Ақберені қазақтың   (Махамбет Өтемісұлына) Ақберені қазақтың   (Махамбет Өтемісұлына)
Марат ӘБДІРАМАНХАН 11-сынып оқушысы Республикалық пәндік олимпиадада тарих пәні бойынша жеңімпаз (2017, 2018); Республикалық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндік олимпиадасының І орын иегері;... Ақберені қазақтың   (Махамбет Өтемісұлына)

Марат ӘБДІРАМАНХАН

11-сынып оқушысы Республикалық пәндік олимпиадада тарих пәні бойынша жеңімпаз (2017, 2018);
Республикалық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндік олимпиадасының І орын иегері;
Республикалық Мағжан оқуларының жеңімпазы

 

Ер Махамбет,
Өр Махамбет кешегі,
Ер жастанып, тоқым болған төсегі.
Махамбеттей батыры бар қазақтың,
Маңдай бағы бес елі.
Асыл тегің,
Құлагерім,
Марқасқам.
Тел ұстаған домбыра мен алдаспан.
Батырлығы Абылайдан дарыған,
Ақындығы ер Ақтаннан жалғасқан.
Ержүрек ең,
Желбіреген,
Байрағым.
Жалын жырың,
Өр намысқа айғақ үн.
Шалқар күймен дүбірлетіп даланы,
Ел жолында бәйгеге бас байладың.
Асыл ерім,
Хас ұл едің,
Жасын едің жайнаған.
Алыстан жауын байқаса
Қылышын қыннан сайлаған.
Семсердей өткір жырымен
Намысын елдің қайраған.
Наркескенім,
Мәңгі естесің,
Арланым,
Еділ-Жайық ел қондыру,
Асқақ еді-ау арманың.
Халқың үшін хас жауыңды өлтірген,
Жас жаныңды қиып кетті қанжарың.
Алдаспанымсың,
Зор дастанымсың,
Қызғышым,
Өр намысыңа жете алмас ешкім,
Құзды шың.
Тарих жазды алтын әріппен атыңды,
Мәңгілік өшпес,
Ұмытылмайтын үлгісің.

Жанарыңда неге
қалған жас тұнып?

Жанарыңда неге қалған жас тұнып?
Әлде біреу кетті мекен қас қылып?
Мұң басқанда көңіліңді тұмандап,
Сабырыңды ұста әркез тас қылып.

Қабағыңа қар жаудырма,түңілме,
Өткен қайғы, кеткен күнге үңілме.
Кешегінің өткен ісі өтті ғой,
Қара жарқын болашаққа, бүгінге.

Жанарыңда неге қалған жас тұнып,
Бұрын сенде білінбеуші еді жат қылық.
Жиі-жиі тазалап тұр, үнемі
Қалмау үшін жүрегіңде қақ тұрып.

Басың неге кеткен сонша салбырап,
Зор мәселе кейде үңілсең сандырақ.
Көңіліңді қуаттандыр әрқашан,
Құр қаңқасы қалмау үшін саудырап.

Қайғы деген ғайып болар қас-қағым,
Қайғы деген сенші маған рас сағым.
Шүбірегіңді қолыңа ал да, жасыңды
Қайғыңменен бірге сүртіп тастағын.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *