Қыз  намысы Қыз  намысы

Қыз намысы

18.09.2018 0 228

Аипберген Балтабаев, ақын-жазушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Қазақ қазақ болғалы қыздарын өте құрметтеген. Әрқашанда биік төрінде сыйлап, үкілеп аялаған. Тарихымыз куә, қазақ қыздары әрқашанда... Қыз  намысы

Аипберген Балтабаев,
ақын-жазушы,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қазақ қазақ болғалы қыздарын өте құрметтеген. Әрқашанда биік төрінде сыйлап, үкілеп аялаған. Тарихымыз куә, қазақ қыздары әрқашанда ұлт намысын қорғауды батырлық пен ерліктің қайталанбас үлгісін көрсеткен.
Алысқа бармай-ақ қояйық. Кешегі 1986 жылдың 17-18 желтоқсандағы қазақ қыздарының ұлттық намысы оянып, алпауыт Одақтың машинасына қарсы тұрды. Басынан аяғына дейін суық қарумен қаруланған қызыл-империяның жазалаушы әскерлерінен де қаймықпастан, қыстың қақайған аязынан да сесекебестен, жігерлі жігітерімізбен бірге, бір қатарда тұрып, демакратиялық жолды таңдап, ұттық мүддемізді қорғап, өз ой-пікірлерін ашық айтып, өз көзқарастарын білдірді.
Сол бір жан түршігерлік жастар көтерісіне қатысушылар, біздің қыздарымыздың ержүрек тілігін, қайтпас қайсарлығын, өр мінезді-өжеттілігін былайша еске алды.
«Жезтемір күректерімен, доғалдай темір арматураларымен қаруланған еңгезердей-еңгезердей мыңдаған жазалаушы озбырлар сау етіп аспаннан түскендей келіп, жастарымызды шетімізден соққыға жыға бастағанда, көбіміз абдырап, не болғанына да түсінбестен, тұрып қалдық. Сол кезде бірнеше қайсар қыздар: «Жігіттер неғып тұрсыңдар! Алға! – деп жанайқайға басты. Бәріміз де есімізді демде жиып, жазалаушы әскерлерге қарсы дүрсе қоя бердік. Адамдар бірін-бірі танымайды. Жанкешті жазалаушы отрядтар қолдарындағы жазтемір күректерімен, темір арматураларымен алдына келгендерді, аямастан ұрып-соғып, қыздарымызды бұрым шаштарынан сүйреткен бойда, қан жосытты.
Өрт сөндіретін машиналармен жан-жақтан мұзды сумен атқылап, темір қабырғалы жүк артатын машиналарға қансыраған жастарды мал артқандай бірінің үстіне бірін тиеп жатты… Сонда да қазақ қыздары: «Жанымды алсаң ал, ұлтыма деген бойымдағы, жүрегімдегі шынайы сүйіспеншілігімді махаббатымды, ала алмайсыңдар, жанкештілер!» – деген қазақ қыздарының қайсарлығына жігіттеріміз таң қалды…
Бүгінде сол батыр, қайсар қыздарымыз бар ма? – деген сұрақ көкейімнен кетпей қойды. Бүгінде әрбір қазақтың жүрегінде тұрған, ұлтымыздың болашағы туралы үлкен, күрделі мәселе, үлкен сұрақтың тұрғаны да баршамызға белгілі.
«Ауруын жасырған өледі» — дегендей, біздер, бізден кейінгі буын, жастарымыздың әрбірі білуге тиіс «Біз қай ортада жасап отырмыз? Қай бағытта бара жатырмыз? Қазақ ұлтының болашағы не болашақ ? Демографиялық өсіміміз қалайша дамымақ? Жаһандану кезеңінде ұлт ретінде өз орнымыздың мықтап сақтап қалу үшін алдымызға қандай стратегиялық нақты мақсаттар, жоспарлар құруымыз керек? Ол үшін қандай нақты істерді тындыруымыз керек? Ұлтымыздың өсіп-дамып, сабақтасып-өркен жаюы үшін не істеуіміз керек? Айналамыздағы алпауыт елдермен дипломатиялық, елшілік қарым-қатынастарымыз қай бағытта жүруі тиіс? — деген көптеген мәселелер, сұрақтар ой-санамызда жатталып тұр.
Құдайға мың шүкір! Біздің Егемен ел болып, тереземіздің өзге мемлекеттермен теңеле бастағанымыз рас. Өркениеттті елдердің қатарныда қосылуға ұмтылыс жасап отырғанымыз да рас. Ал, сол өркениетті отыз елдің қатарына қосылу үшін экономикалық дамып, санамыздың, мәдениетіміздің, әл-ауқатымыздың артуымен бірге, көп ұлтты достық үйін құрып, көш бастап отырған қазақ ұлтының өркен жайып, демографиялық өсіміне ең бірінші, баса назар аударуымыз қажет емес пе!? Өте қажет.
Ал, оған мән беру үшін үкіметіміз бен қоғам, халық болып жұмыла кірісуміз керек-ақ. Басқа ұлттарды айтпай ақ, өзіміздің ұлтымыздың өсімі бүгінде қай дәрежеде?
Оған жете назар салып, жете мән бере отырмыз ба? Жоқ әлде, тұрымтай басымен дегендей, әрқайсымыз «Өз басымыздың гөй-гөйімен, сен тимесең мен тиме, бадыраң көз» — деп, ымсыз-дымсыз, өміріміздің ақырын берсін-деп, бас-басымызға «бай- бастық» болып атымызды «жер өртеп» бір тойғанымызға мәз болып, көкиіп, кердең басып жүре береміз бе? Егемен елдігімізге ширек ғасырдан асса да, Алаш қайраткерлерінің осыдан жүз жыл бұрынғы айтқан: Оян қазақ! – деген ұран сөзі әлі де ұйқылы-ояу қазағыма жетпей келеді ме? Жоқ әлде сол ұйықтаған күй кеше бермекпіз бе?
Рас, бүгінде жаһандану кезеңінде нарық заманында жасап келеміз. Жаһанда болып жатқан бар жақсыны да, жаманды да, өзімізге терең ойланбастан, бойымызға сңіріп келеміз.
Ау, ағайындар! Болатынды да, болмайтынды да, ата-салтымызда мың ұйықтап, тұрсақ та түсімізге кірмейтін жат тірліктерге, жат әдеп ғұрыттарға осы, біз қазақтар неге осы құмармыз?!
Ұлтымызға жат қылықтардың бәрі де өз ішімізде, көз алдымызда болып жатқан жоқ па? «Сен мынаны істегін, болмаса күнің – қараңғы, өмірің – өксік» деп, сырттан келіп зорлап жатқан жан жоқ қой. Өзіміз емес пе бәріне де әуестеніп, жат тірліктерге құштарланып, құмарланып жатқан? Өкінішке, біздің ұлтымыздың болашағына балта шауып, тамырын үзетін, арам шөптеи, шырмауықтай жабысқан мынандай жат, дөрекіліктерге арнайы тоқталып өтсек деймін.
Бірінші: ХХ-ғасырдың бірінші жартысындағы қызыл империяның жасаған озбырлықтарынан сабақ алуға тиіспіз. Ол озбырлықтар: 1) «Коллективизация» деп, халықтың мал мүліктерінен зорлап тартып алып, бүкіл ұлтымызды азық- түлігінен айран-сүт, сүзбе-майы, етінен айыру. Аяз қыстарда киінетін жылы жүн – киім-кешегінен, жамылғысы болған, астына төсеніші болған көрпеше-киізінен, бесік-құндағынан айыру. Сөйтіп, қолдан ашаршылық орнатып, қолдан ауру-сырқатқа ұшыратып, жаппай халықты қырып-жоюды мақсат тұтты. Ұлтымызды қырып-жойды. Он бес-жиырма жыл бойы ұлтымыздың көзі ашық, санасы ояу, білімді азаматтарын шырақ жағып, ізбе-із тінтіп жүріп, қамап, атып, қуғын-сүргін жасап, елдің үрейін қашырды. Адам баласы төзбейтін жаза қолдану, ұлтымызға қолдан «геноциттік» қырғын жасау, күтпеген жерден басымызға түскен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының айықпастай кезіккен апаттарының қайғылы қасіреті, зардаптарының айрандай ұйып отырған ұлтымыздың саны 1915 жылғы санаққа енген 6 млн. 800 мңнан 1945 жылы, небәрі 30 жылда 2 млн. 200 мыңға бір ақ, құлдырады. Бас көтерер зиялы азаматтарымыз саусақпен санарлықтай саудырап қалған еді… Құдайға мың шүкір! ХХ ғасырдың екінші жартысында отыз бес жыл бойғы озбыр империяның жантүршігерлік «геноцитінен кейін, біршама бейбітшілік орнап, ұлтымыз бойын жазып, ашаршылықтың зұлмат жылдарын, қуғын-сүргіннің, соғыстың зардаптарын бастан кешіп, бой жазып, бейбіт өмір сүре бастады. Өткен қайғы -қасіреттерді ұмыта бастады. Біздер, соғыстан кейінгі ұрпақ, міне жетпіс жылдай бейбіт өмір сүріп келеміз. Ұл-қыздарды, немерелерімізді өсіріп, жетілдірдік.
Сол бір, өткен өмірімізге шүкіршілік жасаймыз.
Көп ұлттың азаматтарымен бір адамның баласындай тату-тәтті жасап келеміз. Қандай да мемлкет болмасын экономикасының жан жақты дамуымен қатар, оның халқының да әлеуметтік тұрмыстық жағдайының жақсарып, демографиялық сапалы өсімінің болуы өте қажет. Ал, бүгінде осы бір өзекті мәселелердің бірі және бірегейі болып отырған ұлтымыздың өсу дәрежесі қай деңгейде? Оған бүгінде қандай кедергілер болуда?
Ұлтымыздың әлем деңгейінде нығайып дамуы үшін мемлекет басшысы жағынан, парламент қабырғасынан қандай қажетті заңдар шығарылуы тиіс? Міне, осындай кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерді шешетін күн туып отыр.
Бүгінде көз алдымызда күпті болып, сүйелге айналған келеңсіздіктерді күнде көріп те жүрміз. Тіпті «жаһандану» дегеніңіз елге келген замана алапаты, қасіреті екен деп бәріне де көнігіп, амалсыздан — амалсыз құр бекерден бекер, бостан-босқа қол қусырып отыра берсек, ертең бәрі де кеш болады.
«Ауруын жасырған – өледі» дегендей, ұлтымыздың болашағы, тағдыры аянышты, тіптен түзелместей үлкен қасіретке айналуы да мүмкін (Оның бетін аулақ қылсын).
Бүгінде, өкінішке, жөнсіз-жүйесіз, біздің салт-санамызға, дәстүр-табиғатымызға жат үрдіс-әрекеттердің үдеп, дендеп кеткенін көріп жүрміз. Міне, осы бір жат қылықтар жүрегіңді сыздатады, қан жылатады. Алпауыт мемлекеттің бірі Америка құрама штаттарының арнайы зерттеу институты мұсылман ислам мемлекттерінің ішінде отбасын құрған жастар мен орта буындағылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын зерделеп, зерттеу жүргізіпті. Нәти-жесінде, біздің қазақ ұлты некелік құжаттарын бұзып, ажырасқандар саны кейінгі он-он бес жылдарда, өкінішке көбейіп, алдыңғы қатардағы орынға шығыппыз.
Бұл, дегеніңіз, қазақ ұлтымыз ұлт болғалы, ел болғалы елімізде болмаған қасірет, сұмдық емес пе?
Ұйып отырған отбасының шаңырағы құлаған жанұяда қандай береке, қандай бақыт, қандай қуаныш, болашақ болуы мүмкін? Мүмкін емес.
Ондай қабырғасы сөгілген отбасынан жарық та, жылулық та, береке де кетеді. Ата-аналардан тыныштық жоғалады, жүйкелері ерте тозады, ауру сырқатқа душар болады. Мезгілсіз әкесіз, не анасыз қалған жас сәбилер тірідей жетім өседі. Әкенің ыстық алақанының, ананың мейірім-шапағатынан айырылады. Қанша дегенмен де, әкесіз, не анасыз өскен бала мейірімсіздеу, қатыгездеу, өмірге түңіле қараумен, қатаңдау, өр мінезділікпен, өзін-өзі тартқыншақтап, ақшаң болып өседі.
Бүгінде әртүрлі себептермен тағдыр жазмышымен жасы ұлғайған қыздар, жасы отыз бес, қырықтардағы жалғыз басты келіншектер саны сегіз жүз мыңнан асып жығылады. Бұл дегеніміз, егер де әрбір өмірге 2-3 баланы дүниеге алып келер болса, екі милионға жуық болашақ ұрпақтарымыз, еліміздің, ұлтымыздың баға жетпес бар байлығымыз, бар балар еді… Ия, ащы да болса, өкінішке орай, бүгінгі шындық, ұлтымыздың қасіреті…
Онсыз да оңып тұрған шамалы білім және ғылым министрлігі (егемендік алғалы министр Е.Сағадиев нешінші, тоғызыншы ма, оныншы ма? Әйтеуір 2-3 жылда ауысумен келеді) жоқ. Әр келген министр өз ойына келгенін істеп бағуда. Мектептердегі оқу құралдарының сапасыздығын «Айта – айта Алтайды, Жамал апа қартайды» дегендей әрбір оқулықтарда қателіктер өріп жүр. Саны бар да, сапасы жоқ. Мұғалімдердің білім деңгейлері де көңілді көншітпейді.
Ұстаздарымызды кемеңгер ойшыл-даналарымыз, Ыбырай Алтынсарин де, Абай Құнанбаев та, Ахмет Байтұрсыновтар да,
«Кел, балалар оқылық,
Оқығанда көңілге
Ықыласпен тоқылық,
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар».
«Бойда қайрат пайда көз болмаған айтпа сөз», «Бар болашақ – білімде» – деп айтып кеткені рас.
Бірақ та, мұншалықты жас сәбиден, 3-4 жасынан бастап өз ана тілін білмей жатып, екі-үш тілді үйретіп, буыны қатпаған, миы жетілмеген нәрестелердің миын ашытып қойыңдар демеген шығар.
Бізде, бүгінде, кімсің білімділер, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, заңгер азаматтарымыз, ағаларымыз кімнен, кімдерден кем? Ол кісілеріміздің барлығы да 10 жылдық орта мектепті бітіріп, жоғарғы білім алып, еліміздің тұтқасын ұстап, ұрпақ өсіріп отырған азаматтар.
Бәріміз де болашақ ұрпақ, жастарымыздың білімді де, білікті болуларына шын жүректен тілектеспіз, толық қолдаймыз. Дегенмен де, әлем таныған, түгел мойындаған ғұлама данышпан, ғалым Әбу Әли Әл-Фараби бабамыз: «тәртіпсіз білімді адам-қауіпті, зиян» — демей ме? Мектептерде оқу-білім жүйесін сапалы тәртіпке келтіріп, сапалы ұстаздарды жинақтап, сапалы шәкірттер дайындайтын білім ордасын орнатуға ат салысқанымыз жөн болар. Ал, 12 жылдық оқыту қай жағынан болса да – тиімсіз.
Біріншіден, мемлекетке деген үлкен, орасан шығын (қосымша сыныптар ашу, артық мұғалімдерге қаражат бөлу т.т.т)
Екіншіден, ұлтымыздың демо-графиялық өсіміне тікелей шектеу жасау. Ұл балалар қанша жасқа дейін оқыса да бола береді. Ал, қыз балаларына – обал. Қыз балалары о бастан, жаратылысынан – болашақ аналар. Бабаларымыздан келе жатқан мынандай бір ұлағатты, қасиетті сөз бар: «Ақ сарай алпыс еркекпен толмайды, бір ақ жаулықпен толады» — деген. Қыз балалар 12 жыл бойы мектепте оқыса, 18-19 жасқа келеді екен. Кейін, жоғарғы білім алса (бүгінде нық айтайық ата – аналарымыз өліп талып қыздарына білім беруге ұмтылады, барын сарп етеді) — 22-23 жасқа толады.
Біздің қыздарымыз – намысшыл.
Оқуын жалғастыра түседі, магистратурада 3-4 жыл оқиды. Сөйтіп, білім шыңына ұмтылған қыздарымыз пісіп-жетіліп, 26-27 жасқа бір ақ келгенін өзі де аңғармай қалады да, 27-28 жасында, «ал, енді отбасын құрайын» деп өзіне тең жар іздеп, таңдай бастайды. Өз қалауын, өз теңін енді қайдан тапсын? Жігіттердің 80-90 пайыздан астамы, өмір теңізінде, көбісі үйленген, енді бірі тағдыр жазмышымен қолынан келген әрқилы жұмыстарға жегілген, қу тірліктің соңында тіршілік жасауда.
Сонымен, білімді қыздарымызға еркін таңдау шектеулі, жоқтың қасы. Содан, үлкен жасқа келген қыздарымыздың көбісі «тәуекел» деп, есеппен өмір сүріп жүрген азаматтардың бірімен тұрмыс құрады. Болмаса, талғауды шет елдік азаматтармен отбасын құрады. Ана болу арманға айналып, бір-екі бала сүйсе сүйер, ондай бақыт бұйырмаған жағдайда балалар үйінен бала асырап алуға мәжбүр болады…
Осындай кереғар, кертартпалық істер біздің ұлт ретінде дамып, қарқынды өсіп-өркендеуімізге орасан зиянын тигізеді. Түп-түбінде ұлт ретінде сақталып қалауымыздың тамырына балта шабады.
Ұлтымызға оба ауруындай келген қасіреттің бірі – жөзекшелік.
Өкінішке, бүгінде жөзекшелік бүкіл елді жайлап кеткен. Бұл, жезөкшеліктің ақыреті – жатқан қайғы-қасірет, жұқпалы, айықпастай ауру-сырқаттар. Одан дүниеге келген балалардың болашағы, денсаулығы жөнінде айтудың өзі өте ауыр, аянышты…
Міне, біздер, бүгінгі заманда қандай жағдайларда өмір сүріп, жасап келеміз.
Осы жоғарыда айтылған өкінішті, ұлтымызға мүлдем жат тірліктерден шұғыл түрде, тез арада құтылуға тиіспіз. Ел болып, мемлекет болып, ұйыған біртұтас ұлт болып күресуіміз қажет.
Ендігі күнде шегінуге де, кейінгі күндерге қалдыруға да уақыт жоқ. Дәл бүгін, дәл қазіргі күнде бір жан, бір тән болып ұлтымыздың жарқын болашағы үшін күресейік, ағайындар! Қазақстанымыз, қазақ елі жасасын!

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *