ЖАСТАРДЫҢ КӘСІБИ  ӨЗІНДІК АЙҚЫНДАЛУЫ ЖАСТАРДЫҢ КӘСІБИ  ӨЗІНДІК АЙҚЫНДАЛУЫ
Тағаева С.Б. Астана Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ,  әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы Кәсіби өзіндік айқындалу – жастардың өздерінің кәсіби жолын таңдауы (кәсібін, жоғарғы оқу орнын, жұмыс... ЖАСТАРДЫҢ КӘСІБИ  ӨЗІНДІК АЙҚЫНДАЛУЫ

Тағаева С.Б.
Астана Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ,  әлеуметтану кафедрасының
аға оқытушысы

Кәсіби өзіндік айқындалу – жастардың өздерінің кәсіби жолын таңдауы (кәсібін, жоғарғы оқу орнын, жұмыс орнын) және кәсіби мансабын құруы. Бүгінгі таңда бұл үрдіс социумдағы дағдарыстық жағдайлармен күрделене түсуде. Еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдай жастар үшін, әсіресе, жоғарғы оқу орындары түлектері үшін екі негативті тенденциямен сипатталады:
мемлекеттік құрылымдарда жоғарғы білімді мамандар үшін еңбек ақы төмен; коммерциялық салада жоғарғы оқу орнын аяқтаған түлектерге еңбек ақысы жоғары қызмет ұсынылғанымен, олардың кәсіби біліктілігі мен интеллектуалдық әлеуетінің жетілуіне көңіл бөлінбейді және ол қажет деп есептелмейді.
Бұндай үрдістер өндіріс, ғылым саласы үшін келешегі бар, білімді кадрларды жоғалту болса, басқа салаға кететіндер үшін- біліктілігін жоғалту болып табылады. Жоғарғы оқу орындарында жүзеге асырылатын білімнің және мамандықтың құнсыздануына әкеледі. Бұның барлығы студент жастардың санасына кері әсер етеді: олардың құндылық бағдарлары, сұраныстары, өмірлік жоспарлары өзгереді.
XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында қазақстандық жастардың әлеуметтенуі әртүрлі бағыттағы факторлар әсерінен дамуда: елдегі саяси жағдайлар; құндылықты-нормативтік жүйенің трансформациясы; қоғамдағы жаңа әлеуметтік дифференциация; мамандықтар беделі шкаласының өз-геруі; жұмыссыздықтың өсуі; білім жүйесіндегі өзгерістер және т.б. Нарықтық қатынасқа көшу жастардың әлеуметтенуіне әсер етіп келген жүйенің бұзылуына әкелді, мемлекет әлеуметтік-кәсіби өзін-өзі анықтауға қатысты патернализм қағидасынан бас тартты. Жас ұрпақ қоғам өміріне араласу үшін күрделі жағдайларға бейімделуге, өзін өзі көрсетуге, өздерінің кәсіби талпыныстары мен қабілеттерін бағалауға мәжбүр болды. Жастардың мамандық пен еңбек нарығы туралы көзқарастары шынайылықтан алшақ жатыр, бүгінгі күннің мектеп түлектерінің мамандық таңдауы туралы шешімі сыртқы беделдік құндылықтардың басымдығымен, өзде-рінің қабілеттер мен мүмкіндіктерін нашар бағалауымен байланысты.
Жастар бұқаралық санада қалыптасып қалған «заманауи», «беделді», «табысты» мамандықтарға бағдарланады. Осының барлығы белгілі бір мөлшерде жастар арасында қалыптасқан кәсіби өзіндік айқындалуының жоқ екендігін көрсетеді.
Қоғамның трансформациясы кезе-ңінде жеке өмірге дайын тұлғаның маңызы артады. Нарықтық экономика әр адамның еркін әрекет етуіне жағдай туғызып қана қоймай, сонымен қатар оған талап та қояды – ол жас мамандардан кез-келген күтпеген жағдайларға дайын болуын немесе тығырықтан шығар жолды өздігінен таңдай білу заман қажеттілігі. Адамдардың саналы түрде өздігінен мамандықты таңдауы өмірлік қажеттілік болып отыр.
Жастардың өздігінен кәсібін айқындалу процесін дұрыс бағалау, қазіргі қоғамға тән кейбір әлеуметтік қарама-қайшылықтарды жеңуге мүм-кіндік береді, сондай-ақ мемлекет деңгейінде, жекелеген аймақтарда жастар саясатын тиімді шешуге аса қажет . Қазіргі әлеуметтану ғылымында кәсіби өзіндік айқындалу феномені екі аспектіде көрсетіледі:
1) кәсіби өзіндік айқындалу еңбек субъектісінің кәсіби дамуының бір бөлігі ретінде қарастырылады, ол өзінің кәсіби дамуының келешегін саналы құру болып табылады, кәсіби қалыптасудың түрлі кезеңдерінде көптеген таңдаулар мен шешімдерді қабылдауда айқындалады [1];
2) кәсіби өзіндік айқындалу адамның кәсіби рольмен бірегейленуі ретінде қарастырылады, сонымен бірге ол адамның онтогенетикалық дамуының бір кезеңі және жеке бірегейлігінің қалыптасуы болып табылады [2]. Жастардың кәсіби өзіндік айқындалуын зерттеуді теориялық талдау, оның кәсіби қалыптасудың түрлі кезеңінде әр түрлі мазмұнға ие болатын, еңбек субъектісі ретіндегі адамның кәсіби дамуының маңызды факторы ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Кәсіби өзіндік айқындалу өмірлік және тұлғалық өзін-өзі анықтаумен тығыз байланысты. Кәсіби өзіндік айқындалу проблемасын зерттеуге байланысты теориялық ықпалдардың көптігіне қарамастан, әлі де даулы және шешілмеген мәселелер бар.
Жастарда белгілі бір мамандыққа қызығушылық қашан қалыптасады, кәсіби өзіндік айқындалуға қандай факторлар әсер етеді, бұл процестің аяқталуы туралы қашан айтуға болады, әр түрлі кәсіби бағдар беру шараларын қандай ретпен жүзеге асыруға болады деген сұрақтарға әлі жауап жоқ.
Жастардың кәсіби өзіндік айқындалуын зерттеуге И.А.Громов ұсынған кезеңдеу шарасын қолдануға болады, себебі 11-12 жас аралығында жас ұрпақтың қоғамдық қатынастар жүйесіне кезең-кезеңмен араласу процесі жастардың жас шамасына қарай біршама сәйкес келеді және кәсіби өзін-өзі анықтаудың бірнеше қолайлы сәттеріне ерекше көңіл бөлуге мүмкіндік береді [3]. Бұл процесс қала мен ауыл жастары арасында біршама айырмашылықта өтетіндігін де атап өту қажет. Әрбір мекендік құрылым адамдар өмірінің нақты көрсеткішінің сипаты, ол индивидтің әлеуметтік даму мүмкіндігін нақты анықтайды. Мысалы ауыл өмірі баланы жастайынан ересектермен қатар еңбекке баулиды. Адамның тіршілігіне қоршаған орта тарапынан қатаң әлеуметтік бақылаудың әсерінен ауылдық мекендер әлеуметтік-кәсіби өзін-өзі анықталудың тиімді механизмдерін жасайды. Ауыл тұрғындарының кәсіби өзін-өзі анықталуы еңбектің әралуандығымен байланысты: табиғат жағдайы мен оның маусымдарына бағыну, еңбек пен тұрмыстың тығыз байланысы, тұрғындардың еңбек мобильділігі үшін мүмкіндіктің жоқтығы.
Қалада мүлде басқаша әлеуметтік орта қалыптасқан. Қалалық мекен үшін ерекшеліктер- жастарға өмірдің барлық саласында мамандықтардың түр-түрін таңдау мүмкіндігі жеткілікті дамыған (өндіріс, құрылыс, көлік, қызмет көрсету саласы, білім мен ғылым, мәдениет және т.б.), әртүрлі деңгейдегі білім мекемелері жүйесінің дамығандығы, тұрғындардың әлеуметтік және кәсіби әралуандығы, бұқаралық ақпарат орталықтарының шоғырлануы.
Осының барлығы қала жастарының кәсіби өзін-өзі анықталуын ұзақ, көп факторлы процесс қылады. Кәсіби өзіндік айқындалу — индивидтің (мамандықты таңдау субъектісінің) өзінің ішкі ресурстары мен олардың мамандықтың талаптарына сәйкестілігін талдау нәтижесінде, оның қоғамның әлеуметтік-кәсіби құрылымына интеграциялану процесі. Жастардың кәсіби өзіндік айқындалуы ұзақ процесс, оның аяқталуы туралы адамның өз- өзіне белгілі бір мамандық қызметінің субъектісі ретінде оң қарағанда ғана аяқталады деуге болады.
Ал кәсіби таңдауды белгілі бір оқу орнына оқуға түсу немесе белгілі бір еңбек қызметін бастауы ретінде қарауға болады. Мамандық таңдау – индивидтің кәсіби таңдау өзін-өзі анықтаудың жаңа кезеңіне көшкендігінің көрсеткіші болып табылады. «Кәсіби даму», керісінше «кәсіби өзін-өзі анықтауға» қарағанда біршама ауқымды, себебі ол индивидтің барлық өміріндегі кәсіби жетілу процесін көрсетеді. Кәсіби өзіндік айқындалу процесі бастапқы кезеңде кәсіби дамуға өте ұқсас келеді, бірақ ол көпке созылмайды, индивид өзін белгілі бір маман ретінде қабылдаған кезде аяқталады. Кәсіби өзіндік айқындалудың алғышарттары мен жағдайларын талдай келе осы процесті құрайтын негізгі екеуін алуға болады: кәсіби бағыт және кәсіби өзіндік сана.
Кәсіби бағытты индивидтің нақты мамандықты (немесе кәсіби қызмет саласын) таңдау мотиві деп те атауға болады. Кәсіби бағыттан кейін кәсіби өзіндік сана пайда болады, ол кәсіби бағыттың адам санасы мен көзқарасы, дағдысы әсерінен пайда болады.
Біздің пайымдауымызша, жастардың өзін-өзі айқындау мәселесі тек жанжақты зерттелгенде ғана өз шешімін табады, бұл процесс әлеуметтік тұрғыда қаралып, оған ықпал ететін барлық факторлар мен себептер кеңінен зерттелуі тиіс. Осыған байланысты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Әлеуметтану және урбанистика» лабораториясының ұжымы “Қазақстан нарықтық экономикасының кадрлық ресурстары” тақырыбына Астана мен Алматы қаласының жоғарғы оқу орындары түлектерінің арасында социологиялық зерттеу жүргізді [4 ].
Сауал жүргізуде респонденттердің көпшілігі ұлттық жоғары оқу орнының студенттерінің (47,3%) үлесіне келді, бітірушілердің үштен бір бөлігі мемлекеттік жоғары оқу орындарында сұралды (37,9%). Халықаралық университеттен респонденттер 0,4% құрады. Респонденттердің 14,5% коммерциялық жоғары оқу орындарынан болды. Қандай да бір мамандықты таңдағанда талапкерге қандай факторлар әсер етеді? (1 кестені қараңыз).
Кесте 1 – Мамандықты таңдауға ықпал ететін факторлар

Сонымен студенттердің үштен біріне (33,7%) сол кездегі қоғамдық пікір бойынша мамандықтың беделділігі, келешегі ықпал еткен. Студенттердің бестен бір бөлігі (21,8%) мамандықты қазақстандағы еңбек нарығындағы сұранысы қағидасын басшылыққа ала отырып таңдаған. Алынған зерттеулердің нәтижесі біздің қоғамда да білімді инвестициялық стратегия ретінде түсінетіндігімізді көрсетеді, өйткені респонденттердің жартысы мамандықты оның келешегі мен сұранысы сияқты көрсеткіштерді негізге ала отырып таңдаған. Сондай-ақ мамандықты таңдағанда ақшалай сыйақы факторы негізгі болып табылмайды. Респонденттердің жетіден бірі, олардың таңдауы осы мамандыққа бөлінген грант санымен байланысты екендігін мойындады (14,6%). 7% респонденттер өздерінің мамандықтарын саналы түрде таңдағандықтарын, яғни «өзінің арманынымен немесе жеке қызығушылығымен, икемділігімен, құқығымен, рухани жақындығымен» және мамандықты таңдағанда «өзі солай шешкенімен» байланыстырады (3,5%). 2,5% респонденттер қандай да бір мамандықта оқудың ақысы төмен болғандықтан оқиды. Осы мамандық бойынша ата-аналарының, туған туысқандарының, мұғалімдерінің кеңесімен оқуға түскендер 13,1% респондент, 2,2% респондент өзінің мамандығын «жақындарының біреуінің, мысалы әкесінің» мамандығымен бірегейлендіреді. Ұқсас мамандықты таңдауға достарының, сыныптастарының үлгісі әсер етті, бірақ аса маңызды ықпал етпеген (0,9%). 0,7% респонденттерге мамандықты таңдауға «адамдарға көмек беру, қоғамға пайдалы болу ниеті» әсер еткен. Атап өтетін жай, 0,3% респонденттерде өзінің болашақ мамандығына индифферентті қатынас болған, яғни, олар мамандықты «кездейсоқ, жорамалдап, жайдан-жай» таңдаған. Осыған орай, талапкерлердің қандай да бір мамандықты таңдауы эндогендік жән экзогендік сипаттағы факторлардың басымдылық деңгейімен байланысты деп қорытындылауға болады:
мамандықтың қоғамдық пікірдегі беделділігі, келешегі;
• отандық еңбек нарығындағы мамандықтың сұранысы
• мамандықтар бойынша гранттар саны;
• ата-аналарының, туысқандарының, мұғалімдерінің кеңесі немесе жеке үлгісі. Осыдан, мамандарды оқытуға мемлекеттік қаржыландыру көлемімен (мемлекеттік тапсырыс) еңбек нарығындағы қандай-да бір мамандыққа сұраныс пен талапкер таңдаған мамандық арасындағы каузалды байланысты анықтауға болады. Қазіргі жастардың өздігінен кәсіпті анықтауына әсер етуші үш факторды жекелей бөліп қарауға болады: — макроорта факторлары (қоғамдық құрылым, экономика мен мемлекет тұрақтылығы, қазіргі әлеуметтік-мәдени ахуал және әлеуметтік процестер; демографиялық процестер; аумақтың аймақтық ерекшеліктері, мекендік құрылым; қоғамның ұлттық құрамы; әлеуметтік нормалар пен құндылықтар жүйесі; қоғамдық пікір бойынша мамандықтың беделі; еңбек нарығы жағдайы;) — микроорта факторлары (отбасы және туған-туыс ортасы, мектеп пен кәсіби оқу орны, бұқаралық ақпарат құралдары мен жастарға арналған әлеуметтік қызмет түрлері) — тұлғаның жеке ерекшеліктері (жасы, жынысы, психофизиологиялық ерекшеліктері, жеке кәсіби жоспары; жақындық деңгейі). Қазақстандық түлектер өздері таңдаған мамандықтарына қаншалықты қанағаттанады? Сонымен, респонденттердің басым көпшілігі (82,5%) өздерінің таңдауымен қанағаттанады. Ал олардың көп бөлігі (59,3%) өздері жасаған таңдаумен толық қанағаттанады. Дегенмен, респонденттердің оннан бірі (9,8%) өздерінің таңдауымен қанағаттанбайды. 3%-ға жуық респондент өздерінің таңдауымен мүлдем қанағаттанбайтындықтарын көрсетті. Сұралғандардың 8% бұл сұраққа жауап беруге қиналды. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының түлектерін сұрау барысында оларға өзінің мамандығы бойынша өзінің біліміне әр түрлі өлшем бойынша жеке баға беру ( 5 баллдық шкала бойынша) ұсынылды. Алынған эмпирикалық деректер талдауы, отандық жоғарғы оқу орнының бүгінгі таңдағы түлегі өзінің практикалық, қолданбалы біліміне қарағанда теориялық біліміне сенімді екендігін көрсетеді (1 диаграмманы қараңыз).
Диаграмма 1 — Студент- түлектердің мамандығы бойынша білімін бағалауы

Соңғы курстың студенттері өздерінің мамандығы бойынша талдау қабілеттерін жоғары бағалайды. Бірақ, түлектер өздерінің шет тілін меңгерулеріне төмен баға береді. Соңғы курстың студенттерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне өзіндік жеке бағалары өте төмен екенін атап айту қажет (9,4%!). Бұл мемлекет пен білім ұйымдары тарапынан жоғарғы оқу орындарында мемлекеттік тілді меңгеруге қолайлы жағдайлар жасалынып жатса да орын алып отыр. Түлектерге жұмыс берушілердің (мемлекеттік және бюджеттік секторда да, соңғы уақытта тәжірибе көрсеткеніндей коммерциялық секторда да), мамандарға қоятын талабы– мемлекеттік тілде міндетті түрде іс жүргізуі де таныс. Түлектер өздерінің экономикалық білімдерін, елдегі және әлемдегі экономикалық жағдайдан хабардарлығы мен оларды бағалауды негативті бағалайды. Айтап өтерлігі, бүгінгі күннің түлектері компьютерді пайдалану және құжаттармен жұмыспен байланысты дағдыларының бар екендігіне сенімді. Бұл жерде мәселе оқу жоспарындағы жалпы және спецификалық капитал арақатынасы бейнесі проблемасы туралы болып тұр. Осыған орай, британдық тәжірибеге, яғни, кәсіби профилді құруда жұмыс берушінің қатысуына сүйенуге болады. Жұмыс берушінің мемлекеттік стандартты (және/немесе оқу жоспарын) құрастыруға қатысуы, түлектің еңбек нарығында жас маман ретіндегі әлсіздігін азайтады. Өйткені, заманауи экономикада маманның тек білімі ғана емес, сондай-ақ дағдылары, бірінші кезекте кәсіби дағдылары аса маңызды болып табылады. Осыған байланысты жоғарғы оқу орындары түлектерінің мамандық таңдау кезеңіндегі өзін-өзі айқындау факторлары мен таңдаған мамандығының көңілінен шығатындығын зерттеу бүгінгі күнде маңызды мәселе болып отыр. Кәсіпті таңдауда жеке тұлғаның өзін-өзі анықтау теориясы мен саналы болашақ теориясын негізге ала отыра (М.Г.Гинзбургтың) оның келесідей компоненттерін алып қарауға болады: болашақтың құндылық толықтығы, болашақтың эмоционалды бояуы, өзін-өзі анықтау субъектісінің белсенділігі, кәсіби таңдаудың анықтығы. 85,6 1,7 81,1 3,7 75 80 85 90 Теориялық білім Практикалық білім 1 қатар 2 қатар Осылайша, қазіргі жастардың кәсібін өзін-өзі анықтау проблемасы жоғары біліммен тікелей байланысты, бұл жағдайда жоғары білім жастардың әлеуметтік мобильділігінің, сондай-ақ қазіргі қазақстандық қоғамдағы трансформациялық және модернизациялық процестердің факторы ретінде көрініс табады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Социология образования. / Труды по социологии образования./ Под.ред.Собкина В.С.-М.,2004.-444 б.
2. Чупров В.И., Зубок Ю.А., Уильямс К. Молодежь в обществе риска.- М.,2001.-109 б.
3. Западная социология / Под.ред.Громов И.А., Мацкевич А.Ю. , Семенов В.А.- Спб., 1997.- 371 б.
4. А.Т.Забирова ред. Рынок труда и высшее образование в Казахстане. Астана, 2008.-112 б.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *