ҚР СІМ АҚШ-та мерт болған балалардың азаматтығына қатысты ақпаратты тексеріп жатыр ҚР СІМ АҚШ-та мерт болған балалардың азаматтығына қатысты ақпаратты тексеріп жатыр
Бүгін бірқатар бұқаралық ақпарат құралы АҚШ-тың Вашингтон штатында болған қылмыс жайында жарыса жазған еді. Қолда бар деректерге сүйенсек, ер адам отбасының төрт мүшесін атып... ҚР СІМ АҚШ-та мерт болған балалардың азаматтығына қатысты ақпаратты тексеріп жатыр

Бүгін бірқатар бұқаралық ақпарат құралы АҚШ-тың Вашингтон штатында болған қылмыс жайында жарыса жазған еді. Қолда бар деректерге сүйенсек, ер адам отбасының төрт мүшесін атып өлтіріп, кейін өзіне-өзі қол жұмсаған. БАҚ беттерінде көз жұмған екі жеткіншектің Қазақстаннан асырап алынған балалар екені жазылған болатын. Қазір ҚР СІМ бұл ақпараттың рас-өтірігін тексеріп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, әкесінің қолынан ажал құшқан 16 мен 18 жастағы жеткіншектер Қазақстаннан асырап алынған балалар екені туралы хабар қылмыс жасалған округ полициясының басшысынан келіп түсті.

 Бұл Вашингтон штатына қарасты Мэйсон округінің полиция басшысының мәлімдемесі. Оның болжамынша, қаза тапқан 16 мен 18 жастағы балалар бір кездері Қазақстаннан асырап алынған. Сыртқы істер министрлігі қазір бұл ақпаратты тексеріп жатыр. Қосымша мәліметтер болып жатса, біз міндетті түрде хабарлаймыз», — деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, ер адам өзіне-өзі қол салмас бұрын, полицияға хабарласып, қылмыс жасағанын мойындаған. Абырой болғанда, қаскөйдің 12 жасар қызы бұл сәтте үйде болмай, аман қалды.

Дереккөз:BNews.kz

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жолаушы

Жолаушы

Қыркүйек 30, 2015 0 259

ОРДА

ОРДА

Қыркүйек 30, 2015 0 290

САБАҚТАСТЫҚ САРЫНЫ

САБАҚТАСТЫҚ САРЫНЫ

Қыркүйек 30, 2015 0 317