқарылуда. Ана тілі — әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры. Тас бұлақтың мөлдірлігі де сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде. Райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде.
Қазақтың пейіліне қарап – тілі, дархандығына қарап – даласы, жомарттығына қарап – баласы қандай кең болса, айтар әні мен күмбір күйі де сондай жазықты. Орыс ғалымы Василий Васильевич Радлов: «Ең сауатсыз деген қазақтың өз тілін жете меңгергендігі сондай, ондайды біз Европада француздар мен орыстардан ғана байқаймыз. Егер олар әңгіме айта қалса сөз оралымдары көркем де сүйкімді, тілі өткір әрі майда шешен де тапқыр» деп әділ бағасын беріпті.
Ана тілінің қадір-қасиетін біле-білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі тіл – халқының жаны, тұтастай кескін келбеті, ұлттың болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі.
Осындай істердің басы қасында жүрген Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әсілбек Әуесбек Жақсыбекұлының парасаты мен пайымына ерекше риза болдық. Туған тіл-ақыл ой дамуының негізгі және барша білімдердің қазынасы. Ана тілін ұлы мұхитқа баласақ, біз соның жағасына келіп екі алақанымызды қосып тұрып қос уыстап іліп алып ішкендей ғана болдық. Оның тереңіне бойлап түбіндегі інжу – маржанын ерінбей – жалықпай тере біліп өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.
Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздары бізге ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат. Сонымен қатар ауданда «Мемлекеттік тіл – мерейім!» атты дөңгелек үстел өтті.
14-қыркүйек күні Қостөбе ауылдық клубында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттауға арналған және Астананың 20 жылдығына орай «Мемлекеттік тіл – мерейім» тақырыбында Қазақстан халықтары тілдері күні мерекесіне дөңгелек үстел өткен. Шараға ауыл ақсақалдары және ауыл тұрғындары қатысып, жиын барысында тақырыпқа сай ой-пікірлер айтылып, қазіргі таңда елімізде өмір сүріп жатқан әрбір ұлттар мен ұлыстардың дінін, дәстүрін және тілін құрметтеу жайында кеңінен әңгімелер айтылды. Келесі іс-шара. 15-қыркүйек Қайнар ауылдық клубында тілдер мерекесіне орай «Тілім менің тірегім!» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға ауыл ақсақалдары, ұстаздар мен жоғарғы сынып оқушылары қатыстырылды. Жиын барысында тақырыпқа сай сахналық қойылымдар орындалып, ауыл өнерпаздарынан құралған мерекелік концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылды.
Аудандық мәдениет үйінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне, сонымен қатар Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойына орай көне дәуірден бастау алатын, фольклорлық өнерді көздің қарашығындай сақтап, дәріптеп, ұлттық мұрамызды келер ұрпаққа жеткізу, ұмыт болып бара жатқан бабалар мұрасын қайта жаңғырту, халық жадында қалдыру, орындаушыларға қолдау көрсету және талантты дарын иелерін жарыққа шығару, ұлттық өнерімізді өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында «Даланың жыр шежіресі» атты терме – жыр орындаушылардың аудандық байқауы өткізілді.
Байқауға іріктеуден өткен 11 үміткер қатысып, қазақтың ұлттық өнерінің бір тармағы терме және жыр орындау жанры бойынша бақтарын сынады. Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған термешілер арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Атап айтар болсақ:
БАС ЖҮЛДЕ – Арыстан Мағжан (Тасарық ауылдық клубы.)
І-ОРЫН – Алпысбай Толғанай (Жоғарғы Ақсу ауылдық округі.)
ІІ-ОРЫН – Айтбаев Ғалымжан (Кемеқалған ауылдық клубы.)
ІІІ-ОРЫН – Сұлтанқұл Еркеғали (Көксәйек ауылдық мәдениет үйі.)
«КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ» номинациясы – Көмеков Серік (Кемеқалған ауылдық клубы.) «ҮЗДІК ОРЫНДАУШЫ» номинациясы – Ералхан Рысақбаев (Жеңіс ауылдық мәдениет үйі.) «БҰҚАР ЖЫРАУ» номинациясы – Зиятбай Аян (Диханкөл ауылдық клубы.)
«ЕҢ ЖАС ОРЫНДАУШЫ» — Мейрамбек Қолқанат (Оңтүстік ауылдық клубы.) Қалған қатысушы үміткерелр арнайы дипломдармен марапатталды.
Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы.
Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра — қазақтың халық аспабы. Домбыра -қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген.
Осыған орай, қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚР Президенті Н.Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы жарлыққа қол қойды.
Сол жарлыққа сәйкес еліміздің түкпір – түкпірінде түрлі мерекелік шаралар өткізілуде. 1-шілде аудандық мәдениет үйінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Ұлттық домбыра күні» аталып өтті.
Шараның бағдарламасына сәйкес аудандағы домбырашылар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Домбыраның қазақ халқы үшін маңыздылығы қандай екендігі мен оның жасалуы және сақталуы жайында терең әңгіме қозғалды. Аудандық, қалалық саз мектептері домбырашыларының қатысуымен аудандық мәдениет үйінің концерт залында Құрманғазы Сағырбайұлының, Сүгірдің, Дина Нүрпейсованың күйлері «Ұлттық домбыра күніне» тарту еткен. Астана – Қазақ елі болашағының каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы – жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған кұбылыс. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыкка өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі — Астанамыз да елдігіміздің жаңа бетгерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман кала — жас қаламыз — өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда. 4-шілде Аудандық мәдениет үйінде Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай «Асқақтай бер Астана!» атты мерекелік концерт өткізілді. Шара барысында аудн әкімі Бауыржан Омарбеков аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарымызды мерекелік алғыс хаттармен және медальдармен марапаттады. Жиын соңы аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Келін деген кім? Келін деген келген кісі. Қазақ солай бола тұра келінді қонақ демейді. Керісінше, қыз баланы қонақ деу дәстүрі қалыптасқан. Келін қонақ емес, ол отбасыңызға енген бақ, береке. Келін дүниеге ұрпақ әкелуші, демек, ол отбасының ырысы мен өрісі. Бұл деген керемет мағына. «Қыз өссе елдің көркі», деген мәтел осындай мәнге орай айтылса керек. Келін тастай батып, судай сіңу ниетінде бөгде үйдің есігін ашқалы отыр, онысы ерлік. Келін болу дегеннің негізгі мақсаты ол – сол барған үйіңнің ұрпағын дүниеге әкелу, үрім-бұтағын көбейту, жақсы келін, жақсы жар, жақсы ана болу.
Осы орайда, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Рухани қазына» кіші бағдарламасын жүзеге асыру және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай қазақ келіндеріне тән ежелден келе жатқан әдептілік, инабатталық, ізеттілік сондай-ақ тән сұлулығы мен жан сұлулығының үйлесімі секілді асыл қасиеттерін дәріптеу, жастарға үлгі өнеге ету; ел арасында ақылды да ибалы, өнерлі де ізетті келіндерімізді жұртқа таныстыру, озық іс-әрекеттерін кеңінен насихаттау мақсатында Аудандық жастар орталығы мен Аудандық мәдениет үйінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Шаңырақ шаттығы!» атты аудандық келіндер байқауы өткізілді.
Байқауға 10 үміткер қатысып, қазылар алқасының шешімімен төмендегі нәтиже бойынша байқау қорытындыланды:
І-ОРЫН – Жаңабаева Айғаным (Тасарық ауылдық клубы.)
ІІ-ОРЫН – Құлтаева Гүлмайра (Жеңіс ауылдық мәдениет үйі.)
ІІІ-ОРЫН – Шолақова Мөлдір (Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі.)
Қалған 7 үміткер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қазақтың мәдениеті де, тәрбиесі де халықтың ауыз әдебиетінде жатыр. Көркем әдебиет беттерін парақтасаңыз, көркіне ақылы сай қаншама аналарымыздың бейнесін кездестіруге болады. Мәселен, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы зерделі ене мен ұлағатты келін Ұлжан образы арқылы ене мен келіннің арасындағы әдемі бай-ланысты бүгінгі ұрпағына үлгі етеді. Нағыз қазақ келіндерінің образы сол көркем шығармалардағы кейіпкерлермен ғана шектеліп қалмаса екен дейміз.
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Қазақ пен өзбек ежелден Орта Азия кеңістігінде қоян-қолтық араласып, қатар күн кешіп келе жатқан туыс халықтар. Географиялық орналасуында және кейбір мәдени ерекшеліктері болмаса, қазақ пен өзбектің тілі, діні, ділі бір.
2018 жылы Қазақтсандағы Өзбекстан жылына орай аудандық мәдениет үйі мен аудандық музейдің бірлесе ұйымдастыруымен «Қазақстандағы Өзбектер тарихы» атты дөңгелек үстел өткізді.
Жиын барысында ауданымыздағы өзбек ұлттық – мәдени орталығының төрағалары, өкілдері және Ленгер қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мүшелері арнайы қатысып, ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулық, ынтымақтастық және ауызбіршілігін нығайтуға бірге қол жеткізуге шақырды.
Қашанда Еліміз тыныш, халқымыз қуатты, күніміз шуақты болғай! Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже — отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын – абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ана, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі әлі күнге дейін әжелеріміздің бойында сақталып, жас ұрпақтың саналы болып өсуіне септігін тигізіп келеді.
Осы орайда бүгін Төлеби аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттауға, сондай-ақ, тәрбиелік мәні жоғары халықтық өнерді, салт-дәстүрді, мақал-мәтелдер мен жас сәбидің ақ әженің әлдиі мен жылы қамқорлығынан бастау алатындай әдет-дағдыларды жаңғырту, ұрпақ алдындағы парызымыз екендігін жеткізу, Әжесінің ертегісін есітіп өскен баладан тәрбиелі ұрпақ шығатынын дәлелдеу мақсатында Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ақ орамал — 2018» атты аудандық әжелер байқауы өтті.
Байқауға алдын – ала іріктеуден өткен 12 ақ жаулықты әжелеріміз қатысып, ережеге сәйкес 3 кезең бойынша сынға түсті.
Қазылар алқасының шешімімен төмендегідей нәтижемен қорытынды шығарылды:
БАС ЖҮЛДЕ – Аманбаева Раушан (Жеңіс ауылдық мәдениет үйі)
І – ОРЫН – Баратова Айхан (Оңтүстік ауылдық клубы).
ІІ – ОРЫН – Әдішова Жәмила (Көксәйек ауылдық мәдениет үйі).
ІІІ – ОРЫН – Батырбекова Ажар (Зертас ауылдық мәдениет үйі).
ІІІ – ОРЫН – Өтеева Сұлушаш (Көксәйек ауылдық мәдениет үйі).
«Асыл әже» номинациясы – Әліқұлова Тәттігүл (Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі).
«Мейірбан әже» номинациясы – Күмісбекова Күлімкүл (Қостөбе ауылдық клубы).
«Парасатты әже» номинациясы – Боташева Зибагүл (Кемеқалған ауылдық клубы).
«Ақ әже» номинациясы – Боранбаева Арапкүл (Қаратөбе ауылдық клубы)
«Дана әже» номинациясы – Құлатаева Жетер (Сарқырама ауылдық мәдениет үйі).
«Өнерлі әже» номинациясы – Маусымбаева Әтіргүл (Бейнеткеш ауылдық клубы).
«Көрермен көзайымы» номинациясы – Сейдақұлова Тәбия (Диханкөл ауылдық клубы).
Бүгінгі байқауда әжелеріміз сынға түссе де, өмірде сынға түспесін! Бастысы бесік жырын айтып, аялы алақанымен әлдилеп, ыстық жүрегімен жылытып, саналы, тәрбиелі, кішіпейіл, кең жүректі азаматтарды тәрбиелесе болғаны…
8-маусым Төлеби ауданы, Қостөбе ауылдық клубында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мәдениеттегі сүбелі істің бірі — театр» атты мәдениет үйлері мен клубтары жанынан құралған драма үйірмелері жетекшілеріне арналған семинар – кеңес өткізілді.
Семинардың бағдарламасына сәй-кес келген қонақтар Қостөбе ауылдық клубының іс – құжаттарымен және үйірме жұмысының дайындаған шағын концерттік бағдарламасымен танысса, шара барысында Қостөбе ауылдық клубының 2018 жылдың 5 айында атқарған жұмысы жайында клуб меңгерушісі К.Есқараев баяндама жасады.
Және де семинардың негізгі тақырыбы бойынша аудандық мәдениет үйі «Жебе» драма ұжымының жетекшісі Т.Парымбеков баяндама жасап, келген қонақтарға қазіргі таңда театрдың алатын орны мен басты мақсатын атап көрсетті.
Сонымен қатар, театр төңірегінде ауыл тұрғындары да өз ой – пікірлерімен бөлісіп, аудандық мәдениет үйінің әдіскері Қ.Асылбеков ауылдық мәдениет ошақтарындағы драма үйірмелерінің арасында аудандық байқау өткізуді келесі жылдың іс – жоспарына енгізуді ұсыныс қылып тастады және Зертас ауылдық мәдениет үйінің директоры Ә.Байшов театрдың негізгі бөлшегінің бірі – сатира жанры бойынша ІІ актілі көріністер қоюды ұсынысқа енгізді.
Семинар – кеңестің соңынан әр – түрлі ойлар мен пікірлер айтылып, аудандық мәдениет үйінің директоры, ҚР мәдениет қайраткері Б.Оразымбетов қорытынды түйін сөзімен аяқтады.
Төлеби ауданында мәдениеттің дамуы мен өркендеуі өте жақсы. Мәселен, 2-маусым Тараз қаласында өткен «Біз бақытты баламыз!» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байқауында «Вокал» номинациясы бойынша Төлеби ауданының үмітін үкілеген «НҰР-СӘТ» балабақшасының бүлдіршіні, жақында өткен аудандық «Балбөбек» ән–би байқауының «Бас жүлде» иегері Тұрсынбек Райымбек Бақытұлы «БАС ЖҮЛДЕНІ» қанжығасына байлап қайтқан. «Болар баланың бетін қақпа, белін бу!» — деген дана халқымыз. Еліміздің өнерін көкке көтерер, киелі сахнаның құдіретіне бас иіп, қазақ әндерін әлем сахнасында шырқата бер Райымбек! Тек биік тұғырдан көріне бер!
Тіл-ұлт мақтанышы, тіл – әр ұлттың баға жетпес ең асыл қазынасы. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, азаматтарды таза сөйлеуге үйрету, жастардың ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін ояту , Қазақстанда тұратын халықтардың тілдерін құрметтеу, ана тіліміздің тұғырын мықты, бабалар өсиетін ұран ету – ол біздің басты мақсатымыз. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру және Астана қаласының 20 жылдығына орай, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту және дамыту орталығы, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен Аудандық мәдениет үйі, аудандық мұражайдың ұйымдастыруымен тілдер мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл – мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өткен.
Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл — әрбір елдің жаны. Осыдан тура 25 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.
Ал, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдың 31 қазаны күні «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды. Қазақстан Халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланатын болды. Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн — «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы — тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады.
Қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келген болатын. !…Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді» деп Сәкен Сейфуллин баға берген қазақтың асыл ұлы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Тіл мерекесімен қоса тойланатыны қалың қазақ үшін өте қуанышты жағдай болмақ.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *