ӨМІРТАНУ немесе рухани-имандылық туралы ӨМІРТАНУ немесе рухани-имандылық туралы
Ермек МҰҚАНҒАЛИЕВ Өмір өте күрделі құбылыс және оның жағымды және жағымсыз жақтары бар. Күнделікті өмірде жеке адамдардан бастап, бүкіл қоғамның қателіктер мен қиыншылықтарға тап... ӨМІРТАНУ немесе рухани-имандылық туралы

Ермек МҰҚАНҒАЛИЕВЕрмек МҰҚАНҒАЛИЕВ

Өмір өте күрделі құбылыс және оның жағымды және жағымсыз жақтары бар. Күнделікті өмірде жеке адамдардан бастап, бүкіл қоғамның қателіктер мен қиыншылықтарға тап болып жататын себебі, біз өмірді жете танып білмеумізден және оған өте үстірт қараумыздан деп білу керек. Сондықтан осы жарық дүниеге келген әрбір адам өмірін мағыналы әрі бақытты өткізуі үшін өмірді ерте танып білуге ұмтылуы тиіс.

Әрбір тіршілік иесі саналы адам үшін ең басты құндылық, ол өмір, себебі өмір Алла Тағаланың адамға берген сыйы. Сондықтан оны қадірлеп, бақытты өмір сүру үшін, өмірді танып білу адамдардың адамгершілік парызы.Бірақ та өмірді танып білу оңайға түспейді, себебі өмір өте күрделі құбылыс және дүниеде адамның ақыл парасаты жетіп болмайтын, құпия сырлар өте көп. Соның ішінде атап айтсақ, кеудеміздегі жан, басымыздағы сана, денеміздегі материядан бастап, ұшы-қиыры жоқ кеңістік пен уақыт сияқты ұғымдар, адамның санасы жетіп болмайтын тылсым құпия күштер. Дегенмен жер бетіндегі тіршілік иесі болып саналатын саналы адамдар, осы өмірді танып білуге міндетті. Ол үшін біз жеке адамдардың өмір салтынан бастап, өзіміз құрған қоғамның өмір салтын зерттеп білуге тиспіз.
Дүние жүзінде миллиардтаған адам, мыңдаған ұлт, жүздеген мемлекеттер бар және олардың әрқайсысы өзінің табиғи ортасында, тарихи қалыптасқан қоғамына байланысты, әртүрлі өмір сүреді. Соның ішінде жер бетіндегі ең үлкен Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан Қазақстан деген мемлекет және онда ежелден өмір сүріп келе келе жатқан қазақ деген халық бар. Олар өздерінің тарихында талай қиыншылықтарды басынан өткеріп ХХІ-ғасырдың табалдырығын тәуелсіз мемлекет ретінде аттап отыр. Бірақта ата-бабамыздың ғасырлар бойы армандап, жаңадан қол жеткізген тәуелсіздігімізге қауіп әлі сейілген жоқ. Сондықтан тәуелсіздігімізді сақтап, оны нығайту үшін бізге әлі көп ойланып, көп еңбек етуге тура келеді. Әрине тәуелсіздігміздің баянды және тұрақты болуының бірінші және басты кепілі, ол қазақ халқының бірлігі мен ынтымақтастығы. Ол үшін біз қазіргі өмірімізді терең зерттеп, кемшіліктермізді уақытында түзей білсек, болашағымызда солғұрлым айқын әрі жарқын болмақ.
Егерде адамзат баласының өткен тарихына ой жүгіртіп көрсек, оның бірнеше қоғамдық даму сатыларынан өткенін білеміз. Сол сияқты қазақ халқының да өз даму тарихы бар.
Қазақтар ХIX-ғасырдың соңына дейін негізінен көшпенділікпен өмір сүрсе ХХ-ғасырдың басынан отырықшылдыққа айналды. Бірақ та олар ауылдық жерлерге орналасқандықтан өзінің ұлттық өмір салтына лайық қала мәдениетін жасай алмады.
Еліміз тәуелсіздігін алып, қоғамымыз нарықтық экономикаға енуіне байланысты ауыл қазақтары өздерінің үйреншікті мәдени ортасын тастап, қала маңына шоғырлана бастады. Олар қазіргі кезде қала мәдениетіне (дұрысы орыс мәдениетіне) үйрене алмай және ұлттық сипаттағы қалалық өмір салтын қалыптастыра алмай, маргиналдық өмір кешуде. Ұлттың демократиялық жолмен дамуының басты белгісі, ол сол ұлттың, соның ішінде оның тілінің, дінінің, салт-дәсүрінің даму деңгейінің көрінісі болып табылады. Егерде саясатты, экономиканы, құқықты дамытуда басқа алдыңғы қатарлы елдерден үлгі алуға болатын болса, ұлттық мәдениетті, рухани құндылықты, идеологияны қалай дамытуды сол ұлттың өзі шешуі тиіс.
Болашақта қазақ ұлтының алдында екі жол тұр. Бірі, өзінің ұлттық дәстүрлі мәдениетінің негізін сақтай отырып, уақыт талабына сай жаңа өмір салтынқалыптастыру немесе бұрынғы тарихи қалыптасқан көшпенді өмір салты мәдниетінен түгелдей қол үзіп, қазіргі қалалық мәдениетке, яғни орыс мәдениетіне жұтылып кету.
Егерде қоғамымыздың бүгінгі даму барысы осы қалыпта жүре берсе, жоғарыда айтылған екі жолдың соңғысы күш алып кету қаупі бар. Оған қазіргі дүние жүзі бойынша жүріп жатқан жаһандану процесі де өз ықпалын тигізбек.
Осы тығырықтан дұрыс шығып, өзіміздің ұлттық болмысымызды сақтап қалудың бірден-бір дұрыс жолы, қазірден ұлттық рухтағы өмір салтымызды қалыптастырып, оны күнделікті тұрмысымызға батыл ендіру. Ол үшін қазақтардың басын біріктіріп, оларды бір мақсатқа жұмылдыратын ұлттық идея қажет.
Әрбір адам тіршілікте дұрыс өмір сүріп, ғұмырын мағыналы өткізгенін қалайды. Бірақта оған қол жеткізу үшін адам өмір сүрудің әдіс-тәсілдерін ерте үйреніп, өмірден мол тәжірибе жинауы керек. Адам өмір тәжірибесін күнделікті тұрмыстағы өмір салтынан үйренеді. Ғалымдардың айтуынша адамның дүниетанымының 80 пайызы он жасқа дейін қалыптасады екен және оның 10 пайызы оқу арқылы, 20 пайызы есту арқылы, 70 пайызы көру арқылы. Яғни адам жарық дүниеге келген сәттен бастап сырттан болатын әсерді өзініңбес сезім мүшелері арқылы қабылдаудың салдарынан оның санасы қалыптаса бастайды.Оны біз бейсана дейміз. Олай болса адамның дүниетанымы, өмірге көзқарасы, көбіне бейсана арқылы, былайша айтқанда күнделікті өмірде көру, есту, сезу арқылы қалыптасады екен. Сондықтан да бұрынғы қазақтардың «Тұрмыс түзер ойыңды, ойың түзер бойыңды» деуінің себебі сол.
Қазіргі жастарымыз еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта күнделікті өмірде не көріп, не естіп, не оқып жүр?
Ата-аналардың көбі жұмыс істейді, сол себепті олардың үйде отырып балаларын тәрбиелеуге уақыттары жоқ. Оның үстіне қазіргі ата-аналардың өздері уақытында «Советтік өмір салтымен» тәрбиеленгендіктен балаларына ұлттық рухта тәрбие беруге олардың қабілеттері жетпейді. Осындай себептердің салдарынан қазіргі жастар тәрбиенің көбін үйдегі көгілдір экраннан, кассеталардан немесе көшенің тәрбиесін көріп өседі. Ал олардың экраннан, кассеталардан көретіндері атыс-шабыс, зорлық-зомбылық, наша тарту, ұрлық жасау, адам өлтіру, былайша айтқанда – «Батыстың өмір салты».
Сосын келіп қазіргі жастарымыз ұлттың рухани мәдениетінен хабарсыз, ата-анасын сыйлауды білмейді, дөрекі, әдепсіз, қатыгез болып өсуде деп оларды жазғырған боламыз. Ал, шын мәнісінде мұның басты себебі жастарымыздың уақытында ұлттық рухтағы тәлім-тәрбие алмауының салдары.
Қазір жағдай өзгерді, қазақтар қалаға көптеп қоныстана бастады. Енді өзіміздің қала өміріне сай ұлттық өмір салтымызды қалыптастырып, жаңа қала мәдениетін жасауымызға қолайлы жағдай туып отыр. Ол үшін өткен өмір салтымызды зерделеп, оны қазіргі өмірімізбен салыстыру арқылы болашақ өмір салтымыздың үлгісін жасаумыз керек.
Біз осы кезге дейін гуманитарлық ғылымнан –қоғамтану, мәдениеттану, саясаттану, әлеуметтану, дінтану пәндерін орта және жоғары оқу орындарында жастарға оқытып келдік. «Өміртану немесе рухани-имандылык туралы» кітабын оқулық ретінде пайдалануға болады деп ойлаймыз. Оның «Өміртану немесе рухани-имандылык туралы» деп аталуының себебі, адамзат баласының жүріп өткен өмір жолын терең зерттеп, оны танитын ғылымды «Өміртану» десек, осы ғылымның теориясының ақиқаттығын өмір тәжірибесінде білу үшін оны салауатты өмір салты арқылы іске асыруға тиіспіз. Осындай жолмен біріншіден, өткен өмір тарихмызды біліп, онан сабақ алатын болсақ, екіншіден, сол тәжірибеге сүйене отырып, болашақ өмір салтымыздың үлгісін жасауға болады.
Өмір өте күрделі құбылыс және оның жағымды және жағымсыз жақтары бар. Күнделікті өмірде жеке адамдардан бастап, бүкіл қоғамның қателіктер мен қиыншылықтарға тап болып жататын себебі, біз өмірді жете танып білмеуімізден және оған өте үстірт қараумыздан деп білу керек. Сондықтан осы жарық дүниеге келген әрбір адам өмірін мағыналы әрі бақытты өткізуі үшін өмірді ерте танып білуге ұмтылуы тиіс. Адам өмірі балалық шақ, жастық шақ, есейген шақ, орта жас, кәрілік сияқты бірнеше сатылардан өтеді. Осы уақыт ішінде оның дүниетанымы, өміргекөзқарасы, мінез-құлқы қалыптасып, адам деген үлкен атаққа ие болады. Адам деген ардақты атқа ие болып, оны дұрыс алып жүру үшін, ол өмірді тани білуі керек. Сол себепті жастар өмірдің құпия сырларын ерте түсініп, оның қиыншылықтарын жеңіп, бақытты өмір сүрулері үшін «Өміртану» пәнін мектептерде оқып үйренулері қажет. Сонда ғана болашақ ұрпағымыздың ұлттық санасы қалыптасып, ұлттық рухтағы құндылықтармызды қадірлеп, ұлттық мүддемізді қорғап, ана тілінде сөйлеп, салт-дәстүрмізді күнделікті өмір салтында қолдана білетін болады.
Адамның тіршіліктегі негізгі мақсаты бақытты өмір сүру болса, сол үшін олар қоғам құрады және оны тарихи даму барысында жетілдіріп, дамытып отырады. Негізінен қоғамның құрылымын үш салаға бөлуге болады, олар – рухани-имандылық,әлеуметтік-экономика және қоғамдық-саяси.
Біз қоғамның осы үш саласын терең зерттеп, оның даму заңының құпия сырларын ерте түсініп, толық меңгерсек бізге өмірді танып білу де оңайырақ болмақ.
Өмір салты деген сөз айтуға оңай болғанмен түсіндіруі қиын, ал оған талдау жасау онан да қиын, себебі осы кезге дейін өмір салты ұғымының бірыңғай нақты анықтамасы болған жоқ, ол тек жеке адамдардың мінез-құлқынан бастап бүкіл қоғам өмірін сипаттауға дейін кең ауқымда қолданылып келді. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде өмір салты ұғымы «советтік», «социалистік», «американдық», «капиталистік» т.б. қоғамдық жүйенің өмір салты деп, біржақты таптық, идеологиялық бағытта түсіндірілген болатын. Ал, шын мәнісінде қоғамдық құрылымның өзі жеке адамдардан тұрады, сондықтан да өмір салты ұғымын жеке адамдардың өмірінен бастаған дұрыс. Егерде біз жеке адамдардың өмір салтын жан-жақты терең зерттеп білсек және оны дамытып жетілдіру жөнінде дұрыс тұжырымдама жасасақ, ол адамдарды, соның ішінде жастарды тәрбиелеп өсіруде өте зор жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіншілік жасалған болар еді.
Енді осы «өмір салты» деген сөз тіркесі ұғымының мәнін және құрылымын жеке талдап көрелік:
Қазақ ұғымында «өмір» деген сөз «тіршілік» сөзінің баламасы, яғни, тіршілік бар жерде өмір бар. Бұл жерде әңгіме тек жеке тұлғалардың биологиялық өмір тіршілігі туралы емес, сонымен қатар бүкіл қоғамның әлеуметтік өмірі болуға тиіс. Себебі қоғамсыз адам өмір сүре алмайды, ал қоғам өмір сүруі үшін ол табиғатпен тығыз байланыста болуы керек.
«Салт» деп әр халықтың тарихи қалыптасқан тұрмыс жағдайына байланысты әлеуметтік топтың әдет-ғұрпына айналып, ол ұрпақтан ұрпаққа ауысу арқылы көп қайталанып, бір ұлттың тұрақты өмір тіршілігінің түріне айналған салт-дәстүрді айтамыз. Әр халықтың сұрыпталып, екшеліп уақыт сынынан өткен өзіндік салт-дәстүрі болуға тиіс. Өйткені ол сол халықтың ата-бабаларының сан ғасырлар бойы тірнектеп жиып, тіршілік тезінен өткізген, келер ұрпағына жеткізген асыл мұрасы, алтын қазынасы. Онан айрылған ұлт толыққанды ел бола алмайды.
Өмір салты ұғымы жеке адамдарды, әлеуметтік топты және бүкіл қоғамды зерттеу де, оның саяси, экономикалық, рухани өресінің өзара байланысын ашуда, оларды жинақтап, тексеріп білуде әдістемелік негізі рөлін атқарады.
Өмір салты табиғи-географиялық, тарихи-қоғамдық жағдайда өндіріс тәсілі анықтайтын өмір денгейінің жиынтығы, сонымен қатар жеке адамның, әлеуметтік топтың және бүкіл қоғамның өмір тіршілігінің құндылық мақсатындағы іс-әрекетінің сипаты. Яғни, объективті сыртқы жағдайдың әсерімен адамның субъективті ерекшелігіне байланысты қалыптасқан әлеуметтік құбылыстың түрі мен бейнесі.
«Өмір салты» туралы философия сөздігінде мынандай анықтама берілген:«Өмір салты – жеке адамдардың, әлеуметтік топтық және бүкіл қоғамның әдеттегі өмір жағдайында тіршілік әрекеті түрінің жиынтығын қамтитын философиялық- социологиялық категория. Ол адамдардың еңбектегі, тұрмыстағы, қоғамдық өмірдегі іс-әрекетін және мәдениеттегі бір-бірімен өзара байланысын жинақтап қарауға, сонымен қатар, өмір деңгейіне, сапасына, стиліне байланысты мінез-құлқындағы өзгерістің себебін табуға мүмкіншілік береді».
Сонымен „өмір салты” ұғымына жеке адамдардың, әлеуметтік топтар мен бүкіл қоғамның тіршілік тәсілі, мақсат-мүддесі, рухани жандүниесі кіреді екен. Әрине, бұл сол қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайларға байланысты қалыптасады.
Адамдардың өмір салтынан олардың бір-бірімен қарым-қатынасы, рухани мәдениеті мен мінез-құлқы көрініс табады. Сондықтан да қоғам өмірінің даму дәрежесі мен мәдениеті, тұрмыстық ереже нормалары және әдет-ғұрыптары сол қоғамның өмір салтын сипаттайды.
Адамдардың өмір салтын ұғыну үшін олардың қалай тұрмыс шегіп, еңбек ететінін, оқып білім алатынын, нені ойлап қам жейтінін, өзі өмір сүретін қоғамға қалай қарайтынын, өмірдегі өзінің орны мен міндетін қалай түсінетінін білу керек.
Өмір салтын сипаттап, анықтайтын маңызды тағы бір белгі – ол адамдардың қоғамдағы әлеуметтік жағдайы. Өйткені бір өмір салтының екіншісінен мәндік, сапалық жағынан айырмашылығы осыған байланысты. Күнделікті өмір салтының түрлері белгілі бір әрекеттің, жағдайлардың әсер етуінен, моралдық принциптердің, өмірге көзқарастың салдарынан өзгеріп отырады. Әлеуметтік жағдайлар өмір салтының ішкі әлеуметтік мәнін, сапалық сипаттарын айқындайды. Сол себепті адамдардың өмір салтын әлеуметтік құбылыс деп санауға болады.
Өмір салтының қоғамдық жүйе ретінде көп қырлы, өте күрделі құрылымы бар. Олар – адамдардың еңбек ету жағдайы, тұрмыс тіршілігінің деңгейі, бос уақытты пайдалана білуі, сол сияқты басқада адам өмірінде кездесетін жағдайлардың түрлері. Сонымен қатар, өмір салты адамдардың күнделікті іс-әрекетінің элементіне айналғандықтан оған мәдени және моралдық құндылықтардың да нормалары кіреді.
Қандай өмір тіршілігінің түрімен айналысатынына және оны қалай бағалайтынына қарай субъектілердің өмір салтының бір-бірінен елеулі айырмашылықтары бар.
Адамдардың өмір салты негізінен бір қоғамдық-экономикалық формация екіншісімен және өмір салтының тарихи түрі іс жүзінде басқасымен ауысқанда ғана өзгеріске ұшырайды. Бірақ та мұның құрылымының күрделілігі сонша, оның өзгеруі тарихи процесте тек қана өндіріс тәсіліне және бүкіл қоғамдық жүйенің өзгеруіне байланысты болмақ.
Өмір салтының құрылымы туралы сұрақ өмір салтының мәні мен мазмұнын ашуда, оның өзгеруі мен дамуын анықтауда, яғни осы құбылыстың бағытын зерттеуді белгілегенде өте маңызды орын алады. Оның құрылымдық элементтері адамдардың өмір тіршілігін анықтайтын сыртқы жағдайларға немесе адамдардың табиғатына тән ішкі шабытына емес, қайта адамның өмір тіршілігінің түріне байланысты.
Өмір тіршілігінің түрі дегеніміз не және оған байланысты адамдардың өмір салтының құрылымы қалай өзгеріп отырады?
Өмір тіршілігінің түрі деп адамдардың өмір салты-
ның құрылымдық элементтерін табиғи-тарихи жағдайда толықтырып, біріктіретін іс әрекетінің үлгісін айтамыз. Қазіргі кезде адам өмірінің мәні, материалдық және рухани байлықты жасауда, қоғамдық-саяси, отбасы-тұрмыстық істе, ой өрісін кеңейтуде, денсаулығын нығайтуда, басқа адамдармен, табиғатпен қатынаста көрініс табады.
Өмір тіршілігінің сандық және сапалық жағынан қазіргі адамдардың өмір салты бұрынғы өткен ғасырларда өмір сүрген адамдардың өмірінен айырмашылығы жер мен көктей. Өзгермелі өмір тіршілігі жүйесінің әр бір тарихи сатыда өмір салты болып табылатын өмір тіршілігінің түрі жаңарып, құндылықтар да өзгеріп отырады.
Бірақта бұл субъектінің тіршілік әрекетіне, өмір салтына анализ жасау процесінде детерменат ретінде болуы өте қажет. Біріншіден, ол субъекттің іс-әрекетінің түрі мен тәсілін анықтайтын сыртқы детерменат, екіншіден, ол субъекттің қарқынды, сапалы іс әрекетінің бағытына себепші ішкі қозғаушы күш. Осы екі деректің қай-қайсысын да ескермеу өмір салты ұғымын түсінуді қиындатады.
Өмір салтының жоғары деңгейдегі жиынтығын қорыту үшін әлеуметтік субъекттің өмір тіршілігі тәсілінің алдыңғы қатарлы, тек маңызды, тұрақты жағы алынады. Бұл қорыту деңгейінің жиынтығы жеке адамның және қоғамдық қатынастың сипатына байланысты әдістемелік принципін атқарады.
Өмір салты түсінігі әлеуметтік процесте жеке дара адамға, әлеуметтік топқа және жалпы қоғамға зерттеу жүргізуге мүмкіншілік береді. Ол сонымен қатар жеке адамдардың өмір тіршілігінің белгілі бір жағдай да қалай іске асатынын білуге көмектеседі.Өйткені адамның өмір салты ең алдымен жеке адамның қоғаммен байланысының түрі мен белгілі жағдайдағы ерекшелігіне және оны қоғамдық қатынас жүйесіне тарту әдісіне байланысты. Сондықтан да, практикалық мүдде әсерінен адам мен қоғамның арасындағы өзара байланыс қалыптасады.
Өмір салтын зерделегенде өмірдің жағдайы мен деңгейіне және сапасы мен стиліне жете көңіл бөлмесек, өмір салты туралы тұтас, әрі толық мағлұмат ала алмаймыз.
Сонымен, өмір салты сияқты сан қырлы құбылысты методологиялық зерттеу арқылы қоғам дамуының заңдылықтарын ашып, оның сандық және сапалық қасиеттерін біліп, сол арқылы қоғамымыздың үлгісін жасауға болады.
Өмір салты түсінігінде оның субъективті элементтері объективтілікпен бір деңгейде болады. Сонымен қатар, оның қажеттілігінің сипатымен құрылымы, ең ақырында тұлғаның бейнесі және оның қабілетінің даму деңгейі де соған байланысты.
Адамды еңбектің, қатынастың, қажеттіліктің, танымның, сезімнің субъектісі ретінде оның өмір тіршілігінің бүтіндей жүйесі арқылы зерттеу оның өмір ортасын түгелдей қамтып, адам туралы білімнің жетіспейтін жерлерін толықтыруға мүмкіншілік жасайды.
Сана бізді қоршаған болмысты өзгертуші қару болғандықтан өмір салтында белсенділік танытып отырады және үнемі даму үстінде болады. Сонымен қатар сана болмыстың уақыты өтіп ескірген жақтарын анықтаушы және оның болашақ даму заңдылықтарын белгілеуші күш.
Зерттеушінің міндеті тарихи даму барысындағы өмір салты түрінің өзгеру процесіндегі оның күрделі және қарама-қайшы қасиеттерін ашу, оның қозғаушы күшінің механизмін табу, осы сапалық пен сандық ара қатынасының диалектикалық мәнін көрсету, қоғамдық процестің салдары түрінде пайда болатын жаңарудың сипатын айқындау.
Адамдардың өмір салты нақты, тарихи өмір тіршілігінің әдісі ретінде олардың әлеуметтік өміріне белгілі бір дәрежеде ықпал етеді. Осы заңдылықты пайдалана отырып болашақта қоғамымызда салауатты өмір салтын құру баршамыздың алдымызда тұрған басты міндет.

* * *

Адам баласы табиғаттағы бірден-бір саналы ақыл-ой иесі болып табылатындықтан олар тіршілік жасап, күн көруі үшін бірігіп, бір-бірімен қатынасқа түсіп, қоғамдық ортаны құрады. Ол үшін олардың өмір сүретін территориясы, өзара тұрақты қатынас жасайтын адамдар жиынтығы және өсіп-өніп отырулары керек.
Қоғам ұғымына бір сөзбен анықтама беру мүмкін емес, себебі оның мазмұны өте күрделі әрі көп қырлы құбылыс және ол адамзат тарихында ұдайы көптеген өзгерістерге ұшырап, біртіндеп дамып отырады.
Қоғам ішінде әр кез әлеуметтік құбылыстар мен процестер жүріп жататындықтан оның құрылымы да күрделі болып келеді. Қоғамда ұлттар мен діни қауымдастықтар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдар өмір сүретін болғандықтан олар өзараәлеуметтік байланыстар мен қатынастар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар құрып, қоғамның өз заманына лайық дамуы үшін әрекет жасайды. Ол үшін біз қоғамның және оның ішінде өмір сүретін діни қауымдастықтар мен ұлттар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың дамуында шешуші рөл атқаратынбасты белгілерін анықтап алып, оның даму заңдылықтарын терең зерттеп білуміз керек. Сонда ғана біз қазіргі өмір сүріп отырған қоғамымыздың және осы қоғамды қалыптастырып отырған титулды ұлт пен онда өмір сүретін адамдардың даму дәрежесінің қай сатыда екенін анықтайтын боламыз.
Енді осы қоғамды дамытатын басты қозғаушы күш не деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Бұны кейбір идеалист теоретиктер абсолюттік идеядан іздесе, басқалары қоғамдық сананың айрықша формаларынан іздейді.
Ал, марксизм ілімі бойынша қоғамның дамуы өндірістің дамуының нәтижесі, өндіріс болса негізгі әлеуметтік процесс болып саналады. Яғни, қоғамның дамуы объективті де, қажетті процесс, ол адамның санасынан, оның қалауы мен еркінен тәуелсіз жүріп жататын объективті заңды құбылыс деп тұжырымдайды. Бірақ, қоғамдағы субъективті факторлардың барын, былайша айтқанда, адамдардың саналы іс-әрекетін олар жоққа шығармайды.
Қоғамның дамуы әлеуметтік құрылымның өзгеру динамикасымен тығыз байланысты. Бұл құрылым кең көлемде алғанда қоғам мен оның негізгі элементтері арасындағы байланыс, былайша айтқанда «әлеуметтік құрылым» әлеуметтік бірліктердің өзара қарым-қатынасын сипаттайды.
Әлеуметтік қатынастар – жеке адамдар мен әлеуметтік топтарда болатын тұрақты және өзара жеке байланыс. Демек, қоғам көптеген индивиттерден, олардың арасындағы әлеуметтік байланыстардан, өзара қимыл-әрекеттерден құрылады.
Әлеуметтік қатынастардың бір ерекшелігі сол, ол саяси, экономикалық,рухани болып жекелеген салаларға бөлінбей біртұтас сипатта болады. Қоғамдық қатынастардың негізгі субъективтері – адам, тап, ұлт, кәсіптік, демографиялық топтар. Яғни, әлеуметтік қатынас осы тұрғыдан алғанда рухани, экономикалық, саяси салалармен қатар тарихи даму барысында басқа да субъектілермен бірге қоғамдық өмір болып саналады.
Өзінің құрылымы жағынан әлеуметтік топтың, соның ішінде әсіресе жеке адамның өмір салтына қарағанда қоғамның өмір салты әлдеқайда күрделірек. Себебі ол уақытқа және кеңістікте өтіп жатқан әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаларға тән әртүрлі өмір тіршілігін қамтиды.
Сонымен қатар әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың қоғам ішіндегі өзара ынтымақтастығы немесе күресі, осының бәрі онда бір уақытта өтіп жатады. Бұл жерде әңгіме қоғамдық өмір салтының құрылымының ерекше күрделілігі туралы екені белгілі.
Қоғам тарихи даму барысында өткеннен болашаққа, төменнен жоғарыға және ескі сападан жаңа сапаға өтуі арқылы жүреді. Мұны социология ғылымында «әлеуметтік процесс» деп атайды. Алайда қоғамда прогрессивтік күштермен қатар кертартпа реакцияшыл күштер де әрекет етіп, әлеуметтік жаңалықтарға кедергі жасауы мүмкін.
Қоғамның өмір жағдайы оның өмір тіршілігін белгілейтін өзіне әртүрлі үш саланы біріктіреді, олар – рухани-имандылық, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси болып табылады.
Рухани-имандылық дегеніміз адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді, рухани құндылықтарды, имандылық ар-намысты әрі қарай дамытып жетілдіруі үшін қолданылатын этикалық термин.
Негізінде адамдардың өмір салтын салыстырмалы түрде рухани және материалдық деп екі үлкен салаға бөлуге болады. Адам болмысы өте күрделі құбылыс, себебі адамның материядан тұратын денесінің өсіп жетілуі және өмір сүруі үшін ол тұрақты түрде қорек алуы керек, қоректік заттарға ауа, су, тағамдар жатады. Мұның бәрі табиғаттан алынады және олар материалдық құндылықтар болып саналады. Бірақ адамдардың жануарлардан басты айырмашылығы сол, олар саналы тіршілік иесі болғандықтан рухани құндылықтарсыз өмір сүре алмайды. Ал, рухани құндылықтардың өзі қоғамда – рухани мәдениет, рухани байлық, рухани күш тағы басқа бірнеше түрлерге бөлінеді.
Олай болса, рухани сөзінің қандай ұғым беретінін және оның маңызын дұрыс түсіне білуіміз керек. Бұл ұғым әрине адамның бойындағы адамгершілік қасиетке байланысты. Алла тағала адамға тек сана беріп қоймай, сонымен қатар басқа да жағымды-жағымсыз қасиеттерді бірге жаратқан. Бұлардың бәрі адам бойында түрлі жағдайда қалыптасып, дамып отыратын қасиеттер. Енді соның ішінен рухты алатын болсақ, ол адамның бес сезім мүшелері арқылы оның бойына жинақталған жан қуаты. Адамның сезіміне –махаббат, көңіліне – шабыт, бойына – жігер, ойына – талап, мінезіне – қабілет беретін жақсы қасиеттердің бәрі рухтың арқасы. Осы асыл қасиеттер адамның жүрегіне қуат беріп, оны нұрландырып отырады. Ал, егер бұл қасиеттер адамның бойында әлсіз немесе жоқ болса, ондай адамдардың рухы төмен, жігері жасық, көңілі пасық, ниеті қара, иманы жоқ болып, рухтың орынын нәпсі басып, тән рахатына беріліп, құмарлық пен құлқынның құлына айналады. Олай болса, біз ең алдымен адам бойына рухани құндылықтарды дарытып, оның одан әрі дамып жетілуіне күш салуымыз керек.
Адам бойындағы тағы бір асыл қасиет ол – имандылық. Қазақта ар-ұяты бар, әдепті адамды иманды адам дейді. Яғни адамның адамгершілік қасиеті оның ары мен ұятына және инабаттылығына байланысты екен.
«Иман» сөзі арабша сенім деген мағынаны білдіреді. Бұл «Алланың хақ, пайғамбар оның елшісі екеніне сену» деген сөз. Иман – ислам дінінің бес парызының бірі. Атеистік қоғамда құдайға сенбей, дінді мойындамай, дүниені тек материядан тұрады деп уағыздаған коммунистік идеология адамдардың моральдық санасына кері әсер етіп, оларды адамгершілік қасиеттен қалай айырғанын көзіміз көрді. Егер тарихқа көз жүгіртіп көрсек, түрлі діндер мыңдаған жылдар бойы адамзатпен бірге жасасып келеді, себебі дін адамды рухани азғындықтан сақтап отырады. Ал, атеистік қағиданы уағыздаған коммунистік идеологияның ғұмыры бір ғасырдан да аспады. Осы ақиқаттың өзінен адамдарды имандылыққа тәрбиелейтін идеяның қаншалықты өміршең екенін көреміз.
Адамдардың бұл өмірдегі басты міндеті, бойында-ғы имандылық қасиетті жоғалтпай, басқаларға мейірімді болып, олармен ибалы қарым-қатынас жасап, қолынан келгенінше бір-біріне ізгілік көрсету.
Егер де адамдар имандылық қағидаларын орындап, өзара тату-тәтті өмір сүрсе, қоғамда тыныштық болып, салауатты өмір салты орнамақ. Ол үшін жастарды имандылық жолына отбасынан бастап, балалар бақшасында, мектепте дұрыстап тәрбиелеуіміз керек.Сонда ғана адамдардың рухы жоғары, иманы таза, адамгершілік қасиеттері мол, ата-анасын сыйлайтын, дос-жарандарына адал, отанын сүйетін абзал азамат болып өсетініне күмән жоқ.
Әлеуметтік-экономикалық сала дегенде біз қоғам ішіндегі адамдардың өзара әлеуметтік-экономикалық қатынастарын айтамыз. Бұлар құрылымы жағынан өзара тығыз байланысты және ол өмір салтының әлеуметтік деңгейі мен даму бағытын анықтайды. Соның ішінде «әлеуметтік» ұғымы бұл социологиялық категория. Ол – әлеуметтік жүйе, әлеуметтік тұрмыс, әлеуметтік құрылым сияқты әртүрлі ұғымдарды қамтиды.
Социология ғылымы әлеуметтік болмысты зерттегендіктен оның заңдары да әлеуметтік сипатта болады. Яғни ол қоғамның, әлеуметтік топтардың және жеке адамдардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынасының заңы болып табылады.
Қорыта айтқанда әлеуметтік дегеніміз адамзат баласының өмір сүруі үшін оның күнделікті тұрмысында болып жататын өзара қарым-қатынастың жиынтығы. Ол қатынастар қауымдастықтың ішінде – ұлттық, таптық, демографиялық, территориялық, кәсіптік болып бірнеше салаға бөлінеді.
Ал, экономика болса адамдардың әлеуметтік тұрмысын дамыту үшін оның материалдық жағын қамтамасыз ететін өмір салтының негізгі құрылымы болып саналады. Адам биологиялық өмір сүруі үшін, оның ішетін тағамы, киетін киімі, тұратын баспанасы болуы керек. Осы айтылғандардың бәрін адам өзінің еңбегімен табиғат байлығын өндіріп-өңдеу арқылы алып отырады. Егерде әрбір адам өзінің әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін сапалы еңбек етіп қоғамның материалдық байлығын көбейтсе, оларға күнделікті тұрмысын түзеп, ұрпақ тәрбиелеп өсіріп, өмір салтын жетілдіруге зор мүмкіншіліктері болмақ. Ол үшін адамдарға сол өзі өмір сүретін қоғамда еңбек етіп, табыс табуға жағдай жасалуы керек. Адамдардың материалдық проблемаларының шешілуі еңбек өнімділігінің деңгейіне байланысты. Ал, еңбек өнімділігінің өсуі негізінде өнеркәсіпте қолданылатын технологияның жетілуіне тәуелді.
Ғылым мен техниканың және технологияның дамуы тек экономиканы дамытып қоймай, сонымен қатар, адамның сана-сезіміне, мінез-құлқына, өмір салтына әсер етеді. Өндіргіш күштердің жетілуі адам еңбегін жеңілдетіп, ауыр дене еңбегін аз қажет ететін ақыл-ой еңбегіне ауыстырылады.
Біз жоғарыда қоғамның өте күрделі құбылыс екендігін атап өттік. Қоғамды жасайтын адам, сондықтан да, адам мен қоғамның болмысы бір-біріне өте ұқсас. Егер де біз қоғамның өмір салтын жетілдіргіміз келсе, оны әрбір жеке адамнан бастау керек. Бірақ та адамдар сол өзінің өмір сүретін қоғамында өсіп тәрбиеленетін болғандықтан, қоғамның адамзатқа тигізетін әсері өте зор. Яғни, өмір салтының бұл екі субъектісі бір-бірімен диалектикалық байланыста деген сөз.
Қоғамды ретке келтіріп, басқаратын күш саяси жүйе болып табылады. Оның атқаратын негізгі міндеттері – әлеуметтік топтың немесе көпшілік қауымның саяси билігін басқару, қоғамдық қатынастарды реттеу, экономикалық дамуды қамтамасыз ету, қоғам ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптардың бірлігін сақтау, қоғам мүшелерін әртүрлі қауіпті жағдайлардан қорғау. Саяси жүйенің құрылымы өте кең. Солардың ішіндегі ең негізгісі мемлекет. Ол қоғамды басқарып, онда тәртіп орнатып, әлеуметтік және экономикалық құрылымды қорғауға тиіс. Бұл міндетті іске асыру үшін оның арнайы апараты бар. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын жүргізеді.
Саяси жүйеге мемлекет пен қатар саяси партиялар да кіреді. Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырып, олардың саяси сауаттылығын арттырады. Партияның белгілі бір идеологиясы болуы тиіс. Сол идеология арқылы партияның принциптерін белгілеп, оның алдына қойған мақсатын анықтайды. Ол мақсаттар партияның бағдарламасы мен жарғысында айқын көрініс табады.
Саясаттың субъектісі деп өз мүддесі үшін саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін жеке адамды, саяси ұйымды немесе әлеуметтік топты айтамыз.
Қандай адам болмасын ол белгілі бір топқа, тапқа, мемлекетке жатады. Сол себебті оған белгілі бір жағдайда қоғам ішінде болып жатқан саяси өзгерістерге қатысуы арқылы оның субъектісіне айналады. Сондықтан да, әрбір адам әділетті қоғам құрып, салауатты өмір салтын орнату үшін саясатқа белсенді араласып, халқына адал еңбек етуі керек.

Титулды ұлттың өмір салты

Ұлттық мемлекетті қалыптастыратын басты субъект ол титулды ұлт. Титулды ұлт деп сол аймақта ұлт болып тарихи қалптасқан және қоғам ішіндегі этностардың сан жағынан басым көпшілікті құрайтын ұлтты айтамыз. Дүние жүзінде екі жүздей мемлекет болса, соның басым көпшілігі ұлттық сипаттағы мемлекеттер болып табылады және ол мемлекет титулды ұлттың атымен аталады. Сол сиякты Қазақстанда мемлекет құрушы титулды ұлт – қазақтар.
Бүгінгі күні бір ұлттан тұратын бір де бір мемлекет жоқ, себебі дүние жүзінде екі мыңнан аса ұлт болса, мемлекеттер саны екі жүз. Яғни ол дегеніңіз бір мемлекетке он ұлттан келеді деген сөз. Сондықтан ұлт аралық қатынас әрбір мемлекет үшін өте маңызды проблема. Олай болса ұлтаралық қатынасты қалай реттеуге болады?
Ол үшін ең әуелі мемлекет құрушы титулды ұлттың қоғам ішіндегі статусын белгілеп, оны заңдастыру керек. Титулды ұлт сол қоғамның қауіпсіздігі мен дұрыс дамуының кепілі. Сондықтан ол сол қоғамды құрушы басқа субъектілердің басын біріктіріп, солардың заңды мүдделерін қорғап, оларға қамқор болуға тиіс. Біз қоғамды құрушы субъектілерге титулды ұлттан басқа – діни қауымдастықты, әлеуметтік топты және жеке адамдарды жатқызамыз. Ал қоғам ішіндегі диаспораларды әлеуметтік топқа жатқызуға болады.
Бұл унитарлы, ұлттық сипаттағы мемлекеттерге байланысты қағида. Жер бетінде мұнан басқа федеративті принципте құрылған көп ұлтты мемлекеттерде бар. Олардың көпұлтты деп саналуы-ның себебі, сол мемлекеттің территориясында тарихи ұлт болып қалыптасқан басқа этностарда өмір сүреді. Кейбір мемлекеттерде олардың ұлттық автономиясы бар, сондықтан ол мемлекеттерде ұлт аралық қатынас конституциялық заңмен реттеліп отыруға тиіс.
Қазіргі заманда өмір сүріп жатқан халықтардың қоғамдық-экономикалық формация арқылы қалыптас-қан, сол халыққа тән өмір салты бар. Әр халықтың өмірдегі тіршілік әрекетінде пайда болған оның әдетінің, елеулі жақтары сол халықтың, өмір салтынан берік орын алады және өткен ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерінің маңызды жақтары бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өзгеріссіз беріліп отырады.
Қоғам ішіндегі титулды ұлтты дамытуда бірінші кезекте оның – ұлттық санасына, ұлттық құндылықтарына және ұлттық мүддесіне көңіл бөлуіміз керек. Ұлттық санаға – идеология, психология, менталитет, патриотизм және тәрбиені жатқызуға болады
Бұл терминдердің ұғымы өзара бір-біріне жақын болғанмен, оның әрқайсының қоғам ішінде атқаратын қызметі әртүрлі. Мысалы, идеология сол қоғамда өмір сүретін барлық субъектілердің мүддесін бір мүддеге, яғни мемлекеттік мүддеге тоғыстырып, алға койған мақсатқа қол жеткізу үшін барлық қоғамдық сананы соған жұмылдырады. Сол сияқты психологияның, менталитеттің, патриотизмнің, тәрбиенің қоғам ішінде атқаратын өз рөлі бар.
Ал, ұлттық құндылыққа – мәдениетті, әдебиетті, өнерді, музыканы, спортты; ұлттық мүддеге – тәуелсіздікті, жерді, тілді, дінді, салт-дәстүрді жатқызамыз. Бұл айтылғандар әрбір мемлекетте титулды ұлттың дамуында басты рөл атқарады және ұлттың даму деңгейіне баға бергенде оның негізгі критерийі болып саналады.
Бұдан мыңдаған жылдар бұрында жер бетінде адамдар өмір сүрген. Олар қазіргідей мемлекеттерге бөлініп, өзінің шекарасын белгілеп, жеке өмір сүрген жоқ. Себебі ол кезде адамдар ұлтқа бөлінбеген болатын. Олай болса қазіргі мемлекеттердің пайда болуы ұлттардың пайда болуына байланысты деген сөз.
Адамзат қауымдастығы ұлт болып қалыптасуы үшін, ол тарихи даму барысында рулық, тайпалық, ұлыстық сияқты бірнеше сатылардан өтулері керек. Сол сияқты қазақ халқы да өзінің даму барысында осы үрдістің бәрін басынан өткізіп, ұлт болып қалыптасып, қазір өзінің тарихи отанында тәуелсіз мемлекетін құрып отыр. Бірақ қазақ халқы бірнеше ғасырлар бойы Ресейдің отары болып, бастарында саяси бостандығы болмады. Олар қоғам дамуында индустриалды даму сатысынан өтпей, қалалық жерлерде өмір сүрмегенен кейін, қала мәдениеті дамымауның салдарынан, кейбір адамдардың санасында рулық-патриархалдық сананың қалдықтары қалып қойғаны рас. Сол себепті Қазақстанда қазақтар мемлекет құрушы титулды ұлт болғанмен, саяси тәуелсіздігімізді алғанымызға жиырма жылдан асса да, осы кезде дейін рухани мәдениетіміздің негізі болып саналатын ұлттық-тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді тиісті дәрежеде дамыта алмай отырмыз. Осы осалдығымызды пайдаланып бұрынғы отаршылдық заманында бізге аға халық болып үйреніп қалған орыс ұлтының кейбір өкілдері қазақ тілін үйреніп, оның мәдениетін, салт-дәстүрін сыйлап, оларды өздерімен тең санап, олармен қатар өмір сүргілері келмейді. Соның салдарынан осы кезге дейін ұлтаралық қатынаста мемлекеттік тіл проблемасы шешімін таппай, кейбір басқа да мәселелер жөнінде түсінбеушіліктер орын алып, қоғамымызда қарама-қайшылықтар пайда болуда. Егер осы кезге дейін ұлтаралық қатынаста бейбітшілік сақталып келеді десек, ол тек қазақ халқының ұлттық мүддесін ескермей, сол бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегідей орыстандыру саясатының қоғамымызда жалғасын табуының салдары. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде жаппай орысша атауларға өзгертілген жер-су аттарын, немесе қала-көше атауларын бұрынғы тарихиатауларға қайта көшіру туралы сөз бола қалса, орыс диаспоралары қарсылық көрсетіп, өре түрегеледі. Алдағы уақытта елімізде мұндай жағдай болмас үшін біз қоғамның даму заңын терең зеріттеп, онда пайда болатын қайшылықтардың себеп-салдарын анықтап, оны дер кезінде бибіт жолмен шешіпотрумыз керек. Ол үшін бірінші кезекте қоғам ішіндегі оныңдамуында шешуші рөл атқаратынбасты субъектілердің құқықтық талап-тілектерін заңдастырумыз қажет.
Біз Қазақстанды «көп ұлтты мемлекет» санаймыз және онда өмір сүретін барлық ұлтты «тең құқылы» деп есептейміз. Соның салдарынан адамдар арасында құқықтық түсінбеушлік пайда болып, оның аяғы жанжалға ұласып жатады. Сондықтан әуелі мемлекет құрушы титулды ұлт пен ұлт диаспорлары құқұқтарының статусын белгілеп алып, оны заң жүзінде іске асыруымыз керек.
Мемлекет құраушы титулды ұлттың қоғам алдындағы жауапкершілігі диаспораларға қарағанда әлдеқайда жоғары. Сол себепті оладың қоғам ішіндегі статусы мен құқұғы диаспоралармен салыстандырғанда кең, әрі беделі зор болуға тиіс. Ол үшін титулды ұлттың рухани мәдениеті, әлеуметтік тұрмысыжоғары дамыған және саяси сауатты болуға тиіс. Сонда ғана басқа диаспоралар титульды ұлттың құқығын сыйлап, оның қоғам алдындағы беделін мойындайтын болады.
Титульды ұлт қоғам ішінде толыққанды ұлт болып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылықтары және ұлттық мүддесі өз отанында еркін дамуы тиіс. Қазіргі қоғамымыздағы қазақ халқының осы қасиеттерінің қай дәрежеде дамығанын білу үшін оған соцологиялық сараптама жүргізу арқылы, оны терең зеріттеуміз керек.
Біз осы кезге дейін ұлттық идеология жөнінде көп айтып, бірақта оны бір жүйеге келтіріп қалыптастыра алмай келеміз. Соның салдарынан біздің ұлттық санамыз бір қалыпқа түсіп, жоғары дәрежеде дамый алмай отыр. Ұлттық идея көбіне сол қоғамда өмір сүретін субъектілердің мүдделері бір арнаға тоғысып, ол мемлекеттік мүддеге айналса ғана, онан ұлттық идеология жасауға болады.
Негізінен көп адамдардың санасының дамуы оның күнделікті өмір салтына байланысты. Ол жөнінде уақытында «Сананы тұрмыс билейді» деп К.Маркс айтып кеткен болатын. Адамның санасының қалыптасуы туралы мұндай тұжырымға келу әрине өмірге материалистік көзқараспен қараудын әсері, бірақта көп адамдардың санасы осындай жолмен қалыптасатынын жоққа шығаруға болмайды. Себебі олар санадангөрі сезімге көбірек беріледі де, сонын салдарынан олардын дүние танымы, өмірге көз қарасы күнделікі өмір салты арқылы қалыптасады. Бірақта адам саналы ақыл-ой иесі болғандықтан және күнделікті ғылым мен білімнің дамуына байланысты өмірге саналы түрде ғылми көзқараспен қарап, оны қайткенде адамнын өміріне дұрыс пайдалануға болады деп, соған көбірек көңіл бөлу керек. Яғни «сананы тұрмыс билейді, адамды сана түзейді» десек шындыққа біртабан жақын боламыз.
Бүгінгі күні қазақ халқы мемлекет құрушы титульды ұлт ретінде ұттық идеологияға өте зәру. Себебі олар бірнеше ғасыр Ресейдің отары болып, өзінің ұлттық мүддесін қорғай алмай, рухани құндылықтарын жоғалтып алды. Енді бүгінгі күні қоғам ішінде қазақтарға тәуелсіз ұлт ретінде, өзінің ұлттық мүддесін қорғап, жоғалтқандарын қалпына келтіруге кедергі келтіретін осы ұлттың ішінен шыққын әлеуметтік топтар пайда болды. Олар қалада туып-өскен, орысша оқыған, қала мәдениетінде (орыс) тәрбиеленген, әлеуметтік жағдайлары ауыл тұрғындарына қарағанда әлдеқайда жоғары,сондықтан олар қазақтың- тілін,мәдениетін, әдет-ғұрпын менсінбей, өздерін ауыл адамдарынан жоғары санайды.
Осындай объективті жағдайларға байланысты қазақ ұлты екі әлеуметтік топқа бөлініп, қоғам ішінде қарама-қайшлық пайда болуда. Мұндай жағдай болашақта қазақ ұлтының бір тұтас ұлт болып дамуына және мемлекетнің тәуелсіздігіне үлкен қауіп. Сондықтан осы кезден мұндай қатердің алдын алып, оның зардаптарын жою үшіп төмендегідей шараларды іске асыруға тиіспіз:
1. Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту. Тәуелсіздік негізінен саяси, әлеуметтік, рухани болып үш салаға бөлінеді. Осы тәуелсіздігіміздің үш саласын қатар дамытсақ, ол күнен-күнге нығайып, алға қарай өркендей береді. Ол үшін бірінші кезекте сол мемлекетті құрушы титулды ұлттың ұлттық санасы дамып, ұлттық құндылығы сақталып, ұлттық мүддесі қорғалуға тиіе. Сонда ғана ол мемлекеттің тәуелсіздігі шын мәнінде дамып, нығайюда деп айта аламыз. Олай болса Қазақстанда мемлекет құрушы титульды ұлт қазақтардың тәуелсіздік алғанан бергі уақытта осы белгілері қай дәрежеде өсіп, дамып отыр?
Біз алдағы уақытта тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық қағидаға сүйене отырып осы жоғарыда көрсетілген еліміздің тәуелсіздігін әлсірететін жағдайлардың себеп-салдарын анықтап, оны болдырмаудың жолын іздеуміз керек.
2. Демократиялық қоғам құру. Бүгінгі күні дүние жүзінде екі жүздей мемлекет болса, солардың ішінде әлеуметтік экономикасы, рухани мәдениеті жоғары дамыған, қоғамдық саяси жүйелері демократиялық принципте құрылған мемлекеттерді демократиялық мемлекет деп атаймыз. Мұндай мемлекеттерде негізінен парламенттік жолмен қабылданған заң үстемдік етеді және мемлекет басшысынан бастап, қатардағы азаматтарға дейін заңға бағынуға тиіс, яғни заң алдында бәрі тең құқылы деген сөз.
Мұндай мемлекеттерде билік – заң шығарушы, атқарушы және сот органы болып үш салаға бөлінеді. Олар бір-біріне тәуелсіз болып саналады және конституциялық заңға бағынады. Бұл принциптер біздің ата заңымызда да көрсетілген, бірақ іс жүзінде бұл қағидалар әр уақытта сақтала бермейді.
Әрине қоғам демократиялық жолмен даму үшін сонда өмір сүретін халық саяси белсенді, әрі сауатты болуы керек. Ол үшін сол мемлекетті құрушы титульды ұлт қоғамдық-экономикалық формацияның барлық сатысынан өтіп, қоғамдық сана өте жоғары денгейде дамуы тиіс. Қазақ халқы өзінің даму тарихында мүндай процестерді басынан өткерді деп айта алмаймыз.
Қазақтар бірнеше ғасырлар бойы Ресейдың отары болып, олардың басында саяси билігі болмады. Оның үстіне он тоғызыншы ғасырдың соңына дейын негізіненмал шаруашылығымен айналысып, көшпенді өмір салтымен өмір сүрді. Соның салдарынан қалалар салып, өндіріспен айналыспады. Жиырмасыншы ғасырдын басында зорлық пен отырықшалдыққа айналса да негізінен мал шаруашылығымен айналысып, ауылдық жерлерде өмір сүрді. Осындай себептерден қазақтың ұлттық санасы әлсіз болып, бұрынғы феодализм кезіндегі рулық-патриархалдық сананың қалдықтары әлі жойылған жоқ. Осындай себептердің салдарынан қоғамымызда ұлттық идеологиямызды жасап, демократиялық принциптегімемлекет құруға мүмкіндік болмай отыр. Қазақ халқының алдында тұрған басты міндет, тәуелсіздігімізді пайдаланып алдағы уақытта Қазақстанда түрі ұлттық, мазмұны демократиялық қоғам құру.
3. Ұлттық идеология жасау.Идеология негізінен қоғамды құрайтын субъектілердің мүддесінен туындайды. Осы субъектілердің мүддесі бір жерге тоғысып, ол мемлекеттік мүддеге айналса ғана, онан ұлттық идеология жасауға болады. Яғни идеология дегеніміз осы мемлекеттік мүдденің мәні мен мазмұнын тануда және оны іске асыруда соған қоғамды жұмылдыратын қозғаушы күш.
Оның ұлттық идеология деп аталуының себебі, мемлекетті құрып, оны қалыптастыруда басты рөл атқарататын титульды ұлт, сондықтан титульды ұлттың мүддесі сол мемлекетте басты рөл атқаруға тиіс.
Ұлттық идеяны дұрыс түсініп, оны өмірде әділ қолданбаса ол өзінің мәнін өзгертіп, адамдар арасында рулық-патриархалдық сезімді тудыруы, немесе әсіре ұлтшылдыққа апарып, ұлттық мүддеміздің дұрыс қалыптасуына зияның тигізуі мүмкін.
Идеология адамның санасы мен іс-әрекетіне әсер ететіні белгілі. Ол әуелі жеке адамдардың санасында өзгерістер туғызу арқылы, ақыр сонында бүкіл қоғамның өзгеруіне әсер ете алады.
Ұлттық идея әрбір этностың рухани- психологиялық сезімнің нәтижесі болса, ұлттық идеология қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени дамуына әсер ететін фактор. Ол бара-бара сол қоғамда жалпы ұлттық және жалпы мемлекеттік сипат алуы мүмкін.
Қоғамдық жүйенің даму сатысында идеология ең жоғарғы қоғамдық сана болп табылады. Қоғамдық сананың түріне – саясат, құқық, мораль, этика, дінді жатқызуға болады және олардың бір-біріне әсер ететіні анық.
Сонымен идеология дегеніміз адамдардың өмірі туралы, оның мәні мен мазмұны, өткені мен болашағы, алдағы уақытта не істеу керек деген сұрақтарға жауап іздейді.
4. Ассимиляциалануға қарсы күрес.Егер дүние жүзі халықтарының тарихына көз салсақ, олар қөбіне бір-бірімен соғысумен, жауласумен, басып алумен өткенін көреміз. Бұгінгі күні дүние жүзінде екі жұздей мемлекет болса соның тең жартысынан қөбі жиырмасыншы ғасырда ұлт-азаттық күресінің арқасында тәуелсіздігін жеңіп алған мемлекеттер. Оған дейін өндірісі дамыған Батыс мемлекеттері Азия, Африка, Америка, Австралия жерлерін қарудың күшімен жаулап алып, өздеріне отар жасады. Отарлаушы елдер өздеріне бодан елдердің табиғи байлығын тонап, халқын қанап қана қойған жоқ, сонымен қатар оларды өзінің тіліне, дініне, салт-дәстүріне кіргізуге тырысты. Соның салдарынан қазіргі тәуелсіз мемлекет болып саналатын екі жүздей мемлекеттердің біразы, соның ішінде Америка, Африка, Австралия құрлықтарындағы халықтардың қөбі ассимиляцияланған халықтардан тұрады. Сондықтан олар өздерінін бұрынғы ұлттық – тілін, дінін, салт-дәстүрін жоғалтып, оларды метрополиядан қабылдаған болатын.
Бұрынғы патшалық Ресей де, Кеңес Одағы да негізінен осындай саясат жүргізіунің салдарынан қазіргі Ресейдің территориясында өмір сүретін халықтардың көбі ұлттық болымысынан айырылып, ассимилицияға ұшыраған халықтар. Мұндай жағдайды қазақ халқы да өзінің басынан кешірді. Соның салдарынан саяси тәуелсіздігімізді алып, өз алдымызға егеменді ел болғанымызға жиырма жылдан асса да, осы кезге дейін бұрынғы метрополияның ықпалынан шыға алмай,қазақ халқы рухани бодандықта қалып отыр. Бұл жағдай осы бағытта жалғаса берсе қазіргі өсіп келе жатқан жастарымыз ата-бабамыздан қалған ұлттық құндылықтарымыздың қадыр-қасиетін бағаламай, ұлттық болмысымыздан айрылып қалу қаупі бар. Сондықтан бүгіннен бастап бұл проблеманы қоғамдық сананың талқысына салып, ақ-қарасын айырып, алдаға уақытты не істеу керектігін осы кезден шешіп алуымыз керек.
5. Салауатты өмір сүру.Әрбір мемлекет құрушы титульды ұлттың өз отанында тарихи қалыптасқан ұлттық өмір салты болады. Ол өмір салты сол ұлттың тұрған жерінің бедеріне, ауа-райына, кәсібінің түріне байланысты қалыптаспақ. Мысалы, қазақтың тұрған жері көбіне кең байтақ дала, ауа-райы құбылмалы, қыста суық, жазда ыстық, негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Соңдықтан олар он тоғызыншы ғасырдың сонына дейін көшпенді мал шаруашылығымен айналысты. Сол себепті олар қала салып, өндіріспен айналысқан жоқ. Мұндай жағдай әрине олардың әлеуметтік тұрмысының дамуына, ұлттық санасының өсуіне, қазіргі заманға сай өмір салтын қалыптастыруына мүмкіндік бермеді. Егер Батыс елдері қалалар салып, ғылым-білімін дамытып, өндіріс орындарын өркендетіп, техника мен технологияны жетілдіріп, соның арқасында экономикалык, әлеуметтік жағдайын жақсартса, көшпенді мал шаруашылығымен айналысатын қазақтар Ресейдің отары болып, солардың өндіріс орындарын арзан шикізатпен қамтамасыз ететін, артта қалған шет аймақ болып саналды.
Кеңес Одағы кезінде Қазақстанда өндіріс орындары салынғанмен онда істейтін адамдар негізінен орыс ұлтының өкілдері болды және қалалық жерлерде орыстар шоғырланғандықтан онда орыс мәдениеті үстемдік етті. Негізінен сол кезде үкімет басында билікте болған коммунистік партиянын басты мақсаты, Совет Одағы деп аталатын алып империяда өмір сүретін орыстан басқа ұлттарды ассимиляциялап, орыс тілінің, мәдениетінің, салт-дәстүрінің үстемдігін орнату болатын.
Енді Қазақстан өз алдына тәуелсіз ел болып және қазақ халқы мемлекет құрушы титульды ұлт болып қалыптасқаннан кейын, халықаралық қағида бойынша олар осы елдің иесі болып, басқа диаспораларды өзінің айналысында топтастыра білуі керек. Ол үшін бірінші кезекте қазақтар өздерінін ұлттық санасын қалыптастырып, ұлттық құндылақтарын дамытып, ұлттық мүддесін қорғай білуге тиіс. Сондағана басқа ұлт диаспоралары қазақ халқынын тілін үйреніп, мәдениетін сыйлап, салт-дәстүрін құрметтейтін болады. Осындай мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстанда өмір сүретін барлық халықтарға ортақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға тиіспіз.

Діни қауымдастықтың өмір салты

Қоғам ішіндегі мемлекет құрушы субъектілердің бірі – ол діни қауымдастық. Егерде мемлекет құрушы титулды ұлт, сол мемлекетке өзінің атын, тілін, салт-дәстүрін берсе, діни қауымдастық сол қоғамда өмір сүретін адамдардың адамгершілігін, имандылығын, ізгілігін қалыптастыруға жұмыс істейді.
Жер бетінде қандайда болмасын бір дінге сенбейтін халық жоқ. Соның ішінде атам заманынан бері қазақ халқының ұстанып келе жатқан діні – ислам.
Ислам діні VII-ғасырдың бас кезінде Араб еліндегі Мекке қаласында пайда болған. Оның негізін салушы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар болатын. Бүгінгі күні дүние жүзінде ол дінді тұтынатын адамдардың саны миллиардтап саналады. Ислам дінінің өз үмбеттеріне қоятын баста талаптары: имандылықты сақтап, діни парыздарын өтеу және ислам құндылықтарына берік болу.
Қазақстанда көп ұлттың диаспоралары өмір сүреді, сондықтан мұнда ислам дінінен басқа да бірнеше діни қауымдастықтар бар. Соның ішінде ислам дінінен кейінгі екінші орын алатын православия діні. Оны көбіне орыс, украин, беларус т.б ұлт диаспоралары ұстанады. Негізінен қандайда бір дін болмасын олардың басты қағидасы адамдарды – ізгілікке, қайрылымдыққа, бауырмалдылыққа тәрбиелеу. Діни наным-сенім арқылы адамдардың дүниетанымы, өмірге көзқарасы, әдет-ғұрпы қалыптасатыны белгілі.
Бүгінгі күні дүние жүзінде екі жүздей мемлекет болса, ол мемлекеттердің әрқайссында бірнеше ұлт өкілдері өмір сүреді және олар әртүрлі дни қауымдастықтардан тұрады. Сонымен қатар олардың тілі, мәдениеті, салт-дәстүріде әртүрлі. Осы түрлі діни қауымдастықтағы адамдар бір-бірімен бір мемлекетте, бір қоғамда, өзара тіл табысып, тату- тәтті өмір сүрулері үшін, олар сол елдің заңына бағынып, мемлекет құрушы титулды ұлттың мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеп, оның тілін білулері шарт.
Олай болса, көп ұлттыңдиаспоралары өмір сүретін тәуелсіз Қазақстанның бұл мәселе жөніндегі қазіргі жағдайы қандай?Біздің тәуелсіздігімізді жариялап, егіменді ел болғанымызға жиырма жылдан асты. Оның үстіне «біз көп ұлтты, көп дінді мемлекетпіз, соған қарамай бибіт өмір сүреп жатырмыз» деп мақтанамыз. Бірақ бүгінгі күні қоғамымыздағы күнделікті өмір шындығынан басқа көріністі көруге болады. Осы жердің иесі, сан жағынан республика халқының үштен екісін құрайтын, мемлекет құрушы қазақ халқының әлеуметтік жағдайы, рухани мәдениеті, басқа диаспораларға қарағанда қоғамымызда ең төменгі деңгейде, нашар дамыған қалпында қалып отыр. Мұндай жағдайды көрген басқа ұлт өкілдер қазақтың – тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сыйламай, оларға астамшылдықпен қарайды. Соның салдарынан қазіргі өсіп келе жатқан қазақ жастарының өз ұлтына деген патриоттық сезімдері ойанбай, ұлттық құндылықтарынтиісті дәрежеде бағаламай, басқа ұлттың мәдениетіне, өмір салтына, дәстүріне еліктеп, маргиналдық өмір кешуде.
Елімізде мұндай жағдайдың орын алуының басты себебі, қазіргі саяси билік басындағы элита тоқсан бес пайыз қазақ ұлтынан бола тұра, түгелге жуық орысша оқып, орыс мәдениетінде тәрбиеленген. Оның үстіне қызмет бабында да күнде, түгелдей орысша сөйлеулеріне байланысты өзінің ана тілінен, ата салтынан, ұлттық рухынан қол үзіп, ассимиляциаланған. Соның салдарынан оларда Отанына деген патриоттық сезім, ұлтына деген жанашырлық, имандылық жоқтың қасы. Сол себепті олардың ішінде қызметте -бюрократтық стил, заң бұзушылық, жемқорлық белең алған. Қоғамдағы осындай әділетсіздікті көрген жәй адамдардың арасында қылмыс жасау, маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, жезөкшілік, адам өлтіру күннен-күнге асқынып, адамдар моральдық азғыңдыққа бой алдыруда.
Дін мен тіл – халықтың тәні мен жаны, осы екеуіне мән бермеген жерде ол халықтың басқа дін мен басқа тілге жұтылып кету қаупі әр кез басым болмақ. Сондықтан әр халық өзінің діні мен тілін көздің қарашығындай сақтап, оны әрі қарай дамытуы сол халықтың ұлттық парызы.
Қоғамызда қазіргі кезде мұндай келеңсіз жағдайлардың орын алуының себебі, бізде адамдарды рухани мәдениетке, имандылыққа, адамгершлікке тәрбиелейтін жүйенің жоқтығынан деп білу керек. Негізінен адам толыққанды өмір сүреулері үшін оларға тіршілікте екі нәрсе қажет, олар — рухани және материалдық байлық. Материалдық байлыққа – тұратын баспына, киетін киім, ішіп-жейтін тағам жатады. Бұлар адамның денесінің өмір сүруіне қажет заттар және мұның бәрі еңбек етіп, материалдық байлықты жасау арқылы пайда болады. Ал рухани байлық дегеніміз, адамның сана-сезімі арқылы оның ішкі жандүниесінің қалауын білдіретін ар-ұяты. Ол адамның басқа жан-жануарлардан айырмашылығын, артықшлығын көрсетеді және ол имандылық, адамгершілік, ізгілік сияқты басты қасиеттерінің өлшемі болып табылады. Рухани қасиет адам бойына қоғамымыздағы күнделікті өмір салтымен – көру, есту, сезу арқылы дарып, жетіліп отырады. Соңдықтан күнделікті өмір салтымызды өзіміздің ұлттық мәдениетімізге, тәлім-тәрбиемізге, менталитетімізге беймдесек, ол жастарымыздың дүние танымы, өмірге көзқарасы дұрыс қалыптасып, отанының абзал азаматы болып өсуіне әсер етеді.
Адамзат баласының даму тарихында дінің атқаратын рөлі өте зор. Себебі ол әрбір халықтың өз жерінде мемлекет орнатуында, рухани мәдениетін дамытуында және адамгершілікке баулуында зор роль атқарады. Діннің басты қағидалары: нәпсіні тыйып үстау, ғайбат сөз айтпау; кісіге қиянат жасамау; кемтарларға қайыр-садақа беру; өсек-өтірік айтпау; жетім-жесірлерді налытпау; сияқтыадамдарды имандылыққа шақырып, оларды қоғамдасып тату өмір сүруге меңзейді.
Дінінен айрылған халық ұлттық қасиетіненде айырлып, ұлтсызданған халық –тілінен, дінінен, салт-дәстүріненде айрлатынын Америка, Африка, Австралия халықтарының тарихынанжақсы білеміз. Яғни ұлт болып қалыптасып, өзінің тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтаудың басты кепілі, әрбір ұлттың өз дініне берік болуына байланысты.
Өткен ғасырларда Батыс елдері қарудың күшімен Шығыс елдерін түгелге жуық жаулап алып, өздерінің отары жасап, олардың табиғи байлығын тонап, халқын ассимиляцияға ұшыратқаны тарихи шындық.
XX ғасырдың орта шенінде екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Шығыс халықтары өздерінің бостандығы үшін қолдарына қару алып, үлкен құрбандыққа барып, ұлт-азаттықкүресін жүргізді. Осы күресте халықты ортақ идеяға, бір мақсатқа жұмылдыруда Ислам, Буддизм діндері өте үлкен рөл атқарды.
Біз жоғарыда айтып кеттік, әрбір діннің басты мақсаты адамдарды – адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбелеу деп. Бүгінгі күні қоғамызда адамдарды осындай құндылықтарға тәрбилейтін ресми идеологияның жоқтығының салдарынан адамдар еркіндіктің жөні осы екен деп, оңай ақша тауып, баю үшін неше түрлі қылмыс жасап, моральдық азғындаққа түсуде. Мысалы, қолында билігі бар, лауазымды адамдар өзінің өкілеттілігін пайдаланып, халықтан пара алып, ұйымдасқан жемқорлыққа барып, заңды өрескел бұзса, соны көрген қатардағы жәй адамдар бұзақылық жасап, ақша үшін адам өлтіріп, ұрлық жасап, адамгершілік қасиеттерінен айырлып барады. Қоғамыздағы осындай келеңсіз жағдайларды жойып, адамдарды имңдылыққа тәрбиелеуде дінің атқаратын мүмкіндігі өте көп. Бірақта Ислам, Хрестиан, Буддизм діндері сияқты дәстүрлі діндердің ішінен түрлі секталар мен ағымдар пайда болып, олар өздерінің уағыздарын көпшілік қауым ішінде кеңінен таратып, кейбір діни сауаттары шектеулі адамдарды, соның ішінде жастарды теріс жолға салып, дәстүрлі діндердің беделіне зиян келтіруде. Мұндай қателіктерге жол бермес үшін оқу орындарында дін сабағын өткізіп, жастардың арасында тарихи қалыптасқан дәстүрлі діндер туралы мағлұмат беріп отырумыз керек.
Қазіргі кезде дүние жүзі ақпарат құралдарында «ислам терроризмі» деген термин кеңінен таралуда. Бірақта терроризм ешқаңдай дінге, ұлтқа, нәсілге бөлінбейді. Тарихтан білетініміздей қай жерде әділетсіздік орын алса, сол жерде терроризм пайда болады.
Тероризм негізінен мемлекеттік және жеке топтық болып екіге бөлінеді. Мемлекеттік тероризм дегеніміз- бір мемлекеттің екінші мемлекетке қару қолдануы немесе ақпарат құралдарыарқалы экономиқалық, психологиялық, идеологиялық, экспансия жұргізіп, қысым көрсетіп, өзінің үстемдігін орнатуға ұмтылуы. Осындай зорлық-зомбылыққа ашық қарсы туруға мүмкіншілігі жоқ және оған наразы адамдар, құпия террорлық әрекеттерге баратыны белгілі.Оның үстіне дінді өздерінің қара ниетіне пайдаланғыларыкелетін саяси күштер кейбір адамдарды, соның ішінде жастарды «сендер шын мұсылман болғыларың келсе, дінсіздерді өлтіріңдер, сонда о дүниеде жұмақта боласыңдар» деп теріс үгіт-насихат жұмысын жүргізеді. Ал, шын мәнісінде ислам діні жазықсыз адамдарға қастандық жасауды күнә санайды. Әрине террорлық әрекеттен көбіне бейкүнә, жазықсыз жәй адамдар зардап шегіп жатады. Оған мысал, Америка Құрама Штаттарының және Батыс елдерінің бірігіп, қару қолдану арқылы Иракті және Ауғанстанды жаулап алуы. Осыған наразылық ретінде Таяу және Орта шығыста көп жылдардан бері террорлық әрекет жасалып келеді.
Негізінен діндердің басты қағидасы, адамдарды имандылыққа, бауырмалдыққа, қайрымдылыққа тәрбиелеу. Бірақта кейбір өзінің үстемдігін басқа халықтарға жүргізуге ұмтылатын ұлы державалар дінді саясатқа айналдырып, түрлі жасанды діни секталар ойлап тауып, дәстүрлі діндердің беделін түсіріп, оларды іштей іріту үшін әртүрлі әрекеттерге баруда. Мысалы, мұсылман діні бір Аллаға сыйынады, бір Құранға сенеді, бір пайғамбарды мойындайды, солай бола тұра олар сунниттер мен шейіттер болып екі ағымға бөлініп, бір-бірімен жауласып, оның аяғы қан төгіске апарып жатады. Немесе Аллаға серік қосу, аруаққа сыйыну, харам-халал, паранжа жамылу, көп әйел алу сияқты сұрақтардың төңірегінде түрлі пікірлер айтылып, олар шешуі кыйын дауға айналуда. Ал шын мәнісінде біз мүсылман дінінің қағидаларын терең түсініп, оны жақсы меңгерсек, бүл сұрақтардың жауабы өз-өзінен табылып, ақылға қонымды шешімге келуге болар еді.
Бүгінгі күні Қазақстан халқының 70 пайыздан астамы мұсылмандар және алдағы уақытта бұл көрсеткіштің көбейе беретіні анық.Соның ішінде мемлекет құрушы, титулды ұлт – қазақтар мың жылдың үстінде ислам дінін ұстанып, өзінің рухани мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін, өмірге көзқарасын осы мұсылман дінінің қағидалары арқылы қалыптастырып, ол қазақ халқының ұлттық болмысынаайналған.
Мұсылман дінін адамдардың әлеуметтік өмірінде маңызды роль атқаратын моральдық-құқықтық дін деуге толық негіз бар. Себебі бұл дінде жеке адамдар, отбасы және қоғам күнделікті өмірде қандай өмір салтын басшылыққа алып өмір сүру керектігі анық көрестілген. Мысалы, ислам дінінің қағидасы бойынша мұсылмандарға – шошқа етін, арам өлген малдың етін жеуге, арақ-шарап ішуге, кұмар ойын ойнауға, сауда жасағанда бірін-бірі алдауға тыйын салынған. Ислам дінінде халал-харам деген ұғып бар, оны көп адамдар тек ішіп-жеуге байланысты айтылған деп түсінеді. Ал шын мәнісінде бұл сөздердің мағынасы одан әлдеқайда кең. Ол адамдардың ойлаған ойына, айтқан сөзіне, істеген ісіне де байланысты. Себебі, адамдар бұл өмірде қандай әрекет жасаса да, әр уақытта адал болуға, яғни басқа адамдарға, жан-жануарға, табиғатқа кесел келтіріп, зыянын тигізбеуге тиіс. Дін-қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Ол адамдарды адамгершілікке баулып, ар-ождан, ұят туралы көзқарастарды қалыптастырады. Ол тек адамның сыртқы қылығы мен іс-әрекеттін ғана реттеп, байыптап қоймайды, сонымен қатар оның ішкі жаңдүниесінде жасайды. Адамның ізгілік, мейрімділік және махаббатқа сенімі мен үмітін қалыптастырады.
Құран-кәрімде бүкіл қоғам, титулды ұлт, діни қауымдастық, әлеуметтік топ және жеке адамдар күнделікті өмірде қандай принциптерді басшылыққа алып өмір сүру керектігі жан-жақты толық қамтылған. Егерде әбір қоғам және оның ішінде өмір сүретін адамдар имандылақты сақтап, заңды орындап, парасатты өмір сүретін болса, ол қоғамда әр кез бейбітшілік сақталып, әр ұлттың, діни қауымдастықтың, әлеуметтік топтың және жеке адамдардың арасында түсіністік пен достық орнап, адамдар бақытты өмір сүрген болар еді.
Дін – ең әуелі рухани тазарудың кілті. Рухани таза адамдар ғана өздерін күллі жамаңдық атауылыдан аулақ ұстай алады және рухани азғаңдыққа ұшырамайды.
Қазақта «Тозар елдің жанжалы көп, озар елдің арманы көп» деген мәтел бар. Сондықтан бір мемлекетте, бір қоғамда өмір сүретін адамдар қандай ұлтқа, қандай діни қауымдастыққа, қандай әлеуметтік топқа жатпасын, бәрі алдарына бір мақсат қойып, соған қол жеткізуге ұмтылулары керек.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *