Аға ұрпақпен үйлесім –  жастардың тез әлеуметтенуінің кепілі Аға ұрпақпен үйлесім –  жастардың тез әлеуметтенуінің кепілі
Айдарбеков З.С., философия ғылымдарының кандидаты, доцент,  ҚР БҒМ Философия және саясаттану институтының жетекші ғылыми қызметкері Жастардың негізгі мазмұнды ерекшеліктерінің теориялық анық-тамасы, әдетте олардың әлеуметтік... Аға ұрпақпен үйлесім –  жастардың тез әлеуметтенуінің кепілі

Айдарбеков З.С.,
философия ғылымдарының кандидаты, доцент, 
ҚР БҒМ Философия және саясаттану институтының
жетекші ғылыми қызметкері

Жастардың негізгі мазмұнды ерекшеліктерінің теориялық анық-тамасы, әдетте олардың әлеуметтік нормаларды игеру процесін бөліп алып қарауды қажет етеді. Шын мәнінде, адамда әлеуметтену процесі жүреді, яғни ол қартайғанға дейін өмір бойы көпжақты әлеуметтік нормаларды және мәдени құндылықтарды, әлеуметтік тәжірибе формаларын игереді. Сонымен бір мезгілде белсенді әлеуметтену процесі де үстемдік етеді. Осы кезеңнің сапалық шекарасы адамның репродуктивті жасқа келуі болып табылады. Бұл кезеңде жастар да әлеуметтік үлгілер мен нормаларды игеру процесіне белсенді түрде қатысады.
Тұлғалық даму ретіндегі әлеуметтік жүйеде де, қоғамның тұрақты дамуында да ерекше рөл жеке тұлғаның қоғамға интеграциялануы процесі ретіндегі табысты әлеуметтену мүмкіндігін қамтамасыз ететін институттарға берілген. Ғылыми әдебиеттерде әлеуметтену адамның әлеуметтік мәнінің қалыптасу, оның қоғамдық қатынастар жүйесіне ену, оның қоғамдық өмірдің субъектісі қатарындағы қалыптасу процесі ретінде айқындалады. Әлеуметтенуді «жеке тұлғаның қоғамның объективтік әлеміне немесе оның кейбір бөлігіне жан-жақты және біртіндеп енуі ретінде белгілеуге болады».
Әлеуметтенудің процестері әлеу-меттік, экономикалық, саяси, рухани қанағаттанарлық ақиқаттардың өзгерістеріне жауап беретін норма-лардың регулятивті қызметінде, тәртіп стереотиптерінің, иерархия мен дәстүрлердің, салттардың, білімдер мен нышандардың әлеуметтік танылған ұрпақтан ұрпаққа берілетін жеке тұлғаның интернализациялануына немесе әлеуметтенуіне байланысты болады. Осылайша, тұлғаның меншікке айналуы мынадай екі векторды қамтиды: сабақтастық – алдыңғы өткен мәдени тәжірибені игеру және даму – жаңа әлеуметтік үйренудің жаңа стратегияларын игеру, инновациялылық.
Әрбір қоғамда және де әрбір әлеуметтік топта дәстүрлер мен инновациялардың арақатынасында ерекше тип бар. Мысалы, Қазақстанда жастардың арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың мәліметтері бойынша, қазақ жастарының 91,2 %-і, өздерінің ұлттық дәстүрлерін «өте жақсы білетіндігін», ал қазақ жастары арасындағы респонденттердің 52,8 %-і «өз халқының дәстүрлерін мұқият сақтауға тырысатындығын» атап көрсетті.
Басқа этникалық топтарда бұл көрсеткіш 38,4 %-і құрады. Сонымен қатар қазақстандық жастар қазіргі өмірдің ырғағына теңбе-тең нормативтік-құндылық кешенін белсенді және жеткілікті деңгейде тиімді игеруде. Біздің елдегі жастардың әлеуметтену процестерінде жанжалды болғанымен бірақ антогонистік асқақтаған емес, дәстүрлер мен инновациялардың құндылық қатынастарының қалып-тастырылған типі белгіленуде. Батыс елдерінде өзінің табиғи иерархиясы бар отбасының тоқырауы белең алғандығы туралы және оның зардабынан ұрпақтан ұрпаққа берілетін мәдени кодтардың берілу бірізділігінің бұзылып жатқандығы белсенді талқылануда. Бір жағынан, өзіндік мәдени дәстүрлердің, діннің, ұлттың және отбасының белгілі бір құндылық мазмұнының сақталуы, жаңа мәдени формалардан алшақтауы барысында генерация аралық мәдениет тасымалының механизациялануына, «бірізді, келешекке ұмтылған» (project identity) сияқты мәдени өзіндік қалпының пайда болуының мүмкін еместігіне және қоғамның жалпы алғанда қайта құрылуына бағытталғандығына әкеледі (Мануэль Кастельс).
Осы сияқты «Әзірбайжандағы жастардың жағдайы» талдауға да тоқалуға болады. Бұл жерде, атап айтқанда, қазіргі заманғы әзірбайжан жастары өкілдерінің басым көпшілігі ерекше менталитетке иеміз деп есептейді. Бірақ, оның ерекшелендіретін сипаттарын атай отырып, олар істің мәнісі бойынша дәстүрлі қоғамның мәдениетіне тән – ата-анаға, үлкендерге, этномәдени дәстүрлерлерге және салттарға, басым құндылықтар мен нормаларға құрмет сияқты сипаттамаларды қайталайды. Жастардың өздерінің пікірі бойынша, мұндай бағдарлар өз кезегінде жағымды да жағымсыз да салдарларға әкеп соққтырады, жастар оларды «өзін тұлға ретінде сезінуден қорқу», «өзінің әлеуметтік мәртебесін жоғалтып алудан қорқу» арқылы үлкендердің айтқанымен жүру сияқты сипаттармен көрсетеді.
Ата-ана қамқорлығы мен олардың ықпалына бағынудың гипертрофирленген формалары жастардың өздерінің өмірлік жолын айқындайтын өз бетінше шешім қабылдауды тоқтатып, «бұл жөнінде үлкендерден нұсқаулар күтеді». Күшті туыстық байланыстардың болуы, отбасының берік ынтымағы бір жағынан күрделі өмірлік жағдайларда өмір сүріп кетуге кепілдік береді, «әлеуметтік саясаттың орнын басады», «әлеуметтік қорғалғандық сезімін береді», жастар қылмысының көлемін азайтады.
Басқа жағынан, қатал отбасылық тәртіп «үлкендердің мамандық таңдауда, отбасын құруда, балалардың туылуында және т.б. шексіз қысым жасауы» қаупінен тұрады. Бірақ олардың өздері белгілеген әлеуметтендірудің дәстүрлі типіндегі «негативтерді» жастардың көпшілігі мұны «осылай қабылданған» дей отырып, қалыпты жағдай ретінде қабылдайды. Осылайша, «құндылық диссонансының мүмкіндігі танылады: өз дәстүрлері күшті дамыған қоғамның өкілі ретінде, әзірбайжан жастарының өкілі тәртіптің дәстүрлі модельдерін сақтауға қажетті өз өмірінің регулятивті ерекшеліктерінің барлығына түсіністікпен қарайды» .
Әлеуметтендіру көп жағдайда жеке тұлғаның болашағы мен оның қоғамға енуінің табыстылығын ғана емес, сонымен қатар өмір сүру қабілеттілігін, дамуын, қоғамның өзінің жаңаруын анықтайды. Қазіргі Қазақстанның жастары қандай құндылықтарды, қағидаларды, идеалдарды қабылдайды, қайсысын қабылдамайды – жастардың әлеуметтенуі мен аға ұрпақпен қатынасының үйлесімділігінің басты мәселесі осы.
Әлеуметтенудің типтері, формалары және мазмұны түрлі негіздемелер бойынша қоғамның типі бойынша архаикалық, касталық, корпоративтік-сословиелік; мәдениетінің түрі бойынша мономәдениетті, полимәдениетті; өмір сүрудің әлеуметтік ерекшеліктеріне сәйкес саяси, экономикалық, кәсіби, құқықтық, танымдық және т.б. болып анықталады. Әлеуметтену тұжырымдамасы нормативтік-теория-лық тұжырымдама болып табылады. Әлеуметтендірудің зерттеуінде осы және басқа қоғамдағы нақты қызмет ететін әлеуметтенудің нормативтік модельдері айқындалуы тиіс, сонымен сәйкес «эталондық» сипаттары мен осы аталған әлеуметтік ортаның көзқарасы бойынша «айнымалы» көрсеткіштер сипаттамалары да анықталады.
Әлеуметтенудің идеалды-нормативті және девиантты түрлерінің арасындағы айырмашылық қатаң белгіленуі мүмкін және қоғамның өзінің сипатына қарай өзгермелі болуы мүмкін. Адам қоғамын К.Леви-Строс «суық» және «ыстық» деп екі типке бөледі. Суық қоғамдарда әлеуметтендіру нормалары мен оның табысты болуының көрсеткіштеріне әдетте, баламалы мүмкіндіктерге арналған кеңістіктер қалдырмастан әлеуметтік стратификациялық топтар мен қоғамды толығымен алғанда әрқайсысына қатаң белгіленеді. «Ыстық» қоғамдарда нормативтік-құндылық көріністері түрлене байқалады, автономия және қоғамдастықтағы интеграциялану түрін тұлғаның өзі еркін таңдай алу көріністерін қамтиды. А.И.Ковалева «Әлеуметтендіру тәжірибесінің қазіргі таңдағы қоғамдағы үлкен ала-құлалығы әлеуметтендірудің нақты шекараларын кеңейтеді, оның сыртқы участоктарын күшейтеді, оның эмприкалық фиксациясын қиналтады» , – деп көрсетеді. Норма мен ауытқушылықтың шекаралары тұрақсыз әрі сенімсіз болады. Олардың көрсеткіштері мәдениеттің нормативтік-құндылық кешенінде белгіленетін дәстүрлі талаптары аясынан оның аморфтылығымен, солқылдақтығымен, өзгергіштігімен және т. б. қоғамдық пікір арқылы тәртіп пен сананы ауызша реттеу саласына ауысады.
Одан басқа, әлеуметтік қолданатын, тиімді, қолайлы, шыдамды, талқы-ланатын көрсеткіштер жалпы негіздегі қоғамдағы бірыңғайлылығынан айрылады, кәсіби, жыныстық-жастық, этномәдениеттік, конфессиональды және т. б. ұқсастық модельдері мен жалпылықтарында жүйелі социумдық құрылымдар саласында беріледі. Топтық ынтымақтастықтың байланысы адамның тұлғалық қалыптасуында күшті әсерін тигізеді. Мұнда әлеуметтендірудің институционалды формалары дағдарысқа ұшырайды. Ресей әлеуметтанушылары жүргізген сауалнамада оқушылар мектептің олардың көзқарасы мен өмірлік ұстанымына және танымдық-құндылық бағыттарына тигізетін әсеріне өте төмен баға берді: 82 %-і олардың этикалық идеалдарының қалыптасуындағы мектептің ролін жоққа шығарады, соншасы олардың өмір танымын қалыптастыруға мектептің қатысы бар деп есептейді; 87%-і мектеп олардың кәсіп таңдауында ешқандай роль атқармады деп көрсетті .
Өзіне өзі берілген адам, әсіресе, жас адам, көбінесе қорғансыз, бағыт-бағдарсыз болып қалады және күйзелістің аз-ақ алдында болады. Кеңес беретін топтардың болмауы және олардың нормаларынан, құндылықтарынан және стандарттарынан тысқары қалу адамды моральдық жалғыздық пен оқшаулануға әкеледі. «Топтық байланысы жоқ адам, сауытсыз тасбақамен тең» , – деп жазады К. Манхейм. Мұнда асоциалды және антисоциалды мәні бойынша топтардың ғана (қылмыстық қоғамдастықтар, секталар), сонымен қатар жастар топтарына қатысты «бөтен» топтарға да қатысты тәртіп нормалары мен модельдері саналы түрде және айқын көрсете отырып, қарама қарсы қойылуы мүмкін. Егер «өз араңда» өтірік, алдау, агрессивтілік, жанжалшылдық, шыдамсыздық, мәртебелік иерархияда жоғары тұрғандарға бағынбау және т. б. жол берілмейтін болса, онда басқаларға қатысты қарым-қатынастар да осы тұрғыда міндетті түрде болып қалыптасады. Мұндай тектегі жасөспірімнің «жетілмеген және бас білдірілмеген менталитеті» (К. Манхейм) ересек адамның таным құрылымына өтуі мүмкін.
Әлеуметтендіру процестерінде жеке тұлғаның қалыптасуына қоғамның бақыланатын және саналы түрде бағытталатын әсер ету жүйесін ғана есепке алмай, сонымен қатар әлеуметтік ықпалдың латентті жолдарын, әлеуметтік нормаларды игерудің үзілісті формаларын есепке алу қажет. Қоғамның радикалды әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени қайтақұрылымдары нақты трансформациялар мен әлеуметтендірілген нормаларға әкеледі. Біріншіден, әлеуметтендірудің мақсаты мен бағыты ретінде тұлғаның нормативтік-идеалдық типі туралы ұғым өзгереді. Екіншіден, әлеуметтендірілудің механизмдері, формалары, инсти-туционалдық жүйелері өзгереді.
Өз мәні бойынша әлеуметтендірілу жеке тұлғаның өсуі, жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасуының табиғи процестеріне байланысты бара-бар дағдарыстарды еңсеру процесі болып табылады. Егер бұл дағдарыстарды жеңу мүмкін болмаса, әлеуметтендіру процесінде игере алмасақ, онда ауытқушы әлеуметтендірілумен байланысты боламыз. Бұл жағдайда адам үшін әлеуметтік ұқсастыққа деген қалауына қол жеткізе алмаушылық пайда болады, бұл қатынастардың ретсіздіктерін туындатады, қоғаммен, әлеуметтік топпен, өзімен арадағы жанжалдарға жол береді. Трансформация кезеңін бастан кешіп жатқан қазақстандық қоғамда әлеуметтік рольдер мен қызметтерді дербес, реттелмеген таңдау кеңістігі кеңейді, бұл өз кезегінде жастардың әлеуметтендірілуіне теріс ықпалын тигізді. Өмірлік перспективалар мен әлеуметтендірілген нормалардың көптүрлілігі сонымен бір мезгілде белгісіздікке айналып кетеді. Басқа жағынан алғанда, А.И.Ковалева көрсетіп отырғандай, мұндай типтегі қоғамда «қоғамдық өмірдегі жастардың толыққанды қатысуына арналған жеткілікті жағдайларға социум ие болмаса, әлеуметтендіру процесінің тоқтатылу масштабы кеңейеді» . Мұндай қоғамда жас адамдардың өзі қалаған мамандығы бойынша сапалы білім алуына әлеуметтік кепілдіктер барынша төмендейді, жұмысқа орналасуы қиындайды.
Әлеуметтендіру процесіне индивид ерте балалық шағынан кіреді. Әлеуметтендірудің бастапқы негізгі кезеңінде әлеуметтік мәдени маңыздылықтар әлемін, құндылықтарды, нормаларды, нышандарды, талаптарды, тыйымдарды, ескертулерді, себептерді, қалыптарды, интерпретацияларды және т. б. игеру – сияқты интернализациялардың басымдылығы болады. Бұл кезеңнің негізгі ролін отбасы бастапқы әлеуметтендірудің басты және іс жүзінде жалғыз агенті ретінде атқарады. Отбасы мүшелері мотивациялық, когнитивті, құндылық, мағыналылық және т. б. сызбалар арқылы берілетін жеке қабылдауымен ортасын көркейтетін индивид пен әлеуметтік әлемнің арасындағы делдалдар ретіндегі «маңызды басқалар» (Дж. Г. Мид) болып көрінеді. «Бала маңызды басқалардың ролі мен қалыптарын қабылдап алады, яғни оларды жеке өзінікі етіп алады да, оларды интернализациялайды» . Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері тұлғаның бойында өшпес із қалдырады. Бастапқы әлеуметтендірілу кезеңінде бала ата-ана әлемін жалпы әлемнің жалпылығы ретінде игереді. Әрине бастапқы әлеуметтендірудің кезеңіне қатысты оның механикалық, біржақты сипаты туралы айтуға болмайды. Тұлғаның ерте кезеңіндегі ұқсастық тұлғалылығының қалыптасу барысында құндылықтар мен нормалардың қарама-қарсы жүйелері мысалы, атан-аналар мен құрдастар әлемі сияқты баламалы әлемдер қақтығысып қалады. Мұндай қақтығысулар нәтижесінде пайда болатын жанжалды жағдайлар (психологтар балалардың құрдастарымен араласуы ересектермен араласуына қарағанда сапалы өзгешеліктерге ие екендігін атап көрсетеді) бастапқы әлеуметтендірілу процестерін түпнұсқа драматизммен толтырады.
Әлеуметтендірілудің екінші кезеңі индивидтің әлеуметтік субъектілігінің қалыптасу міндетін шешеді. «Маңызды», «ықпалды» басқаның ролін нақты индивидтер ғана емес, персоналданған, «жалпыланған басқа» – әлеуметтік топ немесе қоғам толығымен орындайды. Бұл өтпелі кезең объективті қарама-қайшылық болып табылады, шешуші дәрежедегі екінші әлеуметттендірілудің табыстылығы балалық шақтағы отбасылық ортаның әсерімен қалыптасқан бұрынғы нормативтік-құндылық кешені мен қоғамның индивидке қоятын тұлғасыз, анонимді нормалар мен талаптары кешенінің ұйқастырылуымен байланысты болады. Психологтар ата-аналармен психологиялық жақындастық дәрежесі жасөспірім кезеңде күрт төмендейтіндігін атап көрсетеді. Мұның себебі, әлеуметтендірілудің бастапқы кезеңінде ересектер ойын ережелеріне еріксіз көндіреді, бала интернализациялайтын ерекше әлем көптеген мүмкін болатын әлемнің бірі ретінде емес, жалғыз іс жүзіндегі әлем болып көрінеді. Бұл әлемнің өзіндік «әлеуметтік орналасуы» (шаруа немесе бизнесмен әлемі, астана немесе шалғай ауыл тұрғыны, түпкілікті тұрғындар мен иммигранттар және т. б.) болатындығын сезіну индивидтің дүниетанымдық қалыптарын – «субъективті ақиқаттың» радикалды трансформациясына әкеледі.
Индивидтің танымында қорытын-дыланған басқаның инстанциясын қалыптастыру – нәтижесінде «объективті және субъективті ақиқаттар арасындағы симметриялық байланыс орнатылатын» әлеуметтендірілудің шешуші фазасы. Объективті және субъективті ақиқаттар арасындағы симметриялар, келісудің жоғары деңгейін П. Бергер және Т. Лукман «табысты әлеуметтендірілумен» бірдей деп бағалайды, ал бұл ақиқаттардың асимметриясы «табыссыз әлеуметтендірілу» нәтижесі сияқты жіктеледі. Бұл жерде әлеуметтендірілудің – ақиқаттың екі типі – толық симметриясы мен толық ассиметриясы – екі полюсі эмпирикалық тұрғыдан мүмкін емес. «Табыссыз әлеуметтендірілгендердің» маргиналды топтарында әлеуметтік ақиқаттың «контр-анықтамасы» мен осындай анықтамалардағы «контр-ұқсастығын» жүзеге асыратын әлеуметтендірудің жеке және баламалы процестері жіберілуі мүмкін. Негізгі мәселе осы немесе басқа индивидтің әлеуметтендірілу процесінің «өмірбаяндық кездейсоқтығына» байланысты болмайды, бірақ табыссыз әлеуметтендірілудің құрылымдық берілген потенциалының нақты берілген қоғамда болуы көрінеді. К.Манхейм «Қоғамның рухани ахуалы толығымен алғанда индивид үшін төзуге болмайтын шиеленісушіліктің қайнар көзі болуы мүмкін» деп көрсетеді.
А.И.Ковалева көрсеткендей, Ресей қоғамының реформалануы жастардың табысты әлеуметтендірілу, әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтардың ұрпақтан ұрпаққа берілу ережелерінің жиынтығы эталондарының өзгерістерін шарттап берді. Ол кеңестік әлеуметтендірілу моделімен салыстырғандағы ресей жастарының әлеуметтендірілу моделінің негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетеді:
– әлеуметтендірілудің негізгі институттарының трансформациясы;
– әлеуметтік регуляцияның құндылық-нормативтік механизмінің дефор-мациясы және әлеуметтік бақылаудың жаңа жүйесінің қалыптасуы;
– ұйымдастырылған және стихиялы әлеуметтендіру процестерінің дисба-лансы және олардың стихиялық жағына ауысуы;
– қалыптасып келе жатқан тұлғаның автономиясын кеңейту жағында қоғамдық және жеке мүдделер арақатынасының және адамның өз қайраткерлігі, шығар-машылығы және бастамасына арналған кеңістіктердің өзгерістері .
Қазақстан қоғамының трансформациясы процесінің көптеген ерекшеліктерінің бірі ұрпақтардың құндылық қақтығыстары болып табылады. Бұл қақтығыс алдыңғы өткен тарихи дәуірлердің әрқайсысында болған «әкелер мен балалардың» қақтығысымен салыстырғанда ерекше сипаттар қатарына ие. Қазіргі қақтығыс аға ұрпақтың рухани мұрасын мұрагерлерге беру іс жүзінде жүзеге асырылмай отырғандығымен сипатталады. Жаңа ұрпақтың әлеуметтенуі құндылық бағдарлары мен құндылық иерархиясының радикалды өзгерістері көлеңкесінде өтіп жатыр. Сонымен қатар, әлеуметтенудің өз типінің де өзгерістерге ұшырап жатқандығын атап өтуге болады. М. Вебердің терминдерінде бұл өзгерісті әлеуметтендірілудің құндылық-рационалды типінен мақсатты рационалды түріне өту ретінде белгілеуге болады: «әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі, қоғамдық құндылық бағдарларының ауысуы құндылық бағдарларын туындату механизмі үйренісу механизмдеріне жол бере отырып, жетекші роль атқарудан қалатындығына әкеп соқтырады» .
Жастардың әлеуметтендірілуінің бұрынғы кеңестік моделі индивидтердің әлеуметтік өмір әрекетіне интеграциялану мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін бірізділенген нормативтіліктің; тең старттық мүмкіндіктердің; әлеуметтік-экономикалық және саяси-идеологиялық механизмдердің, институттардың, жағдайлардың, кепілдіктердің болуы сияқты сипатты қырларымен ерекшеленеді. Аға ұрпақ білім мен дағдының, икемділік пен технологиялардың, ал жас ұрпақ үлкендердің жинақтаған мәдени-тарихи тәжірибесін оның маңыздылығы мен қажеттілігіне күмән тудырмастан игеретін тасымалдаушысы болды. Қазіргі жағдай әлеуметтік өмірдің типінің өзінің өзгерісімен анықталады. Жаңа әлеуметтік-экономикалық қағи-даларға көшу индивидтерге жаңа өмірлік дағдылар мен әлеуметтік тәртіптің құндылық-нормативтік қа-лыптарды игеруді ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік дамудың алдыңғы кезеңіндегі жеткілікті табысты өмірлік стратегияларды құру мен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дағдылардан бас тартуды талап етеді. Бірақ бұл негіздемеде «ұғымдар мен дағдылардың жаңа жағдайларында қолданылмайтын жүктен іс жүзінде толығымен бостандықтағы қажеттіліктен бас тарту», сияқты жастардың алдында әлеуметтік талаптың радикалды қайта құрулардың проблемасы жастар алдында жоқ деп үзілді-кесілді қорытынды жасауға болмайды .
Қазіргі жастардың бастапқы әлеуметтенуі «жаңа жағдайларға тиімсіз, қолайсыз», құндылық бағдарлары мен сенімдерде өскен қазақстандық ұрпаққа жататын әкелер мен шешелердің ықпалымен өтті. Сондықтан қазіргі заманғы жастардың менталитетінде өткен ұрпаққа тән көптеген әлеуметтік-типтік сипаттар қалыптасқан. Бұл ресей социологтарының жүргізген сауалнамаларының деректерінде көрсетілгендей, сұрау салынғандардың жартысы өмірге деген көзқарасына сай олар ата-аналарынан айырмашылықтары жоқ деп есептейтіндігін жоққа шығармайды. Осыған байланысты ұрпақаралық жанжалдар мен қарама-қайшылықтардың проблемасына менталитеттің номикалық құрылымының бастапқы әлеуметтенуі немесе индивидтің ресоциализация проблемасының нәтижесінде пайда болған «демонтаж» күрделі проблемасының арасындағы үзіліссіз байланысқан түрі пайда болады.
А.И.Ковалеваның пікірінше, сектордың тарылуы мен мемлекеттік әлеуметтендіру институттарының кеңестік дәуірдегі жастардың әлеуметтену процестерінің кезеңіндегі ролінің азаюының жалпы көріністері астарында өмір сүрудің жоғары деңгейде түрленуі, материалдық жағдайдың деңгейіне, қоғамдық ресурстарға қол жеткізудің және т. б. дифференциясына байланысты көлденең және тігінен спектрінің кеңеюімен анықталады. Процестердің өзгерістер динамикасының тікелей қарама-қарсы бағасын (іс жүзіндегі сол негіздемелерде) Л.Е.Кесельман мен М.Г. Мацкевич береді. Олардың пікірінше, «әлеуметтенген лаг» қоғамның бір әлеуметтік-экономикалық жүйеден басқасына өту барысында қоғамның жеделдетілген трансформациясы кезе-ңінде белгілі деңгейде тарылады . Әлеуметтік үйренісу, карьералық өсу, сапалы білім алу, жұмысқа орналасу және т. б. сияқты көптеген мүмкіндіктер «алтын жастар» өкілдерінің ғана қол жеткізе алатын нақты ақиқаттарына айналады. Субъективті таңдалған ұсқастық субъектінің әлеуметтік-құрылымдық жағдайына қарама-қарсылыққа енуі, фантастикалық, орындалмайтын жобаға айналуы мүмкін. Мен-ұқсастықтың тым жоғары көтерілген өлшемі ауыр эмоционалды, рухани-танымдық дағдарысқа ұшыратуы мүмкін.
К.Манхейм статистикалық немесе баяу өзгеріске ұшырайтын дәстүрлі қоғамдар ең бастысы, жастардың жасырын мүмкіндіктерін жүзеге асыруына қарсыласа отырып, аға ұрпақтың тәжірибесіне сүйенеді деп белгілейді. Білім қалыптасқан әлеуметтік-мәдени үлгілердің, құндылықтар мен нормаларды қайта жасау мен қайталау әдістері дәстүрлерін беруге шоғырландырылған. Динамикалық қоғамдар ең бастысы, жылдам өзгеретін немесе сапалы жаңа жағдайларға бейімделу үшін жастармен ынтымақтасуға сүйенеді. Қазіргі заманғы Қазақстан, әлемдік қоғамдастықтың көптеген елдері сияқты, К.Леви-Стростың жіктеуіне сүйенсек, қоғамның ыстық, тіпті «қайнап кеткен», типіне жатады. Сондықтан жастардың әлеуметтік құрылымдарына интеграциялану проблемасы көзсіз тыңдау мен талқыламайтын конформизм тәрбиесі арқылы емес, тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін жаңа қоғамдық мақсаттар мен идеалдарды қалыптастыру мен оған қызмет ету үшін пайдалану мәселесі күн тәртібінде тұр.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *