КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСТАРЫН  ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСТАРЫН  ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Стратегия – ұйымның, кәсіп-орынның миссиясы мен мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге арналған детальды, жан – жақты үйлесілген, ұтымды жоспар стратегиялық жоспар фирманың іс-әрекетін ұзақ... КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСТАРЫН  ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Стратегия – ұйымның, кәсіп-орынның миссиясы мен мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге арналған детальды, жан – жақты үйлесілген, ұтымды жоспар стратегиялық жоспар фирманың іс-әрекетін ұзақ уақытта, болашақ кезеңге бағыттайтын бағдарлама. Қазіргі нарық жағдайында фирманың өндірістік, шаруашылық қызмет ету мүмкіндіктері рынокта басып жатқан өзгерістерге байланысты. Кәсіпорындар осы өзгерістерге уақытылы жауап қайтарып, бейімделуі тиіс. Қоршаған ортада, рынокта болып жатқан өзгерістерінің жылдамдығы тұтынушылардың сұранысының өзге-руіне, бәсекенің өсуіне байланысты.
Сондай-ақ, фирманың қызмет етуіне жаңа көптеген мүмкіндіктер тууына байланысты. Стратегиялық бағдарлама нақтылай жағдайда түзетіліп отыруы мүмкін. Стратегиялық жоспарды фирманың жоғарғы басқару органы қалыптастырады және жетілдіріп, түзетіп отырады. Ал, бұл жоспарды іске асыруға басқарудың барлық деңгейіндегі қызметкерлер іске асыруға қатысады.
Стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері:
1. Нақтылығы және орындалуы (реальность и выполняемость)
2. Болашақ дамудың әр-түрлі жағдайларын қарап, ең тиімдісін таңдау, соған қарай іс-әрекеттер жоспарлау.
3. Бейімділігі, яғни таңдап алған мақсатты ңақты жағдайларға сәйкес түзетіліп бейімдеу және ұйымның қызметіндегі өзгерістерге дер кезінде баға беріп отыру.
4. Мақсатты белгілеуде және оны іске асырудың нақты жолдарын анықтауда біртұтастылық үйлесімділікті негізге алу.
5. Үздіксіздігі, яғни, ұзақ мерзімді, орта және қысқа мерзімді жоспарлаудың біртұтастығы.
6. Жоспарлы мерзімге мына факторлар әсер етеді (өндірілетін өнімнің өмірлік циклы).
Өмірлік цикл мына фазалардан тұрады:
а) жаңа өнімнің пайда болуы және бекітілуі
б) оған деген сұраныстың өсу жылдамдығы
в) өнімнің пісіп жетілуі, яғни ұсыныс сұраныстан артық кетеді.
г) құлдырауы, ұсыныс көбейіп, сұраныс төмендейді. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты фирманың өндірістік қызметін тұтынушылардың мақсатына сай бейімдеп, икемдеп, сыртқы ортадағы болып отырған өзгерістерге уақытылы жауап беріп, бәсекеден, бәсекелестерден мүмкіндігінше алғы жағдайда қойып, болашақтағы мақсатқа жеткізу.
Стратегиялық жоспарлаудың кезең-дері:
1-кезең, фирманың миссиясы анықталады. Яғни, бұл кезең не үшін құрылғаны, қандай мақсатты көздейтіндігі анықталуы тиіс. Фирма қандай өндірістік іс-әрекетке айналысады, фирманың статусы қандай болады, оның негізгі бағыттары қандай болады, осыған сай, фирманың ұзақ мерзімді мақсаттары, осы мақсаттардың қысқы мерзімде нақтылы орындалу міндеттері анықталады.
2-кезең. Сыртқы ортаны талдау. Сыртқы ортаны талдау мынадай ретпен жүргізіледі: сыртқы ортада болып жатқан өзгерістер фирманың жұмысына қалай әсер етеді, осы өзгерістерге сәйкес фирманың басшылығы қандай іс-әрекеттер жасау қажет. Фирманың жұмысына сыртқы ортадан тікелей әсер ететін факторлар талданады. Олар:
-жабдықтаушылар;
— бәсекелестер;
— тұтынушылар;
-заңдар мен мемлекеттік органдар; — қоғамдық ұйымдар.
Жанама әсер ететін факторлар:
— экономикалық жағдай;
— ТП;
— әлеуметтік мәдени факторлар;
-халықаралық жағдай.
Стратегиялық жоспарлау барысында, сыртқы ортаның әсеріне бейімделу үшін, осы аталған факторларға баға беріп, талдау жасау керек.
3-кезең. Фирманың ішкі ортасын бағалап талдау. Бұл кезеңде фирмасының күшті және әлсіз жақтарын зерттеу нәтижесінде оның болашақ дму мүмкіндіктері нақты бағаланады. Бұл кезеңде фирманың ішкі ортасы мынадай бағыттарда зерттеледі:
а) фирманың кадрлары, мамандары;
б) өндіріс, техникалық және техникалық ұйымдастырушылық ерекшеліктері;
в) фирманың қаржылық мүмкіндіктері, маркетинг, ғылыми зерттеу жұмыстар атқару мүмкіндіктері.
4-кезең. Стратегияларға талдау жасалып, стратегиясын бағалау және фирманың нақты стратегиясын таңдау кезеңі.
5-кезең. Стратегияның орындалу кезеңі. Фирманың стратегиясын жүзеге асыру – ең шешуші кезең болып табылады. Себебі, стратегия жүзеге асырылғанда ғана фирманың алға қойған мақсаттары орындалады. Стратегияның орындалмай қалу себептері:
1. Стратегия дұрыс таңдап ойламаған болуы мүмкін.
2. Фирма стратегияны орындау үшін, өзінің мүмкіндіктерін толық пайдалана қалмау;
3. Сыртқы ортада көптеген өзгерістер болуы мүмкін. Фирма стратегиясын орындау үшін, өз қызметінде мынадай шарттар орындалу тиіс:
1. Фирманың мақсаты, стратегиясы және жоспары сол фирманың барлық қызметкерлеріне жеке түсінікті болуы керек.
2.Стратегияны орындауға қажет-ті қорлар уақытылы жеткізіліп тұруы керек. Бұл үшін фирманың басшылығының әр деңгейі өзіне белгілі мақсаттарын, міндеттерін нақты орындап отыруы тиіс.
Стратегиялық орындалуы мынадай ретпен жүзеге асырылады:
1. Белгіленген мақсаттар таңдап алынған стратегиялар фирма қызметкрлеріне түсіндіріледі.
2. Басшылық фирманың барлық ішкі звеноларына баяндайды және бұл кезеңде стратегияны жүзеге асыру үшін қызметкерлерді қызықтыру шараларында қарастырылады.
3. Басшылық фирманың ұйым-дастырушылық құрылымы жөнінде шешім қабылдайды. Қабылданған стратегияны орындау үшін, фирманың құрылымы тиімді ма, жоқ па, немесе өзгерту керек пе?
4. Стратегияны орындаудың жоспарын өзгерту қажет пе, жоқ па. Жаңа отырған өзгерістерге сәйкес стратегиялық жоспарға өзгерістер енгізу қажет пе?
6-кезең, Стратегияының орындалуын бағалау және бақылау. Бұл ең соңғы кезеңі. Негізгі мақсатты-стратегияның орындалуы қалай жүзеге асырылады. Бұл үшін, негізгі көрсеткіштер бойынша бақылау жасап, тексеріп отыру керек. Тексеру барысында белгіленген жоспардан ауытқулар анықталады, олардың себептері қарастырылады. Қажет болған жағдайда жоспарға өзгерту енгізу туралы шешім қабылданады. Жүзеге асырылып отырған стратегия алға қойған мақсатқа жеткізе ме, жоқ па?
Фирманың стратегиясы мына сұраққа жауап береді: алға қойған мақсатқа өзгеріп отырған жағдайда қалай жетуге болады? Стратегиялық жоспарлауда кәсіпорынның қызметін анықтайтын ережелердің маңызы зор. Ережелерге кәсіпорынның қызметіне белгілі бір шектеулер немесе ұсыныстар енеді. Кәсіпорын қандай жағдайда қызмет ететінін көрсетеді. Ережелер фирманың қызметінің жекелеген жолдарын қамтуы мүмкін немесе жалпы қызметке байланысты болуы мүмкін. Нарық жағдайда қоршаған өзгерістер жылдамдығы сондай-ақ, осы өзгерістерден туатын қосымша мүмкіндіктер тұрақты өседі. Сондықтан, фирманың стратегиясы осы өзгерістерден артықшылықтар алу мүмкіндігін шаруашылық жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді қамтитынындай болуы керек. 10 Фирманың мақсаты, оның қызметінің соңында қандай нәтижені көздетінін көрсетсе, стратегиясы осы нәтижеге жету жолдарын, бағыттарын анықтайды.
Әрбір фирманың жағдайын ескеріп, фирмаға жаңаша шешімдер қабылдауға еркіндік береді. Стратегияның түрлері. Фирманың стратегиясы оның нақты жағдайына, қызмет ету ерекшеліктеріне тікелей байланыста. Бірақ, барлық фирмалар стратегиясын анықтау барысында мынадай сұрақтарды шешуі қажет:
1. қандай өндірісті тоқтату керек;
2. қандай өндірісті жалғастыру керек;
3. қандай өндіріске көшу керек. Фирманың рыноктағы іс-әрекеттінің негізгі 3 бағыты бар:
1-бағыт. Өндіріс шығындарын барынша азайту. Өндіріс шығындары аз болған сайын, кәсіпорын өз өнімінің бағасын бәсекелестерге қарағанда төмендете алады. Соның нәтижесінде, бұл өнімнің рыноктағы үлесі артады. Бұл үшін, фирма стратегиясын жоспарлағанда, өндірісті және жабдықтауды жақсарту шараларын жаңа, жақсы технологияны игеру өзіндік құнын төмендету шараларын жоспарлайды.
2-бағыт. Өнім өндіруде мамандандыруда жоғарылату. Негізгі мақсаты — өндірілетін өнімнің сапасын жақсарту. Тұтынушылар бағасы жоғары болса да, сапалы өнімді таңдайды. Сондықтан, бұл бағытты таңдаған фирмалар қалай да өнімнің сапасын жоғарылатуды көздейді. Бұл үшін, жақсы дизайнерлер мен жақсы дамыған маркетинг жүйесі болуы керек.
3-бағыт. Фирма өз қызметін рыноктың белгілі бір бөлігіне ғана арнайды. Бұл бағытты таңдаған кәсіпкерлік рыноктағы бір өнім түріне деген сұранысты зерттеп, соған сай өндірісті ұйымдастырады. Яғни, осы өнімнің өзіндік құнын төмендету немесе осы өнім өндіргенде жеке мамандану саясатын жүзеге асырады. Фирма бүкіл тұтынушыға, оның сұранысына қызмет етеді. Келтірілген бағыттар қазіргі нарық жағдайында іс жүзінде көбірек кездесетін стратегиялар болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Бердалиев К. Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы: Экономика, 2001 жыл.
2. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента Пер. с англ. — М.: Дело, 2007.
3. Цветаев В. М. Кадровый менеджмент: учеб.: — М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005. — 160 с.
4. Беляцкий Н.Л. Управление персоналом предприятия. – М.: Экоперспектива, 2005. – 256 с.

Джакупова А.Н.,
Кажатова Г.Н.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *