Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ
Бұлбұлдар бірін-бірі көп мақтайды,
Мақтауын күндіз-түні тоқтатпайды.
Ақындар оянып ап аппақ таңнан
Алысқа бару үшін ат баптайды.
| Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ
Бұлбұлдар бірін-бірі көп мақтайды, Мақтауын күндіз-түні тоқтатпайды. Ақындар оянып ап аппақ таңнан Алысқа бару үшін ат баптайды.
Жанна Иманқұлова
Алла әмірімен түскен Құран кәрімнің Хұжрат сүресінде: «Бір-біріңді танып, ажырата білулерің үшін сендерді әртүрлі ұлтқа, тайпа-тайпаға бөлдік» деп жазылған. “Құран Кәрімдегі аятты және тіл төңірегіндегі сан-салалы, құпиялы, тарихи толғамдарды ой елегінен өткізген адамның мынадай қорытындыға келері хақ: тілдердің әрқилылығы, түріміздің, дініміздің басқа-басқа болуы, Құдай санасымен, қолымен құрастырылып, әдейі жасалған рухани-физиологиялық байлық” (М.Шаханов, “Ұлт анасы – тіл”, 2010 ж., 41-бет) – деген әр ұлттың дамуы, тілінің қанаттануы, салт-санасының, руханияттарының сақталуы турасындағы парасат биігінен айтылған баға үлкен жетекшілік қызмет атқарары сөзсіз. Толығымен » Төлен Әбдікұлы
1942 жылы Қостанай облысы Жанкелдин ауданының қазiргi Айса Нұрманов шаруашылығына қарасты Көлқамыс елдi мекенiнде туған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Франц Кафка атындағы Европалық алтын медальдың иегері. Қазір «Өркениет» республикалық әдеби-көркем, қоғамдық журналының бас редакторы. Негізгі шығармалары: «Оң қол», «Қайырсыз жұма», «Қонақтар» атты әңгімелері, «Парасат майданы», «Әке», «Тозақ оттары жымыңдайды», «Ақиқат» повестері, «Өлара» романы, «Біз үшеу едік» пьесасы. «Қыз-Бәтіш пен Ерсейіт» повесі бойынша «Өтелмеген парыз» атты көркем фильм түсірілген. «Қонақтар» мен «Әке» орта мектептің 7-8 сыныптарының хрестоматиясына енген.
Майра АЛДАБЕРГЕНОВ Қазақтар үшін Жаңа жыл мерекесі наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталады. Тарихи еңбектерде Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады. Толығымен » Құдияр БІЛӘЛ ЕРКІН ЖӘНЕ МЕН Еркін Рақышев. Белгілі әрі белгісіз есім. Белгілісі барша жұртшылыққа жалғыз адамның да кино түсіре алатындығын әйгілеген жігіт. Белгісізі – ол туралы бұдан басқа дерек жоқ. Рас, өз кинолары төңірегіндегі айтыс-тартыс, дау-дамайларда кейде төбе көрсетіп қалады. Түсірген киноларын біреулер мақтайды, біреулер… Ол туралы әңгіме бөлек. Ал мен білетін Еркін… Толығымен »
Нұрқасым ҚАЗЫБЕКҰЛЫ, жазушы Ұлы жазушылардың шығармалары неге мәңгілік болады? Себебі ол (жазушы) кейіпкеріне өлместің суын ішкізгендей, өлтірмеудің тетігін табады. Мәселен, Ғ.Мүсіреповтің «Қасқырды атқан қайсысы?» атты қаз-қалпында жазылған әңгімесінің кейіпкерлері: жазушы, ғалым, министр үшеуі де «қасқырды ат, қасқырды ат» деп нысанаға қасқырды алады, бірақ оқтары еліктің лағына тиеді. Ол – кімнің оғы, белгісіз. Ал бұл социализм тұсында жазылған. Қазір мүлде басқа жүйе. Алайда, әлі де қасқырға кезелген мылтықтың оғы еліктің лағына (зиянсыз адамдарға) тиіп жатыр. Кім атқаны белгісіз. Бұл – саясат. Ендеше, адам мемлекетсіз, ал мемлекет саясатсыз өмір сүре алмайды. Олай болса мен саясатқа араласпаймын, тек қана әдеби шығарма жазамын», – дегенді жазушы емес, ақылынан адасқан адам ғана айта алса керек. Толығымен » Бөріхан Тәмен Сирия елінің астанасы Шам (Дамаск) қаласын айналма жолмен орағытып өтіп барып шатыр тікпек болған біздер, кешкі қараңғылықта адасып, қаланың ішіне еніп кетіппіз. Кенет азық-түлік, отын-су артқан КамАЗ көлігіміз бұзылып, тұрып қалдық. КамАЗ жүргізушісі мен оның көмекшісі біраз әуреленгенмен жуық арада жөнделе қоймасын білгесін, сол маңайдағы бір шеттеу жерге амалсыз тоқтап, шатырларымызды тіктік. Таңғы намазымызды оқи сала әлгі КамАЗымызға қайта бардық. Толығымен »
Майра Алдабергенова, «Жалын» журналының тілшісі
2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында өткен халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстанда 70 пайыз мұсылман, 2,8 пайыз атеист, 26 пайыз христиан тұратыны мәлім болды. Бұл туралы Қазақстанның статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы Ә.Смаилов хабарлаған. (ИА Новости-Казахстан). Негізінде дін адамзатты ізгілікке тәрбиелеп, елді ұйыту негізінде пайда болған. Ал діни ағымдар ше? Олардың мақсаты «Жеріңді жаулап, еліңді күң қылып аламын» дегеннің кері. Дүние жүзілік діндер, олардың тарихы туралы не білеміз? Қазақтың дәстүрлі діні дегенді қалай түсіну қажет? Ойымызды осы мәселелер төңірегінде өрбітсек… «Дін» – араб тілінен енген сөз. Сөздікте «Бас ию, мойынсұну, әдеттену, басқару, қызмет ету» мағыналарын береді. Толығымен » Амантай КӘКЕН Коммунистік империяның отаршылдық іс-әрекетін жою, мойындамау мақсатында ұйымдастырылған үлкенді-кішілі көтерілістер, наразылық акциялары, тіпті қантөгіске ұласқан қақтығыстар Кеңестер одағының көптеген аймақтарында талай рет болған. Ал, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі болса, бұрын бәріміздің ортақ отанымыз болған кең байтақ кеңес елінің түкпір-түкпірінде коммунистік жүйеге қарсы тұтанып, маздап жанған от-жалынның ұшқыны, қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұзақ жылғы күресінің заңды жалғасы. Бұл – тарихи шындық. Мұны мойындамау, онымен есептеспеу, жоққа шығаруға әрекет жасау әділеттілікке жатпайды. Төмендегі деректер соның айғағы болса керек. Толығымен » Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақтың ата-текті білуге бағытталған зерделілігін мүлдем кереғар мағынаға бұрып, рушыл-дықты қоздыру, тіпті соны өзінің күнкөрісіне, пайда көзіне айналдырушылар бұрынғыдан күшейді. Оны айтасыз, өз руластарын жатқызып өргізетін, айтқанын екі етпейтін «қолбалаларын» қызмет бабында өсірумен айналысатын «құдіретті» рубасылары пайда болды. Аталған дерттің ел ішінде тереңдеп кеткеніне елдік, ұлттық биіктен қарай білген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов журналымыздың 2009 жылғы №7 санында осы проблеманы көтеріп, оны зиялы қауым өкілдері талқылап, кеңінен қолдағаны мәлім. Толығымен » |