ТІЛДІ ИГЕРУДЕ  КӨПТІЛДІЛІКТІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ ТІЛДІ ИГЕРУДЕ  КӨПТІЛДІЛІКТІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Нұрахметова А.Б., Қараулова Қ.М., М.Қозыбаев атындағы №23 орта мектебі, Қостанай қаласы Елбасы өзінің жолдауында «біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік... ТІЛДІ ИГЕРУДЕ  КӨПТІЛДІЛІКТІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

Нұрахметова А.Б.,
Қараулова Қ.М.,
М.Қозыбаев атындағы
№23 орта мектебі,
Қостанай қаласы

Елбасы өзінің жолдауында «біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақстандықтардың ана тілін одан əрі дамытуға бар күш жігерімізді жұмсауымыз керек» деген болатын. Мемлекеттік тіл саясаты біздің елімізде мемлекеттегі тілдік ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы жəне ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеудің бір тетігі, елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың құрамдас бөлшегі екендігі талас тудырмайды. Тіл саясатын тегеуірінді жүргізу үшін барлық құқықтық негіздер қалыптасты. Жеке тұлғанының өзін-өзі тану, шығармашылықпен ойлау, рухани дамуына, діниұста- нымына елемей өзге ұлт өкіліне мейірбандылықпен қарау, мəдени сұхбатқа дайын болу, яғни өзінің белгілі-бір мəдениетке тиісті екенін сезіну, сол өмірді таңдау жəне іске асыру. Сондықтан республикамыздағы білім беру жүйесі екітілді білім беру жүйесімен сипатталады, ол өз ретінде көптілділікке айналады. Қазіргі заманға сай білім беру жүйесінің тілдік мақсаты мынаны ұстанады: көптілділік пен этномəдениеттілік; əр тілді жəне мəдениетті топтардың өзара түсінісуі мен үндесуі; оқушылардың өзге тілді жеткілікті деңгейде игеруі жəне халықаралық деңгейде оқушының кəсіптік мүмкіндігін жоғарлату. Президент Н.Ə. Назарбаевтың «Өркендеу, қауіпсіздігі жəне барлық қазақстандық- тардың əл-ауқатын көтеру» атты Қазақстан халқына жолдауында жас буынға, оның біліміне жəне өмір салтына аса назар аударылған. Қоғамға бірнеше тілді игерген өз кəсібін жақсы білетін сауатты ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманға бейімді, идеялар ұсынып жəне жүзеге асыра білетін мамандар қажет. Тұлғаның жан-жақты дамуын жəне жас буынның көп тілді игеру деңгейін қамтамасыз ететін əлеуметтік институт – ол нақты білім беру жүйесі. Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өскелең өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уəлиханов айтқандай, халқы- мызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мəдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға – əрбір ұстаз міндетті. Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің əрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тəуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ. Қазақ тілін оқыту – қиын да қызық жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын маман- дарға қойылатын талап – сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру жəне танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының интелектісін, оқу əрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Білім негізінен пəн арқылы берілгендіктен, əр пəнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мəселе болып келгені даусыз. Əрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлы- ғы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нəтижесіз болды деп айта алмаймын. «Сабақ бе- ру жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», – деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде əртүрлі тəжірибелер еніп, нəтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тəрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру жəне білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. «Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманың жетілу, ширау, даму дəрежесі» – деп түсінді- реді тіл ғылымдарының ғалымы М. Балақаев. Тілдік норманы жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін,жазба тілін дамытқан жөн. Осы мақсатпен тіл дамыту сабақтарында оқушыларға белгілі тақырып аясында ауызша мəтіндер құрастыруға, оқығандарын мазмұн- дап, көркемдеп баяндауға, əңгімелеуге үйретемін. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе, ойтолғау, əңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады. Тіл дамыту сабақтарына қойылатын талаптар: – қоршаған ортада көргендерін əңгімелеп, өмірмен байланыстыру; – оқыған əңгіме,ертегі,тақпақтарды өз сөзімен жəне əдеби тілде айта білу; – белсенді сөздік қорына енген сөздерді қажетіне қарай күнделікті іс-əрекетке пайда- лана білу, – жаңадан меңгерген сөздерді белсенді сөздік қорына енгізу; – сурет сериалары бойынша өз шығармашылығымен əңгіме құрастыра білу; – монологты жəне диалогты сөйлеудің екі түрін пайдаланып, оқылған шығарманы баяндау; – оқылған шығарма, ертегі,көрген мультфильмдегі басты кейіпкерлерді ажыратып,олар туралы өздігінен қорытынды жасау; – тіл дамытуда мимика, ыммен сөйлесу,ымдап сөйлегенді түсіну, — тілдегі дыбыстарды анық,таза,дұрыс айтып, бір бірінен ажырата білуі. – сөйлемдегі сөздердің орын тəртібін білуі. Сабақта ауызекі сөйлеу тілін дамыту барысында оқушыларды қазақ елінің салт-дəстүрімен, əдет-ғұрпымен, мəдениетімен таныстыру олардың жан-жақты дамуына, тілге деген көзқарастарын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді. Тіл дамыту сабағын оқыту арқылы оқушыларды интернациолизм рухына, ұлттық патриотизмге тəрбиелеу.
Тілді үйрену əуелі тілдік білім беру мен білімді тəжірибеде дұрыс қолдана білу сатысынан тұрады. Сондықтан жаттығулар екіге бөлінеді: – тілдік жаттығулар; – сөйлеу жаттығулары. Тілдік жаттығулар меңгерген тілдік материалды керек кезінде айтылатын ойға байла- нысты оқушының орынды қолдана алуын көздейді. Сөйлеу жаттығулары қарым – қатынас жасауға бағытталады. Сөйлеу жаттығуларына диалог құру да жатады. Сөйлеу дағдыларын дамыту жолдарында грамматикалық ережелерді меңгеріп, оларды түсініп, дұрыс қолдана бі- лудің маңызы өте зор. Дамыту мақсатында сурет бойынша сөз тіркестерін, сөйлемдер құрас- тыру, əңгімелеу жұмыстарын жүргіземіз. Мəтінмен жұмыс істей отырып жаңа сөздермен таныстырып, ойын дұрыс айтуға, сұрақ қоя білуге, берілген сұрақты түсініп, нақты жауап бере алуға үйретеміз. Мəтінде кездесетін таныс сөздермен, сөз тіркестерімен жəне меңгерілген жаңа сөздермен сөйлем құрастыруға, əңгімелей білуге дағдыландырамыз. Ауызекі тілде сөйлеуге үйрету қиын да қызық жұмыс. Сол қиындықтарды жеңілдету үшін өз тəжірибемізде əр түрлі əдістерді дамытуға тырысамыз. Сөздік қорды дамытуға бағытталған əдістердің міндеті – сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Осыған орай біз өз сабақтарымда күнделікті қолданатын əдістердің бірнешеуіне тоқталайық. Түсіндіру əдісі – жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады.Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады. Сұрақ–жауап əдісі – балалардың тілін дамыту үшін маңызды əдістің бірі. Өте тиімді əдіс. Жас ерекшелігіне байланысты оқушыларға тақырыпқа байланысты сауалдар қойып, жауап аламыз. Баяндау əдісі – тіл дамыту сабақтарында қолдануға өте тиімді. Тірек – сызбалар бойынша оқушылар ақын – жазушылардың кім екенін, шығармашылығы жайлы толық мəлімет бере алады. Сұхбаттасу əдісі арқылы екі оқушы бір-бірімен тақырыпқа байланысты əңгімелеседі. Монолог əдісі бойынша оқушылар тірек-сызбаға сүйене отырып, берілген тақырыпқа əңгіме құрастырып, өз ойын жеткізе біледі. Аударма əдісі бойынша тірек-сызбаның көмегімен əңгіменің мазмұнын аударады. Тірек-сызбалар арқылы оқушылар кез келген тақырыпқа əңгіме құрастырып, өз ойла- рын оңай жеткізеді, ауызша тілді дамытады, сөздік қорын молайтады, ауызекі тілде сөйлеуге дағдыланады. Тірек-сызбалардың тағы бір тиімділігі – сабақтың сапасын арттырады, оқушы- лардың белсенділігін, ойлау жəне еске сақтау қабілеттерін дамытып, қазақ тілін оқып-үйре- нуге деген қызығушылықтарын арттырады. Практикалық əдіске ойнау элементтері бойынша тіл үйрену кіреді. Дидактикалық ойындар оқушылардың білімін бекітіп, сөздік қорын молайтады, сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді дұрыс құрастыруға, қажетті сөздерді дұрыс тауып қоюға, кішігірім əңгіме айтуға жаттығады. Балалар ойынның тəртібін білмейтін балаға үйретеді, түсіндіреді. Интерактивтік əдіс – жеке индивидтердің, топтың, жұптың, өзара біріккен əрекетке бір- біріне алма-кезек əсер етуі. Бұл əдіс əсіресе, сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады. Бірігіп жұмыс істеуге үйретеді. Олардың ізденуін, шығармашылықпен əрекет етуін қамтамасыз етеді. Бұл əдіс кезінде оқушылардың істі ұйымдастыра білу қабілеттері де көрінеді. Тілдерді бір белгілі қызмет саласында пайдалану тілдің қолданылу аясы болып табыла- ды. Мелекеттік тіл білім беру жəне мемлекеттік басқару салаларында толығымен қолданылады. Мемлекеттік тілдің дəрежесі мен деңгейі оның пайдалануы жəне қолдануымен анықта- лады. Қазіргі кезде қалыптасқан тіл жағдайы қазақ пен орыс тілдерінің қатар өмір сүре ала- тындығын куəлайды. Бірақ əр түрлі қарым-қатынаста орыс тілі доминантты болып табылады. 51 Оқушылар арасында оқу тіліне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарына жəне əдебиетке қатысты келесі көрсеткіштер айқындалған:
«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай жобаларды, шығармашылық жұмыстарды орындатып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймыз. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты əрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жұмыстарды жүргізудің тиімді тұстары: оқушының пəнге деген жеке қызығушылығын оятады; танымдық қабілеттілігін қалыптастырады; этно-мəдениеттік тəрбие береді; оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды; оқытушының уақытын үнемдейді; қосымша мəліметтер береді. Мұғалім үшін тиімділік тұстары: барлық баланы оқыту; оқу-тəрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу; білім берудің формасын оңтайландыру міндеттерін атқару; оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену. «Жеті тілді білсең – жеті өнерге үйренесің» деген қазақтың мақалы бар. Қазіргі кезеңде мемлекеттік тілді үйрену қазіргі өмір талабы мен уақыт əсерінен туындаған өзекті бағыттар- дың бірі болып табылады. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухта оятуға қызмет етеді, əрі ата-баба алдындағы ұлы па- рызымыз». Қазақстанда бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Ал олар Қазақстанның халқын, соның ішінде əр халықтың тұрмыс əдебиетін, əдет-ғұрпын, мəдениетін білуі тиіс. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Қоршаған орта тіл үйренуге көп ықпал етеді. Тіл үйренуге оқушыны тарта білу, қызық- тыра білу – ол ұстаз шеберлігіне байланысты. «Тілдер дамыту мен қолдану» бағдарламасын іске асыру бойынша келесі іс-шаралар өткізілді.
Мемлекеттік тілдің мəртебесін көтеруге басқа ұлт өкілдері арасында өткізілетін іс- шаралардың ықпалы зор. Мектепте айдың соңғы сəрсенбісінде бастауыш сынып оқушыларымен «Көркемсөз оқу сайысы», «Əнші балапан», «Ертегілер елінде», «Жүзден жүйрік», «Наурыз-думан» атты іс-шаралар өтті. Оқушылардың танымдық қабілеттерін ұштау барысында шығармашылық жұмыстар орындалып отырады. Мысалы: «Менің отбасым», «Ұлттық киімдер», «Ұлттық тағамдар», «Ұлттық салт-дəстүрлер», «Ұлттық ойындар», «Шығармашылық жұмыстар», «Мақал-мəтелдер кітапшалары» жинақ-талған. Бұл жұмыстарды орындау барысында оқушылар Қазақстан- да тұратын өзге ұлт өкілдерінің мəдениеті мен тілі туралы мағлұмат алады.
Бірізділікпен жұмыс істеу барысында оқушының ілгерлеуін байқауға болады. Егер баланың ынтасы дамып, мұғалімнің күшімен емес, өз еркімен тіл үйренуге құштарлығы артып жатса нұр үстіне нұр. Ондай оқушылар аз емес. Мектепішілік, қалалық жарыстарда жүлделі орын алған шəкірттер де баршылық. Өзім жұмыс істеген төртінші сынып оқушысы Хомутов Валерий, мектепішілік олимпиадада бірінші, ал облыстық «Тіл шамшырақтары» атты сайыста үшінші орынға, Набиева Айтач екінші орынға ие болды. Төрт жыл оқыса да, олардың қазақ тілін білсем, игерсем деген ынталары күшті. Осындай талабы бар балаларға мемлекеттік тілді үйрету, оқыту – əрбір ұстаздың басты парызына айналуы лəзім. Қорыта айтқанда, ұстаздық атын жоғары ұстап, ұрпақ тағдырына жауапкершілікпен қарап, өзімді сол ұстаздықтың биік шыңынан көргіміз келеді. Осы орайда ұлы ойшыл, данышпан ақынымыз Абай Құнанбаевтың мына бір сөзі ойға оралады. Болмасаңда ұқсап бақ Бір ғалымды көрсеңіз, Ондай болмақ қайда деп Айтпа ғылым сүйсеңіз, – десе ұстаздың – ұстазы болуға тырысып бағыңдар дегені секілді. Қасиетті тіліміздің мəртебесін асқақтату мен бірге, ұстаз еңбегі – əрқашан ұлы еңбек, ардақтай да, аялай білейік. Тіліміздің мəртебесі – еліміздің мəртебесі, сондықтан сауатты, мемлекеттік тілді жетік білетін азамат тəрбиелеу – қазақ тілі мамандарының негізгі міндеті.

Əдебиеттер тізімі

1. Ахметов Ж. Балаларды мəдениеттілікке тəрбиелеу жолдары / Қазақстан мұғалімі. 18 ақпан 1994.
2. Шахнарович A.M. Қостілділік: тіл, мəдениет жəне тұлға // көпұлтты қоғамда тілдің əлеуметтік жағдайы. – М.: Ғылым, 1991. – 252–259 б.
3. Қазақстан Республикасы.ТОО «Аруна Ltd», 2002.
4. Баишев Ж. ҚР Конституциялық құқығы. – Алматы: «Жеті жарғы», 2001.
5. Көпмəдениетті білім беру ортасының этнопедагогикалық тəрбие потенциалы (мақалалар жинағы). – Қостанай, 2002.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *