Бастауышым–балбұлағым,  қимастықпен қол бұлғадым Бастауышым–балбұлағым,  қимастықпен қол бұлғадым
Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы Б.Соқпақбаев атындағы орта мектептің 4 «Ә» сынып оқушыларының шығармашылығынан сынып жетекшісі – Куккузова Фарида Мектеп біздің “екінші отбасымыз,... Бастауышым–балбұлағым,  қимастықпен қол бұлғадым

Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол
ауылы Б.Соқпақбаев атындағы орта мектептің
4 «Ә» сынып оқушыларының шығармашылығынан

сынып жетекшісі – Куккузова Фарида

Мектеп біздің “екінші отбасымыз, ақылшы анамыз, ұстазымыз” болса, оның негізі бастауыш сыныпта негізіміз қаланып, сауатымызды аштық, алғаш рет шынайы дос таптық, білім алдық. Қазір сол жазуды да, оқуды да, санауды да үйреткен бастауыш сыныпты бітірейін деп жатқаныма әлі де сенбеймін…..
Иә, осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби едік. Сөмкемізді зорға көтергенбіз. 2014 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер едік. Содан бері 4 жыл уақыт өтіпті, сол бүлдіршіндер қазіргі таңда бойлары өсіп, ойлары да өсіп, бастауышта білім нәрімен сусындап, орта буын табалдырығына аттағалы отырмыз. Қанша қыс пен жазды бірге өткізіп, ыстық пен суыққа бірге төзген ұстаздарымызға алғысымыз шексіз.
Ұстаздарымыз болса, бізге білім үйретуден еш жалықпады, өз жылулығын сыйлап, білім берді! Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді?
Уақыт өте бәрі де өзгерді. Жазуды да, оқуды да, санауды да үйреніп алдық. Әрине, бұл мәртебенің барлығының себепкері сынып жетекшіміз Фарида Ерланқызы мен басқа да ұстаздарымыз. Мира, Маржан апайларымыздың қажырлы еңбектерінің нәтижесінде орыс тілін меңгерсек, Балжан, Мақпал апайларымыз бізге үшінші сыныптан бастап ағылшын тілін терең меңгертуде. Бейнелеу өнерінен Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Нұрболат ағайдың елеулі еңбегімен өз ойымызды сурет сала отырып жеткізуді үйрендік. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Майра апайымыз түрлі ойындармен қызықтыра жүріп, денемізді шынықтырды. Музыка пәнінен Аида апайымыз ән салуды үйретіп, өнерге баулыса, Күлімхан апайымыз өзімізді тануды, тәрбиелі, білімді болуды үйретті.
Балалықпен тәртіп бұзсақ,
кешіруді сұраймыз,
Терең білім алуды енді,
мақсат етіп шыңдаймыз.
Алтын ұя мектеп даңқын,
даралап тағзым етеміз,
Білімді әрі жалғастырып,
арманға біз жетеміз, — дей келе, болашақта алдымызға үлкен мақсаттар қойып, ұстаздарымыздың бізге артқан үміттерін ақтап, мектебімізді биік белестерден әлі де көрсетеміз деген ойдамын!
Алуа Нұрбатырқызы

менің сыныбым
Мен сыныбыммен мақтанамын. Менің сыныбым мектептегі ең үлгілі сыныптардың бірі. Сыныбымыздан биші де, әнші де, ақын да, оқу озатын да таба аласыз. Мектеп ішінде орындалатын шарттарды бұлжытпай орындаймыз. Мерекелік жұмыстарға да белсендіміз. Әрдайым бір-бірімізге көмек қолын созуға әзірміз. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Біздің сыныбымыз бастауыш сынып оқушыларына арналып жабдықталған. Ісіңіз болып, бас сұға қалсаңыз, деміңізді ішіңізге тартып рахаттанып қаласыз!
Өйткені, ішінде адам көңілін сергітетін жайлылық күйі орналасқан. Бойлары білімге толы оқушылар мен көзі мен сөзі мейірімге толы біздің ұстазымыз сізді қарсы алады.
Сабақтан тыс уақыттарда түрлі үйірмелерге қатысып, қоңырау арасында іші алуан түрлі қызықты кітаптарға толы мектебіміздің кітапханасынан кітаптар алып оқып, білімімізді толықтырып, шыңдаймыз.
Биылғы оқу жылында аудандық Кіші Ғылым Академиясының ғылыми-практикалық конференциясына Дәулетқан Серикбол, Болатқызы Салтанат, үшеуіміз қатысып, жүлделі орындар алып қайттық. Өзім үшін бұл сайыстан үйренерім көп болды. Оқушыларымыз «Мөлдір бұлақ» журналының тұрақты оқырманы. Журнал ұйымдастырған сайыстарға да белсене қатысып, сегіз оқушымыз журналдың арнайы дипломымен марапатталынғандығын мақтанышпен үнемі айтып жүремін.
Сонымен қатар, сыныбымызда республикалық қашықтық олимпиадаларының жүлдегерлері көп. Ұстаздарымыздың таусылмас тағылым сөздерін біз үнемі ұстанып, аттарына кір келтірмеуге тырысамыз. Міне, менің сыныбым осындай! Мен өз сыныбыммен мақтанамын!

Ақзер Күмісбек
тәуелсіздіК –
ата-бабалар арманы
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі міне, 26 жыл. Жиырма алты жыл ішінде Қазақстан шекарасын бекітіп, өз алдына ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі.
1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. 1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия.
Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Жиырма алты жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды.
Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.

Салтанат Болатқызы
БҰЛАҚТАР

Таудан аққан бұлақтар,
Сылдыр-сылдыр күй ақтар.
Жалтырай бер моншақтай,
Жайнап өссін құрақтар.

Қандай қатты қарқының?
Сондай сұлу жарқыным,
Шаршап келсем күш беріп,
Шөл басады салқының.

Қандай мөлдір суларың?
Өссін жайнап нуларым.
Кең даланы бетке алып,
Сылдырлай бер бұлағым.
ҰСТАЗЫМА

Біз ұстазға баламыз,
Ол –жанашыр анамыз.
Үйреткенін ұғамыз,
Келгенінше шамамыз.

Ұрыспайды ұстазым,
Шаршап тұрып күлімдеп.
Біз Фарида апайға,
Сыйлаймыз өмір гүлін тек.

Мектепке келген күнімнен,
Ақылшы болдың, Ұстазым.
Жетелеп бізді білімге,
Биікке бағдар нұсқадың.

Ақылмен айтқан сөзіңді,
Есте мәңгі сақтаймыз.
Шыңына шығып ғылымның,
Үмітіңді біз ақтаймыз!

ЕЛБАСЫНА

Мақтан етем Елбасын,
Алға бастап халықты,
Қазақ деген халықты,

Бар әлемге танытты.
Ел үмітін ақтадың,
Мақтан етер, Елбасым!
Әлемді еліңе қараттың,
Көркейген Астана қалаңмен.

КӨКТЕМ

Көктем келе қалса ғой,
Қуанар ек қарсы алып.
Көктем келе қалса ғой,
Жыл құстары ән салып.

КӨК ТУЫМ

Қазағымның көк туы,
Желбіресін көгімде.
Елімнің көк байрағы,
Көк туым сен құлама.

Сені ардақтап тегінде,
Болар әркім ғұлама.
Жоғары ұстап өзіңді,
Көкке тігем көзімді.

ӘЛ-ФАРАБИ

Фарабиді кім білмес,
Жүзі дара,
Ақылы мол, ойы сара.
Жер жүзінде аса ойлы, дария дана
Фараби отырады Отырарда.

Тоғызыншы мамыр

Алақай-ау, әйгілі
Тоғызыншы май бүгін!
Ұлы күшке сенген күн,
Зұлымдықты жеңген күн.

Гүлім Кулембекова

АҚЫН БОЛАМЫН

Отанымның гүлімін,
Жаңа шыққан күнімін!
Жақсы оқитын сабағын,
Оқушының бірімін.

Мен ақылды баламын,
Тереңдеп білім аламын.
Мұқағали атамдай,
Мен де ақын боламын.
Соғыстағы әкеңе,
Өлең жаздың ағатай.
Болдың ақын жасымай,
Әкеңді жүрдің тосып-ай.

Құттықтаймын ақынды,
Туған күнмен ақпанда.
Мен де ақын боламын,
Аппақ таңдар атқанда.
Шырайлым Бөденқызы

ҚЫС

Табиғатты құбылтып,
Денеге суық ұрынтып.
Бұл мезгілде қыс қожа,
Басындағы шалмасы,
Үстіндегі салмасы,
Кіршіксіз аппақ тап-таза.
Тұрсынбекұлы Ислам
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ

Әл-Фараби атамыз,
Жақсы білім көрсеткен.
Молдалардан білім ап,
Білімді боп ержеткен.
Төлен Қуанышұлы
КӨКТЕМ

Көктем, көктем,
Нұрын төккен.
Құстар сайрап,
Алыс жақтан,
Ұшып жеткен.
Даяна Сабирова

АНАМА

Өмірге әкелгеніңіз үшін,
Қалағанымды әпергеніңіз үшін,
Аналық қамқорлығыңыз үшін,
Анашым сізге мың алғыс.
Біржан Ыдырыс
КӨКТЕМ
Қуандырып біздерді,
Көктем келді.
Нұры мен шуағын ала келді,
Күніміз де жарқырап шыға келді.
Даулетқан Серикбол
САҒЫНДЫРҒАН КӨКТЕМІМ

Көктем қандай тамаша!
Ән саламыз, билейміз.
Құстар сайрап келеді,
Сағындырып көктемде.

Көктем қандай әдемі!
Сағындырып келеді.
Жылғалардан су ағып,
Дүние балқып иеді.
Айдын Ермұратұлы

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *