Туған жер – асыл өлке Туған жер – асыл өлке
Ануар Әхметкәрім Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылы Қапез Әбдіғұлов атындағы №34 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушысы. Халықаралық «Тұлға», республикалық «Тайжарыс» байқауларының көркемсөз номинациясы бойынша бас жүлде иегері... Туған жер – асыл өлке

Ануар Әхметкәрім

Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылы Қапез Әбдіғұлов атындағы

№34 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушысы.

Халықаралық «Тұлға», республикалық «Тайжарыс» байқауларының көркемсөз
номинациясы бойынша бас жүлде иегері

Әр адамның өзінің туған жері, әлі болады. Ол басқа мекеннен өзіне ыстық болады да тұрады.
Менің туған жерім – Алматы. Алматының көркем де, сұлу, көрікті әрі әдемі жерлері өте көп. Алматының табиғаты мен үшін әрқашан тамаша. Өзім білетін, талай рет шыққан Ақбұлақ деген тау бөктері тіптен керемет.
Ол жердің таза ауасын қанша жұтсаң да құмарың қанбайды. Ақбұлақтың қысы да, жазы да өте көрікті. Қыста жер бетіндегі жабайы аңдардың, маралдың, арқардың іздері аппақ қардың бетінде салынғай суреттей сызылып жатады.
Туған жеріммен ғана шектелмей, Отанымды айтайын. Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан – табиғаты өте әсем, көрікті, қайталанбас жер бедерлері, шалқар көлдері, асқар таулары, құмды-сулы жерлері де алмасқан ғажап бір өлке.
Соның ішінде Қазақстанның Шығыс өңіріндегі Катон-Қарағай өлкесінің табиғаты – көрсең көзің тоймайтын тұма сұлулық.
Алматының Райымбек ауданында Қарасаз деген ауыл бар. Бұл ауыл орналасқан жердің табиғатын ауызбен айтып жеткізу қиын болар. Бірақ бірі – шығыста, бірі – оңтүстікте орналасқан осы жерлердің қатта ұқсастықтары таңдай қақтырмай қоймайды.
Бірде нағашы ағам – Қуатпен тауға бардық. Тау қоянын, суырларды көріп, жоғарылай бердік. Біраздан соң үлкен үңгірді көріп, тамашаладық.
Енді бірде отбасымыз және Мият деген көкем бар тұзды суға бардық. Бұл тұзды судың өзіндік аңыз-тарихы бар екенін анам әңгімелеп берді.
Аңшы қасқырды атып алам деп тырысқанымен, қасқыр да, аңшы да суға батып кеткен екен.
Біраз жүріп Мият көкем тау етегіндегі бір үңгірді байқап қалды. Мен де бірге бардым. ол үңгірді іші өте суық болды. үңгірдің ішіндегі жол тек төменге жетелейді. Тура бір терең құдық сияқты. Біз онда түсе алмадық.
Отанымның әр өлкесінде осындай таңғажайыпқа толы, тағылымды аңызбен өрілген тарихы бар жерлер өте көп. Туған жеріміздің, туған Отанымыздың қадірін бағалай білейік!

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *