Алтын жүрек анамыз Алтын жүрек анамыз
Ерлан КЕНЖЕБЕК Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Ана деген әр адамның бағы ғой, Ана деген жарқырап жатқан шамың ғой. Ана десең миға қонар... Алтын жүрек анамыз

Ерлан КЕНЖЕБЕК

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінің
8-сынып оқушысы

Ана деген әр адамның бағы ғой,
Ана деген жарқырап жатқан шамың ғой.
Ана десең миға қонар мың сөздер,
Біліп қойғын ана ақыл батыр ғой.

Ана деген мың мамандық иесі,
Мәңгі қалар есімде оның бейнесі.
Ана деген дәрігер, аспаз, мұғалім,
Бар ғаламат құдіреттің иесі.

Ана дана, ана барша сұлулық,
Айтқан ақылы үлкен дүние ұлылық.

Ана туған батыр менен басшыны,
Олар сезген алтын жүрек жылулық.

Ана жүрек қатақан мұзды жібітер,
Ана жүрек бар әлемді тербетер.
Анаға деген парызыңды ұмытпа,
Ана атын сен әлемге бір көтер.

Ана білген баласының білімін,
Ана сезген болашақтың тірлігін.
Ана көрген қиыншылық күндерді,
Бермесінші баласына жаратқан.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *