Қайратыңнан айналдым  қайран бабам… Қайратыңнан айналдым  қайран бабам…
Аяжан Таласбаева Қарасай ауданы, Үштерек орта мектебінің 10 «А» сынып оқушысы. 4-ші «Тұлға» Халықаралық байқау фестивалінен гран-при иегері, Республикалық Мұхтар Шаханов оқуларының І орын... Қайратыңнан айналдым  қайран бабам…

Аяжан Таласбаева

Қарасай ауданы, Үштерек орта мектебінің 10 «А» сынып оқушысы. 4-ші «Тұлға» Халықаралық байқау фестивалінен гран-при иегері, Республикалық Мұхтар Шаханов оқуларының І орын иегері, Халықаралық «Дара бала» байқауының
Гран-при иегері

Заман ағым

Мәңгілік кімдер айтшы өлмей тұрмақ?
Өмірай өтіп жатсың желдей зырлап.
Жастарың жүр кәрің де жын қаққандай,
Азан емес азаптың әнін тыңдап.

Түсінбейтін бір тілді мода қылып,
Болып тұр осы нағыз сорақылық.
Басшың жүр қазақ тілде сөйлей алмай,
Қазақтың ұрпақтары бола тұрып.

Жерінде Қазағымның ұлан байтақ,
Барады Өзбек, Түрік, Қытай қаптап.
Қызыңды алып күйеу болып жатыр,
Білмейсің не екенін түпкі мақсат.

Айтамын барлығында қақым бардың,
Қаламаймын мен жердің сатылғанын.
Алтайменен, Атырау, Есіл, Ертіс,
Қаныменен қорғалған батырлардың.

Біреулер жүр адасып балақ кесіп,
Жұбайына жарыса талақ десіп.
Енді біреу баз кешіп мына өмірден,
Жүргендей мәселесін арақ шешіп.
Заман ағым барады қайда алып?
Қызыңды да өзге жүр пайдаланып.
Қайратыңнан айналдым қайран бабам,
Бара жатыр ұрпағың майдаланып.
Жетім көрдім

Жақсылықты қолдайды, көреді Алла,
Айтарым сол иманды әрбір жанға.
Жетім көрдім, көздері мөлдіреген,
Сөз таппадым, әкетші деп жалынғанда.

Жетім үйі балаға толған екен,
Иманымыз бүгінде оңған екен.
Тастандыны жинаған жетім үйі,
Сан түрлі өмір айнасы болған екен.

Жетім көрдім, анасын сағынатын,
Ата-анасыз әр таңды атыратын.
Көздерінен мөлдіреп жас тамғанда,
Жүрегім қарс айрылып шағылатын.

Бір қолы жоқ, бір бала кемтар екен,
Айтуынша аман-сау болған екен.
Қыста тастап кетіпті көкек ана,
Сол суықта бір қолы үсіп қалған екен.

Мен көрдім өз көзіммен жетім күйін,
Қазаққа толып жатқан жетім үйін.
Ей қазақ өз балаңнан безінбегін,
Кешпесе екен әр сәби жетім күйін.

Санамызда біздердің тамақ, тиын,
Мен қозғадым шарасыз жетім күйін.
Ой қорыту еркіңде ей, пенделер,
Ұғынсаңдар қуанам сөзден түйін.
Төлеген ақынға

Ер жүректі, тік мінезді қайратты,
«Қалың қазақ елдігім» деп сайрапты.
Тау суындай гүрілдеп естілетін,
Арнасын жыр-бұлақтың бір-ақ ашты.

Шындық әр кез бола бермес жан-жақты,
Қайсы бірі қолдап оны мақтапты.
Күресем деп «Халқым үшін
Жанымды менің алыңдар»
Жас кетсе де шындық айтып қоймапты.

Көп ішінде ала қарға болса да,
Тоқтатпапты жанын алып қойса да.
Кең далам, байтақ жерім, жақпарлы тас,
Жеткізер ақын жырын мұңайса да.

Өскен жері,өскен елі өзге дағы болса да,
«Қаным қазақ, мен-қазақтың баласы»
Деп қоймапты жар сала.
Жүрегі тек «Туған жер» деп соққан соң,
Бет бұрды ақын «Алаш» атты халқына.

Менде бүгін осы ағамның
Ізін жалғап келемін.
Әлі-ақ мен де қазағымның
Батылдығын, елдігін.

Мен – жұлдызың, жарық күнде
Сәуле қуған, нұр қуған,
Көтеремін биік шыңға
«Поэзия» теңдігін.

Тәуелсіздік

Желтоқсанның желі ұрып ызғарлы,
Қар құрсанған әскер қоршап ұл-қыздарды.
Алматыны шыр айналып өр рух,
Әруақтап айғай салды, сана сыздады.

Тектіліктің көрінетін кезі еді,
Оны адамдар басқа түссе сезеді.
Мағжан сеніп кеткен кекті жастары,
Ұлысымақ империяны табанымен езеді.

Міне, содан буырқанып жас үміт,
Қанат қақты кеудесімен тас ұрып.
Күн ашылып,көк аспанға құс ұшып,
Тоқтағандай болды рас, лас үгіт.

Тәуба, қәзір тәңір беріп тыныштық,
Күндеріміз өтіп жатыр тым ыстық.
Шетте қалған тарихымыз бұралаң,
Қайта оралып бастан аяқ таныстық.
Тәуба.
Махамбет Өтемісұлы

Далада жаңбыр,
қап-қара түнек аспанда,
Көңілді де дәл сондай ауыр
мұң кеп басқан ба?
Осындай күйге түсеміз деп
ойлап па едік,
Сан жылдар күткен
Тәуелсіздік таңы атқанда.
Басын алдық Махамбет пен Кененің,
Жауап бергін бұл сұмдыққа не дедің?

Осы арыстар жүрген кезде ортада,
Айтшы қәні қай халықтан кем едің?!
Ақын болу, халқына жақын болу,
Махамбеттей марғасқа батыл болу.
Елдің мұңын жырымен, жердің мұңын,
Басшысына жеткізер датың болу.
Ең құнды деп өз басым есептеймін,
Махамбеттей батыр да ақынымды.

Жалған өмір сүймейді шыншылдықты,
-Бұл өмірде кім мықты?
-Шыншыл мықты!
Махамбет өлеңдерін оқымасын,
Жаныменен сүймесе кім шындықты.

Батырлығы бір төбе, ақындығы.
Кеудесінде халықтың жатыр мұңы,
Кеуде қағып жігіттер шіренбесін,
Махамбеттей болмаса батырлығы!
***

Түсінбей жүрмін?
Қоғамды түлкі қаптаған.
Былыққан билік,
Керексіз заңын жақтаған.
Күнкөріс қиын,
Көтеріп құнын тастаған.
Тапқаны елдің,
Қапқанынан артпаған.

Пәтерді жалдап,
Қаңғыған қайран қазағым!
Көзіңді ашқаннан,
Көргенің- көк базарың.
Табысы мол,
Шаруасы түгел ағамның.
Білмейді-ау олар,
Бағасын да, тағамның.

Өзгертті бәрін,
Оқулық, білім талабын.
Кітаптағы сұрақтар,
Ашытты миын баланың.
Бір сәтке шығып,
Ойнауға уақыт таппай жүр.
Ата-анасы да,
Орындай алмай сабағын.
Жүрміз ғой үнсіз,
Қуанып қалай шаттанам?
Ойланбай бүгін,
Ақ таңым менің атпаған.

Батыстан келген,
Әдепсіз жаман ағымдар.
Елімде менің,
Қанатын жайып қаптаған.
Айтыңыздаршы!
Бұл үшін не деп мақтанам?!
Бабам кірді түсіме

Сатылсын деп қорғадым ба ұлт арын?
Батылсың ба бұл күндері ұрпағым?
Тым көпшіл боп кеттің бе әлде,байқамай?
Сол көпшілдік түбі бәрін құртарын…

Байрақ еттің күн мен қайсар қыранды,
Құшаққа алдың,
құрт-құмырсқа, жыланды.
Бал-бұл жанып,
шала мас боп жүргенде,
Байқамастан қырып алдың құланды…

Шетке кетті уыстағы байлығың,
Дымға жетпей сұрап алған шайлығың.
Отан сатып пара алғандар жосып жүр,
Жер аударып тығып тастап байлығын.

Айналайын қу дүниеге құнықпа,
Жата бер ме сылтау іздеп сыныққа.
Бұл қара жер бабалардың қандарын,
Қорғанғанда сіміргенін ұмытпа…

…Деді дағы төмен қарап күрсінді,
Ұйқылы ояу жүрегіме жыр сіңді.
Алмас қылыш шауып алды бастарын,
Көз алдымда елес болған қыршынды…
ӘДІЛЕТСІЗДІК

Көзі соқыр, пендені біз, көрмейміз.
Бейбақтардың қасында біз, төрдейміз.
Әділеттің көлеңкесінен бұрын,
Әділетсіз жолдарға біз өрлейміз.

Сегіз сағат жұмыс істеу баршылық.
Он сағаттан асып істеу таршылық.
Әділетсіз әпендінің сынынан,
Бара-бара сарғаяды-ау, тал шыбық.

Ақылсыздың іскерлігі адал ақ.
Ақылдының іскерлігі қара дақ.
Бұрыс дұрыс айналатын қағида,
Бұқараға немқұрайлы қарамақ.

Әр кәсіптің өзіндік бір заңы бар.
Айла шарғы, әділетсіз жағы бар.
Бар оларда, әбігерлік бет перде,
Комиссияның есебінен жаңылар.

Ақша пұлын қия алмайды демеуге.
Бар оларда, жалақыны бермеуде.
Ауызыңды ашсаң, қынаптағы қылышын,
Барады олар тіпті саған сермеуге.
Осы біздің қоғамдағы тіршілік.
Әділетсіз тәртіп, дағды біршілік.
Таң оянып, кеш батқанша, озбырлық,
Сығалайды, бірде кіріп, бір шығып.

Тыңдаушыға, айтылмаған бар сырым.
Бұл пікірге өз басымнан қарсымын.
Амалым қанша амалым, әділетсіз,
Сұм тағдырға әуестенді-ау, таңсығым.
Қазақ

Тігінен қиып кекілді,
Жыр жаздық елге не түрлі.
Елімнің бүгін кескіні,
Құрама Штат секілді.

Бөліндік руға жүзге де,
Жағдайым менің күз деме.
Арабтан тәлім алсақ та,
Байымай жүрміз біз неге?!

Астығың толса қырманда,
Нан қымбат неге бұл маңда?
Өнімің бермес береке,
Өндіріс ақсап тұрғанда.

Қытайға кетті теріміз,
Қара алтын толы жеріміз.
Мұнайдан алған жанармай,
Бағасын барып көріңіз.

Сауданың көрдік ажарын,
Бішкектің кездік базарын.
Көрмеге қала тұрғыздық,
Бар әлем тікті назарын.

Қайтейін зәулім сарайды,
Үш айда қонақ тарайды.
Жөндеуден өткен жолдарың,
Алты айға әрең жарайды.

Басшыға талай алданып,
Талайдың іші жанды анық.
Айлығын тілеп Алладан,
Шахтёрлар жатыр сандалып.

Батырып сөз айтқанды батыл дерсің,
Мүмін жайын молдалар мақұл көрсін.
Жұртым деген жақсылар аман болып,
Елге сабыр, елшіге ақыл берсін!

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *