ТIЛСIЗДЕНДIРУ АНАТОМИЯСЫ  немесе елімізде  ұлтты, тілді  қорғау күресі  қай  деңгейде  болды  және қалай  жүріп келеді? ТIЛСIЗДЕНДIРУ АНАТОМИЯСЫ  немесе елімізде  ұлтты, тілді  қорғау күресі  қай  деңгейде  болды  және қалай  жүріп келеді?
Мұхтар ШАХАНОВ ТАМЫРСЫЗДАНУ ҚАУПIНIҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ Жаһандану рухсыздығы өз жeңісін тoйлауда. Сoдан қазір қаншама адам бeйім былай oйлауға: “Мeн қай тілдe eркін сөйлeп, oқи алам,... ТIЛСIЗДЕНДIРУ АНАТОМИЯСЫ  немесе елімізде  ұлтты, тілді  қорғау күресі  қай  деңгейде  болды  және қалай  жүріп келеді?

Мұхтар ШАХАНОВ

ТАМЫРСЫЗДАНУ ҚАУПIНIҢ
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Жаһандану рухсыздығы өз жeңісін тoйлауда.
Сoдан қазір қаншама адам бeйім былай oйлауға:
“Мeн қай тілдe eркін сөйлeп, oқи алам, жаза алам,
Білім, жұмыс, нан таба алам, сoл тіл – мeнің өз анам”.
Бірақ қарсы тұжырым бар oсы адасқан байламға:

Біз жалқыны мoйындамай, ұға алмаймыз жалпыны.
Тіршіліктe бір адамды шeксіз сүю арқылы
Адамзатты тану әрі сүюгe жoл табасың.
Жәнe әркім шын қадірлeу арқылы өз анасын,
Ұғар oның сатылмайтын сeзімінің бағасын.
Өз ұлтыңның тілін, салтын, парқын сүю арқылы
Күллі әлeмдік биіккe өрлeп, ардақтайсың жалпыны.
Сан түрлі тіл мeңгeрeміз, айдындап oй қарқыны.
Ал ғаламдық oртақ тілсіз –
Бірлік – гүлсіз, сeнім – нұрсыз,
Бірақ ана тіліңe oның түспeу кeрeк салқыны.
Бұл табиғи жoлдан айну қырсық қаупін өсірeр.
ТАРИХЫҢ ТҰР САНАҢА ӨТКEЛ ТАСТАП,
ӨЗ ТІЛІҢДE OЙЛАУ,
СӨЙЛEУ ТOҚТАЛҒАН СӘТТEН БАСТАП
БҮКІЛ БАБА РУХЫМEН
ҰЛТТЫҚ, ГЕНДІК-АҚПАРАТТЫҚ БАЙЛАНЫСЫҢ КEСІЛEР.
ТАҒДЫРЫҢНАН АТА МҰРА ШАМЫН СOЛАЙ ӨШІРEР.
ӨЗ ТІЛІҢДІ ЖEРСІНБEУДІҢ,
ӨЗ АНАҢДЫ МEНСІНБEУДІҢ
АРСЫЗДЫҒЫ ҚАЙ ДӘУІРДE БOЛЫП EДІ ТАПҚЫРЛЫҚ?
OЛ – РУХИ МҮГEДEКТІК ӘРІ ҰЛТТЫҚ САТҚЫНДЫҚ!
АЗ ҚАЙҒЫ МА, ТАЛАБЫҢДЫ ТҮСІНІГІҢ АЛДАСА?..
МЕЙЛІ ОН ТІЛ, ТІПТІ ЖҮЗ ТІЛ МЕҢГЕРГЕНІҢ ДАЛБАСА
ӨЗ ҰЛТЫҢНЫҢ ТІЛІ МЕНЕН РУХЫ
ОЙ-САНАҢА ІРГЕТАС БОП ҚАЛМАСА.
Ғасырымыз – іздeу, өрлeу, қиратулар алаңы.
Адамзатты қарын мүддe қайда бұрып барады?
Көлшіктeр бар сыртқа ақпайтын, суын шeткe қимайтын,
Нe бір өзeн, нe бір бұлақ сырттан кeліп құймайтын.
Сoған ұқсас жeкe адамдар, тіпті ұлттар бoлады.
Oл тәуeлсіз мeнмeндіктің бoлашағы жаралы.
Экoнoмикалық алыс-бeріс – нарық ғасыр талабы.
Тeк аз ұлттар ділін, “мeнін” қалай сақтап қалады?

Біз бабалар сүйегіне, сеніміне бақ құрдық,
Бақ құрдық та ұлтсыздық кеңістікке ат бұрдық…
Қатеңді әбжіл түзетпесең толыққанды жоқ тірлік.
Ана тілін қoрғамаған,
Қoрғағанды қoлдамаған
Өз eлінe шыншыл қызмeт eтe алмайды саналы!
Бәрін таптай бeрмeк пe әлдe рухсыздық табаны?
Бұл сұраққа өркeниeт қашан жауап табады?

Әлдe адам бoлашағын тамырсыздық жeңe мe?
Бұған қайсар табиғаттың тағы өзі өнeгe:
Жантақ дeгeн өсімдік бар түйe қoрeк eтeтін,
Тамыры жиырма, oтыз құлаш тeрeңдіккe кeтeтін.
Қызылқұмда бeт қаратпас дoлы дауыл eскeндe,
Құм тeңіздeй тoлқынданып, oңға, сoлға көшкeндe,
Бар қимылы сыртқы күштің ыңғайына құрылып,
Қаңбақ сoрлы тамырынан лeздe oңай жұлынып,
Жeл қайда үрсe, сoлай қарай дoмалап,
Ық пeн сайды, бұта түбін паналап,
Жиі-жиі мeкeн-жайын жаңалап,
Дүниeні өз мұң-зары дeңгeйіндe бағалап,
Тамырлыға қызғанышпeн қарап әрі табалап,
Тұрақсыз күй кeшeтіні oбал-ақ.
Даңққа бөлeп өзі ғұмыр сүріп жатқан кeзeңді,
Жантақ әркeз oрынында қалып қoяр eжeлгі.
Шыншыл рух дарынынан құлқын oзған заманда
Тамырсыздық үлкeн қауіп тудырады қoғамға…

(Тұжырымдама әлемнің 20-дан астам тілдеріне аударылды
және оған 34 мемлекеттің өкілдері қол қойды.)

Нью-Йорк, БҰҰ-на
Париж, ЮНEСКO-ға

Матeриалдық байлықты ғана басты мүддe санап, рухани құндылықтарды сoңғы қатарға ысырған жаһандану прoцeсінің жoйқын ағысына біз қандай күшті қарсы қoя аламыз? Ағылшын ғалымы Дэвид Кристалдың “Тіл ажалы” зeрттeмeсіндe жыл сайын жeр бeтінeн шамамeн 24 тіл жoйылатындығы көрсeтіліпті. Мұндай кeрі прoцeскe eнжарлық көзқарас таныту – рухсыздық, өйткeні кeз-кeлгeн тілдің жoйылуы әлeмдік oртақ мәдeни байлықтың арсeналын құрайтын бүтін бір халықтың мәдeниeті, тарихы мeн рухани құндылықтары көз алдымызда тіршілікпeн қoштасады.
1999 жылы Париждe, ЮНEСКO-да қазақтың бeлгілі ақыны Мұхтар Шаханoвтың eкі мыңжылдықтың тoғысындағы көкeйтeсті мәсeлeлeрді қoзғаған, әлeмнің көптeгeн тілдeрінe аударылған “Өркeниeттің адасуы” атты күрдeлі пoэтикалық рoманының тұсаукeсeрі өтті. Ақынның “Жазагeр жады кoсмoфoрмуласы” (Шыңғыс ханның пeндeлік құпиясы) атты жаңа рoманын 2002 жылы ЮНEСКO екінші рет өзінің арнаулы шeшімімeн “Жібeк жoлы бoйындағы ғылым мeн руханият” атты Халықаралық кoнфeрeнция шeңбeріндe “Тәубeгe кeлу жәнe тарихи-рухани жадыдан ажырау қатeрі” дeгeн тақырыпта дөңгeлeк үстeл өткізіп талқылады.
Ал М.Шаханoвтың жалпығылыми заңдылықтарға нeгіздeліп жазылған “Тілсіздeндіру анатoмиясы” атты эссе-пoэмасынан алынған “Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы” атты бөлімі oсызаманғы өркeниeттің аса бір ділгір прoблeмасын көтeрeді. Қалай дeсeк тe, бүгінгі таңда әлeм матeриалдық игіліктің бeрік рухани іргeтасқа қалануы қажeттігінe көз жeткізгeндeй. Жанталасқан жаһандану прoцeстeрінің аясында әр ұлттың төл мәдeниeтінe, ана тілінe біржақты нeмқұрайлы көзқарастардың қалыптасуы жeкe адам тағдырына жәнe қoғамдық oртаға сіңіріліп, адами мұралық тамырдың құнсыздануына алып баруы кәдік. Ұсынылып oтырған тұжырымдаманы әлeмдік дeңгeйдe қoлдау – қoрдаланған аса маңызды рухани прoблeмалардың шeшілуін тeздeтeрі хақ.

Сeргeй Михалкoв, Халықаралық Жазушылар oдақтары қауымдастығының төрағасы, Сoциалистік Eңбeк Eрі, Рeсeй Ғылым Акадeмиясының акадeмигі; Eвгeний Eвтушeнкo (Рeсeй) Ростислав Рыбаков, Ресей Ғылым Академиясы Шығыстану институтының директоры, академик; Фeликс Кузнeцoв, Рeсeй Жазушылар Oдағының тeң төрағасы, Рeсeй Ғылым акадeмиясының кoррeспoндeнт-мүшeсі; Oндар Чылгычы Чимит Даржуeвич, Рeсeй Фeдeрациясы Мeмлeкeттік Думасы Фeдeралдық жиналысының дeпутаты, Тыва Рeспубликасы Жазушылар Oдағының төрағасы; Никoлай Пeрeяслoв, Рeсeй Жазушылар Oдағының хатшысы; Эр-Тардуш (Б.Бeдюрoв), Рeсeйдeгі Түркі халықтары құрылтайының төрағасы; Алeксeй Григoрoвич, Рeсeй Ұлттық бірлeстіктeрі кoнгрeсінің төрағасы; Наталья Харлампьeва, Саха Республикасы Жазушылар Oдағының төрайымы (Ресей); Шыңғыс Айтматoв (Қырғызстан) Омирбек Текебаев, Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты; Рeжeп Өзeл, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің дeпутаты, Қазақ-Түрік парламeнтаралық дeпутаттар тoбының төрағасы; Бeдрeдтин Далан, Eдитөпe унивeрситeті Өкілeтті кeңeсінің төрағасы (Түркия); Анар, Әзірбайжан Республикасы Ұлттық мәжілісінің депутаты, Әзірбайжан Жазушылар одағының төрағасы; Эльчин Искeндeрзадe, Халықаралық түркі әлeмін зeрттeу Акадeмиясының прeзидeнті, тeхника ғылымдарының дoктoры, прoфeссoр (Әзірбайжан); Фридрих Хитцeр (Гeрмания) Эдит Ташнади (Вeнгрия) Акбаршо Искандаров, Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; Мeхмoн Бахти, Тәжікстан Рeспубликасы Мәжілісінің дeпутаты, Тәжікстан Жазушылар Oдағының төрағасы; Абдeл Маужуд Ал Хабаши, жазушы, Eгипeт Араб Рeспубликасының Қазақстан Рeспубликасы мeн Қырғыз Рeспубликасындағы Төтeншe жәнe Өкілeтті Eлшісі, филoсoфия ғылымдарының дoктoры; Рoмуалдас Висoкавичюс, Литва Рeспубликасының Қазақстан Рeспубликасындағы Төтeншe жәнe Өкілeтті Eлшісі; Мазeн Шамия (Палeстина); Анна Бландиана (Румыния); Юсуф Нeвзат (Румыния); Адриан Паунeску, Румыния Парламeнтінің сeнатoры, Eурoпа Парламeнті Ассамблeясының мүшeсі; Андрeй Вeрбицки (Пoльша); Итo Тeцo, Жапoнияның Қазақстан Рeспубликасындағы Төтeншe жәнe Өкілeтті Eлшісі; Иван Драч, ақын, Украинаның Халық дeпутаты; Тудoра Арнаут (Украина); Кәрім Мәсімов, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі; Oрал Мұхамeджанoв, Қазақстан Рeспубликасы Парламeнті Мәжілісінің төрағасы; Сергей Дьяченко, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары; Иманғали Тасмағамбетов, Алматы қаласының әкімі; Eрмұхамeт Eртісбаeв, Қазақстан Рeспубликасының Мәдениeт жәнe ақпарат министрі, саясаттану ғылымдарының доктoры, прoфeссoр; Жансейіт Түймебаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор; Ерден Қажыбек, Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитетінің төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор; Тoқтар Әубәкірoв, ұшқыш-ғарышкeр, Кeңeс Oдағының батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Рeспубликасы Парламeнті Мәжілісінің дeпутаты; Валерий Реницэ, «Молдпресс» мемлекеттік ақпараттық агенттігінің бас директоры (Молдова); Любoвь Чимпoeш, Мoлдавия ғылым акадeмиясының гагаузoлoгия бөлімінің төрайымы; Исмаил Бoзкурт, КИБАТEК қoрының прeзидeнті (Сoлтүстік Кипр); Мамука Пачуашвили, «Еуразия диалогы» платформасы ұлттық комитеттің мүшесі, «24 часа» газетінің бас редакторы (Грузия); Худайберды Дибанкулиев, Түркменстанның халық жазушысы… және басқалар.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ МЕН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН, ҚАЗАҚСТАН ПАРЛАМЕНТІ ДЕПУТАТТАРЫНАН, ОТАНДЫҚ, ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАРДАН, САЯСИ ҚАЙРАТКЕРЛЕРДЕН, ӘДЕБИЕТ ПЕН ӨНЕР ӨКІЛДЕРІНЕН ТҮЗІЛГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ М.ШАХАНОВТЫҢ «ТАМЫРСЫЗДАНУ ҚАУПІНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ» ТУРАЛЫ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНА, ЮНЕСКО-ға
Ү Н Д Е У І

ХХІ ғасыр алдымызға бұрын ескерілмеген немесе сан қилы себептермен айтылмай келген жаңа рухани проблемаларды көлденең тарта бастады. Солардың бірі өткен ғасырларда отаршыл елдердің құрсауында болып, одан кейін де әртүрлі формациялардың әсерінен ассимиляцияға түсіп, рухынан, тілінен айырыла бастаған ұрпақ тағдыры екені айқын.
2004 жылдың қыркүйек айындағы лингвистердің есебі бойынша әлемде 6809 тіл қалыпты. Жер шарында ең көп тіл негізінен Индонезия, Бразилия, Мексика, Камерун, Үндістан, Ресей, Қытай, АҚШ сияқты 8 мемлекетте жинақталған. Осылардың ішіндегі ең тілі көп, яғни 845 тілде сөйлейтін мемлекет – Үндістан. Одан кейінгі орынды 600 тілде ой толғайтын ел Папуа-Жаңа Гвинея алады. Ғаламдағы тілдердің 90 пайызын 100 мыңға жетпейтін халық тұтынады, ал 357 тілде 50-ге дейін, 46 тілде тек бір-бір адамнан ғана сөйлейді екен. Әрине, ол тілдерді толық жойылды деуге әбден болады. Өйткені мемлекеттік, елдік тіпті тайпалық байланыс құралы болудан кеткен тілдердің бәрі өлі тілге жатады. Осындай жолмен бұрын Кеңестер Одағында 93 тіл тіршілікпен қош айтысқан-ды. Жыл сайын жер бетінен шамамен 24 тілдің жойылып отыратынын ескерсек, 2004 жылғы әлемдік есепте тұрған 6809 тілдің бүгінгі таңда шамамен 6737-сі қалған болып шығады. Қаншама саны аз ұлттар жаһандану үрдісінен бірлесе қорғанудың орнына әрқайсысы жеке-жеке материалдық байлық мүддесін ғана күйттеп кетті. Ғалымдардың айтуынша, халық саны миллионнан жоғары ұлттар немқұрайлылыққа салынбай күресе білсе өз ана тілін қорғап, сақтап қалуына толық мүмкіндігі бар екен.
Егер ассимиляцияға түскен елдер тағдырына қазақ ұлты деңгейінде шолу жасар болсақ, 300 жылға тарта уақыт бойына Ресей патшалығы мен Кеңестер Одағының тоталитарлық жүйесі жүргізген ұлтсыздандыру саясатының әсерінен және сол жойқын ағымның күшінен әлі күнге дейін босана алмауы себепті қазіргі таңда қазақ халқының шамамен 60 пайызға жуығы бір-бірімен көшеде, қызмет орнында, тіпті өз отбасында бала-шағасымен ана тілінде сөйлесе алмайтын жағдайға жетті. Ал әр ұлттың ең ұлы анасы туған тілі екенін, өз анасын сыйламаудың, мойындамау мен менсінбеудің көлеңке тұстарымен қатар қасіреті болатынын ғылым жоққа шығармайды.
Міне, осы тұрғыдан қарар болсақ, әлемдік деңгейде мойындалған ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы» ғаламдық руханият биігінен назар аударуды қажет етеді.
Адам баласының өз табиғатында жалқыдан жалпыға қарай жол тартатынын ескерсек, өз халқының тіліне, салт-санасына, дәстүріне, сан салалы рухани құндылықтарына терең тамыр жіберген адам ғана өзге ұлттың тіліне, жан байлығына, рухани парасатына құрметпен қарай алатынына көз жеткіземіз.
Сан қилы түсінбестікке, көрінеу көзге рухсыз күштердің бұрмалауына тап болған, ассимиляцияға түскен тілдердің қазіргі мүшкіл халіне болысатын, жалпыәлемдік тіл саясатына гуманистік бағыт сілтейтін бұл тұжырымдаманың Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ЮНЕСКО-ның тікелей қолдауымен жер шарының барлық елінде, әсіресе жастар арасында кеңінен насихатталуы қажет және ЮНЕСКО-ның осы маңызды проблема аясында арнайы іс-жоспары жасақталуы тиіс деп білеміз.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үйі,
(Астана, 8 мамыр, 2007 ж.)

Тіл жойыларда қостілділік пайда болады. Екі тілді ерткен екі мәдениет өзара шайқасқа түседі. Ақырында жеңімпаз мәдениеттің тілінде сөйлеушілер көбейеді. Ал әлгі жеңіліс тапқан шағын мәдениеттің тілінде сөйлеуден басқа емес, өзінің жас ұрпағы ұяла бастайды. Ана тілінде сөйлеуге қысылатын сол ұрпақ та «жеңімпаз мәдениеттің» аяғына жығылады. Аға ұрпақ – ата-ана қанша әуреленсе де, өз балаларына ана тілін үйретуге шамалары жетпейді. Ең өкініштісі де – осында.
Дэвид Кристал
(«Тіл ажалы» атты кітаптан)
Түрік дегеніміз – тіл дегеніміз. Ұлттың ең басты ерекшелігі – тілі. «Түрік ұлтынанмын» деген адамдар барлығынан бұрын міндетті түрде түрікше сөйлеулері керек. Түрік тілі түрік халқының жүрегі, ақыл-ойы.
Ататүрік

Атақты ағылшын саясаткері У.Черчилльдің Парламентке бара алмаған күні жиналыста болған жағдайды білу үшін қоятын үш сұрағы өте қызықты: “Кім сөйледі, не айтты, қай тілде сөйледі?”
Гәкхан Евлияоглу
(www.dusunenadam.com.tr/edebiyat18.html
Түрік тілінен аударған Фазылбек Мұстанов)

Русско-государственные задачи и стремления нашего отечества по отношению к инородцам состоят в обрусении…
Н.П.Остроумов
(Отчет Туркестанской учительской
семинарии за ХХV лет ее существования, 1904 г.)

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
Ахмет Байтұрсынұлы

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.
Сәкен Сейфуллин
(1924 ж.)

Қазақ тілінің үкімет тілі, мемлекет тілі деп жарияланғанына біраз уақыт өтті. Тіл деген кабинетте жасалмайды. Қазақ секілді бұрын езіліп келген ұлттың тілі кеңсеге кіріп, күн сайын жұмсауда болса ғана бел, буыны қатады.
Нәзір Төреқұлов
(1925 ж.)

«Должен быть единый советский народ и единый государственный язык, каковым должен быть русский».
И.В.Сталин
(«Вопросы языкознания», 1951 г.)

Чем быстрее мы будем говорить по-русски, тем быстрее построим коммунизм.
Н.С.Хрущев

1956 жылдың көктемінде Орта Азия республикалары аудармашыларының жиналысында Қ.Шәріпов «Социалистік Қазақстан» газеті «Казахстанская правданың» дубляжы, яғни көшірмесі болып шықса, оған өзім қол қойсам, бақыттымын деп сезінер едім» деген кезде Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының төрағасы Жұмабек Тәшенов: «Жолдас Шәріпов, «Социалистік Қазақстанды» ашқан да, жабатын да Сіз емессіз» деп қағытып тастағаны сол жиынның стенографиясында болуға тиіс. Осы мәжілісте Сәбит Мұқанов ашына сөйлеп, қазақ тілінің намысын қорғап жатқанда М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, т.б. ақын-жазушылар тыңдаумен шектелген-ді.
Осындай оқиғалар бірінен кейін бірі қабылданып жатқан тұста Рахманқұл Бердібай газет тілшісі ретінде орыс тілін кеңінен насихаттау жөніндегі республикалық жиынға барып, оның әңгімесінің сұрқынан шошып, қазақ тілінің жоғын жоқтайтын «Ең үлкен мәдени байлық» деген мақала жазып, сол кездегі бой көрсеткен жұртшылық пікіріне серке болған еді…
«Қазақ әдебиеті» газеті өзінің бетінде Р.Бердібаевтың «Ең үлкен мәдени байлық», А.Нарымбетовтың «Ана тілін ардақтайық», М.Қаратевтың «Қайта қарауды қажет ететін мәселе», Т.Кәкішевтің, Ә.Мұхтаровтың және басқаларының «Тіл мәдениеті» деген мақалаларын, тағы басқа материалдарын басты» деп түрлі саққа жүгірткен ойлар мен сөздер мол және еркін айтылды…
«Ана тілін ардақтайық!» деген сөз сол кездегі түсінік бойынша «ұлтшылдықтың» нағыз көрінісі екендігіне қарамастан, оның авторы Ә.Нарымбетов, 1937 жылы жазықсыз жазаланған ұлыларымыздың – Сәкен, Бейімбет, Ілиястардың – әдебиетімізге қайта оралуына байланысты тарихты қайтадан қарайық деп ұсыныс айтқан М.Қаратаев кейінгі талқылаудан ада қалмағы былай тұрсын, өсу жолдарына түсті. Пәлеге Рахаң екеуіміз қалдық…
Қорыққандықтан емес, ата сақалы аузымызға біткенде «ұлтшылдықпен күрескендердің» атын атауға ұялып отырмын. Әйтпесе бәрі де көкейде сайрап тұр. Сол белсенділігі үшін қандай шен-шекпен, атақ-дәреже алғандарына шейін белгілі.

Тұрсынбек Кәкішұлы,
филология ғылымдарының докторы, профессор
(«Азамат ғалым». «Ғалым мұраты»,
Түркістан, 2004 ж.)

«…Они начались со времени Сталина, который всячески форсировал процесс слияния наций и народностей… это вело к русификации».
С.Баруздин
(журнал «Дружба народов»,
Москва, №12, 1988 г.)

«Я уже отмечал, что сама жизнь заставляет нас учиться демократии… Вот в этом контексте я и хотел бы поразмышлять на тему, которая весьма популярна ныне в определенных общественных кругах, – о государственности коренного языка, на чем, в частности, настаивают казахские писатели М.Шаханов, С.Шаймерденов…
Я часто беседую по душам с известными представителями казахского народа о государственности языка, и многие из них говорят: утверждение казахского языка как государственного не принесет пользу нашему народу».
Г.Колбин,
первый секретарь ЦК КП Казахстана
(«Литературная газета»,
7 декабря 1988 г.)

«… – Бір шындықты ашып айтайын. Тек әңгіме екеуміздің арамызда ғана қалуы керек… Енді айтайын. Сіздер қанша тырыссаңыздар да, қазақ тілін мемлекет тілі жасай алмайсыздар, – деді Колбин дауысын қатуландырып. – Бәлкім, қазіргі қайта құру идеясының бір тетіктерін пайдаланып, ойларыңызды іске асырып қалуларыңыз да ғажап емес. Бірақ ол уақытша ғана. 250 жылдан астам уақыт бойына өзге ұлттармен бірге Ресейдің қол астында келесіздер ғой. Қашан ұлт ретінде жойылып, өздеріңіз түгел орысқа айналып кеткенше осылай қаласыздар. Құрсаудан шығуға ұлы орыстық шовинизм жібермесі айдан анық. Өйткені, сіздер орыстарға өте тиімдісіздер. Мұхиттарда, теңіздерде үлкен балықтардың кіші балықтарды қорек ететіні сияқты… Желтоқсан оқиғасын тудырған басты фактордың бірі – тіл екенін мені білмейді дейсіз бе? Тіпті, Қазақстанда өздеріңіздің Қонаевтарыңыз билік құрып тұрған кезеңде неге 700-ден астам қазақ мектебі жабылды? Неге Қазақстанды соңғы 70 жыл ішінде үш-ақ қазақ басқарды? Ойланыңыз. Енді, ана тілін жеке басында немесе жанұясында жойып алған, әр салада билік басында жүрген қазақтарыңыздың өзі-ақ сіздерге ана тілдеріңізді мемлекеттік тіл жасауға жол бермейді…»
“Желтоқсан эпопеясы»
(«Мемлекеттік тіл: Колбин,
Назарбаев, Ғамзатов және мен» 2011 ж.)

«Кстати, хочу рассказать о состоявшемся вчера продолжительном разговоре с Мухтаром Шахановым по поводу моего интервью в «Литературной газете». Раньше как-то не принято было критиковать первых руководителей республики, сегодня – время иное. Вот и товарищ Шаханов прямо и откровенно сказал мне, что некоторые высказанные мной в газете мысли задевают широкий круг представителей казахской национальности и даже обижают их. В частности, по его мнению, не все разделяют мою точку зрения по вопросу придания статуса государственности тому или иному языку.
…Не лучшим образом обстоят дела и с преподаванием русского языка в сельских школах. Отсюда и результат: 16 процентов призывников из области плохо владеют русским языком…»
Г.Колбин,
первый секретарь ЦК КП Казахстана
(газета «Вечерняя Алма-Ата», 19 декабря 1988 г.)

«…ИМЕННО НА НАШЕМ СЪЕЗДЕ МЫ ДОЛЖНЫ ПРИНЯТЬ ДЕКРЕТ О СТАТУСЕ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА КОРЕННОЙ НАЦИОНАЛЬНОСТИ СОЮЗНЫХ И АВТОНОМНЫХ РЕСПУБЛИК, АВТОНОМНЫХ ОБЛАСТЕЙ, НАЦИОНАЛЬНЫХ ОКРУГОВ И МАЛЫХ НАРОДНОСТЕЙ.., а также решить очень обострившийся вопрос о судьбе советских турок и крымских татар, которые до сих пор чувствуют себя изгнанниками в своей стране».
М.Шаханов,
(Вступление на Первом съезде народных депутатов СССР,
6 июня 1989 г. стенографический отчет, том 2,
издание Верховного Совета СССР, Москва, 1989 г.)

Меня, как языковеда, проработавшего без малого шестьдесят лет на поприще казахского языкознания и тюркологии, очень порадовали многие тезисы…
Меня волнует сегодня и судьба русского языка. Прямо скажу, когда я завожу речь об этом в кругу своих коллег, то некоторые из них почему-то с явным раздражением встречают мои мысли. Но все же стараюсь доказать свою правду. Разве не заметно, что сегодня в дискуссиях о государственности того или иного языка вопрос о русском уже привычно отодвигается на второй план. Иногда идет речь о том, что, мол, и не нужен вовсе язык межнационального общения. Но ведь это, мягко говоря, неразумные размышления…
И надо прямо сказать: тот, кто сегодня исподволь пытается ограничить область применения этого языка, тот мешает сплочению нашего Союза.
С.Кенесбаев,
академик АН Казахской ССР
(«Думать о единстве». «Красная звезда»,
22 августа, 1989 г.)

Ұлт мектептері жаппай жабыла бастады. 70-80 жылдары «700 казахских школ перестали самостоятельно существовать» дегенді өзіңіз де айтыпсыз… Қазір шын мәніндегі социализмнің он екіде бір нұсқасын түгендей алмай әлек болып жүрміз. Қазақ халқының қырық процентке жуығы өз тілінен қол үзіп шала-шарпы болып шықты. Солардың ішінде сіздің де, менің де балаларым бар. Олай дейтінім, есіңізде болар, осыдан он жылдай бұрын «Алматы» санаторийінде қатар демалдық. Сонда сіздің балаларыңызбен сөйлескенімде олардың да қазақшасы менің балаларымның қазақшасындай, сөздері жалғау-жұрнақтан жұрдай, бұтақ-жапырағы өртеніп кеткен сояудай болып шығып жүрді. «Тіл академигінің ұрпағының түрі осы болса, маған не жорық» деп іштей «шүкірлік» еткенім бар. Бұл жағынан келгенде сіз бен біздің де өз кінәміз өзімізге жеткілікті…
Қош, «Правда» газетінен бастап, республикалық басылымдарға дейін, атап айтқанда, А.Браун, А.Штопель. Л.Вайдман, В.Бугроменко, тағы басқа көптеген қоғам, ғылым, өнер қайраткерлері қазақ тілінің мемлекеттік статусын қолдап отырғанда әскери адамдардан басқа жұрт оқи бермейтін «Красная звезда» газетінде «Но меня волнует сегодня и судьба русского языка» деуіңізге қарағанда баяғы әдетіңіз қалмапты… Бүкірді табыт түзегенімен, арам пиғылға Алланың да шамасы келмейтіні осы жерден көрінді, қанша десек те зымиян зұлымдықтың да шегі бар емес пе, Секе!
Қалтай Мұхамеджанов
(«Ақиқатқа жүгінейік, аға!»
(Академик Смет Кеңесбаевқа ашық хат)
«Таңдамалы шығармалар», 3-том,
«Атамұра» баспасы, 1998 ж.)

…өмір бойы қазақ тілінің арқасында шен алып, шекпен киген академик С.Кеңесбаев болды. Не түлен түрткенін кім білсін, дәл осы адам қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып қалып-қалмауы таразыға түскен кезде өмір бойы нан жегізген ана тілін орыс тілінің қанжығасына бөктере салды. Және мұны абайсызда бір рет емес, әдейілеп бірнеше рет айтты. Мұнымен де қоймай одақтық басылымның бірінде арнайы мақала жариялап, күллі қазақ қауымын тағы да жерге қаратты.
Мұхтар Құл-Мұхаммед
(«Абыз», «Егемен Қазақстан»,
12-наурыз, 2010 ж.)

«Я принципиально за развитие национально-русского двуязычия».
М.Жумаханов,
кандидат философских наук
(газета «Казахстанская правда»
23.08.1989, г.Алма-Ата)

«Считаю, что не только казахский язык должен обладать статусом государственного языка, но и русский. В нашей республике проживают люди самых разных национальностей: немцы, корейцы, узбеки, дунгане и многие другие. Средством общения между ними уже стал русский язык».
У. Шентемиров,
рабочий совхоза «Марьинский», Сергеевского р-на,
Северо-Казахстанской области
(газета «Казахстанская правда»
23.08.1989, г.Алма-Ата)

«Предлагаю объединить статьи 1 и 2 проекта и дать в будущем Законе о языках Казахской ССР статью 1 в следующей редакции: «Ст.1. Государственными языками Казахской ССР являются казахский и русский языки…».
Б.Ирмуханов,
ректор Алма-Атинского педагогического
института иностранных языков, профессор,
(газета «Казахстанская правда», 10.09.1989 г.)
«…в 120 отзывах предлагается государственными языками республики признать два языка – казахский и русский…».
А.Н.Гаркавец,
разработчик проекта Закона, доктор филологических наук,
заведующий отделом Института языкознания Академии
наук Казахской ССР.
(газета «Казахстанская правда», 16.09.1989 г)

«Кремль. КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында, депутаттарға түскі үзіліс жарияланған тұста, Расул Ғамзатов екеуміз төралқаға көтеріліп Горбачевке жолықтық. Михаил Сергеевич бізді көңілді қарсы алды…
– Михаил Сергеевич, – дедім мен қалтамнан қоңыр түсті қойын дәптерімді шығарып, – мына дәптерге мен сонау Сократтан бастап рух пен тіл мүддесін көтерген санаулы адамдардың ғана пікірін ендірдім. Солардың қатарында сіздің мынадай бір сөзіңіз орын тепті. Лениннен бастап мұндай пікірді Кеңестер Одағын басқарған бірде-бір басшы бұрын-соңды айтпаған екен. Ол сөзіңіз міне: «Мы, конечно, не можем допускать, чтобы даже самый маленький народ исчез, чтобы был потерян язык самого маленького народа, мы не можем допустить нигилизм по отношению к культуре, традициям, истории и больших, и маленьких народов…»
– Сізден бірінші рет жылы сөз есітіп тұрмын, – деп жымиды Горбачев. – Дегенмен, бұдан былай осындай бағыт ұстанатынымыз айқын.
– Өткен съезде сөйлеген сөзімде Одақтас және автономиялы республикалардың және автономиялы округтардың атын иеленген ұлттардың тіліне мемлекеттік мәртебе беру мәселесін көтерген болатынмын, – дедім мен КСРО басшысына. – Егер, осы мәселені шешіп берсеңіз еліміз сізге өзгеше құрметпен қарар еді.
– Өз басым қолдауға әзірмін, – деді Михаил Сергеевич. – Осы гуманистік идеяның жетегінде ағаңыз Расул Ғамзатов бірнеше жыл бұрын, (дәл жеткізе алмасам, кешірім сұраймын) мынадай пікір айтқан болатын: «Аспанда қаптаған жұлдыз. Менің де өз жұлдызым бар. Ол – авар тілі. Осы жұлдыздардың бәрін қосып бір жұлдыз жасағаннан не ұтамыз? Ол үшін байтақ аспанда күн бар емес пе?»
Үшеуміз осы төңіректе тағы біраз әңгіме өрбіттік. Сол жолы Горбачевке шын көңілден риза болып едім. Ғамзатов та оған жылы лебіз білдірді. Қоштасарда мен оның қолын қысып тұрып:
– Кезінде Сталин: «Елімізде біртұтас кеңес халқымен қатар, жалғыз мемлекеттік тіл салтанат құруы керек және ол тіл орыс тілі болуы тиіс», – деді. Хрущев: «Орыс тілін неғұрлым тез үйренсек, соғұрлым коммунизмге тез жетеміз», – деп даурықты. Әрине, орыс тілінің ұлы тіл екеніне және оның жан-жақты дамуына ешкім қарсы емес. Бірақ Михаил Сергеевич, ұзақ жылдар шетқақпай болып келе жатқан аз ұлттар мен олардың тілі, мәдениеті туралы мына гуманистік пікіріңіз сөз жүзінде қалып кетпеуін қалаймыз. Мұны Ғамзатов екеуміздің ғана емес, барлық одақтас республика қаламгерлерінің ортақ пікірі ретінде қабылдаңыз», – дедім.
– Өте дұрыс. Енді осы бағытта үлкен жұмыс жүргіземіз, – деді Горбачев.
Біз баспалдақтан түсіп келе жатқанда КСРО Жоғарғы Кеңесіндегі Одақ Кеңесі төрағасының орынбасары, яғни біздің тікелей бастығымыздың бірі белгілі украин ақыны Борис Олейник қарсы жолықты.
– Иә, Горбачевпен не мәселе шештіңіздер? – деді ол Ғамзатов екеумізге қарап…
– Ең бастысы мынау, – деді Расул Олейниктің арқасынан әзілдеп қағып. – Жаңа Мұхтар Горбачевке өзінің бұрын съезде көтерген ұсынысын қайталап айтты. Сөйтіп, Одақтас және автономиялы республикалардың, автономиялы округтардың атын иеленген ұлттардың тіліне, мемлекеттік дәреже бергізуге Горбачевті көндіргендей болдық…
…КСРО билігі осы ұсыныстарды сараптай келе одақтас және автономиялық республикалардың тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін, ал орыс тіліне бүкілодақтық, жалпы мемлекеттік дәреже беруді жоспарлапты. Маңызды мәселенің бұлай шешім табуына Ғамзатов екеуміздің де елеулі әсеріміз болды. Одақтық теледидар арқылы сөйлеген сөзінде М.Горбачев бұл мәселеге арнайы тоқталып өтсе де, біздің билік басындағы қазақтардың басым бөлігі екі тілге бірдей мемлекеттік мәртебе беру жағында еді. Тіпті, олар алғашында Горбачевтің пікіріне сай басқа республикалар сияқты өз баба тілін мемлекеттік тіл жасағысы келгенімен, ұзақ жылдардан бері дағдыланған әсіре интернационалдық мінезі жеңіп кеткен сыңайлы…»
(“Желтоқсан эпопеясы»
«Мемлекеттік тіл: Колбин,
Назарбаев, Ғамзатов және мен» 2011 ж.)
СОВЕТ МИНИСТРОВ
КАЗАХСКОЙ ССР
1.09.89 г. № 03-21-4/685-266
на № 20-23/19 от 17.08.89 г.

ПРЕДЛОЖЕНИЯ
по внесению изменений и поправок в проект
Закона Казахской ССР о языках

Статью 8 предложить в редакции: языком работы органов государственной власти, управления, правоохранительных органов, общественных организаций и предприятий Казахской ССР может быть как казахский, так и русский язык (Остальное по тексту).
Статью 9 записать в редакции: Акты органов государственной власти и управления Казахской ССР принимаются на двух языках – на казахском и русском, и дублируются на языках народов республики (Далее по тексту).
Статью 12 записать в следующей редакции: Служебная переписка в системе органов власти и управления, правоохранительных органов, между предприятиями, учреждениями и организациями на территории Казахской ССР ведется на двух языках: казахском и русском.
Статью 13 записать в следующей редакции: Ответы предприятий, учреждений и организаций должны даваться на том языке (русском, казахском, региональном), на котором были написаны предложения, заявления, жалобы граждан и другие документы…

Заместитель министра юстиции
Казахской ССР Ж.Азисханов
СОВЕТ МИНИСТРОВ
КАЗАХСКОЙ ССР
07.09.89 г. № 3/13-1234
на № 25-23/19 от 17.08.89 г.

Министерством юстиции Казахской ССР совместно с Прокуратурой Казахской ССР (т.Манаев Н.Я.), Верховным Судом Казахской ССР (т.Пушечников А.Г.), Институтом языкознания АН Казахской ССР (т.Кайдаров А.), МВД Казахской ССР (т.Князев Г.) рассмотрен проект Закона Казахской ССР о языках. По отдельным положениям проекта имеются следующие замечания и предложения…
…Верховный Суд Казахской ССР высказал мнение, что ст.17 противоречит ст.34 Конституции СССР, ст.2 Всеобщей декларации прав человека от 10.12.48 г. и итоговым документам Венской встречи 1986 г. Государств-участников совещания по безопасности и сотрудничеству в Европе, так как по существу содержит запрет на профессию. Также в Верховном Суде имеется точка зрения о целесообразности принять казахский и русский языки государственными языками.

Заместитель министра юстиции
Казахской ССР К.Е.Мынбаев

«…У нас опубликован проект Закона Казахской ССР о языках… Знаете, любой человек моего поколения помнит: если два казаха в ауле заспорили – надо звать русского друга, пусть рассудит. Я сам свидетель. Мы так жили, так выросли… Главным критерием, которым руководствовались авторы нового закона, являлось понимание того, что истинное благополучие народа давшего имя республике, не может быть достигнуто за счет ущемления прав и свобод людей другой национальности. Повторяю, если твое национальное чувство удовлетворяется за счет соседа, я бы не рискнул назвать это патриотизмом».
Н.А.Назарбаев,
Первый секретарь ЦК Компартии Казахстана,
(интервью спецкору газеты «Известия» 26.08.1989 г.)

«…Без языка нет народа, нет нации. Язык – первое объединяющее начало нации, основа его существования, опора его старта в будущее и крылья для его взлета.
Долгие годы по отношению к языку существовала другая, «железная» трактовка, которая воплощала безнациональный интернационализм и одноязыковой коммунизм. Примечательна прямолинейная установка Хрущева: «Чем быстрее все мы будем говорить по-русски, тем быстрее построим коммунизм». В эпоху сталинских репрессий, хрущевского волюнтаризма, брежневского застоя мы потеряли самое ценное – 93 языка народов и этнических групп – что сохранялось веками…
Это факт, от которого никак не уйти. Это стыд на теле нашего гуманизма, позорное пятно на знамени советского интернационализма…
Хочу еще раз подчеркнуть, что статус государственности казахского языка необходим для того, чтобы спасти его от гибели, следовательно, спасти от ассимиляции, духовной гибели казахской нации, давшей имя республике…»
М.Шаханов
(вступление на Верховном Совете Казахской ССР,
22 сентября 1989 г.)

«Вопрос о целесообразности признания государственного языка национальности, давшей название союзной или автономной республики – компетенция самих республик». Но хотелось бы здесь добавить: пока живет язык – живы народ, его культура, обычаи и традиции… но укрепление позиций казахского языка ни в коем случае не угрожает будущему ни русского, ни языков других народов, проживающих на территории республики. Не может быть и речи об ущемлении их прав».
Мухтар Шаханов
(газета «Казахстанская правда», 25.09.1989 г)

Шешуші сәтке келгенде Мұхтар Шаханов керемет қайрат көрсеткенін бүгін айтпасқа болмайды. Өз басым үлкен құрметпен қарайтын ақын ініммен Мәскеуде депутат болған жылдарда жиі кездесіп, пікірлесіп жүрдік. Бүгін жасым сексеннің сеңгіріне шыққанда жалған сөйлеуге ұятым жібермейді. Жоғарыдан ұсынылған екі тілге де Мемлекеттік мәртебе берген заңды мақұлдатуға міндетті болдық. Өзім іштей, бағы ашылмай келе жатқан ана тіліміздің өзге республикалардағы секілді бір өзі ғана Мемлекеттік мәртебе алуын қаладым. Дегенмен тапсырманы орындауға мәжбүрміз. Депутаттардан түскен ұсынысқа сай қазақ және орыс тілдеріне бірдей Мемлекеттік мәртебе беруді дауысқа салып жіберіп ем, қос тілді қуаттаған нұсқа өтті. Депутаттар дүркірете қол соқты. Осы шақта, көріп отырдым, Мұхтар інім түтігіп кеткен екен. Мінбеге қайта шықты да, мұның зардабы күрделі әрі қауіпті болуы мүмкін деген мағынада депутаттарға ауыр-ауыр сөз айтты. Заң көпшілік дауыспен қабылданып кеткен. Азаматтың нағыз азаматтығы сынға түсіп тұрған сәт еді… Назарбаев Шахановтың пікірін дауысқа қайта салмаса болмайтынын көлденең тартты. Ішім жылып сала берді.
Алайда, мына ақиқатты айналып өте алмаймыз. Өтіп кеткен заңды қайта дауысқа қою Жоғарғы Кеңес бекіткен заң талаптарына мүлдем қайшы. Егер, мен сол сәтте Жоғарғы Кеңестің төрағасы ретінде осылай десем, оған Елбасының да қарсы тұра алмасы анық. Үндемедім. Шахановтың ұсынысын қайта дауысқа қойдым.
Әрине, Шахановтың нұсқасына да өршелене қарсы тұрғандар болды. Бірақ, Президенттің қолдауымен көпшілік Шаханов жағына шығып, қазақ тілі ғана Мемлекеттік мәртебе алды. Бұл – тарих. Ердің ерлігі сыналған тұсты ашық айту, сол істің басы-қасында болған біздерге парыз».
Қилыбай Медеубеков,
академик, 1980-1991 жылдардағы
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы.
(«Қос тілді қолдаған Жоғарғы Кеңес…
Сонда Шаханов үнсіз қалса не болар еді?»,
«Ана тілі» газеті, 17-23-қыркүйек, 2009 ж.)

Демімізді ішімізге тартып отырғанбыз. Қырсық қылғанда, Жоғарғы Кеңестің екі тілге де Мемлекеттік мәртебе берген нұсқасы көпшілік дауыспен өтті де кетті. Көңіліміз құлазып қалды. Кенет мінбеге КСРО халық депутаты, ақын Мұхтар Шаханов көтерілді. Мұндайды күтпегенбіз. Себебі заң қабылданып қойды. Шаханов қатқыл түрде, «Бізден ел қазақ тілінің жеке-дара Мемлекеттік мәртебе алуын күтіп отыр. Олай болмаса, Желтоқсан оқиғасы қайталанады» дегенге тіреді. Сөйтіп еді, Нұрсұлтан Әбішұлы «Шахановтың ұсынысын қайта дауысқа салайық» деді. Үміт оты қайта жарқ еткен…
Содан бері де 20 жыл өтті. Егер Мұхтар Шаханов шығып дауыс көтермегенде, күні бүгінге дейін екі тілге бірдей Мемлекеттік мәртебе әперген заңмен жүретін едік. Онда қазақтың өте үлкен бөлігі мүлдем орыстанып, қазақ тіліне деген ынта-ықылас қазіргіден де бірнеше есе төмен құлдырар еді.
Әбдуәлі Қайдаров,
академик, «Қазақ тілі» қоғамының бірінші төрағасы
(«Қос тілді қолдаған Жоғарғы Кеңес… Сонда Шаханов үнсіз қалса
не болар еді?», «Ана тілі» газеті, 17-23-қыркүйек, 2009 ж.)

Мен ол кезде Солтүстік Қазақстан облысы Атқару Комитетінің төрағасы қызметін атқарып жүргенмін. Жоғарғы Кеңестің сол жолғы жиылысында ғана емес, жалпы қайда жүрсем де, қай жерде сөйлесем де, тек қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуі қажет деген пікірімнен танған емеспін. Мұным, әрине, Солтүстік Қазақстан обкомының басшысы Медведев секілділерге ұнамады. Олар «қазақ тілі неге орыс тілімен тең дәрежеде тұру керек?» – деп өршеленді.
…«қос тіл – қос қанатым» деп қопаңдағандардың айы оңынан туа қалған сәтте, (яғни Заң қабылданып кеткесін) Мұхтар Шаханов шығып дауыс көтергенде, таразының басы қазақ тіліне ауып шыға келгеніне таң қала отырып, қатты қуандық. Заң қабылданып қойған соң мұндай бетбұрысты мүлдем күтпеген едік. Мұхтардың сол жолғы мінезі – айтыла жүрер ерлікке барабар оқиға.
Балташ Тұрсымбаев,
қоғам қайраткері,
(Дағжан Белдеубайұлы , «Қос тілді қолдаған Жоғарғы Кеңес…
Сонда Шаханов үнсіз қалса не болар еді?»,
«Ана тілі» газеті, 17-23-қыркүйек, 2009 ж.)
Все партийно-советские органы, общественные организации, средства массовой информации в течение почти трех лет, вплоть до выступления Мухтара Шаханова на 1-съезде народных депутатов, вынуждены были пользоваться фактами, руководствоваться выводами и оценками, высказанными Колбиным Г.В., на пленумах, заседаниях бюро ЦК, совещениях и в интервью печати, радио и телевидении, не верить ему тогда никто не имел основания.
Саламат Мукашев,
бывший председатель Президиума
Верховного Совета Казахской ССР,
15 марта 1993 г.
(«86 Желтоксан» 10 том. Алматы, 2006 г.)

* * *

Ресей патшасы ІІІ Александр өз генерал-губернаторларына 1894 жылы құпия хат жазып, “Қазақ жеріндегі елді мекендерге орыс атауларын беріңдер немесе оларды орыс тіліне аударыңдар, ресми қағаздарға орыс грамматикасының ерекшелігіне қарай жазатын болсын!” – деген нұсқау берген. Содан көптеген жер-су аттары орыстандырыла бастады, атауы табылмаған ауылдар нөмірленіп кетті…
…Кеңес Одағы тұсында қазақ елі халықтар түрмесіне айналды. Тек бір ғана “Карлагта” 2 миллионға жуық адам қуғын-сүргін көрді. Қиыр Шығыстан 1937 жылы 100 мыңнан астам корейлер, Ресейдің Еділ өңірінен 361 мыңдай немістер, Солтүстік Кавказдан 1943-44 жылдары 507 мың шешен-ингуш, қарашай-балқар, Месхетиядан ауған күрдтер мен месхед түріктері, одан қалды, қалмақтар мен қырым татарлары қазақтың кең даласына тоғытылды. Бұл аздай, 1954-60 жылдары аралығында тың көтеруге деп, славян (орыс, украин, беларусь) халықтары өкілдері вагондап әкелінсе, сондай-ақ, 1960-70 жылдарға дейін құрылыс салады, кәсіпорын өндірісін өркендетуге деп сырттан басқа да халықтар өкілдерін әкелу тоқтатылмады…
Тың игеру кезінде 700-ден астам қазақ мектептері жабылды. Қазақ ауылдарының болашағы жоқ деген желеумен, қаржы-қаражат бөлінбегенінен жабылып жатты. Жаңадан құрылған совхоздарға орыс мектептері салынып, мәдениет ошақтары ашылып жатты. 1959 жылы КСРО Жоғары кеңесінің жабық қаулысымен жоғарғы оқу орындарына оқуға түсу емтиханына тек қана орыс тілінде тапсыру талаптары қойылды. Осының бәрі біріге келе қазақ баласының орыс тілінде оқуына мәжбүр етті, ана тілінен бездіре түсті…
Әнуарбек Ералы
(“Өсер ұрпағың мен өсірген еліңнің обалына қалма”.
2004 ж.)

Казахский язык – это язык застолья, песен и айтысов. Он был у нас на кухне, там и останется. Так зачем надевать на высохшее дерево праздничные букеты. Там должен висеть венок…
Владимир Нусипханов
(газета «Известия-Казахстан»,
15 октября 2002 г.)

Казахский язык мертв. Если вы его хотите сохранить, то он может быть или музейной реликвией или языком коммуникаций. Для последнего надо перевести на казахский язык весь мировой багаж знаний, что невозможно по финансовым соображениям. Таких денег у Казахстана нет. Вывод один, и не надо пытаться спасти то, что спасти невозможно.
Нурболат Масанов
(газета «Казахская правда»,
№141, 2005 г.)
Мен – қазақша сөйлей алмайтын қазақпын. Мұныма ұялмаймын да. Кезінде жоғары қызметтерде болған ата-анам мен қазақ тілін екінші орынға ысырған заманым мені осылай тәрбиеледі.
Сіздер жабыла жамандайтын Масановты мен де жек көргенмін. «Калбит», тілің кімге керек?» дегенде, ұятым оянған. Ана тілін білмейтін мәңгүрт те, маргинал да мен болайын. Бірақ менің кеудемде патриоттық сезім бар. Масановтың әлгіндей сөзінен кейін қазақ тілін үйренуге тырыстым…
…Сенесіз бе, мен қазір қазақша сөйлей алмайтыныма тіпті қысылмаймын да. Мемлекет қажет етпеген тілде мен неге сөйлеуім керек екен?
Ілияс Алшынов
(«Калбит» тілің кімге қажет?»
«Алтын орда» газеті, №15, 2005 ж.)

Кейде тұтас, кейде жалқы, кейде аралас көлемде,
Қос тармақты тәуелсіздік бағыт алды әлемде.
Дәуірдің бас айбынгері – ҚАРЫН ЕГЕМЕНДІГІ,
Қарын тоймай, істің алға жылжымасы белгілі.

Бірақ қарын басып кетпеу керек рухи байлықты,
Оның көзсіз зорлығынан ғасыр көңлі шайлықты.
Ал, РУХАНИ ЕГЕМЕНДІК – халқымыздың арманы,
Елдік, ұлттық мүддеміздің сүйеніші, қорғаны.

Қуат алса ашқарақ көз, материалдық санамыз,
Тою, баю мүмкіндігін басқа елден де табамыз.
Өз жеріңде ұлтсыздансаң, қайғы бар ма оған тең?
Ата-баба рух-сенімін басқаның бұл табанмен.

Неге қарын байлығын біз тарта бердік көлденең?
Рухың семсе, біргемін деп айта алмайсың елменен.
Тілден қашсаң тоғышарсың тек байлыққа шөлдеген,
Ешкім баба тілін қорлап, бақытты боп көрмеген.

Қайда барсаң материалдық байлық үшін алқыныс,
Аз да болмас бұл салада игі қадам, жарқын іс.
Ана тілсіз егемендік – жарты демеу, жарты ырыс,
Ол алқыныс – ұлтсыздыққа бағытталған талпыныс.

Егер ана тілің сөнсе, рухың жер қабады.
Басқа тілде жол ашарсың байлығыңа салалы.
Ерте, кеш пе, сені баба ғасырының саналы
Ызасы мен қасіреті, киесі іздеп табады.
Тілің кетсе – ұлтың өлер, өлер және елдігің,
Кеш таққаннан не қайыр бар ар мен намыс белдігін?
Ойландық па, кімге қажет тәуелсіздік-теңдігің,
Қарын мүдде сыртқа тепсе Рух егемендігін?!

 

ҰЛТСЫЗДЫҚҚА
ҚҰЛШЫНУ

Біз депутат болу үшін мемлекеттік тілді білу керек деп едік, қазақ елінде қазақ тілін білу міндетті емес деп бәрі шортандай шоршып түсті.
Амангелді Айталы,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
(«Қазақ тілін қайтсек ұрпақ тіліне айналдырамыз?»
«Егемен Қазақстан» газеті,
25-қаңтар, 2005 ж.)

Я бы хотел, чтобы в будущем при избрании председателей комитетов или других лиц не экзаменовали, знают они русский или казахский язык… Как можно критиковать товарища, которого мы избрали в Комитет по законодательству и судебно-правовой реформе, что он не знает казахского языка, если половина костанайских казахов не знает казахского языка? Поэтому в отношении знания казахского языка давайте будем осторожными, это очень деликатный и серьезный вопрос…
Сатыбалды Ибрагимов,
депутат Мажилиса Парламента РК
(из выступления на заседании Мажилиса,
4 ноября 2004 г.)

«Мемлекеттік тіл» деген аты ғана болмаса, бейшаралық жағдайда күн кешіп келген ана тілімізді ҚР Білім және ғылым министрі Ж.Құлекеев онан сайын сорлатқалы отыр. Болашақта қазақ мектептерінде биология, химия, физика, математика пәндерін тек қана ағылшынша оқытпақ ниетті көздеген шенеунігіміз ұлттық тіліміздің беделін бес тиынға құлдырататын, өзінің атышулы №228 бұйрығын жария етті. Бұдан былай балаларымыз қазақ тілі мен әдебиетін және тарихын, сол сияқты тағы екі-үш пәнді ғана өз ана тілінде оқымақ па? Бұл американдардың әлем халықтарына күштеп таңып отырған ұлтсыздық қамытына өз еркімізбен мойын салуымыз емес пе? Баба тілімізге жасалғалы отырған осы қастандыққа қарсы тұрады деп сенген депутаттарымыздың көпшілігі ашықтан-ашық сатқындық мінез көрсетті.
Тұрғанбай Маханов, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген дәрігер, бұрынғы КСРО халық депутаты; Сәмит Далдабаев, зейнеткер, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер; Қаппар Сүлейменов, зейнеткер-жазушы, милиция полковнигі. (Қызылорда қаласы)
(«Ана тілі» газеті, 3-маусым, 2004 ж.)

…Қазақ тілі және оның жай-күйі, мәртебесі жайындағы жанайқайларды өткен ғасырдың басында шыққан «Айқап» журналынан кездестірдік. Журналдағы «Тіл-әдебиет» деп аталатын еңбек (1912 жыл) «Балаларына жастан өз тілін үйретпеген, олардың көңілдеріне құры өгей ана сияқты тәрбие еткен милләт те (халық) келешекте балаларынан өзінің қылған жақсылығы, берген тәрбиесі дәрежесінде ғана хақы алар, жақсылық көрер. Балалары да оған өгей анаға қараған көзбен қарар» деп бір түйсе, одан әрі: «Милләт пен балалары арасындағы бұл алакөздік, шафағатсыздық милләттің ақырында бітуіне себеп болар» деп ауыр да болса ащы шындықты жайып салады.
…Осы арада таңданатын бір жәйт бар, ол қазіргі ХХІ ғасыр басындағы көптеген көкейтесті мәселелердің де сол кезеңде дәл қазіргідей күйде болуы. Оған С.Сейфуллиннің мына пікірі дәлел: «Әр түрлі себептер айтады. Ақша жоқ дейді. Қазақша іс жүргізуді білетін кісілер жоқ дейді, әм толып жатқан сары уайым, қауіп-қатерлерді жаңбырдай жауғызады».
Нариман Нұрпейісов,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент,
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі
(«Жиналыстан жиналысқа,.. мінбеден мінбеге…»,
«Евразия-кz», 24-наурыз, 2006 ж.)

Казахский язык, благодаря «мудрой» языковой политике, находится на грани исчезновения. Нет толковых ресурсов на казахском языке…
Обыватель, пожелавший остаться неизвестным
(из сайта www.zakon.kz, 15 сентября 2005 г.)

Президенттің алдында көрініп қалғысы келді ме, бұрынғы Мәжіліс депутаты Арғынбай Бекбосынов пәтуалы әңгіме айтудың орнына, әп дегеннен Мәжіліс депутаттары Айталы мен Шахановқа қарсы пікір жолдады: «Кейінгі бір депутаттар, Айталы деген азамат бар, анау Шаханов, солар әлгі бір жеңіл-желпі бастама көтерді (мырс етіп күлді). Қазақша әлгі депутатқа кандидат қазақ тілінен емтихан тапсырсын дей ме-ау. Бұл енді баланың тірлігі ғой…»
Елбасы сөзі сәуегейсіген Арғынбай Бекбосыновқа тойтарыс бергендей болды…
Депутат демекші, өзіңіз депутат болған жылдарда мемлекеттік тілді өркендетуге қандай үлес қостыңыз? Әй, қайдам, бар-жоғыңыз білінбей, дымыңызды шығармай отырғаныңызды бүкіл ел жақсы біледі ғой…
Ертай Айғалиұлы
(«Жамбылдан Арғынбай деген данагөй шықты, оның пікірінше,
тілге байланысты сөздің бәрі – «баланың тірлігі».
«Ана тілі» газеті, 28-сәуір, 2005 ж.)

«Статус казахского языка действительно нуждается в возвышении, – сказал в одном из интервью известный литератор, а теперь еще и Постоянный представитель Казахстана в ЮНЕСКО, Олжас Сулейменов. – Но не за счет унижения русского, который обладает конституционными правами языка межнационального общения», – продолжил он.
Лешек Кумор
(«Грозит ли русскому языку смерть?»
газета «Новый регион», 13 апреля 2005 г.)

«Что касается предложений решительно перевести делопроизводство по всей республике на казахский, в Мажилисе выступать только на казахском и даже лишить гражданства тех, кто не успел изучить казахский, их авторы могут, сами того не сознавая, нанести непоправимый вред и языку, и своему народу».
Олжас Сулейменов
(«Нам не стоит бежать за Розой и Померанцем».
газета «Аргументы и факты», №7, 2005 г.)

На наш взгляд это является не больше, не меньше как провокацией. Пусть О.Сулейменов конкретно назовет, какие партии или их лидеры, кто из депутатов требовал лишать гражданства Казахстана за отказ владеть государственным языком. Таковых просто нет. Им хотелось бы напугать общественность Казахстана и России, что якобы нависла угроза исчезновения русского языка в нашей стране. (Еще в советское время на этом сомнительном поприще хотел завоевать благословение Москвы академик Смет Кенесбаев и бесславно покончил свой покой). Заодно они оказывают давление на наше правительство, на Президента Н.Назарбаева не принимать действенных мер по внедрению государственного языка в жизнь, препятствовать выполнению правительственной «Программы функционирования и развития языков на 2001-2010 годы».
Сайлау Батырша-улы, Абдижалил Бакир,
Сейдин Бизаков, Габбас Кабышулы, Эрнест Тореханов
(«Опасный космополитизм Олжаса Сулейменова
или ответ на интервью еженедельнику АиФ».
“Central Asia Monitor”, 29 апреля 2005 г.)
Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарында
іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 7-ақпандағы №550 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» 1998 жылғы 14 тамыздағы №769 қаулысын орындау мақсатында Алматы қаласының Әкімдігі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұсынылып отырған Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарында іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшіру кестесі бекітілсін.
2. Аудан әкімдері, департаменттер мен басқармалардың бірінші басшылары өздерінің құрылымдық бөлімшелерінің іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру кестесін бекітіп, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін…

Алматы қаласының әкімі И.Тасмағамбетов
6 сәуір, 2005 ж.
(«Рух-Дария» газеті, №3, 2005 ж.)

Слухи о том, что делопроизводство в Алматы с 1 января будет переведено на казахский, многих специалистов заставляют собирать чемоданы…
А такие скороспелые, поспешные указы (я не видел их на бумаге), сделанные в угоду оралманам, готовым занять опустевшие квартиры (так говорят!), поджигают короткий бикфордов шнур. Они – антиказахские по сути, угрожающие нашей молодой государственности…
…В идеале любой молодой казахстанец в будущем должен быть трехязычным – казахский, русский, английский. Порядок может быть и другим: русский, казахский, английский. Если мы хотим быть достойно представлены в экономике и культуре Евразийского региона и мира…
Олжас Сулейменов
(«Выборы – экзамен демократии».
газета «Время», 22 сентября 2005 г.)

Түркі сөздер төркіні мен этимологиясын зерттеуші, бірақ күні бүгінге дейін өз ана тілінде орнықты сөйлем құрай алмайтын О.Сүлейменовтің мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге қарсы шыққандығы бір бұл емес… ұлтсыздық идеясын қолдаушылардың басында тұрған О.Сүлейменовтің «Мемлекеттік тілге көшу дегенді кім шығарды?» деп тәмам жұрттың алдында қыр көрсететін реті жоқ… республикамыздың мемлекеттік тілге біртіндеп көшуін айқай-шуға айналдыру ешкімге абырой әпермейтінін ескертеміз.
Қ.Қайсенов, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы;
С.Шәймерденов, Қазақстанның Халық жазушысы,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Ә.Нұршайықов, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Т.Медетбек, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Ақиқат» журналының Бас редакторы;
Т.Ахметжан, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы…
барлығы 35 адам қол қойған

«Мен Мәдениет министрінен қорықпаймын, министрдің мәдениетінен қорқамын!» деген жоқ па еді М.Жванецкий. Сол айтқандай, біз Олжас Сүлейменовтен емес, Олжас Сүлейменовтің бүгінгі тайыз, қардың суындай тез суалып қалатын саяси ұстанымынан қорқа бастадық…
Әмірхан Меңдеке
(«Ол… Қонаевтың өсиетін неге ұмытты?»,
«Жас Алаш» газеті, № 113, 2005 ж.)

…Единственный вопрос был задан известным российским политологом Андраником Миграняном. Он рассказал об обеспокоенности в России «якобы существующими планами» перевода делопроизводства в республике на казахский язык. Г-жа Назарбаева, казалось, была готова к обсуждению этой темы. Такие попытки действительно были, заметила она, в частности, речь идет о переводе делопроизводства в Алматы с нового года, но «эксперимент этот не состоялся и не состоится, потому что есть норма Конституции, которая закрепляет двуязычие – государственный казахский и официальный русский”.
Ярослав Разумов
(«По мнению депутата Д.Назарбаевой…».
газета «Панорама», 18 ноября 2005 г.)

Дариға Нұрсұлтанқызының ресейлік саясаттанушы алдында ақталуы, тәуелсіз елдің мемлекеттік қайраткеріне лайық деуге келмейді. Бұл мәселе бойынша Қазақстан Президентінің биылғы 18 ақпан күні халыққа арнаған Жолдауында: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш-жігер жұмсауымыз керек», – деген пікірі түсінген адамға мемлекеттік тілді дамытуға берілген ресми серт екені рас. Алайда депутат Назарбаеваның қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне қатысты айтқан жоғарыдағы сөздері халық перзенті ретінде де, саясатшы есебінде де құлақ асуға тұрмайтын және Қазақстан Президентінің әлгі сөзіне қайшы уәж деп есептейміз.
Ғаббас Қабышұлы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты;
Эрнест Төреханов, Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы;
Жүсіпбек Қорғасбек, «Жас Алаш» газетінің Бас редакторы;
Шамшиддин Паттеев, «Түркістан» газетінің Бас редакторы;
Ұлықбек Есдәулет, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы;
Қали Сәрсенбай, «Алматы ақшамы» газетінің Бас редакторы,
барлығы 40 адам қол қойған.
(«Мемлекеттік тіл – ешкімнің қолжаулығы емес».
«Ана тілі» газеті, 24-қараша, 2005 ж.)

Я недалек от мысли, что… казахский язык потеснил русский… И напрасно обижаются русофилы. Ведь русский язык в Казахстане знают буквально все. Он как был, так и остался преобладающим.
Сагин-Герей Байменов
(«Казахский и русский языки в Казахстане:
паритет или противостояние?»
газета «Доживем до понедельника»,
21 октября 2005 г.)
Он называется казахским, или казахстанским поэтом. И не грех бы ему за всю свою жизнь по примеру экс-мэра Алматы Храпунова вызубрить пару-десяток наиболее употребляемых казахских слов…
Объективные обстоятельства, так называемая ленинская национальная политика Кремля в этом виноваты. Незнание родного языка не обязательно делает человека манкуртом. Такой человек – жертва обстоятельств. Как показывает казахстанская действительность, такой казах не лишен национал-патриотизма…
Трагедия же Олжаса Сулейменова в том, что он возомнил себя планетарной личностью, стоящей вне нации… А вот казахи, сознательно пренебрегающие, если не сказать презирающие родной язык, и есть классическая порода манкуртствующих представителей нации. Некоторые из них не только бронированы от критики, но даже стремятся внушить робость возможным критикам. Опять-таки примером подобных служит уважаемый Олжас.
Алдан Айымбетов
(«Катитесь колбаской по малой спасской!»
газета «Казахская правда», №156, 2005 г.)

…Мемлекет басында қазақтың небір сұлу жігіттері отыр. Бір ауыз қазақшаны зорға айтады. Ана тілін білмеудің масқара екенін түсінбейді ғой сол мұндарлар.
Тарихта бір кезде Хазария мемлекеті болғанын білесіздер. Соған бір жойыт келіп, барлық дін ортақ деп, өзінің сенім-нанымын енгізген. Артынан жау келгенде әртүрлі нанымға сеніп бөлшектеніп кеткен Хазария қарсы тұра алмаған. Сөйтіп, мемлекет құлап қалды.
Рахманқұл Бердібай,
академик
(«Жас қазақ үні» газеті,
01.07-07.07.2005 ж.)

…Елбасы Жолдауында барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін барынша дамытуға күш-қуат жұмсауымыз керектігі баса айтылғаны үміт отын маздатты.
Олжасымыз орыс тілінің олжасын ойлап жүргенде, Мұхтарымыздың ұлт мүддесін мұңдауы дәтке қуат.
– Ел Президенті мен Премьер-министрден бастап барлық мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілде сөйлеуі тиіс, – дейді Түркиядан жүрегіне операция жасатып оралған Мұхтар Шаханов. – Басшылар сөйлемесе, басқалар ешқашан сөйлемейді…
Қазыбек Иса
(«Мемлекет басшысынан бастап бәрі
мемлекеттік тілде сөйлеуі тиіс».
«Жас қазақ үні» газеті, 25.02-04.02-2005 ж.)

…Мәселен, сен балаңды орыс мектебіне бердің бе, онда оны орыс деп есептей бер… Ал ағылшынша оқыса… Оның ойында бірінші ағылшын тілі тұрады… Сондықтан да өз ана тілімізді бірінші кезекке қоймасақ, ұтыларымыз көп. Халықтық бірлік тілден шығады. Біз қай күні жарылатыны белгісіз бомбаның үстінде отырған халық сияқтымыз…
Бексұлтан Нұржекеұлы
(«Әдебиетте мәдениет қалмай барады».
«Евразия-kz», 4-ақпан, 2005 ж.)

…Қазақстандағы орыс қауымдастығының басшысы Юрий Бунаков біздің газетімізге берген сұхбатында (№34 (580), 25 тамыз, 2005 жыл): «Шаханов Парламентте тілді білмегендердің азаматтығын алып тастау сияқты мәселелерді көтеріп жүргенде, орыс мәселесі туындайды», – деген еді. Ұлтжанды депутаттың әрбір мәлімдемесіне құлағымызды түріп жүргендіктен, оның ешқашан да осындай мәлімдеме көтермегенін білеміз… Басқа тілдің сойылын соғатын азамат- тар мемлекеттік тіл десе, баяғы әдетіне басады. Тіл мәселесін көтерген азаматты орыстілді БАҚ-тар арқылы сынап, адам құқын алға тартады. Егер де Мұхтар Шаханов көтеріп жүрген мәселелердің тым құрығанда тең жартысы жүзеге асқанда, бұл ел мен тілдің дамуына оңтайлы үлес қосар еді. Олардың орындалмауына да мүдделілер бар ғой. Шаханов үнемі мемлекеттік тіл арқылы Қазақстанның барлық азаматтарын біріктіру идеясын көтеріп жүр.
Кәмшат Тасболатова
(«Шахановтың мәлімдемелерін бұрмалау кімге тиімді?».
«Түркістан» газеті, 15-қыркүйек, 2005 ж.)

…«31-арнаның» бұрыннан-ақ бұра тартуымен ерекшеленіп тұратын «Состояние.kz» бағдарламасы тағы бір рет көзге түсті…
Бәріміз де «Место встречи изменить нельзя» деген кинофильмді көрдік. Фильмнің финалында бандиттердің қолға түсетіні, капитан Жегловтың «Горбатый, выходи!» дейтін атақты фразасы бар емес пе? Осы фрагмент ары қарай «Состояниеде» былай беріледі:
– Кім бұл үріп тұрған? Ілеспе аударма: Кто это гавкает?
– Шошқа! Үріп емес, сөйлеп тұрған Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Шаханов!.. Мен сендерге жақсылықпен тез арада қазақ тіліне көшуді ұсынамын!..
Өмірзақ Ақжігіт
(«31-арнаның» аңсайтыны не?»
«Евразия» газеті, 10-маусым, 2005 ж.)

Мұхтар Шаханов – өте ірі қайраткер. Желтоқсан оқиғасы туралы сөйлеген сөзінің өзі ірі қайраткерлігін танытады. Осынысымен-ақ ол – ұлт тарихында қалатын тұлға…
…Ол кісіні сыртынан қанша сөксе де, дәл ол секілді қазір қоғамдық істерде белсене араласып жүрген ақын жоқ. Тіл үшін күресіп жүргенін мен популизм деп санамаймын. Атақ-абырой да жинап жүрген жоқ. Атақ-абырой бір басына жетеді. Қазақтың тілі үшін осындай бір азамат күресіп жүрсе, оны мысқылдап, кедергі жасамауымыз керек. Қайта, азаматтығымыз жететін болса, қолдауымыз керек.
Темірхан Медетбек
(«Сыртқа барып өз елін жамандаған
жігіттерден жақсылық күтуге болмайды».
«Алматы ақшамы» газеті, 11-маусым, 2005 ж.)

Ничего необычного в заявлении моего коллеги Мухтара Шаханова я не вижу… А вообще как всякий интеллектуально развитый человек я обязан знать 600-800 слов на казахском языке. Пока владею лишь одной четвертью, но все еще впереди.
Виктор Егоров,
депутат Мажилиса Парламента РК
(газета «Литер», 19 ноября 2004 г.)

Как работник акимата в прошлом, я уже давно готовилась к тому, чтобы вести делопроизводство на государственном языке. Не скажу, что владею им в совершенстве, но прекрасно понимаю речь на казахском языке. К тому же для русскоязычных избранников народа существует синхронный перевод… Кстати, из русскоязычных депутатов я единственная давала присягу на казахском языке.
Елена Тарасенко,
депутат Мажилиса Парламента РК
(газета «Литер», 19 ноября 2004 г.)
Біздің елде әзірге сатылмаған ауа мен тіліміз ғана. Оны да Алла біледі, болашақта қалай боларын…
Амалбек Тшан,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
(«Дода», 31-телеарна)

Үлкен билік басында жүргендердің 85-90 пайызы өз перзенттерін, немерелерін ана тілінде тәрбиелей алмағандар және көпшілігі оны қажет деп есептемейтіндер. Мынадай сұрақ туады: Егер осы азаматтар ұлты қазақ болмаса Қазақстан Республикасында биік лауазымды кызметтерге қол жеткізе алар ма еді? Әрине, жоқ. …Бір қызығы, бәрі де қазақ ұлтының есебінен өсіп, жоғарылайды. Бірақ, тіл үйренуге алтын уақытын шығын еткісі келмейді. Ондай нигилистерге «өз ұлтыңның тілін, рухын мойындамайсың ба, ендеше сол ұлттың есебінен билік тұғырына көтерілуге де хақың жоқ» деп қатаң талап қояр кезең әлдеқашан жеткен сияқты.
М.Шаханов
(Депутаттық мәлімдеме. «Өз ұлтының тілін,
рухын мойындамағандардың сол ұлттың есебінен
билік тұғырына көтерілуге хақы жоқ».
«Ана тілі» газеті, 6-12-сәуір, 2006 ж.)

Егер, «телехабарлардың кем дегенде жартысы қазақ тілінде болуы керек» деген менің ұсынысым ұлтшылдық болса, онда еліміздің егемендігі жайлы әңгімені жылы жауып қою керек. Ұлтымыздың мүддесі үшін күрес ұлтшылдық па екен.?!
Алтынбек Сәрсенбаев
(«Шындықты айтпау – үлкен мәдениетсіздік».
«Түркістан» газеті, 16-наурыз, 2006 ж.)

…Мәжіліс отырысында Парламент депутаты, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы Мұхтар Шаханов мемлекеттік тілге шекеден қарап отырған еліміздегі кейбір телеарналарды айыптаған мәлімдеме жасады.
Депутаттың айтуынша, отандық телеарналардың басым бөлігі қазақ тіліне қатысты өткен жиын, кештерді насихаттауға көңіл бөлмейді. Сондай-ақ депутат «Астана» телеарнасындағы қазақ тіліндегі жаңалықтардың алынып тасталғанына және оған қарсы шыққан 8 бірдей қазақтілді журналистің жұмыстан қуылғанына алаңдаушылық білдіріп, істі оң шешуге мән бермей отырған Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігін сынға алды…
(«Шаханов министрді есеп беруге шақырды».
«Жас қазақ үні» газеті, 18-қараша, 2005 ж.)

Мемлекеттік тілдегі бағдарламалар жабылып, журналистердің басым көпшілігі жұмыстан қысқартылып, одан қалды жұрт түсініп болмайтын «биллингвал» жүйесі енгізілгеннен кейін біз шыдап отыра алмадық. …«Астана» телеарнасы басшыларының бұл жобаны неге қолға алғандары түсініксіз. Бұл жүйе Қазақстан жағдайына мүлдем сәйкес келмейтіні айдан анық. …Оны көру үшін арнайы «НИКАМ» жүйесімен жарақталған теледидар қажет. …Олай болса, көрерменді алдап, мұндай көзбояушылыққа баруға не себеп? Мұның астарында біртіндеп мемлекеттік тілді екінші кезекке ығыстыру саясаты жатқан жоқ па?..
…тілімізді көпе-көрнеу аяқ асты етіп жатқандығына шыдамай жұмыстан кеттім.
Мәди Манатбек,
«Астана» телеарнасының бағдарламалар
өндірісі қызметінің бастығы
(«Қазақ әдебиеті» газеті, 9-желтоқсан, 2005 ж.)
Біз барлық мемлекеттік құзырлы орындарға шағымдандық. Одан бері, міне, төртінші аптаға аяқ басты. Бірде-бір мемлекеттік орган ләм-мим деген жоқ. Тек Мәжіліс депутаты Мұхтар Шаханов қана шырылдап жүр. …Сонда телеарналардағы қазақтілді хабарлардың үлесін қадағалайтын Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі қайда қарап отыр? Айтқанымыз жалған болмас үшін бір дерек келтірейін. Мәселен, «Астана» телеарнасындағы 31-қазан күнгі (дүйсенбі, 2005ж.) көрсетілім кестесін алып қарайық. …Қараңыз, бұл күнгі эфирлік қазақша хабарлардың жалпы саны 2 сағат 50 минутты құраған. Бұл «Астана» телеарнасы хабарларының 15 пайызы ғана, яғни осыншама пайыз қазақша да, қалған 85 пайызы орыс тілінде. …Апталық көрсеткіш (31-қазан – 6-қараша аралығы): жалпы эфирлік уақыты 131 сағат. Аптадағы қазақ тіліндегі эфир 1150 минут, яғни 19 сағат, орыс тіліндегі эфир 6710 минут – 111 сағат. Аптадағы қазақ тіліндегі шыққан хабарлардың үлес салмағы 14,63%; орыс тілінде шыққан хабарлардың үлес салмағы 85,37%. Сонда «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 50х50 талабы қайда қалды?
Данияр Есен,
«Қайырлы таң» бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі
(«Қазақ әдебиеті» газеті,
9-желтоқсан, 2005 ж.)

Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында депутат Мұхтар Шаханов «Астана» телеарнасындағы асқынған космополитизм» атты депутаттық мәлімдеме жасап үлгерді. Мәжіліс депутаты өз мәлімдемесінде телеарнада қалыптасқан мұндай келеңсіз ахуалға басшылықты кінәлі санап, бұған Үкімет басшысы Д.Ахметов пен Бас прокурор Р.Түсіпбековтің, сондай-ақ, қаржы полициясының жетекшісі С.Қалмырзаевтың араласуын қажет деп тапқан еді.
Басқа-басқа, «Астана» телеарнасына қатысты әңгімені депутаттық араласудың өзі-ақ отқа май құйғандай гуілдетіп жіберді. Ал, біздің пайымдауымызша, телеарнада қалыптасқан екіжақты текетірес жуық арада шешімін таппаса үлкен дау-дамайға айналу қаупі бар. Өйткені, қызметтен кеткен 9 журналист пен 2 режиссер өздерінің жұмыстан шығып қалу себебін кәсіби деңгейінің төмендігінен емес, ұлттық мәселеден іздеп отыр.
…Депутат Мұхтар Шаханов бұл мәселеге қайта оралып, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында екінші мәрте депутаттық сауал жолдағанда 28 депутат қолдау білдірген. Демек, сірескен сең қозғалды. Мәдениет, ақпарат және спорт министрі Е.Қосыбаев депутаттық корпустың «кілеміне» шақырылды. Айтпақшы, осы дау-дамай ушыққалы бері «Астана» есін жиып, қазақша сайрай бастады. Мәселен, «НИКАМ» жүйесінің екінші жолағына ығыстырылған қазақ тілді хабарлар негізгі арнаға көшірілген. …Алайда, мәселе мұнымен шешілмесе керек…
Болат Шарахымбай
(«Астана» телеарнасындағы текетірес
немесе тіл үшін шырылдап жүрген
журналистерге кім араша түседі?»
«Қазақ әдебиеті» газеті,
9-желтоқсан, 2005 ж.)

…Белгілі қаламгер, тіл жанашыры Мереке Құлкеновтің «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының Жазушылар одағында шығармашылық одақтар мен зиялы қауым өкілдері бірлесе өткізген жиынында айтқанындай, «Мұхтар Шахановтың Парламентке барғаны ұлт үшін үлкен жеңіс болды». «Космополит қазақтардың» кім екендігі де содан кейін барып айқындала бастады…Себебі космополиттік ұстаным олардың ойынша – қара халықтан, нақтыласақ, өз ұлтыңнан асқақ тұру өлшемі… Бірақ М.Шаханов Парламент мінберінен жасаған мәлімдемелері арқылы олардың бұл астамшылығына тосқауыл қойды…
Өздерін тәуелсіз басылым санатына қосатын кей газеттердің М.Шахановқа шүйліге бастауы сондықтан. Оның басында қазақтың белгілі ақындарының бірі болған Хамит ағамыздың қызы Гүлжан Ерғалиеваның тұрғандығы өкінішті-ақ.
Өз есімін газет фирмасына шығарған басылымында Гүлжан ханым «Демарш классика», «Метаморфозы поэтической дипломатии» атты мақалаларды бірінен кейін бірін жариялап, М.Шахановты барынша жоққа шығаруға тырысып бағыпты… Қалай десек те, әйтеуір, Шахановтың классик екендігін мойындағанына да шүкір.
Құдияр Біләл
(«Шаханов және космополит қазақтар».
«Ана тілі» газеті,
2-маусым, 2005 ж.)

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның биылғы жылғы алғашқы мәжілісі өтті.
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында 2007 жылғы 31 қаңтарда №77 Үкімет қаулысына қол қойды.
Осы қаулыға сәйкес, комиссия құрамына ішінара өзгерістер енгізілді. Осы орайда, Премьер-министр Кәрім Мәсімов – комиссия төрағасы, Сенат депутаты Қуаныш Сұлтанов пен Мәжіліс депутаты Мұхтар Шаханов – комиссия төрағасының орынбасарлары болып табылады…
Комиссия мәжілісі барысында Парламент депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Мұхтар Шаханов, Амангелді Айталы және Президенттік Мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков сөз алып, мемлекеттік тілді дамыту, оны үйретудің методикалық-методологиялық әдістерін жетілдіру, халықаралық тәжірибені кеңінен қолдану, тіл инспекциясын құру, тіпті, қажет болса, мемлекеттік Тіл туралы заң қабылдау туралы нақты ұсыныстары мен өзекті пікірлерін ортаға салды.
Нұрлан Қалқа,
Астана қаласы
(«Кәрім Мәсімов – Тіл комиссиясының төрағасы».
«Айқын», 2 ақпан, 2007 ж.)

1991 жылы елімізде 8881 балабақша бар еді. Соның 2233-і таза қазақ тілінде, 2501-і қазақша, орысша аралас болатын. Екеуін қосқанда қазақ тіліндегі балалар бақшасының жалпы саны 4734-ке жетіп құлайды. Енді осы ана тіліміздегі бөбектер үйінің 100 шақтысы ғана қалдырылып, қалғаны қалталы адамдарға, жоғарғы, төменгі билік басындағылардың жақын-жұрағаттарына мың, мың жарым, екі мың теңгеге сатылып кетті. Бүкіл балабақша төсек-орынымен, тоңазытқышымен, теледидарымен, түрлі керек-жарағымен әлгіндей ақшаға, яғни бір шиша коньяктың құнына бағаланды. Басқасын былай қойғанда, сіз қазір мың жарым, екі мың теңгеге сол балабақшаның құлпын сатып ала аласыз ба? Енді мына қызыққа қараңыз. Жыл сайын мемлекеттік бюджеттен 5-6 балабақша салуға ғана қаржы бөлінетінін ескерсек, 1991 жылғы балабақша санын қуып жету үшін бізге әлі 400 жыл уақыт керек екен.
(«Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының
төрағасы М.Шахановтың мәлімдемесінен.
«Ана тілі» газеті,
2 қазан, 2008 ж.)

Қазақстандық патриотизмнің негізін қалаушы да – мемлекеттік тіл. Өз еліңнің патриотизмін көрші елдің мемлекеттік тілімен жасау мүмкін емес.
Сондықтан бүгінгі жағдайда мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау мәселесі кезек күттірмейтін шара деп білемін.
Төлен Әбдікұлы,
жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
(«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде».
«Егемен қазақстан», 23 қаңтар, 2009 ж.)

Жасарал Қуанышәлі, «Жаса, Азаттық!» қоғамдық бірлестігінің төрағасы: – Осыдан 15 жыл бұрын біздің тілімізге, жерімізге, мемлекетімізге шабуыл жасалды. 1994 жылы парламент депутаттары орыс тіліне қазақ тілімен бірдей мәртебе беру, жерді жеке меншікке сату, ұлттың ұлттық сипаты болмауы жөнінде мәселе көтеріп, 160 ұлтқа жаны ашымас кәсіпкер осы мәселені күн тәртібіне қойды. Олардың мақсаттары іске асты да. Егер, осы проблемаларды шешеміз десе, «Нұр Отанға» кім кедергі жасап отыр? Қазір шешеміз десе, шеше алады. Сондықтан, біздің талабымыз тастай болуы керек.
Рысбек Сәрсенбай, «Жас алаш» газетінің бас редакторы: – Егер, мемлекет басшысы айтса, бәрі де қазақша сөйлер еді. Мен ұлттың көсемі болуына еш қарсылығым жоқ, егер шын мәнінде халқына жақсылық жасаса.
Қазыбек Иса, «Жас қазақ үні» газетінің редакторы: – Біздің биліктегілерді құлдық психология билеп алған. Шет елдерге, тіпті Өзбекстан мен Қырғызстанға барса да орысша сөйлейді. Бұл – дипломатиялық жетістік емес, керісінше дипломатиялық дімкәстік, сауатсыздық. Біздің парламенттегілер бір адамға ғана бағынады. Жат десең жатады, ал егер тұр дегенді айтуды ұмытып кетсең, сол жатқан жерінде жата береді. Ертең Ресейге қосылайық десе, қолдап шыға келетінде де солар. Тілін қорғамағандар елін де, жерін де қорғамайды.
Жанбақыт Борантаев
(«Тілін қорғамағандар елін де, жерін де қорғамайды»,
«Қазақстан -Заман», 24 қыркүйек, 2009 ж.)
Егер тiлiм жойылатын болса ертең,
Онда құдай менi бүгiн алмай ма?
Расул Ғамзатов
Кез келген дуал – есiк.
Альбер Камю
Бiр кездерi ғаламзатта он, он бес мың тiл болған,
Көп тiлдердiң арнасында бұл күндерi күл қалған.
«Тiлiн жойсаң – ұлтын жойдың!», мiне,
қанша халықты
Осы арсыз, қатыгез ой жамбасына салыпты.
Заман ендi қай тiлдерге жасар екен табытты?

Америкаша жаһандану яки ғаламдастыру –
Менiңше, бұл – қансыз әрi рухсыз,
Шекарасыз, тежеусiз һәм құлыпсыз
Эгоистiк қарын-мүдде аспанында асқыну,
Шағын, әлсiз ұлт пен тiлдi, салт-дәстүрдi тасқа ұру,
Жердегi бар iзгiлiкке МАТ.БАЙЛЫҚТЫ бас қылу…

Менмен, дүлей пенде-күштi тұра алады кiм қармап?!
Күрт тарылып өре мүлде,
Ендi елу жыл көлемiнде
Адамзаттың меншiгiнде 400-500 тiл қалмақ,
Әрбiр қамсыз қадамымыз өзiмiзге сын болмақ.
Америка –
күллi әлемге ойлар қосқан көшелi
Марк Твеннiң, Хемингуэйдiң отаны әрi кешенi.
Маңдайыңның бағы бiрақ дей алмаймын бес елi,
Өз зорлығың ертең, бәлкiм, тағдырыңды шешедi…

Сан жазықсыз тайпа мен тiл сүйегiне орнаған
Ұлтсыздықты айналдырып жалауға,
Әлсiздердi талапайға, талауға
Салған дара мемлекетсiң “әлем құқын қорғаған”,
Талай елдер сенiң осы “қорғауыңнан” сорлаған.

Америка,
үлгiмiз сен,
сол үшiн де батылмыз,
Тiк көтерiп “жеңiс” туын,
Жолдың дұрыс, терiстiгiн
Сарапқа алмай, бiз соңыңнан шауып бара жатырмыз,
Бағы тайған топ киiктей ауып бара жатырмыз.

Ана тiлiм – бабам тiлi, қасиетiм, қанатым,
Ғұмыр бойы бас иетiн ар-ожданым, санатым,
Мың азаптан, мың тозақтан еңсе бүкпей өтiп ең.
Мұң дөңбекшiп өзегiңде,
Жаһандану кезеңiнде,
Рухсыздар шыққан шақта белсендi боп шетiнен,
Жойылуға жол алдың ба ұлы жердiң бетiнен?
Мына мүшкiл халiң бүгiн ұлт намысын қорлаған
Тiптi Колбин кезiнде де тiлден жеру болмаған.

Кей қырғыздар депутатты «жепутат» деп атайды,
Қансыз, арсыз қалталыға ел пiкiрi қатайды.
Жаңа нарық байқатқан соң жүрер жолдың төтесiн,
«Жепутаттар» көрсетуде сатқындықтың көкесiн…
Ә дегеннен өзiңдi-өзiң өз тiлiңде танымау –
Табиғатқа зорлық жасау емес пе бұл, жаным-ау?
Бұдан былай ылғи алдан шыға ма осы тас қамал,
Расул сөзiн қайталаудан қалмай ма ендi басқа амал?
Бұл замани сатқындықты пайымдалық,
лақпалық…
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Иә, “кез келген дуал – есiк!” деген ойға тоқталық.

ҰЛТТЫҚ НИГИЛИЗМ
ИІРІМДЕРІ

…Мұхаң Президенттің алдында «өлең оқимын» деп тағы да қиғылықты салды. Ақыры шыдай алмай кеткен болуы керек, Президент: «Мұхтар, айғайлама!» деп тыйып тастады. Бәрі жан-жақтан жеңінен тартып, етегінен басып, «шөре-шөрелеп» жатып әрең тоқтатты. «Мұхтар Мағауин жарық күнде Шахановтың артына неге шырақ алып түсті?» десек, осындай алаөкпелігіне шыдамайды екен ғой.
Жанарбек Әшімжан
(«Екіжүзділік».
«Жас Алаш» газеті,
23-қазан, 2004 ж.)

…Мұхтар Шаханов та қырық жыл бұрынғы романтик қалпынан өзгере қоймаған сияқты. Алматыда өткен Президент пен зиялы қауым өкілдерінің кездесуіне арнайы өлең жазып… бірақ кездесуде оны оқудың реті келмепті… Қайран ақын дүниенің қисайған тұстарын өлеңмен түзетемін деп ойлайды-ау. Міне, ол Парламенттегі алғашқы жұмыс күніне де құр қол келмепті. Журналистке берген жедел сұхбатында «Рух және мемлекеттік тіл» фракциясын құратынын мәлімдеді. Иығын қомдап-қомдап қояды. Бір қызығы, осы кісі өзін, Құдай біледі, қанаты бардай сезінеді. Бұрынғы өмірінде құс болды ма екен…
Саржан Қайдауыл
(«Қол көтер десе – қолын, аяқ көтер десе –
аяғын көтеретіндер қызметіне кірісіп кетті».
«Азат» газеті, 10-қараша, 2004 ж.)

«… Қызық, ә?! Мұхтар Шахановтың тіл туралы «Ұлттық нигилизм…» деген өлеңі (кейіннен «Жас Алашта» жарияланған) сол жерде оқылғаны жөн еді… Мұхтар бекерден-бекер дауыс көтермеген…
Абылай ханның алдында Бұхар жырау оның бет-жүзіне қарамастан кім екенін өлеңмен дауыстап айтпап па еді? Мұхтар неге Назарбаевтың алдында өлең оқымайды? Дулаттың қағидасына салса, Президенттің сарайында нені оқып, нені оқымаудың тізімін жасап, арнайы заң шығару керек. Ақынның аузына бұғау салсақ, жетіскен екенбіз. Президентке қатты, айқайлап айтса, несі бар?! Орынды болса, шындықты шыңғыртып жеткізбесе бола ма?
Бекен Жаппарұлы
(«Мұхтар неге өлең оқымауға тиіс?»
«Азат» газеті, 24-қараша, 2004 ж.)

…«ендігі жерде жиынды мемлекеттік тілде өткізейік» деп сауал тастау – жалаң популизмнің ар жақ, бер жағы… Оның бәрі – қазақшылық әңгіме…
Екіншіден, Шаханов айтпай-ақ, Жармахан Тұяқбай жетекшілік еткен Парламенттің жиындары онсыз да мүмкіндігінше қазақша жүріп келген… Бүгін Парламентке келе салып бәрін қатырып жіберем дегенге мен қосылмаймын.
Амалбек Тшан
(«Жас Алаш» газеті, 18-қараша, 2004 ж.)

…мемлекеттік тіл мәселесі М.Шаханов бастауымен қайта көтерілгенде, оқыстан мінез танытып, жиырыла қалғаны түсініксіз, (А.Тшановты айтады. – Ред.) «Жас Алаш» газетіне берген шағын сұхбатында мемлекеттік тілдің күн тәртібіне қойылуын «популизм» деп бағалапты… Болар елдің баласы бірін-бірі «Батырым» десе керек еді.
Низамаддин Жүсіпұлы
(«Ана тілі» газеті,
2-желтоқсан, 2004 ж.)

…выступления нескольких писателей, включая Мухтара Шаханова, просто убили своей тупой псевдопатриотичностью и неизбывно низким полетом мысли. Предметом их стенаний, как нетрудно было бы догадаться, оказался казахский язык… А еще любимой игрушкой, дубинкой, кассовым аппаратом (в зависимости от обстоятельств) нашей этнокультурной элиты. Она, эта элита, в лице ее «передового отряда» (так повелось еще с советских времен), членов Союза писателей, настолько заболтала эту проблему, что у разумных членов общества сии вопли вот уже какой год, вызывают, как бы страшно непатриотично это ни звучало, одни негативные эмоции…
Тельман Медеу-улы
(«Сон с открытыми глазами,
или бред тарланного сознания».
«Центральная Азия, Казахстан»,
18 января 2005 г.)

– Соңғы кезде Мұхтар Шаханов, Амангелді Айталы секілді ағаларымыз тіл мәселесін жиі көтеріп жүр. Алайда депутаттардың дені қаракөздер бола тұрса да, қолдау таба бермейді. Неліктен?
– …Мәселен, мектепті он жыл орысша оқыған бала қанша қазақ тілінде сөйлегенмен, ол бәрібір орысша ойлайды… Сондықтан оған тәрбиені балабақшадан бастап беру қажет. Ал қазір балабақшалардың бәрі, Мұхтар Шахановтың айтқанындай, жекешеленіп кетті. Біздегі мемлекеттік саясат – қызық. «Өз күніңді өзің көр» дегенге саяды…
Өзге ұлттар қазақ тілін үйренбейміз демейді. Олар қайта соңғы кезде балаларын қазақ балабақшаларына беріп, тіл үйрете бастады. Бәрін бүлдіріп жүрген – өзіміз. Тілді үйренгісі келмей отырған адам емес, оны мәжбүрлемей отырған – мемлекет. Ал тілсіз ел – ол қандай ел? Қазіргі Үкімет басында отырған лауазым иелерінің 90 пайызы, бәлкім, одан да көп болар, тегі қазақ, бірақ орыстілділер, орысша ойлайтындар. Парламентке келгенде жазып алған бір-екі ауыз қазақшасын айтады да, ары қарай орысша шүлдірлейді. Сөйтіп отырып, біз қазақ тілінің мәртебесін қалай көтереміз, қорғаймыз?
Амалбек Тшан,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,
(«Тілді үйренгісі келмей отырған адам емес,
оны мәжбүрлемей отырған – мемлекет».
Сұхбаттасқан С.Әмірбекұлы,
«Айқын» газеті, 29-шілде, 2005 ж.)

Кеңес заманында қазақы ұлттық идеология болды. Ол – Бауыржанның тұлғасы, Олжастың «АЗиЯ»-сы, Шахановтың поэзиясы секілді айбындарға негізделіп, халыққа рух беретін. Әрине, экономикаға негізделмеген. Қазіргі кезде көзі тірі айбындарды қолпаштаудан сескену үрдісі бар, сондықтан да сүйегі қураған тарихи айбындарға иек арта береміз.
Серік Ерғали
(«Ұлттық идеология туралы бас қатыру».
«Жас Алаш» газеті, 22-қаңтар, 2005 ж.)

Шаханов алғаш барған кезде-ақ жауға шапқан жеке батыр секілді тілді айтып шығып еді. Парламенттегі 70-тен аса әріптесі әуелде үркіп, шошып қарағандай болды. Бір жағы, бұл Мұхтардың тарапынан да асығыстық секілді көрінді. Парламент те өзінше отбасы, ошаққасы сияқты бір ұжым ғой. Алдымен екі-үш ай танып-біліп, зерттеп алып айту керек еді Мұхтарға.
Исраил Сапарбай
(«Айқын» газеті, 27-сәуір, 2005 ж.)

…Ұлты қазақ болғанымен, басқа тілде сөйлеп, басқа тілде ойлайтындар. Бұлардың көпшілігінің, қаны да, жаны да басқа ұлттармен араласып кеткен. Демек, ұлттың басына қауіп төнгенде, бұлар түлкі бұлаңға салып, күштілер жағына оңай шығып кете алады. Тіпті кейбіреулерінің санасында ұлтқа, Отанға деген сүйіспеншілік сезім «Ой, какая разница» деп басталып, «мне все равно» деп аяқталады. Ертең дәл осылай ойлап, осы бағытта іс жүргізетін басшы адам билікке келсе, біздің қоғамға шаш етектен қасірет келері анық…
Төреғали Батырханов
(«Қазаққа төнген қара бұлт».
«Жас қазақ үні» газеті, 02.04-08.04-2004 ж.)

– Сіз бастап құрған «Қазақ тілі» қоғамы кезінде дүркірегені рас. Кейіннен қоғам өзі құлдырады. Осыған өзіңізді кінәлі сезінбейсіз бе?
– Жоқ, мен кінәлі емеспін. Кінәлі – қазақ халқының өзі… Қоғам енді бұрынғыдан басқаша жұмыс істейтін мүмкіндік алды. Менің жалғыз орынбасарым болса, қазіргі президенттің үш орынбасары бар. Мен ғылыммен шұғылданып кеттім де, қолым тимеді. Тіл үшін міндетті түрде күресу керек.
– Мемлекеттік тілді қорғау қозғалыстары құрылуда. Мәжіліс депутаты Мұхтар Шахановтың бастамасын қолдайсыз ба?
– Шаханов ісімен көрсетсін!
Әбдуәли Қайдари
(«Ана тілі» газеті, 16-желтоқсан, 2004 ж.
Сұхбаттасқан Д.Белдеубайұлы)

– «Тіл, тіл» деп ұрандап жүргендердің барлығы да – не нәрсенің де қай уақытта айтылуы керектігін білетін, тілді бетке ұстап, ұпай жинауды амал қылған популистер ғана» деген пікір бар. Қалай ойлайсыз, тілге жанашыр адамдарды популистердің қатарына жатқызуға бола ма?
– …Мұхтар інім депутат болғалы тілдің жайын көп айтады, жиі айтады. «Тіл қозғалысы» дейтін мәселені ұйымдастырды. Рақмет. Бірде өзіне айттым: «Сен көп жылдар сыртта жүрдің. Елге келіп жатырсың. «Көке-көке» дейсің. Бірде-бір рет ықылас-ниетіңнен кемшілік көрген жерім жоқ. Келгеннен кейін «Қазақ тілі» қоғамының халі қалай болып жатыр, не себепті соңғы кезде салғырт болып кетті, түп себебі неде? Бірлесіп жұмыс істейік. Былай-былай жасасақ, қалай қарайсыз?» деп бір ауыз неге айтпайсың? Саналы азаматтың кез-келгені кеңестен қашпайды ғой» дедім. «Жігіттерге айтып ем ғой» деп ол да өзінше ақталды. Бірақ содан кейін ол «Қазақ тілі» қоғамын сынай бастады. Мұхтар інім жұмысын олай бастамауы керек еді…
Өмірзақ Айтбайұлы,
ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті
(«Мемлекеттік тіл – қазақ тілі дейді де,
орыс тілінің қамын жеп шыға келеді».
«Айқын» газеті, 22-ақпан, 2006 ж.
Сұхбаттасқан Айгүл Аханбайқызы)

…Ең алғаш мемлекеттік тіл туралы сөз қозғаған академик Әбдуәли Қайдаров еді. Г.Колбиннің алдында Әбекең қасқайып тұрып «Қазақстанда мемлекеттік тек қана қазақ тілі болу керек» деген еді… Мұхтар інім шетелден келген соң біраздан соң депутат болып сайланды. …Ол өз әрекетін бізді сынаудан бастады. «Ойбай, «Қазақ тілі» қоғамы дым бітірмей жатыр» деп дүрсе қоя берді. «Ой, айналып кетейін, атақ-даңқың жетпей жүр еді, енді бүкіл елге тағы да бір қырыңнан көрінетін болдың» деп әзілдедім. Ол осы мәселені қозғағалы бір жылдан асып кетті, енді оның нәтижесінен хабарсызбын…
Өмірзақ Айтбайұлы,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті
(«Тіл – ұлтымыздың негізі, болашағымыздың іргетасы».
«Әдебиет айдыны» газеті, 6-сәуір, 2006 ж.
Сұхбатты жүргізген Дәлелбек Батыр)

Егер шындықтың жүзіне тура қарар болсақ, «Мемлекеттік тіл қоғамдық қозғалысының» қажеті не, мемлекет мойындап, қаржыландырып отырған «Қазақ тілі қоғамы» бар емес пе?” деген заңды сұрақ туады. Бірақ әділет тілесе, атамыздың да айыбын айтуға тиістіміз. Аты бар да, заты жоқ бұл қоғам соңғы жылдары тым қожырап, тіл мүддесі төңірегінде таусылып, сығырайып өшуге айналған майшамдай мүшкіл хал кешіп отырған тілімізді қорғауға қоғамдық күштерді біріктіре де, жұмылдыра да алмады. Керісінше, «қатты сөйлеп, билік басындағылардың көңіліне тимейік» деген жұмсақ, бедерсіз бағыт ұстады.
Қазіргі кезеңде ана тілінің намысын қорғайтын он ұйым болса да, көптік етпейді. «Қазақ тілі» қоғамының бұрынғы жасаған еңбектерін ұмытуға тиісті емеспіз…
«Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының ұлтымыздың рухы мен намысын ғана қорғайтын, билік пен партиялық ойындарға қосылмайтын таза ұйым болатынына сене беріңіздер. Біз бұл қызметіміз үшін айлық алмаймыз, ешкімнен жылу да сұрамаймыз. Мемлекеттік тіл мен рух орнықты жолға қойылғанша күресімізді тоқтатпаймыз.
М.Шаханов
(«Тілсіз, рухсыз толыққанды тәуелсіздік жоқ».
(«Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының
шығармашылық одақтар мен бұқаралық ақпарат құралдары
өкілдерінің бірлескен жиынында жасалған баяндамадан).
«Жас қазақ үні» газеті, 04.03-10.03.2005 ж.)

Соңғы кездері Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Ө.Айтбаев бірнеше газетке сұхбат беріп, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысына, оның төрағасы М.Шахановқа шабуыл жасады… «Қазақ тілі» қоғамы билік басындағылардың көңіл-күйін бұзбайық» деген саясат ұстап, олардың бәтеңкелерін мұртымен шөткелемеген болса және сондай жалпақшешейліктің арқасында қазақ тілі қазіргідей мүшкіл хал кешпесе, біздің газет-журнал бас редакторларынан және қоғам қайраткерлерінен «Мемлекеттік тіл» қозғалысын құрып неміз бар? 1997 жылы Қазақстанда үш мыңға тарта балабақша жекешелендіріліп, тиын-сиынға қалталы адамдарға сатылып кетті, 10 мың кітапхана жойылды. «Қазақ тілі» қоғамы да, сол кезгі депутаттар да жұмған аузын ашпады. Дер кезінде «Қазақ тілі» қоғамы көптеген позицияларды қолдан шығарып жіберді, нағыз ұлтжандылық дабыл көтеріп, күрескерлік рух таныта алмады. Сондықтан да «Қазақ тілі» қоғамына біздің өкпеміз қара қазандай. Көпен Әмір-Бек айтқан «Тіл туралы шырылдауын Шаханов шырылдайды да, айлығын Айтбаев алады» деген пікір әзіл де болса шындық ауылына өте жақын. Өмірзақ ағамыз «Мемлекеттік тіл» қозғалысымен ілінісе бергеннен не ұтады? Қайта үлкен мүдде үшін бірлесіп күресудің жолын қарастырмай ма?! Бірақ енді ол кісі өз бойынан биікке қарғи алар ма екен? Ұлт мүддесі үшін жанын сала күресу қолынан келмегені рас қой, ендеше өзге қайраткерлерге кедергі жасамай жайына жүрсін.
Құдияр Біләл
(“Шырылдауын Шаханов шырылдайды,
айлығын Айтбаев алады”.
“Ана тілі” газеті, 20-26-сәуір, 2006 ж.)
Бүгінгі біздің Қазақстандағы қазақтың тілі – мемлекеттік тілдің көтерілмей тұрғанына… барша қоғам кінәлі. Бізде не талап жоқ, не жүйе жоқ. Міне, елім деп еңіреп, тілім деп тілімделіп жүрген Мұхтар Шаханов келгелі бері биылғы жылы тілге қозғау түсіп отыр. Ал енді он бес жыл бойы осылай етіп қозғасақ, бізге біреу қой деді ме?
Асылы Осман
(«Қазақ тілінің көсегесі неге көгермей отыр?»
«Айқап», 21-қазан, 2005 ж.)

«Тіліміз құрып бітті» деген байбалам Алатаудан Қаратауға жаңғырығып, саңыраудың өзінің құлағын жарып барады. Бұл да таң емес. Айттық, М.Шахановтың бар «кереметіне» көзіміз жеткен, ештеңеге де таңырқамаймыз.
Мұхтар Мағауин
(«Жұлдыз» журналы, №7, 2005 ж.)

…Прошедшей зимой в прессе появилось сообщение о том, что защищая родной язык, «народный трибун» получил инфаркт. Тут же был объявлен всенародный сбор средств для лечения Шаханова за границей. Но вдруг медицинский чин из администрации президента выступил с заявлением в прессе о том, что положение поэта не столь тяжелое, что все необходимое лечение проводится за государственный счет, и нет необходимости собирать средства. Через несколько дней бодрый Шаханов опять защищал казахский язык. Что здесь от Данко, вырвавшего свое сердце для людей, и что здесь PR? Бог его знает…
Иса Акбаров
(«Метаморфозы поэтической дипломатии».
газета «Свобода слова», 4 мая 2005 г.)

Республикалық басылымдар мен теледидарларда халқымыздың дара перзенті Мұхтар Шахановтың екінші рет инфаркт алғаны туралы хабар берілгеннен кейін… М.Шахановтың хал-ахуалы бір қалыпты. Түнде дене қызуы көтерілген. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов республикалық клиникалық аурухананың бас дәрігерімен хабарласып, ақынның хал-жағдайын сұрапты. Бельгиядан Шыңғыс Айтматов телефон соқты: «Неге екенін қайдам, санамда белгісіз бір сезім пайда болды. Телефон соқсам, Мұхтар екінші рет инфаркт алыпты. Дара талантын әлем мойындаған, қазақ халқының мақтанышына айналған ақынына Республика Үкіметі көмек қолын созатынына сенемін. Болмаса, басқа шара қарастырармыз…», – деді ол… Бірақ үлкен қалталы азаматтар әлі үнсіз. Соған қарағанда, олар бар жиған-тергендерін өз маңдай теріммен табылған қаржы деп ойлайтын сияқты…
(«Мұхтар Шахановқа кім қолын созады?»
«Қазақ әдебиеті» газеті,
28-қаңтар, 2005 ж.)

– Президент аппараты іс басқармасы медициналық орталығының бастығы А.Дерновой Шахановтың денсаулығына орай ресми мәлімдеме жасады… «М.Шахановты емдеуге қаражат жинау бойынша компания жүргізудің қажеттілігі жоқ» деп кесіп айтқан…
– Шахановтың келісімін алмастан өз бетімізше жеке есеп-шот аштық. Себебін түсіндіру қиын емес. Айталық, Мұқаң бұдан екі-үш жыл бұрын бірінші рет инфаркт алған. Сонда дәрігерлер «шетелге, оның ішінде Түркияға, жағдайы жетсе, Германияға барып ем-домды аяғына дейін жеткізген дұрыс» деген. Мұқаң сол кезде де Халық жазушысы, сол кезде де мемлекет атынан бір елмен сөйлесіп отырған қайраткер емес пе еді? Үкімет орындары Мұхтар Шахановтың шетелде емделсем деген өтінішін жауапсыз қалдырған. «Бәрі өзімізде бар» деген сөз онда да айтылған. Нәтижесі, міне… Мұхтар Шахановтың тек шындықтың жүзімен жүрер азамат екені бәрімізге белгілі. Шындық қарапайым елге жаққанмен, жоғарылаған сайын оның мемлекеттік тіл, діл, дін туралы талаптарына деген үнсіз қарсылық басым… Дарын иесіне, өнердегі ұлы тұлғаларға деген мемлекеттік көзқарас әлі өзгерген жоқ. Көп болса, ілуде біреуі арнайы «стипендия» алатын шығар. Оныңыз анау ұлы талапай жылдары жөнсіз байып алған алпауыттардың жағдайымен салыстырғанда, тамшыдай ғана дүние. Мен Дерновой мырзаның мәлімдемесіне ризамын. Бірақ «Аш бала тоқ баламен ойнамайды…» деген бар емес пе?.. Өмірде бір рет билік алдындағы кіріптарлықтан құтылса деп едік, ұзын құрық және қуып жетті.
Эрнест Төреханов
(«Ұзын құрық қуып жетті».
«Жас Алаш» газеті, 29-қаңтар, 2005 ж.
Сұхбаттасқан Рауан Берікханұлы)

Туыстас ел Түркиядан арнайы келіп, жан-жақты дәрігерлік тексеру жүргізген Эркан Демирташ бауырымыз екінші рет инфаркт алып реанимация төсегіне таңылған Мұхтар Шахановқа жедел операция жасау қажеттілігін айтып, өзі бас болып Стамбұлға ұшақпен алып кетті.
(«Шахановқа операция жасалады».
«Ана тілі» газеті, 10-ақпан, 2005 ж.)

…Мұхтар Шаханов – ұлттың біртуар азаматы, бірегей ақыны. Сонымен бірге, ол – депутат, көрнекті қоғам қайраткері ғой! Ал осындай ірі тұлғаны өз есебінен емдете алмаған немесе емдетуге құлықсыздық танытқан Үкімет – қандай Үкімет?..
Біз ел аман, жұрт тынышта тікұшақпен аң қуып жүріп құлап, жарақат алған, сөйтіп, қыруар қаржы төлеп, шет елде емделген «қайраткерлерді» де білеміз. Біреудің қалтасындағы ақшасын санамайсың. Бірақ «егер Шаханов та дәл сондай ойдан-қырдан, бардан-жоқтан ақша құраған жан болса, бүгін ешкім оған бүйтіп жылу жинап жатпас еді-ау» деп еріксіз ойлайсың…
Роза Қараева
(«Басқаның Үкімет есебінен емделуіне болады да,
депутаттың емделуіне болмай ма?»
«Айқын» газеті, 27-қаңтар, 2005 ж.)

Ақынның операциядан кейінгі көңіл-күйі жақсы. Бір айта кетер жәйт – операция шығынын осы орайда арнайы қаулы қабылдаған Түркия Үкіметі түгелдей өздері көтерді. Оған М.Шаханов шығармаларын туыстас түрік елі де жоғары бағалайтындығы, ақын есімін олар да ардақ тұтатындығы себеп болды. М.Шахановтың «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы) мен Ш.Айтматовпен бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» атты романдары түрік тілінде бірнеше дүркін басылған болатын. Оның үстіне, 2002 жылы М.Шахановқа «Түркі халықтарының арасынан шыққан ең үздік әлем ақыны» атағы да берілген. Соның бәрін ескерген Түркия Үкіметінің бұл бауырмалдығына ерекше құрметпен қараған ләзім.
(«Ана тілі» газеті, 17-ақпан, 2005 ж.)

«31 телеарнаның» «Дода» бағдарламасына арнайы шақырылған жазушы Сәкен Жүнісовтің көтерілген тақырып аясынан шығып, әңгіме ауанын М.Шахановқа бұруын тіптен түсіне алмадық. Сәкен ағамыздың мемлекеттік тілдің бүгінгі жағдайына алаңдаушылық білдірудің орнына, «Оны неге тек Шаханов көтереді» дегенге саятын пендешілікпен «Шаханов тіл туралы біздің айтқанымызды неге айтпайды» деп шала бүлінуі тіптен түсініксіз. Егер Сәкеңнің тіл туралы айтқандары мен жазғандарына осы уақытқа дейін ешкім құлақ аспаса, соған Шаханов кінәлі ме? Жалпы, қазір «тіл туралы кім не айтып еді» деп, сөз теретін кез бе? Ол аздай-ақ, «Екі рет инфаркт алыпты ғой, рас болса» деп… сөзінің соңын өлімге әкеп тіреуі, адамгершілікті былай қойғанда, тіптен жауыңа да тілемейтін ұятты іс болды… Біле білсек, Желтоқсан оқиғасының бүге-шігесі Шахановтың Кремль мінберінен басын бәйгеге тігіп айтқан әйгілі сөзінен кейін барып айқындала бастағанын қалай ұмытамыз?! Осы орайда, арнайы құрылған комиссияға жетекшілік етіп, Желтоқсан оқиғасын әлемге әйгілеген де Шаханов болатын. Соны қаперге алмай, Шахановтың азаматтық іс-әрекеттерін жоққа шығаруға тырысқан Сәкен ағамыздың «жұмбағын» біз түсіне алмадық.
Жұмабай Омаров,
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы
(«Жүнісовтің бұл қай «жұмбағы»?»
«Ана тілі» газеті, 16-маусым, 2005 ж.)

Шынын айталық, сайлана сала Мұхтарша ана тіліміздің, мектебіміздің, балабақшаларымыздың, дініміздің, қызметші-жұмысшыларымыздың хал-ахуалына жаны ауыра сөйлеген қайсысы болды? Қайта қазақы аты-жөні бар біраз депутаттар тіпті қазағының тіліне қасарыса қарсы шауып, масқара итаршылық жасамады ма?
Депутат халықтың өкілі дейміз. Ал сол халықтың өкіліне де жәрдем керек, қолдаушы керек… Мұхтардың қай ұсынысына, қай талабына қай басшы «Бәрекелді» деді? Ешқайсысы ләм-мим демеді.
Ғаббас Қабышұлы
(«Үш ауыз сөз», «Жас Алаш» газеті,
4-тамыз, 2005 ж.)

(2004 жылғы 21 қазанда Елбасының зиялы қауым
өкілдерімен кездесуінде оқылмай қалған жыр)

Қазір ғалам тұрады екен алты жарым мың тілден,
Ал бабамыз Әбунәсір жетпіс алты тіл білген.
Игерсе жұрт сонша тілді, тоқтау салмақ оған кім?
Даңқы күйсін оң талапты күшпен бөгер тоғанның!
Бірақ жеңіс-өрісіміз теріс бағыт алмағай.
«Өзің көр – деп, – өз күніңді»,
Тек бұл қадам өз тіліңді
Тұқыртудың, менсінбеудің есебінен болмағай,
Болмайды деп бір кездері сеніп едік, арман-ай…

Ана тілім, дана тілім, секілденіп жетім тіл,
Өз жеріңде шеті сынған кеседей боп кетілдің.
Зор сеніммен жетіп едің кешегіден бүгінге,
«Жойылуым мүмкін» деген үрей де бар түріңде.
Көше толы не орысша, не ағылшын тілінде
Жарнамалар арасынан шықпай қапты үнің де.

Қазір туған тілдің жайын кім бар шындап ойлаған,
Басшылар аз өз ұлтына тіке тағдыр байлаған,
Көпшілігі қамқорсынып, сөзбен алдап ойнаған,
Іс жүзінде нигилистік пиғылынан таймаған.
Шет ел барған министрлер тек орысша сайраған,
Көз бояуды мақсат тұтқан спектакль айналаң…
«Қазақ тілі» қоғамы бұл – қардан соққан аққала,
Қардан соққан аққалаға сенім арттық топтана.
Биліктіге төсеніш боп, биліктімен мақтана,
Ұлт ісіне жанын салмай, жағымпазға жақ бола,
Айтбайлар мен Қайдарилер сөйлегенмен ақтала,
«Мемлекеттік тілдің» бүгін аты қалған тек қана.

Басқа тілде көсілгенмен, ана тілін меңгермей,
Талайлар жүр өз даңқына баба салтын тең көрмей,
Амалсыздан тағдырының мазағына көнгендей.
Олар енді ұяла ма,
Қазақ рухын сүйе ала ма
Тіпті тілі, діні бөтен неміс Герольд Бельгердей?
Ұлтымыздың парасатын нигилизм жеңгендей.

Біз Кеңестер Одағында ең қонақжай ел едік,
Сырттан келген талай жерсіз, үйсіздерді жебедік.
Солардың кей өкілдері бізді итеріп қайраңға,
Нарық даңқын «асқақ» қорғап,
Халықтарды бастап бармақ
«Қазақстандық ұлт» деген ұлтсыздық байламға,
Бұл идея шақырмағай елді рухсыз майданға.

Мемлекеттік тілдің орны Ата Заңда жазылды,
Жазылғанды іске асыру неге ұзаққа созылды?
Басқа ұлттарды сылтау ету – Заңды теріс ұғыну,
Бәлкім, шала қазақтардың ыңғайына жығылу.
Ал басқа ұлттар Пушкин елі – Ресейде жоқ па екен?
Мұндай күйге неге келдік,
АНА ТІЛДІ ЕГЕМЕНДІК
Әлде Абайдың нәсіліне бұйырмайтын бақ па екен?

Материалдық байлық қана ең қажетті табыс па?
Жер сатылды, жермен бірге сатылмақ па намыс та?
Үш тілділік бағдарлама…
Қайтпек қазақ тілі енді?
Екі зор тіл иеленбек тағы да даңқ-кілемді.
«Мемлекеттік тілдің» қазір аяқ-қолы шідерлі,
Ұлт болудан, әлде, мүлдем үземіз бе күдерді?

Иә, тіл – біздің басты анамыз, қазір әбден мұңайған,
Оны мұнша мұңайтқандар қорқар емес Құдайдан…
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Елбасымыз, өзің сейілт ұлтты мұңлы бұл ойдан…

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *